Кіріспе мақала

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 05:51, реферат

Описание работы

Қазақстанның археологиялық олжалары өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді. Мысалы, Алматы облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз салу техникасында орындалған әйгілі Шілікті бұйымдары (б.д.д. 7 – 6 ғ.ғ.), киім-кешегі жануарлар бейнеленген алтын жалпақ қаңылтыр белгімен сәндендірілген (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.) ертедегі жауынгер («Алтын жауынгер») жерленген бірегей комплекс. Өздерінен кейін «хайуанаттар стилінің» (б.д.д. ІҮ ғ.) тамаша үлгілерін қалдырған ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен таңқалдырады. Зевакино, Ақмер, Құлажорға, Славянка, Юпитер, Пчела селоларының маңындағы зираттардан әдемі ат әбзелдері, үзеңгі және белдік жиынтықтары табылған.

Файлы: 1 файл

Кіріспе мақала.doc

— 118.50 Кб (Скачать файл)

Кіріспе мақала


Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы  шеберлердің тамаша дәстүрлерін  жалғастыра отырып, ғасырлар тереңіне бойлай енген. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктерінің бірі болып  табылады.

Қазақстанның  археологиялық олжалары өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді. Мысалы, Алматы облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз салу техникасында орындалған әйгілі Шілікті бұйымдары (б.д.д. 7 – 6 ғ.ғ.), киім-кешегі жануарлар бейнеленген алтын жалпақ қаңылтыр белгімен сәндендірілген (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.) ертедегі жауынгер («Алтын жауынгер») жерленген бірегей комплекс. Өздерінен кейін «хайуанаттар стилінің» (б.д.д. ІҮ ғ.) тамаша үлгілерін қалдырған ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен таңқалдырады. Зевакино, Ақмер, Құлажорға, Славянка, Юпитер, Пчела селоларының маңындағы зираттардан әдемі ат әбзелдері, үзеңгі және белдік жиынтықтары табылған.

Әшекейлердің  кейбір түрлері, мәселен, қимасында  дөңгелек болып келетін білезіктер ұзақ хронологиялық кезең бойында  көрініс табуда. Оларға ұқсас білезіктер қола, ертедегі темір дәуірлеріндегі зираттардан, ХІІ ғасырдағы Отырар қазынасынан табылды.

Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат  алды, бұл өндіріс ерекшелігімен  байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді «зергерлер» деп атаған, «зер» - парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен де «зергерлер» деп атаған. Зергерлер жеке дара жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған.

Зергер  жасайтын бұйымдардың түр-түрі бай болған: бұған әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері енеді. Материал ретінде алтын, күміс, асыл тастар, інжу, маржан, түрлі-түсті шынылар пайдаланылған. Зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен сұранысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған, бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге, барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы айқын танылған.

Қазақ зергерлік өнерінің ерекшелігі шағын  түрінің өзіндегі көрнектілігінде  және мүсіндік айқындылығында, әшекейлерінің орналасу симметриясы, әшекейі мен негізінің алмасуында. Қазақ зергерлері металдың әдемілігіне әрқашанда білгірлікпен көңіл аударып отырған.

Кейбір  деректер бойынша, қазақ зергерлері ХІХ ғасырдың басынын бастап металды, күмісті, алтынды Орта Азияның, Шығыс Түркістанның базарларынан сатып алатын болған. Сонымен бірге, материалдарды әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда көптеп келген татар көпестерінен де сатып алып отырған. Күмісті сатып алудың белгіленген бағасы болған. Күміс салмағының бір бірлігі (мысқал) 4 грамға тең келген және 20 тиын тұрған. Күміс кесек-кесекпен сатылып, былай айқындалған: күміс кесегі тайдың тұяғындай (бір тай тұяқ) – 80 мысқалға; қойдың тұяғындай көлемі (бір қой тұяқ) – 45 мысқалға; сиырдың көзіндей (бір сиыр көз) – 30 мысқалға тең деп саналған.

Күміс қымбат болса да одан жасалған бұйымдар жиі ұшырасатын. Кейде оларға алтын  жалатылатын. Орыстың, қытайдың және поляктың тиын түріндегі күмістері материал түрінде жиі қолданылған. Олардан  әртүрлі салпыншақтар жасалған немесе қайрақ түрінде балқытылып зергерлік өңдеу жасауға қолданылған.

Зергер  өз үйінде немесе тапсырыс берушінің  үйінде жұмыс істеп, ол үшін белгіленген  ақысын: іске жаратылған бағалы металл құнының әр сомына бір сомнан алатын болған.

Өлкеміздің  көне көз қарияларының айтуы бойынша ертеде шеберлер еңбегіне көбінесе мал: ат әбзелдері үшін – бір тай, белдіктер жиынтығы үшін - бірден сегізге дейін қой, әйелдер әшекейлерінің толық жиынтығы үшін - қырық қой, бір білезік үшін – бір қой беретін болған.

Қазақ зергерінің зергерлік бұйымдар жасау үшін арнайы құралдарының мынадай: төс, балға, іскенже, дәнекерлегіш, түрпі, егеу, әртүрлі шымшуыр, қысқаш, қайшы, шапқы, бұрғы, біз, тескіш, күмісті балқытуға арналған ұзындығы 25 см түтік, көрік, күміс сымды созуға арналған тікбұрышты тесік темір; өрнек салуға түрлі шапқылар сияқты жиынтығы болған.

Зергерлік бұйымдар жасауда қазақ зергерлері түрлі техникалық әдістер қолданған. Әшекейлерді әсемдеуде кертпе жиі  пайдаланылған. Заттардың тазартылып тегістелген бетіне кескішпен қырнау арқылы ойма тор ұңғыланып, содан кейін жұқа күміс қаңылтырлар жапсырған және оларды ұрғылай отырып ойыққа кіріктірген. Сым қаптау жұмыстары тек бай тапсырыс берушілердің өтініштері бойынша орындалған. Зергерлер торлау, қаптау, бүршік бұрмалар дайындау технологиясын жақсы білген. Балқытылған күмістен сым соғып, содан кейін оны бір кесек темірдегі диаметрлері әртүрлі етіп тесілген тесіктер арқылы созған. Сымнан қажетті үлгі иген. Тор бұрамадағы өрнектердің бөліктері өзара дәнекерлеп қосылып, жапсырма мен бүршік бөлшектер металл бетке дәнекерленетін болған.

Сондай-ақ, бүршіктеу техникасы да кең таралған. Балқытылған күміс ағаштың үгітінді көмірі араластырылып темір қаңылтырға құйылады, ол сол жерде ұсақ күміс  бүршіктер түрінде қатады да суығаннан  кейін көмірден тазартылып, бұйымның бетіне дәнекерлеп жапсырылады.

Қазақ зергерлеріне күмісті қарайтудың бірқатар тәсілдері белгілі болған. Соның  ең қарапайым түрі: бұйымның бетіне түсірілген іздерге қорғасын, мыс  пен күкірт қорытпасынан жасалған сымды  енгізе отырып қаққан, содан кейін бұйымды қыздырған. Қыздырудың нәтижесінде өрнекте және бұйымның негізінде қара түс пайда болады.

Зергерлік бұйымдар көбінесе тастармен безендірілетін болған. Қазақ әшекейлерінде олар «тас» немесе «көз» деп аталады. Мұндай салыстырулар кездейсоқтық емес, орнатылған тастар бәрін байқайтын, қорғайтын көз ретінде қабылданып, онда сыйқырлы күш бар деп саналған. Барлық шығыс халықтарында тастарға ғажап қасиеттер таңылған. Мысалы, фирюза жүректі күшейтеді, үрейден арылтады, жауларды жеңуге көмектеседі деп есептелген. Інжу көздің шелін кетіреді, янтарь зобты емдейді, фирюза бақыт әкеледі деген пікір қалыптасқан. Ақық ерекше кең тараған, өйткені ол игілік пен қуаныш тасы деп саналған. Бұл тас әшекей үшін ғана емес, сондай-ақ, көз тиюден қорғайтын тұмар ретінде де қолданылған. Қазақтардың түсінігінде күмістің салттық тазалық киесі бар деп есептелген.

Барлық  дерлік зергерлік әшекейлер өрнектермен  безендірілетін болған. Көптеген өрнектер мен түрлерінде бұрынғы діни, сыйқырлы жора-жобалар, тотемизм мен табиғатқа табынушылық қалдықтарының бейнелері көрініс берген.

Кейбір  жануарлар мен құстар қасиетті, киелі  деп саналған. Осылардың қатарына алдымен қой мен тауешкі жатқызылған. Еңалдымен олар рулық тотем деп  есептелген. Сондықтан да зергерлік  бұйымдарда қойдың мүйізі мен басы бейнесінің кездесетіні тегін емес. Мүйізді бейнелеуде оның қорғаныстық қызметімен бірге байлықтың, малдың көбеюінің белгісі ретіндегі орны ескерілген. Мүйіз тәріздес иректерге сыйқырлы мән берілудің өзі қолданбалы өнердің барлық түрлерінде ою-өрнектік композициялар құру кезінде өзіндік бір рөл атқаратын сияқты: жиектердегі ою көбінесе мүйіз тәріздес иректерден тұрады, мұның өзі тегінде отбасын, жанұяны зұлымдықтың сырттан келетін күштерінен қорғау, сонымен бірге оны байлыққа және бақытқа кенелту идеясынан туындаса керек. Зергерлік бұйымдардың көп тараған өрнектеріне күн бейнесін көрсететін, сондай-ақ, ай тәрізді «ай», «айшық» өрнектерін бейнелейтін шиыршық, бұрандалы сым, айқас сым, гүлөрнектері қолданылған.

«Қошқар мүйіз», «ашатұяқ», «түйетабан», «құсмұрын», «құсқанат» сияқты үлгілер айуанаттар үлгісіндегі бір кездегі жарқын өнердің көптеген сюжеттеріне негізделе отырып скиф пен сақ уақытының тереңіне бойлайды. Күн шапақты және геометриялық үлгілер одан да ертеректе пайда болған. «Тұмарша», «ирек», өсіндісі бар тікбұрышты фигуралар - «тарақ» сияқты әртүрлі үшбұрыштарда, «айшық» сияқты күн шапақты өрнектерде осыдан үш мың жыл бұрынғы (1:С. 30) малшылардың бастапқы өнерінің іздері білінеді.

Зергерлік бұйымдар жасауда түрлі техникалық тәсілдердің қолданылуы әртүрлі сәндік үлгілерімен ерекшеленетін заттар құрайды. Бұдан басқа, әрбір аймақ әшекейдің әр түрлерін безендіруде өз ерекшеліктерін енгізеді. Селдір таспа техникасында орындалған әшекей Солтүстік, Оңтүстік Қазақстанда басым, Орталық және Шығыс Қазақстанда да кездеседі. Мұндағы негізгі материал ретінде жаншылған таспаның артықшылығы басым. Әшекейлер тұтастай және құрама металдан жасалады.

Қалыптау  және баспа өрнек техникасында орындалған әшекей Орталық, Шығыс Қазақстанда  және Солтүстік Қазақстанның жартылай бөлегінде кездеседі. Әшекейдің қалыпталған элементтері барлық жерлерде бар. Солардың арасында формасының мүсіндігі ерекше сипатқа ие. Бұйым көлемді, бедерлі ою-өрнегі бар, кескіні күрделі. Көлемді пластикалық шешімін тапқан бұйымның бейнелі мазмұны өз бастауын тауып отыр. Қалыпталған бұйымда өрнектер көрінісі айтарлықтай анық, ал, басылған бұйымда – аздап көмескілеу. Өрнек басылған бұйымның заң бойынша күміс, қола, темір, мыс негізі болады. Осы топтағы әшекейлердің формасы және ою-өрнектік шешімі жағынан әртүрлілігі басым.

Батысқазақстандық зергерлік бұйымдар ою-өрнегінің  геометризациясы және ірі көлемді  формасымен сипатталады. Түйіршік үшбұрыш  түріндегі өрнегі бар аралас баспа  өрнек жиі қолданылған, әшекейлерді  сәндеу үшін өрнектер және жартылай сфера, конустар, түйіршікті таспадан жасалған гүлөрнектер, қарайту түрлері қолданылған.

Солтүстік Қазақстанда безендіру арасында қарайтылған түрлі-түсті тастар салынған торлы зергерлік әшекейлер  басым орын алады. Орталық және Шығыс  Қазақстанда нәзік бедерленген суреттері бар құйма, қалыпталған, тегіс әшекейлер басты орында. Ал, Оңтүстік Қазақстанда құймаға, қалыптауға, шекімеге, таспаға жағылатын түрлі-түсті кіреуке басты техникалық бағыт болып табылды.

Ұсынылып  отырған «Қазақ зергерлік әшекейлері» тізімдемесі (ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың ортасы) – Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығынан. Тізімдемені зерттеу объектісі мұражай-қорық қорындағы тұтастай қазақтың барлық күміс әшекейлері болды. Зерттеу жаңалығы мұражай-қорық қорындағы барлық заттар жөніндегі мәліметтер негізінде қазақ зергерлік әшекейлерін зерттеп, бір жүйеге келтіруге келіп тіреледі. Тізімдеме жасау әдістері мен принциптері әшекейлердің түрлері мен оған ұқсастарын табуға, материалдар іріктеудің ерекшеліктеріне, жасау техникаларын анықтауға негізделді. Тізімдеме нақты заттың географиялық таралуын, тұрмыстағы иелік және этнографиялық ерекшелігін анықтауды мақсат етті.

Материал  Ж.Ж. Қайырбекованың «Мұражай-қорық  қорынан алынған мыстан жасалған орыстың ұсақ тілімдері». ХҮІІ ғ. – ХХ ғасырдың басы. Өскемен қаласы, 2006 жыл. тізімдемесіне сүйене отырып дайындалды.

«Әшекейлерді  топтау негіздері үшін көптеген белгілер бар. Дегенмен, топтастырудың алғашқы  принципі – әшекейді киімге, басқа немесе денеге тағу орны бойынша топтау.

Әшекей орны адам денесінің тік бойы (басынан аяғына дейін) – жоғары/төмен – бұл  конструктивті күрделі заттарды суреттеудің бірінші деңгейі» (3 :С. 55). Бұл топтастыру негізінен осы  тізімдемеде пайдаланылып отыр, оған басқа, мойынға, кеудеге, қолға тағатын әшекейлердің кейбір түрлері, сондай-ақ, зергерлік бұйым ретінде киімге қадайтын ілгектер мен түймелер енгізілген.

Зергерлік бұйымдар үлгілері әшекейлердің қазақ және орыс тілдеріндегі атаулары, шығарылған уақыты, пайдаланылған материалы, орындалу техникасы, сантиметрмен берілген көлемі, грамм және миллиграммен берілген салмағы, қысқаша баяндау, түсу көздері, заттың нөмірі, акт нөмірі, бағасы енгізілген аннотациямен қамтылған.

Әшекейлердің  әр түрінің және әрбір ұқсас түрінің үлгілері дайындалған уақытына сәйкес хронологиялық тәртіппен орналастырылған. Егер тізімдемеде шебер туралы мәлімет жоқ болса, онда ол шебер туралы ақпараттың болмағаны. Атауы бойынша көрсетілген аймақ жәдігердің түскен кезеңіне сәйкес келеді.

Бас киімге арналған әшекейлердің, салпыншақ әшекейлердің, сырғалардың, сырға бөлшектерінің, шашқа тағатын әшекейлердің көлемі ұзыны мен жалпақтығы бойынша  берілген. Бойтұмарлардың көлемі ұзыны  мен жалпақтығын, цилиндрлік бойтұмардікі – ұзыны мен диаметрін, ілгектердікі –егер биіктігі болса ұзынын, жалпақтығын, түйреуіш-түйменікі «тана» - ұзынын, жалпақтығын немесе диаметрін, түймелердікі – ұзынын, шеңберін, сақиналардікі – ішкі диаметрін және шығыршық жалпақтығын, қастың биіктігі мен диаметрін көрсетеді. Мойынға тағатын әшекейлердің - «тамақша» көлемін сипаттағанда ұзыны, жалпақтығы, жекелей алқасының ұзындығы, кеудеге тағатын әшекейдің «алқа» диаметрі, биіктігі, жеке шынжыр баудың ұзындығы ескеріледі. Білезіктердің көлемі үлкен және кіші диаметрлермен, сондай-ақ, жалпақтығымен немесе қимасының диаметрімен берілген. Тастар қондырылған әшекейлер «акқ» (алтын, күміс, қондырма), қалғандары тас салынбаған – «а,к,с» (алтын, күміс, тас салынбаған) болып белгіленген.

Тізімдемеге енгізілген зергерлік бұйымдар Қазақстанның әртүрлі аймақтарын көрсетеді. Заттардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан аймағынан, одан әрі саны жағынан Оңтүстік және Батыс Қазақстан аймақтары болып есептеледі. Кейбір заттардың тұрмыста қолданылуы мен жасалған аймағы бастапқыда белгісіз болғандықтан әшекейлердің ұқсастығына қарай салыстырма және талдау жұмыстары негізінде аймағы шамамен көрсетілді.

Өкінішке орай, адамдардың есінде қалғандары аз ғана зергер-шеберлердің есімдері. Олар: Ұлан ауданынан Рамазан, Қалиақпер  Ошақбаевтар, Зайсан ауданынан Дәуітбай Қыдырбаев, Мұстапа Мұхамеджанов, Күршім ауылынан Қашырбай, Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылынан Жібітай, Меновное селосынан Нүриман, Таврия ауданынан Құсайын. Олардың шығармашылығы ХХ ғасырдың бірінші жартысымен тұстас келеді.

Бұрын өткен зергерлер шеберлігінің көптеген құпиялары біздің күнге дейін сақталмаған. Сондықтан әшекейлер жасау техникасы жөніндегі мәселе күрделі болып табылады және ол қазіргі заманғы зергерлердің анықтауы бойынша түсіндіріледі. Қаламыздың зергерлері Әкірам Сүлейменовтың, Евгений Борисович Гавриловтың, Ришат Сәрсенбиннің берген ақыл-кеңестері зергерлік әшекейлер жасау техниксын анықтауға көмегін тигізді. Атап айтқанда, Гавриловтың пікірі бойынша біздің аймақ білезіктерінің әшекейі көбінесе кертпе техникасында орындалған, ол фактуралық және арнайы шекімелердің, зергерлік құралдардың көмегімен соғу арқылы заттың бетіне кертпе немесе басқа да бір өрнектер түсірілген. Бұл жерде күрделі кертпе-түйіршіктеу тәсілін айырып алған жөн.

Тізімдемеде көрсетілген  жүз отыз сегіз зат жеке адамдардан алынған. Солардың арасында отыз үш әшекей ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының тумасы, кәсіби зергер және коллекционер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «ЮНЕСКО-ның Сапа белгісі» сертификатын алған Алматы қаласының тұрғыны, 1964 жылы дүниеге келген Сержан Мұратұлы Бәшіровтың туындысы.

Информация о работе Кіріспе мақала