Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің
бейнесін көрсету (бейнесурет, картина,
диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).
Көлемді көрнекілік: макет,
үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер:
күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
Символдық және графикалық
көрнекілік: абстракты ой дамуына
көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен
белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба,
диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа
бейнені бұрынғымен салыстырып, ол
туралы түсінік қалыптастыру.
В.Ф. Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба,
шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар
қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың
негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.
6) Оқушылар білімінің
беріктігі. Бұл принципте мына
заңдылықтар бар: білім мазмұны
және оқушылардың танымдық күштерін дамыту
оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара
байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп
есте сақтау оның мазмұнына, оқушының
материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға,
мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне
оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен
әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын
уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға
тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан
оның есінде оған пайдалы және қызықты
білімдер ғана жақсы сақталады.
Шарттары:
- қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады. Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді;
- дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек;
- әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету;
- есте сақталу керек материалдар өте көп болмау керек, мұғалімнің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы;
- оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді;
- жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды;
- әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу;
- қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-үйренуді бастамау;
- оқу материалын жүйемен беру;
- егер оқыту қарқыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру;
- тіке тапсырмалар және нұсқауларды көп бермеу. Балаларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтыңыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн;
- өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады;
- оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану;
- баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды;
- қайталау және бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау;
- оқыту қисындылығын қадағалау.
- оқушының оқу материалына деген он көзқарасын қалыптастыру;
- жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу;
- оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау;
7) Түсініктілік принципі.
Бала өзінің ойлау қабілетіне,
жинақтаған білімінің, іскерлігінің,
ойлау тәсілдерінің көлеміне
қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін әуелі оңай, белгілі,
қарапайым материалдар, содан кейін қиын,
белгісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
Шарттары:
- оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу;
- баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау;
- баланың дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру;
- балаларды оқыту арқылы дамыту;
- мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру;
- жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету;
- оқытудың қарқынын белгілеп, керек жағдайда өзгерту;
- ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану;
- жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын оқушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар оқушыларды қатыстыру;
- өте асықпау!
- оқушыға келген ойды танымның соқы емес, басы деп түсіну;
- түсініктілік мұғалімнің анық түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сөйлемеу;
- монологты ұзаққа созбау, мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-ерекетін анықтап алу. Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын өз бетімен оқуға беру;
- оқытудың алғаш сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, бекітуге жаңа мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру;
- оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару;
- оқушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың өз бетімен оқуына, оқу материалынталдауына көмектесу, бағыт беру;
- түсініктілік баланың жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан баланы жұмыс істеуге үйрету.
8) Ынталандыру принципі
Бұл принциптің маңызы өте
зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына
деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық
әдістеріне, түрлері мен нысандарына
оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті
сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан мұғалім, ең алдымен,
сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі
етіп өткізуге міндетті.
Ынталандыру принципі оқушыларға
жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған
орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
- Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
- Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше.
- Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.
- Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор.
- Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.
- Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
- Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
- Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
- Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
- Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.
- Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.
Шарттары:
- жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;
- ділгірлік оқыту;
- компьютерлік технологияны қолдану;
- интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;
- өзара оқыту (жұптық, топтық);
- білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;
- сыныпта жағымды микроклимат жасау;
- мұғалімнің өз пөніне, оқушыларға оң көзқарасы;
- оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;
- білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы;
- оқыту нысандарын және әдістерін тұрлендіру.
9) Гуманизациялау (ізгілендіру)
принципі - оқушыға деген ерекше
сүйіспеншілікті, құрметті талап
етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін
ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті
болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді
жасау керек.
Оқу процесінде, сабақтарда
балаларды қорқытпай, қысымшылық жасамай,
керісінше, олармен жылы қарым-қатынас
жасау міндет.
Бұл принцип гуманитарлық
бағдарды жүзеге асыруды керек етеді.
Мектептерде білім мазмұнын жалпы
адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге
қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын,
мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркем өнерін,
қол өнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.
Бұл принципті іске асыруда
халық педагогикасының маңызы зор.
Халық педагогикасы қазақ халқының
ғасырлар бойы атадан балаға өлмес
мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан
тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі.
Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының
қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны
ерекше.
Шарттары:
- оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;
- оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;
- үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;
- баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;
- қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;
- жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;
- баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою;
- оқушының табысына шынайы түрде қуану;
- баланың көңіл-күйін ескеру;
- баланың дене кемістігін сөз етпеу;
- баланың өздігін баспау;
- балаларды басқа балалармен салыстырмау;
- баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.
10) Мәселелік принцип
- оқу процесінің мазмұны, әдістері,
ұйымдастыру нысандары мәселелі
сипатта болуын талап етеді.
Мәселелі оқыту білімді дайын
түрде бермей, оқушылардан ізденуін,
дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік
принцип - оқушылардың ойлау процесінің
психологиясына негізделеді. Өйткені
ойлаудық басталуы мәселенің болуына
байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік
сұрақ немесе міндеттен басталады.
11) Интеграциялау принципі. Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда,
оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып
шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция
- әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер
мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық
бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ
мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің
тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика
мен информатика, өнер мен еңбек, этика
мен әстетика, т.б. өзара және жеке пәннің
ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын
анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге
болады. Осыған орай интеграцияланған
пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше.
Принциптерді жүйелі,
кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен
қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен
бір принцип талабын, содан кейін
басқасын орындаймын деуіне болмайды.
Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде
орындалады. Олардың ішінде негізгілері
және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері
бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп
отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету
жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру
баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін
ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже
оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер
мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді
мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік
сақталады деп сеніммен айтуға болады.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
- Актуальные проблемы модернизации химического и естественнонаучного образования: Материалы 55 Всероссийской научно-практической конференции химиков с международным участием, 8–9 апреля 2008 года, г. Санкт-Петербург [Текст]. — СПб. : Изд-во РГПУ им А.И. Герцена, 2008. — 316 с.
- Актуальные проблемы химического образования: материалы Всероссийской научно-практической конференции, 22–24 октября 2008 года: — Н.Новгород: НГПУ, 2008.— 259 с.
- Гавронская, Ю.Ю. Интерактивное обучение химическим дисциплинам студентов педагогических вузов на основе компетентностного подхода [Текст] : монография / Ю.Ю. Гавронская. — СПб. : Изд-во РГПУ им А.И. Герцена, 2008. — 223с.
- Жуков, Г.Н. Основы общей профессиональной педагогики: Учебное пособие. / Г.Н. Жуков, П.Г. Матросов, С.Л. Каплан / Под общей ред. проф. Г.П. Скамницкой. – М.: Гардарики, 2005. – 382 с.
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2000. – 369 б.
- Методологические и методические проблемы подготовки учителя химии на современном этапе [Текст]: материалы Международной научно-практической конференции. — Липецк, ГОУ ВПО «ЛГПУ», 2008. — 264 с.
- Педагогика и психология высшей школы: учеб. пособие для вузов /М.В. Буланова – Топоркова. Ростов – на – Дону; Феникс, 2002. – 539с.
- Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. – Алматы, 1993. – 64 б.
- Химия. Әдістемелік нұсқау. – Ақтөбе, 2007. – 21б.