Химиялық сандық анализ және оның негізгі әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 16:36, курсовая работа

Описание работы

Аналитикалық химия – заттардың химиялық, кейде фазалық құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістіктік құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғылым. Бұл ғылымның негізгі міндеттері – талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Айналаны танудағы маңызды роль атқаратын химияның бір саласы аналитикалық химияның негізгі мәселелері оқыту, ғылымның техниканың дамуына жағдай жасау, оны қолдана білуге үйрету, технологиялық процесті бақылаудың негізгі әдістерін іздеу, экологиялық таза, сапалы өнім өндірудің автоматты жүйесін енгізуге жол бастау және қоршаған ортаның тазалығын қадағалауға үйрету болып табылады.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 166.73 Кб (Скачать файл)

                          MnO4- +е = MnO42-                                                  (38)

MnO42-   + 2 H2O +2е = MnO2 +4 ОН-                 (39)

Сілтілік  ортада перманганаттың манганатқа дейін  сандық тотықсыздануы барий тұзының  қатысында жүреді. Ва(MnO4 )2   суда ериді, ал ВаMnO4   ерімейді (EK ВаMnO4= 2.46*10-10), сондықтан әрі қарай тұңбадан Mn тотықсыздануы жүрмейді.

Сілтілік  ортада перманганатометриямен органикалық  қосылыстарды анықтайды: формиат, формальдегид, құмырсқа, шарап, лимон қышқылдарын, гидразин, ацетон,т.б. КMnO4 титранттының артық мөлшерінің ақшыл-қызғылт түсі титрлеу соңының индикаторы болып табылады. Сондықтан, егер титрленетін ерітінді түссіз болса, эквиваленттік нүктеге жеткендігін тура әдіспен титрлегенде КMnO4 титрантының артық мөлшерінен пайда болатын ақшыл-қызғылт түс бойынша немесе кері титлеуде ерітіндінің түссізденгені бойынша анықтауға болады. Боялған ерітінділер сараптамасында ферроин индикаторын қолдану керек.

 Перманганатометрия  және иодометриямен қатар тотығу- тотыксыздану титрлеу әдістерінің  басқа да түрлері бар. Олар 2-кестеде көрсетілген .

 

Титрант

Әдістің атауы

KMnO4 - калий перманганаты

Перманганатометрия

K2Cr2O7 - калий дихроматы

Дихроматометрия (бихроматометрия)

I2 -йод, Na2S2O3 - натрий тиосульфаты

Иодиметрия

KIO3 – калий  иодаты

Иодатометрия

KBrO3 - калий броматы

Броматометрия


 

Кесте 2.  Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісінің түрлері

Перманганатометриялық әдістің артықшылықтарына: 1) КMnO4 ерітінділерімен кез-келген ортада (қышқылдық, бейтарап, сілтілік) титрлеу мүмкіншілігі; 2) калий пеманганаты ерітінділерінің қышқылдық ортада әлсіз тотықтырғыштармен әректтеспейтін көптеген заттарды анықтауға қолдануы; 3) MnO4 қатысындағы көптеген тотығу-тотықсыздану реакцияларының жылдамдығы жеткілікті қолайлы таңдалған стрехиометриялылығы; 4) индикаторсыз титрлеу мүмкіншілігі; 5) калий перманганатының арзандығы жатады.

Жоғарыда  аталған артықшылықтармен қатар  бұл әдістің кемшіліктері де бар: 1) КMnO4 титранты екіншілік түрде ғана дайындалады, себебі бастапқы реагент – калий перманганатын таза түрінде алу қиын; 2) MnO4-   қатысында реакциялар қатаң жағдайларда жүреді (рН, температура, т.б.); 3) КMnO4 ерітіндімен CI- қатысында тирлеуге болмайды, ал ол кей заттарды анықтауды қиындатады, себебі HCI-ы минералдық объектілерді ерітуге жиі қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Қазіргі таңда халық  шаруашылығының  көптеген  саласында  қолданылатын  химиялық  әдістің  көптеген  түрлері  аналитикалық  химияға  негізделген. Сонымен  қатар,  өндірістің  түрлі  саласында  да  шикізаттың  және  өнімнің  сапасын  анықтайтын  арнайы  аналитикалық  бақылау  қызмет  орындары да  бар. Шикізаттың сапасын,  өндірістік қалдықтардың, қоршаған орталардың обьектілерін бақылауда және химиялық өндірісте автоматтық бақылауда  аналитикалық химияның ролі аса маңызды. Аналитикалық химияны қолданбайтын бірде-бір өндіріс саласы жоқ. Аналитикалық химияны меңгеру нәтижесінде болашақ технолог теориялық және тәжірибелік алған білімдерін өндірістік мәселелерді шешуге толық пайдалана алады. Аналитикалық химияның ғылым ретіндегі негізгі міндеті-адамға аса қажетті болатын заттардың  сапалық және сандық құрамын анықтау болып табылады. Оның  ішінде химиялық анализдің негізгі әдістерінің бірі болып саналатын тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісінің маңызы өте зор. Күнделікті тұрмыста және өнеркәсіп салаларында,  медицинада  оксидиметрияның негізгі әдістері қолданылады. Мысалы иодометрия әдісін пайдаланып, әктегі белсенді хлорды, мысты, натрий арсенитіндегі мышьякты, сульфиттерді анықтауға болады. Иодометрия әдісі медициналық тәжірибеде несептегі, қан плазмасындағы, он екі елі ішек сұйығындағы диастаза ферментін анықтау үшін, сол сияқты көптеген фармпрепараттарға, оның ішінде сульфаниламидті, мышьякты, антипирин, анальгин, витаминдер, пенициллин және т.б. анализ жасау үшін қолданылады. Перманганотометрия әдісі кальцийді, марганецті (II), темірді (II), сутегі пероксидін және нитриттерді, құмырсқа қышқылын, оксикарбон қышқылдарын, алдегидтерді анықтау үшін, ал медициналық анализдерде сутегі пероксиді мен магнийдің, лактат пен кальций глюконатының және басқа фармпрепараттардың сапасын бақылау үшін қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Васильев В.П. Аналитическая химия.  2003ж.
  2. Цитович И.К. Курс аналитической химии. 2004ж.
  3. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы. Білім 1994
  4. Бірімжанов Б.А.  Жалпы химия. Алматы. 2009ж. 
  5. Кельнер Р., Мерме Ж.М., Отто М., Видмер Г.М. Аналитическая химия. Мир, 2004ж.
  6. Отто М. Современные методы аналитической химии. 2003ж. 
  7. Пономарев В.Д. Аналитическая химия, ч. 1, 2. М., ВШ, 1982

 

 


Информация о работе Химиялық сандық анализ және оның негізгі әдістері