Мамандандыру пәндерін оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 18:00, реферат

Описание работы

Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаты және міндетері
6М060600-Химия мамандығы студенттеріне оқытылатын «Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаттары келесідей:
- химиялық процесстер мен құбылыстар туралы білімдерді қолданумен тығыз байланысты болатын педагогикалық жұмыс түріндегі болашақ кәсіби қызметтің салаларын түсіну жағдайларын қалыптастыруға бағытталған отандық педагогиканың, дидактиканың жетістіктері жөніндегі негізгі түсініктерді қалыптастыру;

Содержание работы

1. «Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаты және міндетері.
2. Оқытудың қазіргі кездегі мәселелері.
3. Химияны оқытуды жетілдіру жолдары.
4. Педагогикалық пәндердің ішінде химияны оқыту әдістемесінің орны, оның химиямен және басқа ғылымдармен байланысы.
5. Химияны оқыту әдістемесінің даму сатылары.
6. Химияны оқыту принциптері және химияны оқыту әдістемесі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Мамандандыру пандерын окыту.doc

— 122.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

1. «Мамандандыру пәндерін  оқыту» курсының мақсаты және  міндетері.

2. Оқытудың қазіргі  кездегі мәселелері.

3. Химияны оқытуды  жетілдіру жолдары.

4. Педагогикалық пәндердің  ішінде химияны оқыту әдістемесінің  орны, оның химиямен және басқа  ғылымдармен байланысы.

5. Химияны оқыту әдістемесінің  даму сатылары.

6. Химияны оқыту принциптері  және химияны оқыту әдістемесі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

1 «Мамандандыру пәндерін  оқыту» курсының мақсаты және  міндетері

 

6М060600-Химия мамандығы  студенттеріне оқытылатын «Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаттары келесідей:

- химиялық процесстер  мен құбылыстар туралы білімдерді  қолданумен тығыз байланысты  болатын педагогикалық жұмыс  түріндегі болашақ кәсіби қызметтің  салаларын түсіну жағдайларын  қалыптастыруға бағытталған отандық педагогиканың, дидактиканың жетістіктері жөніндегі негізгі түсініктерді қалыптастыру;

- заманауи педагогикалық  теория мен практиканың жетістіктерін  ескере отырып, студенттерді химияны  оқытудың жалпы және жеке әдістемесінің  негізгі сұрақтарымен таныстыру.

6М060600-Химия мамандығы  студенттеріне оқытылатын «Мамандандыру  пәндерін оқыту» курсының міндеті  – химияны оқытудың мақсаттарын,  химиялық білімнің құрылымын,  оқытуды ұйымдастырудың әдістері  мен формаларын, химияны оқыту  құралдарын,  сондай-ақ химияны оқыту барысында білімдерді игеру, ақыл-ойдың дамуы мен тәрбиелеудің арасындағы өзара байланысты және олардың өзара бірлігіне жетудің тәсілдерін зерделеу және түсіну.

 

2 Оқытудың қазіргі  кездегі мәселелері

 

Жалпы оқыту үрдісі туралы айтқан кезде оның бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейінгі оқу үдерісін қарастыруға болады. Олай болса, кез келген адамның бастауыш мектептен, тіпті бала бақшасынан жоғары мектепке дейінгі оқуын талқылаған жөн болар. Алайда, адамның өмір бойы оқу кезеңдерінің әрбірінің шынайы маңыздылығына назар аудара отырып та, менің жоғары мектеп оқу үдерістерінің мәселелеріне тоқталып кеткім келеді.

Бастауыш мектепті алсақ  та, орта мектепті алсақ та олар, әрине, кез келген өсіп келе жатқан тұлға  үшін маңызды. Алайда, кәмелетке толған жастардың білімі орта мектеп білімімен ғана шектелмеуі тиіс. Олар ең алдымен ересек өмірге қадам басарда кәсіби маман болуы қажет, ал ол үшін ең кемінде орта кәсіптік немесе жоғары кәсіби мамандандырылған білім алу қажет. Бұл орайда, менің Қазақстандағы жоғары білім мәселелері жөнінде сөз көтергім келеді.

Біздің Республикамыздағы  жоғары білім сапасы мемлекет органдарын ғана емес, жұмыс берушілерді ғана емес, сондай-ақ тіпті ата-аналарды және ең алдымен, білім алушылардың  өзін де бірталай толғандырып тұр. Осы тұста 2011 жылғы мамырдың 12-сінде отандық Саяси шешімдер Институтының Клубында (СШИК) Қазақстандағы жоғары білім сапасы тақырыбындағы  сарапшылық талқылау болып өтті. «ЖОО мәселесі =ақша мәселесі» секілді кілтті тезистер естілді, алайда, ЖОО-ның кірісін көрсететін сандар басқа туындайтын мәселеге бет бұрады. Жоғары білім – бизнес, оның бәсекеге қабілетсіздігі сондай, тіпті түбегейлі, радикалды реформаларды қажет етеді. Әлсіз ойыншылар ойын алаңынан кетуі тиіс – білім беру қызметі нарығындағы жүздеген тиімсіз кәсіпорындар Қазақстанға керек емес.

Аталмыш отырыста оның қатысушыларымен  талқыланған мәселелер олардың  кілтті позицияларын аша отырып, білім  беру саласындағы бірқатар мәселелерді  алға жылжытады.

Отандық білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріп кеткен қоғамдық жүйенің заманауи талаптарына сай емес, адам тұлғасы іс жүзіндегі ақпараттық төңкерістерге бейімделе алмай жүр. Бұл мәселенің негізгі себептері келесідей:

  • ғылымнан үзілгендік;
  • студенттер тарапынан ғылыми білімнің құндылығынан арылуы, демек, студенттердің көбі этикалық құндылықтардан гөрі (кең мағынасында) материалдық құндылықтарды алға қояды;
  • кеңестік догматизм және «құзыретті» тәсілдеме. Өкінішке орай, бүгінгі күні тұлғалық-хабардарлық тәсілдеме ұмыт қалды, ал догматизм қалып отыр;
  • қоғамның деидеологиязациясы. Ғылыми тәсілдемелердің мәні – әділ болу, ақиқатты табу, алайда бүкіл қоғамға әсер еткен деидеологизация, ең алдымен, білім беру жүйесін зақымдады. Жаңа идеялар азшылық, құндылықтар жоқ, біз тек жалаң фактілерді оқып біліп келеміз;
  • студенттерді оқыту нәтижелерінің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес еместігі. Бұл, көбінесе, салдар болып келеді;
  • отандық ЖОО-ының заманға сай ғылыми-лабораториялық негізі, инфрақұрылымы жоқ;
  • ғылыми-педагогикалық кадрлардың төмен қоғамдық мәртебесі, сонымен қатар төмен еңбекақысы. Бүл мәселе экономикалық емес, көбіне әкімшілік мәселелер қатарына кіреді. Әкімшілік көзқарас тұрғысынан оқытушы ғылым уәкілі ретінде ұйым еркі алдында, сондай-ақ басшылық алдында қорғаныссыз. Сол себепті қоғамның алдыңғы білімгерлерінің бұл салаға келетіні екіталай;
  • кейбір ниетсіз оқытушылардың біліктілігі заман талаптарына сай емес;
  • сыбайлас жемқорлық мәселесін тоқтату мақсатындағы іс-шаралар жүргізілсе де, оның білім беру саласындағы кең етек алуы;
  • ЖОО-ының басшылығынан стратегиялық жоспарлауды, жоғары білім менеджментін, корпоративтік басқаруды білмейтін адамдар орын алып отыр;

Осыған орай төмендегідей шаралар ұсынылмақ:

  • академиялық «ашық» өзін-өзі басқару;
  • қаржылық басқаруды орталықсыздандыру;
  • оқытушының академиялық және әкімшілік мәртебесін түзеу;
  • оқытушылар еңбекақысын 2-3 есе көтеру. Бұны ең соңғы кезекте, жүйенің құрамдас критерийлерін ретке келтірген кезде жасау қажет. Себебі, білім беру сапасының деңгейін түсірмеу емес, жоғары еңбекақы алу мақсатын көздейтін арсыз оқытушылар, ЖОО-ның түлектері толып кетеді. Сонымен қатар, ЖОО-ның түлектері білім берумен айналысатын ұйымдарға жұмысқа орналасқан кезде олардың мамандандыру деңгейін қатаң тексерістен өткізумен айналысатын ұйымдар қалыптастыру қажет.

 

3 Химияны оқытуды жетілдіру жолдары

 

Педагог ғалымдардың жоғары оқу  орнындағы химиялық пәндерді оқытуды  негізге алып, жүргізген зерттеулердің  нәтижесінде келесідей бағыттарды алға жылжытады: фундаментализация, гуманизация, жаратылыстандыру, ақпараттандыру, үздіксіздік, ашықтық, жаңашылдық, технологизация, құзыреттілікті тәсілді іске асыру. Мұндағы ең маңыздысы болып фундаментализация саналады. Ол өз кезегінде жалпы теориялық пәндердің артықшылығы, жалпыланған біліктердің, ғылыми зерттеулерді әмбебап әдістер мен тәсілдердің, әрекетке бағыттылығының басты ролі, жүйелі ойлауды, білімге деген құндылықты қарауды қалыптастыратын оқу пәндерін уәжді және белсенді зерделеу және бекіту, сондай-ақ өздігінен білімдену және шығармашыл қолдану болып саналады.

Жоғары оқу орнының мақсаты  маманды тек оқытып шығару ғана емес, сондай-ақ әрбір маманды оқу барысында заманауи технологиялардың қарқынды дамуына ілестіру, нақты өндірістік орта жағдайларына дұрыс бағыттау, жаңа маңызды шешімдерді қабылдай алуына баулу және менеджерлік қабілеттерді дамыту болып табылады.

ХХІ ғасыр – үнемі дамып келе жатқан ғасыр болғандықтан, заманауи жастар сәйкес сапалы қабілеттерге ие болуын қажет етеді. Ал ол үшін жоғары мектепте оқитындардың оқу процессін  жетілдіру қажет, бұл, өз кезегінде, оқу процессін белсендірумен іске асырылуы мүмкін. Бұлайша, оқытушылардың инновациялық (жаңашылдық) іс-әрекеті бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады: білім сапасын арттыру мақсатымен оқу процессін белсендендіру және оқыту процессін ақпараттандыруға негізделген оқытудың ең тиімді технологияларын қолдану.

Оқу процессін белсендендіру оқытудың белсенді тәсілдері мен формаларын іздеу, әзірлеу және мақұлдап өткізуден  тұрады. Осы бағыт шеңберінде оқытушы  оқу процессінің келесідей мәселелерін  әзірлеуі және шешуі қажет:

- студенттердің өздік жұмыс процессі кезінде зерттеушілікті қалыптастыру (студенттерді ҒЗЖ-на (ғылыми зерттеу жұмысы) жұмылдыратын өздік жұмыстардың түрлі формаларын жасау; өздік жұмыстың тиімділігін арттыратын түрлі оқыту құралдарын жасап шығару: оқытушылық зерттеу түрінде іске асырылатын рационалды өздік жұмыстың жалпы тәсілдерін бөліп шығаратын және түрлі өздік жұмыстарды өткізу кезінде жүргізілетін зерттеушілік іс-әрекеттің сұлбаларынан тұратын өздік жұмысты ұйымдастыру туралы студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар; зерттеушілік іс-әрекетінің теориясы жайлы қорытынды сұрақтар; студенттердің өздік жұмысына арналған есептер мен зерттеушілік тапсырмалардың жүйесі; студенттердің өздік жұмысы процессіндегі зерттейшілік икемділігінің қалыптасуына жағдай жасайтын пәндік-кеңістіктік ортаны қалыптастыру;

- төменгі курс студенттерді  техникалық ЖОО-ғы кәсіби білімге  бейімдендіру;

- оқу процессінің тиімділігін  арттыратын оқытудың түрлі құралдарын  ойлап табу (баспалы түрдегі лабораториялық  практикум және үй жұмыстарына  арналған оқу модульдерін әзірлеу және жасау);

- материалды мазмұндаудың мәселелік  әдісі мен эвристикалық әдістің  араласқан түрін қолдану (эвристикалық  сұхбат, мәселелік оқығаларды қалыптастыру, ми шабуылы);

Оқытудың ең тиімді технологияларын  қолдану оқытудың ақпараттануымен байланысты. Бүгінгі таңда шығармашыл оқытушылар оқу процессінде АКТ-ды (Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) қолдану мүмкіндігін зерделеп, тексеріліп тұрады. Бұл бағыт аясында келесідей жұмыс атқарылады:

- пәндік тестілерді, тренингтік  бағдарламаларды және электрондық кітаптарды құру;

- рейтингтік жүйенің бағдарламалық  қамсыздандырылуы, ол келесідей  блоктың өзара байланысын көрсетеді:  оқытушы ® кафедра ® деканат ® ректорат; бүгінгі күні тек келесідей блок іске асырылуыда: оқытушы ® кафедра;

- электрондық кітаптар мен тренингтік бағдарламаларды қолдана отырып оқу сабақтарын құрастыру және өткізу;

- студенттердің өндірістік тәжірибе  өтуінің негізі болып табылатын  қаладағы өндіріс орындарында  келтірілмеген түрлі өндірістік  процесстер туралы көрнекті ақпаратты көрсетуге арналған біліми мультимедиа-технологияларды жасау. Бұл оқу процессінің тиімділігін арттыра түседі.

Бұлайша, жоғары білімді дамытудың  жаңа көкжиектері инновациялық технологиялармен байланысты. Олардың қолданылуы болашақ  мамандарды кәсіби даярлаудың сапасын арттыруға ықпалын тигізетініне күмән жоқ.

 

4 Педагогикалық пәндердің ішінде  химияны оқыту әдістемесінің  орны, оның химиямен және басқа  ғылымдармен байланысы

 

Химияны оқыту әдістемесі химия ғылымының, педагогиканың, психологияның, философияның, жас ерекшелік физиологиясының басты мәселесін негізге ала отырып химияның теориясы мен сарамандық жұмыстарын оқытады. Химиялық әдістеме кәсіби мұғалім дайындаудың ақырғы баспалдағы болып табылады.

Химияны оқыту әдістемесі – мұғалімдер дайындайтын университеттер мен педагогика институттарының оқу жоспарындағы негізгі пәндердің бірі. Ол болашақ мұғалімдерді химияны оқыту теориясымен қаруландырып, іс жүзінде күнделікті туындап отыратын жеке әдістемелік мәселелерді ғылыми тұрғыдан шеше білуге әзірлейді.

Химияны оқыту әдістемесінің  зерттейтін объектісі – сол пәнді  оқыту әрекеті. Оқыту педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады.

Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз  – жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту  - білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі. Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудын бірлігі. Оқыту әрекетіне «мұғалім - оқушы», «оқушы – оқу пәні», «оқушы - оқушы» қатысады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады.

Оқушыларға химиялық ақпарат беру, оқу процесін ұйымдастыру, танымдық әрекетін басқару, сарамандық икемділікті қалыптастырып, шығрмашылық  қабілетін дамыту, ғылыми көзқарас негізін қалау мәселелерін қамтамасыз етеді.

Химияны оқыту әдістемесі ғылыми оқыту әрекетін әдістемелік  деңгейде зерттейді. Оқыту әрекетін, тұтасынан алғанда, дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудын теориясын жасайды, екінші жағынан, сол теорияны қолдану арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту әдістемесі дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады.

Химия мұғалімінің икемділік  дағдысы:

  1. Химиядан алған білімдерін педагогикалық, оқу-тәрбиелік жұмыстарға қолдану.
  2. Оқу-тәрбиелік жұмыс жүргізе отырып, әртүрлі оқу әдістерін қолданып, білім деңгейінің көлемін, тереңдігін білу.
  3. Зертханалық құралдарды кеңінен қолдану.
  4. Табиғи процесстер мен құрылыстарды ғылыми негіздермен қатар қойып, химияны оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру.
  5. Көрнекті құралдарды қолдану. Оқу кабинетінің құралдарымен байланыстырып, оқу материалын таңдау, соны шешуге талаптану.
  6. Оқыту нәтижесінде еңбекке, эстетикаға, адамгершілікке, экологиялық тәрбиеге, ізеттілікке, ұлттық тағлымға тәрбиелеу.
  7. Алдыңғы қатарлы педагогикалық ізденістерге талдау жасау, бекіту, таныту, күнделікті өзінің кәсіби білімін дамыту.

 

 

5 Химияны оқыту әдістемесінің  даму сатылары

 

Химияны оқыту  әдістемесі басқа да ғылымдар сияқты өз тарихына ие. Химияны оқыту әдістемесінің  бөлек идеяларының пайда болуы XVIII ғасырдың орта шеніне тиесілі, ол кезде М.В. Ломоносов атомистикалық теорияға негізделіп «Введение в истинную физическую химию» курсын жасап шығарды. Аталмыш теория бойынша химия заттардың құрамы, қасиеттерә жіне айналулары туралы ғылым деп анықталды. М.В. Ломоносовтың пайымдауынша, химиялық мазмұнға оқытқан кезде химиялық ғылымның әдістерін қолдану қажет, көбінесе, заттар мен процесстерді сандық және сапалық жағынан зерттеуге мүмкіндік беретін эксперимент. Сол уақытта да ол математикалық және физикалық әдістермен шығарылуын алға тартқан. Бұдан басқа, М.В. Ломоносов дискуссияларда өз пікірін қорғау мақсатында риторикаға көбірек мән берген.

Информация о работе Мамандандыру пәндерін оқыту