Қан жүйесінің физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 16:23, реферат

Описание работы

Құс физиологиясы - биологияның, оның ішінде физиологияның маңызды салаларының бірі. Физиология деген сөз грек тілінде тірі организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………2
Негізгі бөлім
Қан жүйесінің физиологиясы.....................................................3
Тыныс алу жүйесінің физиологиясы..........................................7
Тері жабыны мен оның туындыларының физиологиясы.........9
Көбею физиологисы..................................................................10
Қорытынды...........................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….14

Файлы: 1 файл

Құс физиологиясы.docx

— 455.71 Кб (Скачать файл)

   Эмбрион эритроциттері  тіршілігінің ұзақтығы 8 күннен аспайды. Инкубацияның соңына қарай тауық  эмбрионы эритроциттерінің саны  арта түседі. 10 күндік эмбриондар қанының 1мм3 1,2млн эритроцит, 14 күндік эмбриондарда-2,2 млн, 21 күндік эмбриондарда -2,6 млн. эритроцит болады.

   Тауық эмбрионында  лейкоциттердің түзілу процесі  инкубацияның 12-күнінде –бауырда, 11-күнінде  –көкбауырда, 14-күнінде сүйек кемігінде  басталады. Эмбрионда лейкоциттердің  саны оншалықты көп болмайды, ол балапан жұмыртқаны жарып  шығар алдында көбейе бастайды.

   Тромбоциттердің  саны қанның ұю процесінің  жоғарылауына байланысты инкубацияның 2-кезеңінен бастап көбейе түседі. Қан ұюына қатысатын протеиндер  инкубацияның тек 12-13 күнінен бастап  пайда болады.

    

 

 

 

    Тыныс алудың мәні мен маңызы. Тыныс алу деп-организмнің оттегіні пайдаланып, көмірқышқыл газын, су буын сыртқа шығаруын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын айтады.

  Құстың тыныс алу  мүшелері ауа өткізетін тыныс  жолдарынан және газ алмасу  мүшесі өкпе мен ауа қапшықтарынан  тұрады. Құс өкпесі көлемі шағын  ғана бөлімдерге бөлшектенбеген, серпімділігі төмен мүше. Ол дененің  көкірек бөлігінің  ¼ бөлігін  ғана алып, омыртқаның астында, қабырғаның  жоғарғы бөлігіне жабыса орналасқан. Өкпенің алдыңғы шегі бірінші қабырға тұсында жатады да, артқы ұшы бүйрекке дейін созылады. Құста плевра болмайды. 

   Ауа қапшықтары  бас және екінші реттік бронхылар  қабырғасынан томпайып шыққан  жұқа құрылымдар болып табылады. Қызметіне қарай оларды дем  алдыратын және дем шығаратын  деп жіктейді. Алғашқы топтың  қапшықтары дем алынғанды, ал  екінші топтың қапшықтары дем  шығарылғанда толады. Жалпы құста 9 ауа қапшығы болады. Олардың төртеуі жұптасып, симметриялы орналасады да, біреуі тақ болады.

   Құстар үшін ауа  қапшықтарының маңызы өте зор. Олар жылу реттеуге қатысады  да, оргааанииизмді шамадан тыс  қызып кетуден немесе салқындаудан  сақтайды. Түрлі мүшелер мен терінің  астын кеулей орналасып, сүйектер  қуысын толтырып, дененің тығыздығын  азайтады. Суда жүзетін құстарда  газ алмасу процесін ұзартады. Соның нәтижесінде үйрек су  астында 15 минут бола алады.

  


     Құстың тыныстық аппаратының схемасы:

 

1-бұғаналық қапшық; 2-иық  сүйегіне   жалғасатын жол; 3-мойын; 4-алдыңғы көкіректік; 5-артқы көкіректік; 6-құрсақтық қапшықтар; 7-  өкпелер; 8-бас бронхылар; 9-құрсақтық қапшықтың  эктобронхылары; 10-артқы көкіректік  және 11-құрсақтық қапшықтардың бронхылары. 

      Дем алу (инспирация)құстарда арнаулы дем алдыратын еттердің жиырылуы нәтижесінде атқарылады. Олардың әрекетінен төс және аша сүйектер, бұғана мен қабырғалар ілгері және төмен ығысып, омыртқалар мен төссүйекпен жалғасқан қабырғалардың жалғасу бұрышы ұлғаяды. Нәтижесінде көкіректің биіктігі өсіп, қуыс кеңейеді.

   Құстарда көкет  онша дамымаған, сондықтан оның  тыныс алу механизміндегі рөлі  шамалы.

    Дем шығару (экспирация) қабырғааралық еттердің жиырылуы нәтижесінде атқарылады. Олар жиырылғанда қабырғалар орнына оралып, төс сүйегі омыртқаға жақындайды да, көкірек құрсақ қуысы тарылады. Осылай дем шығару сатысында ауа екінші рет өкпе арқылы өтеді. Бұл құстарда газ алмасу процесінің қарқынын, тиімділігін арттырады.

   Дем алу және  дем шығару кезіңдерінің ұзақтығы  әртүрлі құстарда шамалас. Қоразда дем шығару дем алу сатысынан ұзағырақ. Күрке тауықтарда дем алу сатысы дем шығару сатысынан ұзағырақ болады және ол құстың жынысына қарай өзгермейді. Аналық қазда дем алу сатысының ұзақтығы  дем шығару сатысынан 3 есе артық, ал ата қазда-ол бірдей.

   Құстардың тыныс  алуындағы ерекшеліктердің бірі-дем  алу және дем шығару процестері  тыныс еттерінің белсенді әрекеттері  нәтижесінде атқарылады.

  Сүтқоректілермен салыстырғанда  құстарда өкпе жақсы желдетіледі, оған ауа қапшықтарының болуы  себепкер болады. Осы ерекшелікпен  байланысты дене жұмысы кезінде  тыныс алуы жиілемейді.

   Тыныс жиілігіне  түрлі факторлар-құстың түрі, жынысы, өнімділігі, физиологиялық күйі, күтіп-бағу  жағдайы, қоршаған (температура, дымқылдық, ауа құрамы т.б.) әсер етеді. Тыныс  жиілігі тәулік ішінде де өзгеріп  отырады.

Тыныс жиілігі, өкпе мен ауа қапшықтарының сиымдылығы.

Құс түрі

Тыныс жиілігі (мин)

Орташа тыныс жиілігі, минутына

Өкпе сиымдылығы, (см3)

Ауа қапшықтары сиымдылығы (см3)

аталық

аналық

Тауық

12-45

17

30

13

125-160

Үйрек

30-70

42

35

35

280-295

Қаз

12-40

20

40

40

-

Күркетауық

13-20

-

-

-

-

Кептер

15-32

-

-

-

30-36

Бірқазан

4

-

-

-

-

Канарейка

96-120

-

-

-

-


    Тыныс алу жиілігі балапандарда көбірек болады. Жас ұлғая келе тыныс алу жиілігі азаяды.

   Өкпедегі ауа мен  қан арасындағы газ алмасу  процесі диффузиялық жолмен газдардың  үлес қысымының айырмасына байланысты  жүреді. Вена қанында оттегінің үлес қысымы өкпедегі деңгейінен төмен, ал көмірқышқыл газ қысымы жоғары. Сондықтан да О2 өкпеден қанға, ал СО2 қаннан өкпеге өтеді.

Артерия мен вена қанындағы оттегі мен көмірқышқыл газдың үлес қысымы           (Вастл мен Лайнер мағлұматтары )

Құс түрі

Оттегі қысымы, с.б. мм

Көмірқышқыл газ қысымы, с.б. мм

Артерия

Вена

Артерия

Вена

Тауық

90

50

34

45

Үйрек

102

37

55

70

Қаз

90

57

44

55

Кептер

105

40

55

70


  

   Терінің құрылысы. Тері-дененің сыртқы қабығы ретінде организмді сыртқы ортадан  бөліп, оның ішкі ортасының қалыптасуына жағдай тудыратын құрылым. Тері жабыны денені механикалық, физикалық және химиялық зақымданудан сақтайды.

   Сүтқоректі жануарлар  терісі сияқты құстарда да  тері мен оның туындылары қорғаушы, рецепциялық, жылу реттеу және  т.б. қызметтер атқарады. Дегенмен, құстардың, әсіресе ауыл шаруашылық құстарының, тері жабыны мен оның туындыларының  эволюциялық даму барысында тіршілік  ортасының жағдайларына бейімделумен  байланысты қалыптасқан морфологиялық  және йфункциональдық ерекшеліктері  болады. Жас және өнім беретін  құстарды ұзақ уақыт микроклиматы  реттелетін қоражайда ұстаудың  салдарынан олардың организмінде  бірқатар физиологиялық өзгерістер  туындайды. Торда қамалатын құстардың  тері жабынының жылу алмасу  қызметінде айтарлықтай өзгеоістер  байқалады.

   Құс терісі-сүтқоректі  жануарлармен салыстырғанда тым  жұқа және қатпарлы қозғалмалы болып келеді. Оның нағыз тері қабатының емізікше қабаты терінің көптеген бөліктерінде жетілмеген. Терінің бұл бөліктерінде эпидермис пен дерманың шекарасы, көбіне, түзу сызық бойымен өтеді. Тек, құс тұмсығы, құс тырнағы, қораз тепкісі, аңшы құстар топшысы мен қабыршықты құс аяғы терілері қалың болып келеді.

   Құс терісіде үш  қабаттан: беткей қабаттан (эпидермистен), дермадан (нағыз теріден) және теріасты  қабаттан (шел қабаттан) тұрады.

   Құс терісі өзінің  туындыларымен: қауырсындар, құйыршық  безі, құс тырнағының аралықтарындағы  терілі жарғақтар, терінің мүйізді  туындылары мен айдары, сырғалық, сақылдық және күркетауықтың  қауырсынсыз бас мойын аумағы  терісіндегі шорлықпен ерекшеленеді. Құс терісінде бауырымен жорғалаушылар  терісіндегідей, май және тер  бездері болмайды.

   Қауырсын жабыны  құстарды бауырымен жорғалаушылар  мен сүтқоректілерден ерекшелендіретін  терінің маңызды құрылымдық элементтерінің  бірі болып табылады. Қауырсын  жабыны организмді қоршаған ортаның  жағымсыз факторларының әсерінен  қорғайды, жылу реттегіштік, сезімталдық т.б. қызмет атқарады.

     Түлеу деп  терінің қауырсын қабаты мен  эпидермис құрамаларынң мезгіл  мезгіл жаңарып отыруын айтады. Жабай құстарда бұл процеске  маусымдық сипат тән болады. Сондықтан  да түлей процесін құстардың  тіршілік ортасының жағдайларына  биолгиялық тұрғыдан бейімделуі  деп қарауға болады.

   Түлеудің екі түрі  болады: балапандардың алғашқы (ювенальды) түлеуі және ересек құстардың  маусымдық түлеуі. Т үлеу процесі  мен құстың жұмыртқалағыштық  қасиетері арасында тығыз байланыс  болады. Ерте түлейтін тауықтарда  жылдық жұмыртқа беру көрсеткіші  төмен, ал кеш түлейтін құстарда  жоғары болады.

 

   

   Көбею жануарлардың өніп өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Жоғары сатыда дамыған жануарлар жыныстық жолмен көбейеді. Құстардың көбею процесі бауырымен жорғалаушылар ға ұқсас болып келеді. Бауырымен  жорғалаушылар тәрізді құстар да ішкі ұрықтану тәсілімен және жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Эволюция процесі барысында жұмыртқа мөлшерінің үлкеюіне байланысты құстарда тек сол жақтағы аналық без бен жұмыртқалық жол дамиды. Аталық құстарда ен құрсақ қуысында орналасады, сыртқы жыныс мүшесі жоқ деуге болады. Ұрық организмнен тыс бірнеше қорғаушы шыққан қабатпен қапталған жұмыртқа ішінде дамиды. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандардың дене бітімі айтарлықтай ауқымы болады. Құстар тез пісіп жетілгіштігімен және өсімталдығымен ерекшеленеді.

   Құстардың жыныс  мүшелелері дамуы. Жыныс бездерінің  нышаны эмбриондық дамудың алғашқы  кезеңінде тауық эмбрионында  дамудың Жыныс бездерінің нышаны  эмбриондық дамудың алғашқы кезеңінде  тауық эмбрионында дамудың 3, ал  қаз бен үйрек 4-5 күнінде пайда  болады.

   Аналық без (жұмыртқалық) құрсақ қуысында сол бүйректің  алдыңғы жағында, одан төменірек  орналасады. Оның пішіні мен көлемі  құстың функциональдық күйіне  және жасына байланысты өзгереді. Жұмыртқалау кезеңінде аналық  без жүзім шоғыры пішінді болып, массасы 55 г жетеді, ал түлеу кезеңінде  оның салмағы  5г дейін төмендейді.

   Овогенез аналық жыныс торшаларының дамып, жетілу процесі. Овогенез ретімен жүретін көбею, өсу және жетілу атты үш сатыдан тұрады.

   Көбею кезеңі. Овогенездің  көбею кезеңі аналық бездің  эмбриондық даму сатысында басталып, балапан жұмыртқаны жарып шыққан  шақта аяқталады. Жұмыртқалау кезеңінің  алдында тауық жұмыртқалығында  Жұмыртқалау кезеңінің алдында  тауық жұмыртқалығында 3500-4000,ал суда  жүзетін құстарда  1250-1500 овоциттер  болады. Көбею кезеңі аяқталған  соң пайда болған бастапқы  овоциттер өсу кезеңіне көшеді.

   Өсу кезеңі екі  сатыда кіші және үлкен өсу  кезеңдерінде өтеді. Кіші өсу  кезеңі балапанның жұмыртқаны  жарып шыққан сәтінен бастап, жыныстық жетілуіне дейін жүреді. Ал үлкен өсу кезеңі 4-13 күнге  созылады да, ол аналық торшада сарыуыздың қарқынды жинақталуымен сипатталады.

   Жетілу кезеңінде  (овогенездің соңғы сатысы) жыныс  торшасы ретімен екі мәрте  бөлінеді. Нәтижесінде аналық торшадағы  хромосома саны екі есе кемиді, сондықтан оны редукциялық немесе  мейоздық бөліну деп атайды. Алғашқы  бөлінер  алдында бірінші реттік  овоцит ядросында хромосомалар  жарыла бөлініп, олардың саны  екі есе артады.

   Овуляция пісіп  жетілген жұмыртқа торшасының  аналық безден фолликуланы жарып  шығуы.  Тауықтарда овуляция тәулігіне  бір рет, жұмыртқалағаннан шамамен  ауықтарда овуляция тәулігіне  бір рет, жұмыртқалағаннан шамамен 30 минут өткен соң жүреді. Жұмыртқалық  жолда жұмыртқаның бөгелуі кезекті  овуляцияны тежейді. Тауықта овуляция  әдетте түнгі  2 және күндізгі  14 сағат аралығында жүреді.

    Жұмыртқа жолы  аналық торша ұрықтанып, жұмыртқа  пайда болатын түтікше мүше. Ол  жұмыртқалықтан бастау алып, саңғуырда (клоакада) аяқталады.  Жұмыртқалық  жолдың өлшемі құстың жасына  және оның жыныс аппарытының  функциональдық күйіне байланысты  өзгеріп отырады. Жыныстық жетілуге  дейін жұмыртқалық жол ішкі  беткейі жазық, ұзына бойына диаметр  бірдей тік түтікше болады. Алғашқы  жұмыртқаны жұмыртқалағаннан  кейін  тауықта оның ұзақтығы 68 см, ал  массасы 77г құрайды. Қарқынды жұмыртқалау  кезеңінде оның ұзақтығы 86 см, диаметрі 10см жетеді. Ал жұмыртқаламайтын  құстарда бұл құрылымның ұзақтығы 11-18 см дейін кішірейіп, диаметрі  бар болғаны  0,4-0,7 см құрайды. Түлеу кезінде де оның ұзақтығы 17 см-ге дейін қысқарады.

Информация о работе Қан жүйесінің физиологиясы