Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 16:23, реферат
Құс физиологиясы - биологияның, оның ішінде физиологияның маңызды салаларының бірі. Физиология деген сөз грек тілінде тірі организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.
Кіріспе …………………………………………………………2
Негізгі бөлім
Қан жүйесінің физиологиясы.....................................................3
Тыныс алу жүйесінің физиологиясы..........................................7
Тері жабыны мен оның туындыларының физиологиясы.........9
Көбею физиологисы..................................................................10
Қорытынды...........................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….14
Жоспары
Құс физиологиясы - биологияның, оның ішінде физиологияның маңызды салаларының бірі. Физиология деген сөз грек тілінде тірі организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.
Құс физиологиясының негізгі мақсаты - үй құстарының тіршілік әрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін, өнімінің сапасын адамның мұқтажына, талабына сәйкес арттыру. Демек, физиология құс шаруашылығының биологиялық негізі.
Физиология ғылымының жетістіктері мал дәрігерлік және құс өсіру жұмыстарында кеңінен қолданылады. Әр түрлі аурулар салдарынан организм функцияларындағы ауытқуларды тек қана физиологиялық процестердің қалыпты параметрлерін жете білгенде ғана байқауға болады. Демек, физиология патологиялық ауытқуларды, дертті күйді анықтауға мүмкіндік береді.
Физиологиялық мағлұматтар
негізінде құстың қоректік
Құс физиологиясы
да тәжірибелік (эксперименттік) ғылым.
Ол мал физиологиясы
Физиологиялық тәжірибелерде құстардың энергияға, дәрмен дәрілерге, амин қышқылдарына, микроэлементтерге мұқтаждығы анықталады, физиологиялық норамлар айқындалады. Физиология түрлі заманауи тәсілдерді (электрофизиологиялық, гистохимиялық, радиоактивті изотоптар, спектрофотометриялық, т.б.) қолдана отырып, өндірістік құс шаруашылығына қажет көптеген күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ол жинақталған мағлұматтар құстың түріне, жасына, өнімділігіне байланысты ғылыми негізді азықтандыру нормасын ұсыну үшін қажет.
Құс физиологиясын
зерттеп дамытуда ТМД мен
Қан, лимфа және ұлпааралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын түзеді. Оның тіршілік мағызы үлкен.
Қанның маңызы. Қан ұлпаларға О2 мен қоректік заттарды жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдерін шығара отырып, тасымалдаушы қызмет атқарады. Ол жеке мүшелер мен ұлпалардан өзгелеріне тіршіліктік маңызы бар өнімдерді, гормондар мен басқа да физиологиялық белсенді заттарды жеткізіп, организм функцияларын гуморальдық жолмен реттеуге қатысады., байланыстырушы қызмет атқарады.
Қан құрамында лейкоциттердің және әр түрлі қорғағыш денелердің болуына байланысты микробтар мен олардан бөлінетін уытты заттарды залалсыздандырып және бөгде белоктарды ыдыратып, қорғаныстық қызмет атқарады.
Организмде толассыз айналымда болуының нәтижесінде қанның жылу реттеуге маңызы зор.
Қан торшалар мен ұлпалардың қалыпты тіршілігіне қажетті осмостық қысым мен әрекетшіл реакция деңгейін (рH) тұрақтандыруға қатысады.
Қанның мөлшері, құрамы және физикалық қасиеттері. Жас құстарда қан дене массасының 10-13%, ересек құстарда – 8,5-9%, тауықтарда – орта есеппен 8,7%, үйректерде - 8,6% құрайды. Қанның абсолюттік мөлшері тауықтарда -180-315 мл, үйректе -130мл, қазда -595 мл, күркетайықта -688 мл. Қанның осы мөлшерінің 65-70%-ы құс организмінде айналымда, ал 30-35%-ы қорда(депода)
жинақталады.
Қан сұйық бөліктен-плазмадан және торшалық элементтерден: эритроциттерден, лейкоциттерден, тромбоциттерден тұрады. Қанның 60%-ын плазма, 40%-ын қан торшалары құрайды.
Құс қанының құрамындағы
құрғақ зат мөлшері
Тауықтар мен қаздарда қанның тығыздығы -1,050 , үйректе-1,056. Қанның тығыздығы оның құрамындағы эритроциттер саны мен белоктың деңгейіне тәуелді.
Қанның беткейлік керіліс күші тауықтарды-орта есеппен 5(4,7-45,5)
Сүтқоректілермен салыстырғанда құстар қанының осмостық қысымы жоғары. Құс қанының қату нүктесі-0,60-0,62, сүтқоректілерде ол 0,55-0,62. Сүтқоректілерде физиологиялық ерітінді -0,9% NaCl болса, құстарда ол -0,93% .
Қанның химилық қасиеттері. Құстар қанының әрекетшіл реакциясы белгілі бір деңгейде сақталғанда ғана өмір сүре алады. Сүтқоректі жануарларда pH шамамен-7,0-7,8, ал тауықтарда-7,42-7,56. Демек, қанға әлсіз сілтілік орта тән.
Құстар қанының
плазмасы әлсіз сарғыш түсті
сұйық. Оның түсі қанда ксантофилл
пигментінің болуына
Қан плазмасындағы
белок мөлшері құстардың
Қан плазмасы құрамында несепнәр, несеп қышқылы, аммиак, креатин, креатин сияқты жалпы « қалдық азот» деген атпен белгілі белокқа жатпайтын өнімдер болады. Құс қанындағы «қалдық азот» мөлшері -44 мг %.
Құс қаны плазмасында азотсыз органикалық заттар: көмірсулар, майлар және олардың алмасу өнімдері де кездеседі.
Көсірсулар қанда гликоген және глюкоза түрінде болады. Сүтқоректі жануарлармен салыстырғанда құстар қанында глюкоза 1,5-2есе көп. Оның мөлшері тауықта-130-260 мг%, қаз бен үйректе-150-180 мг %; күркетауықта-170-210 мг % . Тауықтар жасының өсуіне байланысты қандағы глюкозаның деңгейі төмендейді. 30 күндік балапанда оның деңгейі -130-160 мг %, 70 күндік балапанда -150-300 мг %, 150 күндік мекендерде -165-175 мг %.
Плазмада май өнімдері бейтарап май, май қышқылдар, фосфатидтер, холестерин және оның эфирі түрінде кездеседі. Бейтарап май деңгейі 0,1-0,15%-дан аспайды. Липидтердің мөлшері әтештер мен жұмыртқаламайтын тауықтардан гөрі жұмыртқалайтын тауықтарда көп болады.
Ересек құс қанында холестерин салыстырмалы тұрақты деңгейде болады. Алайда балапандардың өсуіне байланысты қан сарысуындағы холестериннің мөлшері өзгереді: тәуліктік балапандарда ол жоғары деңгейде (455-467 мг %) болса,150-ші күнде -150-125 мг %-ға дейін төмендейді.
Қан түйіршектері. Эритроциттер. Құс эритроциттері сүтқоректілер торшаларымен салыстырғанда әлдеқайда ірірек әрі сопақша пішінді ядросы бар қан торшалары. Демек, олардың төсемік тұлғасы, ядросы және қабығы болады.
Қанның 1 мм3-де тауықтар мен үйректерде орта есеппен -3,6, қазда -3,3, күркетауықта -2,7 млн эритроциттер болады. Балапандардың эритроциттердің саны олардың өсуі барысында өзгеріп отырады да, 3-4айлық жасында ересек құстардағы деңгейге жетеді. Эритроциттердің саны аталықтарда аналықтармен салыстырғанда біршама жоғары.
Эритроциттердің негізгі қызметі оттегі мен көмірқышқыл газды тасымалдау. Олардың аталған тыныстық қызметі құрамында гемоглобиннің болуының нәтижесінде атқарылады.
Қандағы гемоглобин мөлшері құстың түріне, жасына, тұқымдық ерекшеліктеріне тағы басқа факторларға байланысты өзгеріп отырады.
Ересек тауықтарда гемоглобин мөлшері-12,5-16,62%, үйректе -13,4-16,72%, қазда -15-16,6%, күркетауықта -13,3-16,62%, 10 күнге дейінгі балапандарда -6,7%, 21 күндік балапандарда -9,1-9,3% , 42 күндік балапандарда -9,6-9,7%, 84 күндік балапандарда -9,7-10,1 г %.
Сүтқоректі жануарларда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін байланыстырса, құстарда ол 1,4-1,41 мл оттегін байланыстырады.
Эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері құс организмінің физиологиялық күйі мен ондағы зат алмасу қарқынының деңгейін көрсететін маңызды гемотологиялық көрсеткіштер болып саналады.
Лейкоциттер және олардың қызметі. Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері, морфологиялық және функциональдвқ тұрғыдан эритроциттерден едәуір ерекшеленетін қан торшалары. Сүтқоректілермен салыстырғанда құс қанында олардың айтарлықтай көп болады.
Лейкоциттердің негізгі
қызметі организмнің
Лейкоциттер түйіршекті (гранулалы) және түйіршіксіз (агранулалы) болып екі топқа бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинафилдер, нейтрофилдер жатса, түйіршіксіз лейкоциттерге лимфрциттер мен моноциттер жатады.
Жоғарыда аталған торшалардан басқа құс қанында Тюрк торшалары (гистиоциттер) кездеседі.
Нейтрофилдер құс қанындағы жалпы лейқоциттердің 30-35%-ын құрайды. Олар капиллярлар қабырғасы арқылы өтіп, микробтар жиналған жерге қарай белсенді жылжи алады. Нейтрофилдерге оң хемотаксыс қабілеті тән.
Базофильдер қабыну
процесі кезінде аяқталар
Эозинофилдер қанға өткен бөгде белоктарды ыдыратады, түрлі белок типтес токсиндерді залалсыздандырады.
Тромбоциттер дөңгелек пішінді (күркетауықта сопақша) қан торшалары. Құс қанында саны жағынан сүтқоректілермен салыстырғанда олар біршама аздау. Тромбоциттер эритроциттермен салыстырғанда майда торшалар, бірақ құстарда олар сүтқоректілердің қан табақшаларынан ірілеу келеді.
Тромбоциттер өте
нәзі торшалар. Жарақат салдарынан
қан тамырдарынан шығысымен
Қанның ұюы. Қанның ұюы оның маңызды қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды.
Құстар қанының
ұйығыштық қасиеті жоғары
Құстар қанының ұю механизмі сүтқоректілерден ерекшеленбейді. Оның да негізіне А.Шмид ұсынған 3 сатыдан тұратын ферменттік теория қабылданған.
сатыда айналымдағы қанда дайын күйде кездеспейтін тромбопластин
ферменті түзіледі. Бұл ферменттің пайда болуы тромбоциттердің бұзылуынан бастау алады. Тромбоцит факторлары мен плазма факторларының өзара әрекеттесуі нәтижесінде қанда белссенді тромбопластин пайда болады. Бқл фактор зақымдану салдарынан ұлпаларда да пайда болады, оны ұлпалық тромбопластин дейді.
2-сатыда тромбопластиннің әсерімен қанның құрамындағы бұйығы фермент протромбинбелсенді түрге тромбинге айналады. Бұл процеске плазма құрамындағы Са ионы және басқа да факторлар қатысады.
Қан ұюының 3- сатысында тро\мбин ферменті фибриноген белогіне әсер етіп, оны ерімейтін фибринге айналдырады.
Қан топтары. Адамдар мен жануарлар қанында бір бірімен өзара байланыста екі зат кездеседі. Оның бірі эритроциттер құрамына кіретін А және В аглютиногендер, ал екіншісі қан плазмасында кездесетін а және в аглютиндер. Олардың қанда болу болмауына байланысты қан топтарға бөлінеді. Қан тобын білу қан ұю кезінде маңызды рөл атқарады.
Құстар қан топтарының өзіндік ерекшеліктері бар.Тауық қаны плазмасында аглютиногендердің болмауымен байланысты, қан топтары аглютиногендер сипаты бойынша анықталады. Тауықтардың эритроциттерінде өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін 63 түрлі аглютиногендер табылған. Олар 14 жүйеге біріктіріліп, латын әріптерімен белгіленеді. Оның ішінде цитохимиялық және генетикалық белгілермен ерекшеленетін 9 жүйенің антигендері көбірек зерттелген. А жүйесіне құрамына 9 антиген кіреді, В жүйесіне–21, С жүйесіне-4 және т.с.с.
Қан түзу.Құстарда орта есеппен эритроциттер-90-120, лейкоциттер-6-7 тәулік тіршілік етеді. Ал лейкоциттердің жеке түрлері бар болғаны бірнеше сағат қана өмір сүреді.
Құстардың тіршілігі барысында қан жасаушы мүшелердің гемопоэздегі рөлі мен маңызы өзгеріп отырады. Мысалы, тауық эмбриондарының негізгі қан түзу мүшесі саруыз қапшығыболып саналады. Онда инкубациялау процесінің 16-күнінде эритроциттердің түзілуі максимальды деңгейі байқалады. Тауық пен үйрек эмбрионында инкубацияның 14-15 күнінен бастап гемопоэз сүйек кемігінде жүре бастайды. Бауырдың қан түзудегі белсенділігі эмбриондық дамудың 10 күннен бастап арта түседі.