Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
І Өнімнің өзіндік құнның
калькуляциялау және калькуляциялау принциптері..............................................................................................................5
1.1. Өнімнің өзіндік құнның
калькуляциялау және калькуляциялау
принциптері..............................................................................................................5
1.2. Калькуляциялық бірліктердің
түрлері және түсініктері...............................7
ІІ Шығындар есебінің түсінігі,
түрлері және калькуляциялық бірліктері.......11
2.1. Шығындар есебінің
түсінігі, түрлері және калькуляциялық
бірліктері....11
2.2. Калькуляциялау принціптері,
оның объектісі мен тәсілдері....................14
Қорытынды............................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................24
1.1. Өнімнің өзіндік құнның калькуляциялау
және калькуляциялау принциптері.
Калькуляция
өнімнің сапасы мен бәсекеге
қабілеттілігін бақылауды жүзеге
асыру үшін маңызды рөл атқарады.
Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген
шығындар бабы номенклатурасы (шығындар
есебі өнім түрлері бойынша
ғана емес, есептік басқа объектілері
бойынша жүргізілуі мүмкін болса
да) бойынша, өндірілген өнімнің,
жұмыстың және көрсетілген қызметтің
түрлері бойынша құрастырады.
Басқару
есебінің маңызды міндеттерінің
бірі өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау болып табылыды.
Өзіндік құнның калькуляциясы
өндірісттік шығындар есебі мәліметтері
бойынша шығарылған өнімнің өзіндік
құнын есептеу. Ол есепті ай
соңында барлық нақты жасалған
міндеттерді есепке алғаннан
кейін есептеледі. Басқару есебінде
ай сайын жалпы тауар шығарудың
өзіндік құны мен өзіндік құнның
егжей – тегжейлендірген көрсеткіштері
мысалы өнімнің жеке түрлерін
тауарлық шығару өзіндік құны,
бұйым бірлігінің өзіндік құны
калькуляцияланады. Өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялауда меншік түрінің
барлық ұйымдары 7 «Тауарлық – материалдық
қорлар есебі» бухгалтер есеп стандарттарын
және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен
қатар Қорлар ҚХЕС – ын басшылыққа алады.
Өндірісттік құнды калькуляциялауда қолданылатын
өндіріске босатылған материалдық – өндірістік
қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды
бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде
өзгеріссіз қолданылуы керек. Кәсіпорын
басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы,
құбылмалы жағдайында негізгі басқару
шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның
қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға
тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан
алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың
бірі - өзіндік құн.
Өнімнің
өзіндік құны – оның шығару
мен өткізуге арналған, ақшалай
түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын
өнімінің өзіндік құны өндіріс
процесінде табиғи ресурстарын,
материалдарды, отынды, энергияны,
негізгі құрал – жабдықтарды,
еңбек ресурстарын, қолданумен
байланысты шығындардан сондай
– ақ оны өндіру мен өткізуге
шыққан шығындаран жиналады.
Өнімнің өзіндік
құнына мыналар кіреді:
- кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек - жарақтары шығындары (өндірісті дайындау мен игеру шығындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастырумен, тапқырлық және үнемділікпен байланысты шығындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығыстар; кадр жинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты шығыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т.б.);
- өнімді өткізуге: буып – түю, орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға; делдалдық қызметке төлеу, комиссиялық алымдар мен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;
- өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ олардың өнімнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы өндірісті (геология барлау жұмыстарына, жерді қайта өңдеуге шығындар, тына тамыр жіберген ағащқа суға төлеу) қамтамасыз ету үшін қажетті.
Сонымен
қатар, өнімнің өзіндік құнына
ақаудан, жұмыстың өндірісішілік
себептерге байланысты тоқтап
қалуынан болған шығындар, материалдық
құндылықтардың кем шығуы, өндірістік
зақым алуға байланысты еңбекке
қабілеттілігін жоғалту салдарынан
жәрдемақы төлеу де кіреді.
Басқару
есебі жүйесінде өзіндік құнды
жасау, қалыптастыру тәртібі тым
реттелмеген. Бұл өзіндік құн
салық салу мақсаты үшін емес,
басқарушының шығындар жайлы
толық түсінігі болуы үшін
есептеледі. Сондықтан бұл есеп
жүйесінде өзіндік құн шоттарының
әр түрлі тәсілдері қолданылуы
мүмкін. Кәсіпорын үшін өз шығындарын
басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік
құнға ықпал ете алуы өте
маңызды, яғни өзіндік құнның
құрылымы туралы анық сенімді
ақпарат қажет. Дәл осындай
ақпарат бухгалтерлік басқару
есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің
өзіндік құнына кіретін шығын
түрлеріне байланысты отандық
экономикалық әдебиетте оның
мынадай түрлері дәстүрлі бөлінуде:
- цехтық – тікелей шығындар менг жалпы өндірісттік шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға шыққан цехтың шығындарын сипаттайды;
- өндірісттік – цехтық өзіндік құн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары;
- толық өзіндік құн – коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн. Өндіріс пен де, өнім өткізумен де байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.
Сатуға
өндірілген және дайындалған
өнімнің толық озіндік құнын
мынадай формуланы пайдаланып
есептеуге болады:
жұмыс күшіне тікелей
шығындар материалдар + қосымша
шығыстар = Өндірістік өзіндік құн
+ Өткізу шығындары + Әкімшілік
шығыстары = рентабельділік % толық
озіндік құны = Сатылым құны.
Жеке
және орта салық өзіндік құн бөлінеді.
Жеке өзіндік құн нақты кәсіпорынның өнім
шығару жөніндегі шығындарын; орташа салалық
– сала бойынша бұл бұйымды өндіруге шыққан
орташа шығындарды сипаттайды.
Жоспарлы
және нақты өзіндік құн болады.
Жоспарлы өзіндік құнның есебіне
ондағы кезең жоспарында қарастырылған
өнімді дайындауға кәсіпорынның
ең көп шамада мүмкін боларлық
шығындар кіреді. Нақты өзіндік
құн шыққан өнімге іс жұзінде
нақты жұмсалған қаражаттың мөлшерін
сипаттайды.
Калькуляциялағанда
шығындар есебінің объектілері
мен өнімнің өзіндік құнының
калькуляциясын дұрыс белгілеу
маңызды. Кәсіпорын өндіріріске
кеткен шығындарға аналитикалық
есеп ұйымдастыратын объектілер
шығын есебінің объектілері болып
табылады. Кәсіпорын калькуляциялайтын
өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсететін
қызметтің түрлері калькуляция
обьектілері болып шығады. Кез
келген кәсіпорындағы калькуляциялау,
қызмет түріне, меншік мөлшері
мен пішініне қарамастан, белгілі
бір принціптерге сәйкес ұйымдастырылады.
1.2. Калькуляциялық бірліктердің
түрлері және түсініктері.
Өнімнің
өзіндік құнының калькуляциясы,
өнімдердің, орындалған жұмыстың, атқарылған
қызметтің өзіндік құнын есептеу
ретінде түсіндіріледі. Өнімнің
өзіндік құнының нақты калькуляция
көрсеткіштері, өндіріс шығындарын
бақылауға, өндірістің тиімділігін
анықтауға, өнімдердің өзіндік
құндарын төмендету жолдары мен
резервтерді анықтауға пайдаланылады.
Калькуляциялау
- өнімнің, атқарылған жұмыстың және көрсетілген
ақылы қызметтердің бірліктерінің өзіндік
құнын есептеу. Ол (калькуляциялау) кәсіпорынның
жұмысын шұғыл басқаруда аса маңызды рөль
атқарады, себебі калькуляциялау нәтижесінде
ішкі резервтер уақытылы анықталып, өнімнің
өзіндік құнын одан әрі арзандатуға, оның
бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкіндік
береді. Калькуляциялау нарықтағы сұранысты
ескере отырып, өнімнің өзіндік құнын
жоспарлау үшін және оның нақтылы құнын,
атқарылған жұмыстар мен көрсетілген
ақылы қызметтердің мөлшерін анықтау
үшін қажет. Калькуляциялау жұмыстарында
кәсіппорынның өндіріске жұмсалған шығындары,
белгілі бір өнім түрлерін өндіруге және
ол өнім сатылғанға дейінгі шығындары,
оның ішінде қосымша атқарылған жұмыстар
мен көрсетілген ақылы қызметтер шығындары
қаржы мөлшерімен есептелінеді.
Қазіргі
экономикалық әдебиеттер калькуляциялық
жұмыстарды жекелеген өнім түрлерінің
өзіндік құнын (атқарылған жұмыстар
мен көрсетілген ақылы қызметтерді
қоса есептеп) экономикалық есептеу
жүйесі деп анықтап береді. Калькуляциялау
барысында өндіріске жұмсалған
шығын өндірілген өнімдердің
мөлшеріне сәйкес есептелініп,
шағалылған өнім бірлігінің өзіндік
құны анықталады.
Калькуляциялаудың
басты міндеті — өндірілген
өнім бірлігіне, сатуға және
ішкі қолданыстарға жұмсалған
шығындырды есептеу. Калькуляциялық
жұмыстардың қорытынды нәтижесі
калькуляциялық тұжырым болып
табылады. Калькуляцияны екі топқа
бөлуге болады: алдын-ала жасалынатын
және соңынан. Алдын-ала жасалынатын
калькуляция (жоспарлы, жобалық,
сметалық және нормативтік) өнімдерді
дайындау, жұмыстарды атқару, қызметті
көрсету кезеңінің басталуына дейін жасалады.
Соңынан жасалатын калькуляция (есептік)
өнім дайындалғаннан кейін, өнімді дайындауға
кеткен нақты шығындардың негізінде жасалады.
Жоспарлы
калькуляция әрбір өнімдердің
түрлері бойынша, орта прогрессивтік
нормативтердің негізінде, шикізаттар
мен материалдар шығындары, дайындаудың
еңбек сіңіруді қажет етуі, жабдықтарды
пайдалану, жоспарланған кезеңдегі
ұйымдастыру - техникалық шаралары және
ертерек жеткен жетістіктердің есебімен
жасалады. Сондықтан өндірістегі нақты
өнімдердің жоспарлы мерзімдегі шығын
нормасы өткен жылдың нақты үлестік шығыннан
және норма деңгейінен төмен болуы керек.
Жоспарлы калькуляция белгілі бір мерзімге
жасалады: жылға және тоқсанға. Жоспарлы
калькуляция жоспарлы құнды анықтайды.
Сондықтан, жоспарлы өзіндік құн жоспарлы
мерзімдегі әрбір өнімнің түрлері бойынша
болжамды шығындарды сипаттай алады.
Сметалық
калькуляция басқа ұйымдардың
жеке тапсырыстары бойынша әр
түрлі жұмыстар мен бұйымдарға
жасалады. Ол әрекет етуші нормалардың
және материалдық, еңбек және
басқа ресурстардың шығын нормативтерінің
негізінде жасалады. Сметалық калькуляция
жұмыстардың келісім бағасын
анықтауға негіз болатындықтан,
онда тапсырыс берушілермен келісулері
керек.
Жобалық
(проектік) калькуляция – жаңа технологиялар
мен техникалардың капиталдық салымдардың
тиімділігін анықтау үшін, қолданылатың
жоспарлық калькуляцияның бір түрі болып
табылады. Жобалық калькуляцияны құруда,
шикізаттар мен материалдардың шығыны,
жұмысшылардың саны, салынатын объектінің
сметалық құны шамаланған нормативтер
бойынша алынады, нормативтер жобаларды
өңдеу процесінде анықталып, соған сәйкес
калькуляция өзгертіледі, жанама шығындар
өнімнің өзіндік құнының жобалық калькуляциясына
жеңілдетілген тәртіппен енгізіледі.
Жобалық калькуляцияның баптар номенклатурасы
жоспарлы калькуляцияның баптар номенклатурасынан
айырмашылығы болуы мүмкін, жеке жағдайларда
жобалық калькуляция, калькуляция баптары
бойынша емес, экономикалық элементтер
бойынша жасалады.
Нормативтік
калькуляцияның жоспарлыдан айырмашылығы,
ол есепті кезеңнің басындағы
әрекет етіп тұрған жеке, арнайы
шығын нормаларының негізінде
жасалады. Егер жоспарлы калькуляция
белгілі бір мерзімнің (тоқсан,
жыл) ішінде өзгермейтін болса,
ал нормативтік калькуляция ұйымдастыру
техникалық шараларын және норма
мен нормативтерді жаңалауды
енгізу бойынша өзгереді. Нормативтік
калькуляцияның нормативтік шығындарды
көрсетеді. Олар шығын нормалары
бекітілетін, барлық бұйымдарға
жасалады. Жоспарлы мерзімнің басындағы
нормативті өзіндік құнды жоспарлы
өзіндік құнмен салыстыру, жоспардың
шиеленушілік дәрежесін көрсетеді.
Жоспарлы мерзімнің басындағы
нормативтік өзіндік құн жоспарлыдан
жоғарғы болуы мүмкін, ал есепті
мерзімнің соңында – есепті мерзімнің
ішінде норманың өзгеруі салдарынан жоспардан
төмен болады.
Есептік
калькуляция дайындалған өнімдердің,
орындалған жұмыстардың және
көрсетілген қызметтердің нақты
өзіндік құндарын анықтайды. Ол
жоспарлы калькуляцияда қолданылатын
баптар бойынша жасалады. Есептік
калькуляция негізінен өзіндік
құн жоспарының орындалуына бақылау
жасауға арналған. Ол да болашақ
кезеңдегі өнімдердің өзіндік
құнын жоспарлауға қолданылады.
Сонымен бірге ұйымдардың цехтарында
орындалатын жұмыс пен қызметтің,
өндірілген өнім мен шалафабрикаттардың,
яғни олардың жұмысының нәтижесін
анықтау үшін қажетті, өзіндік
құнның калькуляциясы жасалуы
мүмкін. Ол ұйымның бөлімшелерінің
арасындағы қарама-қарсы қызметтерді
бағалау үшін пайдаланатын, трансферттік
бағаны белгілеу үшін қажет.
Калькуляция
объектісіне – ұйымның өзінде,
оның негізгі және көмекші
өндірістерінің бөлімшелерінде
орындалатын жұмыстар мен атқарылатын
қызметтер, өндіріс бөлімінің
әр түрлі дәрежедегі дайындығы
жатады. Өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау объектілері өндірістік
шығындар есебі оъектілермен
тығыз байланысты және көп
жағдайларда олар бір-біріне сәйкес
келеді. Барлық өнімдер және өндіріс
өнімдерінің бірліктері калькуляцияланады.
Калькуляция объектілеріне жататындар:
- барлық шығарылған өнімдер, орындалған жұмыстар, атқарылған қызметтер;
- өнімдердің жеке түрлері, негізгі және көмекші өндірістердің жұмыстары мен қызметі;
- өндірістің соңғы сатысында пайдаланылатын, негізгі өндіріс бөлімшесінің шалафабрикаттары;
- сыртқа сататын меншікті өндірістің шалафабрикаттары;
- ұйымның қызметінің нәтижелерін білуге арналған бөлімшелерінің өнімдері.