Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 20:18, курсовая работа

Описание работы

Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Өнімнің өзіндік құнның калькуляциялау және калькуляциялау принциптері..............................................................................................................5
1.1. Өнімнің өзіндік құнның калькуляциялау және калькуляциялау принциптері..............................................................................................................5
1.2. Калькуляциялық бірліктердің түрлері және түсініктері...............................7

ІІ Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.......11
2.1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері....11
2.2. Калькуляциялау принціптері, оның объектісі мен тәсілдері....................14
Қорытынды............................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................24

Файлы: 1 файл

Microsoft Office Word Document.docx

— 46.37 Кб (Скачать файл)

       Калькуляциялық  бірліктер дегеніміз – калькуляция  объектілерін өлшеуіштер. Қазіргі  кезде тәжірибеде келесідей өлшем  бірліктер қолданылады:

 

  • натуралды (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, литр және т.б.);
  • ірі натуралды (белгілі артикулді 100 жұп аяқ киім, шойынның белгілі түрінің тоннасы, иесіздендірілген сыпаның гектолитрі және басқалары);
  • шартты-натуралды (қышқылдығы 100% - спирт, консервінің 1000 шартты банкісі және басқалары);
  • құндық (шығару немесе сату бағасындағы тауарлық өнімдердің теңгелік шығындары);
  • еңбек (норма-сағат, норма-смена).

       Құрылыспен, жөндеумен, транспорттық қызмет  және т.б. қызмет көрсетулермен  айналысатын өндірістерде, калькуляция  бірлігі ретінде, орындалған жұмыс  пен атқарылған қызмет қолданылады. 

       Калькуляциялық  бірліктердің сан түрлілігі нақты  жағдай үшін негізделген әдісті  талап етеді. Калькуляциялық бірлік  сәйкес тұтыну құнын көрсетуге,  әртүрлі кәсіпорындармен салыстыруға  болатындай, баға белгілеу бірліктеріне  сәйкес келуі және ең аз  шамадағы шығындармен өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау  үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық  бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар  ідетте салалық нұсқауларда келтіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.

 

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің  өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын  жұмысына оперативті басшылық жасау  үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді  уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік  құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға  мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады. Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай – ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін ( жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б ) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.

Қазіргі заманға эканомикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің  жеке түрлері бірліктерінің өзіндік  құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында  өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.

Калькуляциялаудың міндеті  – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни откізуге, сондай – ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу. Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзі қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.

Жоспарлы калькуляция  еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады. Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерін жоғары, ал есепті кезеңнің соңында – төмен.

Өнімнің өзіндік құнының  есепті калькуляциясы жоспарлыдан  кәсіпорынға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орындау мен орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т.б. тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді. Нормаға сәйкес калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы ұйымдастырушы – техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді.

Жобалық калькуляция – келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және техналогияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.

Шамаланған тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты  шығын мен алынған өнім, төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өндіру бойынша есептер негізінде жасалады. Бұл калькуляциялардың мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру қортындыларын алдын ала анықтау үшін қолданылады.

Өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялағанда калькуляциялык бірліктер  қолданылады, олар калькуляциялау объектісінің өлшеуіші болып саналады, әдетте, өнімнің  сәйкес түріне арналған техникалық шарттарда  немесе стандарттарда және заттай бейнеленетін өнім өндіру жоспарында қабылданған  өлшем бірліктеріне сай келуі  тиіс. Өндірілетін өнім, технологиялық процессте, өндірістік ұйымдастыруды сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі.Ұқсас белгілері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.

Заттай бірліктер бұл  өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм, киловатт – сағат, погон метр, текше метр, шаршы метр, литр және т.б.) сәйкес келеді.

Ірілендірілген заттай бірліктер  біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар аяқ киімі, белгілі бір түрдегі шойынның тоннасы, дербестенген сыраның гектолитрі, ішкі балықтың центнері, бұйымдардың текше метрлері және т.б.) өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер қолданылады.

Шартты – заттай бірліктер өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін (100% - тік спирт, құрамында пайдалы заттары бар минералды тыңайтқыштар).

Құндық бірліктер – көтерме бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.

Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады.

Орындалған жұмыс пен  көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б шұғылданатын өндірісте қолданылады (тасымалдық тоннакилометр, машинаауысым және т.б.).

Техникалық – экономикалық көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы салыстыру үшін (трактор өндірісінің шығынын қуаттылық, бірлігіне пресс өндірісінің шығынын өнімділік бірлігіне есептелу) қолданылады.

Калькуляциялық бірліктердіңсан  түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген  әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыстыруға  болатындай, баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі. Калькуляциялауға ең алдымен қатысы бар өндірістік шығындар есебі калькуляциялаудың алғышарты болып табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белгілі бір үлгімен дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірісті басқаруда объективті қажетті процесс болып шығатын өнімнің өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін. Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бір мақсатты – өзі өндірген дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірісішілік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға сондай – ақ пайданы анықтау үшін қажет еді. Бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың бұрынғы жүйелері бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды ақпарат болмайтын.

Калькуляциялаудың қазіргі  заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын  біршама теңдестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді  шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай  жағдайлардың экономикалық салдарларын  болжауға мүмкіндік береді:

  • өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
  • шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
  • жұмыс істеп тұрған технология мен стонок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • басқару және құрамының жұмыс сапасын бағалау;

Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік  орталығы қабылдаған жоспарды бағалау  негізінде сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жөніндегі  жоспарлы тапсырмалардан ауытқу себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі  жоспарлау үшін, жаңа техника мен  заманға лайық технология процестерді  және т.б. енгізудің экономикалық тиімділігін  негіздеу үшін қолданылады.

Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.

Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға  ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы  қаржылық жағдайы трансферттік бағыны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады. Егер бөлімшенің өнімі кәсіпорынның ішінде толығымен тұтынылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.

Сондықтан, өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік  құнын ғана емес, тұтастай кәсіпорынның басқару жүйесінің негізгі элементтері  болып табылады.

 

 

 

2.2. Калькуляциялау  принціптері,  оның объектісі мен тәсілдері.

 

Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.

Басқару есебінің маңызды  міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау болып табылыды. Өзіндік құнның калькуляциясы өндірісттік шығындар есебі мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі.

Басқару есебінде ай сайын  жалпы тауар шығарудың өзіндік  құны мен өзіндік құнның егжей  – тегжейлендірген көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары 7 « Тауарлық – материалдық қорлар есебі » бухгалтер есеп стандарттарын және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен қатар Қорлар ҚХЕС – ын басшылыққа алады. Өндірісттік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық – өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.

Кәсіпорын басшылығы нарыққа  көшу қазіргі заманғы, құбылмалы  жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне  үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың  бірі - өзіндік құн.

Өнімнің өзіндік құны – оның шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын өнімінің өзіндік құны өндіріс процесінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі құрал – жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай – ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындаран жиналады.

Өнімнің өзіндік құнына мыналар  кіреді:

- кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек - жарақтары шығындары ( өндірісті дайындау мен игеру шығындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастырумен, тапқырлық және үнемділікпен байланысты шығындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығыстар; кадр жинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты шығыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т.б. );

- өнімді өткізуге:буып – түю, орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға; делдалдық қызметке төлеу, комиссиялық алымдар мен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;

- өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ олардың өнімнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы өндірісті ( геология барлау жұмыстарына, жерді қайта өңдеуге шығындар, тына тамыр жіберген ағащқа суға төлеу ) қамтамасыз ету үшін қажетті.

Сонымен қатар, өнімнің өзіндік  құнына ақаудан, жұмыстың өндірісішілік  себептерге байланысты тоқтап қалуынан болған шығындар, материалдық құндылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым алуға  байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу  де кіреді.

Басқару есебі жүйесінде  өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінігі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін.

Информация о работе Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері