Мамандандыру пәндерін оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 18:00, реферат

Описание работы

Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаты және міндетері
6М060600-Химия мамандығы студенттеріне оқытылатын «Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаттары келесідей:
- химиялық процесстер мен құбылыстар туралы білімдерді қолданумен тығыз байланысты болатын педагогикалық жұмыс түріндегі болашақ кәсіби қызметтің салаларын түсіну жағдайларын қалыптастыруға бағытталған отандық педагогиканың, дидактиканың жетістіктері жөніндегі негізгі түсініктерді қалыптастыру;

Содержание работы

1. «Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаты және міндетері.
2. Оқытудың қазіргі кездегі мәселелері.
3. Химияны оқытуды жетілдіру жолдары.
4. Педагогикалық пәндердің ішінде химияны оқыту әдістемесінің орны, оның химиямен және басқа ғылымдармен байланысы.
5. Химияны оқыту әдістемесінің даму сатылары.
6. Химияны оқыту принциптері және химияны оқыту әдістемесі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Мамандандыру пандерын окыту.doc

— 122.00 Кб (Скачать файл)

Химияны оқыту  әдістемесінің дамуы химиялық ғылымның деңгейімен тура байланыста болды, себебі әр ғасырдың ұлы химиктері, сондай-ақ өзінің жасап шығарған теориялық  концепциялардың негізінде оқытушылық іске де араласқан. Химияны оқытудың әдістемесіне елеулі рол қосқан – А. Лавуазье, Д. Дальтон, С. Канниццаро және тағы басқа ғалымдар. Д.И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы бұл дамуда орасан ықпалға ие. Химиялық элементтердің периодтық кестесінің атасы жаңа типті «Химия негіздері» кітабын жазған соң элементтер периодтық жүйенің топтары бойынша зерттеле бастады. Бейорганикалық химияда оқытудың бұл әдісі әлі күнге дейін басты болып табуда.

Ұлы химиктің әдістемесінде  химияны оқытудың нақтыланған, жүйеленген мақсаттар мен міндеттерге тап болуға болады. Ол догматтық сабақ берудің кемшілігін, оқуға деген шығармашыл көзқарасты дамыта түсетін ғылыми шешімдерге әкелген жолдарды көрсетуді атап көрсетеді. Д. И. Менделеев әрдайым химияның өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен байланысын ашып қарау қажеттілігі туралы айтқан. Ал химиялық экспериментке ол одан да көп мән берген. Д. И. Менделеев практикада ең көп қолданылатын заттарды зерттеу қажеттігін көрсеткен, мұнда жеке элементтерді зерттеуден жаратылыстық топтарға өте зерттеудің маңызына сілтеген.

Сондай-ақ догматтық  оқытуға А. М. Бутлеров та қарсы болған, ол да әдістемелік мәселелерге көп уақыт бөлген. Ол өзінің оқыту әдістемесінің негізіне органикалық заттардың химиялық құрылымының теориясын алған. Аталмыш теория органикалық заттардың генетикалық байланыстарды ашып қарауға мүмкіндік береді, бұл дүниенің материалдық бірлігі идеясының дамуына септігін тигізеді. А. М. Бутлеровтың әдістемелік тәсілдерін «Введение к полному изучению органической химии» кітабынан табуға болады.

Кеңес үкіметі  кезінде химия орта білім мектеп сабақтарына міндетті сабақ ретінде  қосылған. Бұған үлес қосқан ғалымдар: В. Н. Верховский, С. И. Созонов, С. Г. Крапивин, П. П. Лебедев, К. Я. Парменов, Л. М. Сморгон- ский, Д. М. Кирюшкин, П. А. Глориозов, С. Г. Шаповаленко, Л. А. Цветков және тағы басқалар. Ол кезде пайда болған әдістемелік мектеп түрі әлі күнге дейін қолданылуда. Уақыт өте химияны оқыту әдістемесі тиімдірек оқыту түрін талап еткен. Бұлайшағ 1932 жылы тамыздың 25-інде БК(б)ПК ОК-нің «Об учебных программах и режиме в начальной и средней школе» Қаулысымен «сабақ» оқу процессінің басты ұйымдастырушылық формасы деп танылды. Сол уақыттан бері және әлі күнге дейін бұл ұйымдастыру формасы өмірін жалғастыруда, ал химия жеке оқу пәні деп танылды.

 

6 Химияны оқыту принциптері  және химияны оқыту әдістемесі

 

Химия әдістемесі  нағыз ғылым ретінде сәйкес оқу  әдістерін дамытуы тиіс және ең рационалды және тиімдісін ұсынуы тиіс. Мұндай мәселенің шешілуі «қалай оқыту?»  деген сұраққа жауабын қайтарады. Оқыту дегеніміз – оқушыларға химиялық ақпаратты беруге, оқу процессін ұйымдастыруға, олардың танымдық іс-әрекетін басқаруға, практикалық дағдыларды баулуына, шығармашылық қабілеттерді дамыту мен ғылыми дүниетанымның негіздерін құруға бағытталған оқытушының іс-әрекеті.

Химияны оқыту әдістемесі – химияның мектеп курсының мазмұнын және оның оқушылармен бекітілу заңдылықтарын  зерттейтін педагогикалық ғылым. Жалпы  алғанда, химияны оқыту әдістемесі келесідей мәселелерді шешеді: химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, оқу пәнінің мазмұнын анықтайды, оқудың әдістерін, құралдарын және формаларын жасайды, оқушылардың пәнді игеру процессін зерттейді.

Химияны оқытудың келесідей принциптері  болады:

1) Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.

Шарттары:

    • педагогиканың, психологияның, оның тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
    • индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;
    • жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;
    • ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;
    • жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;
    • оқушыларды көрнекті ғалымдардың өмірі және қызметімен таныстыру;
    • жаңа ғылыми терминологияны қолдану;
    • оқушыларды ғылым жетістіктерімен таныстырып отыру;
    • оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
    • тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;
    • оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру;
    • жалған сөйлемеу.

2) Оқытудың бірізділігі  және жүйелілігі. Бұл принциптің  ғылыми ережесі: оқушының білімі  берік болу үшін оның санасында  қоршаған дүние жақсы бейнелену  керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.

Шарттары:

    • оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
    • оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;
    • пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;
    • оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету;
    • бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру;
    • өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру;
    • материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу;
    • оқушылардың өз ойларын айту мәнерін қадағалау;
    • қушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу;
    • оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу;
    • жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету;
    • бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру;
    • пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу;
    • оқушылардың қателерін әдеппен түзету;
    • оқушыны өз қатесін талдауға үйрету;
    • оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу;
    • баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру;
    • жүйелі білім есте жақсы сақталады.

3) Саналылық және белсенділік  принципі. Өз бетімен меңгерілген  білім санаға жақсы сіңеді. Білімді  саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік,  оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру,  оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуда аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.

Шарттары:

    • жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
    • түсінікті етіп оқыту;
    • танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;
    • талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;
    • аналогияны жиі қолдану;
    • бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау;
    • оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру;
    • оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
    • оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу;
    • белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру;
    • ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар;
    • оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту;
    • әрбір ережеге мысал келтіру;
    • негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу;
    • тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз;
    • сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту;
    • оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету;
    • әрбір ережеге мысал келтіру;
    • негізгіні түсіндіруге назар аудару;
    • оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
    • "Неге?" деген сұрақты көп қойып, оқушыны дамыту;
    • дәйекті дәлелдермен оқыту;
    • дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану;
    • оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту;
    • білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту;
    • баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету;
    • түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру;
    • оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау;
    • зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау;
    • дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.

4) Теория мен тәжірибенің  байланысы. Бұл принцип классикалық  философияның өмір, тәжірибе таным  көзі деген ережесіне сүйенеді.

Өмір және тәжірибе балаларға  дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны  қалыптастырады. Оқытудың өмірмен, теорияның  тәжірибемен байланысының жақсы  болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Шарттары:

    • мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту;
    • "Білім — өмір" байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетану мәліметтерін қолдану;
    • балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру;
    • оқушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану;
    • оқушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі.
    • мектептің өндіріспен байланысын қолдану. "Оқу пәні өндіріс" байланысына бағыт беру, бақылау;
    • оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру;
    • аймақтың сұранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу;
    • Мәселелік ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты құралы;
    • еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі-өнегесі;
    • қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті оқушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыру, сұрақтар қою, көп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру;
    • қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудық өмірмен байланысын жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі;
    • еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу;
    • оқушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру;
    • балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу;
    • балалардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса;
    • әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру;
    • ақыл-ой, іс-әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.

5) Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе  жатқан принцип. Оның негізіне  мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді  түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

Шарттары:

    • балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
    • оқытудың  алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру;
    • көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
    • оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;
    • көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;
    • көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;
    • оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;
    • көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;
    • көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;
    • көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
    • балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол;
    • қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
    • көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, байқампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
    • көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;
    • балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттың көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
    • надты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.

Көрнекілік түрлері:

Табиғи көрнекілік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды  талап етеді.

Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан  тәжірибелер жасайды.

Информация о работе Мамандандыру пәндерін оқыту