Қан жүйесінің физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 16:23, реферат

Описание работы

Құс физиологиясы - биологияның, оның ішінде физиологияның маңызды салаларының бірі. Физиология деген сөз грек тілінде тірі организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………2
Негізгі бөлім
Қан жүйесінің физиологиясы.....................................................3
Тыныс алу жүйесінің физиологиясы..........................................7
Тері жабыны мен оның туындыларының физиологиясы.........9
Көбею физиологисы..................................................................10
Қорытынды...........................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….14

Файлы: 1 файл

Құс физиологиясы.docx

— 455.71 Кб (Скачать файл)

   Жыныстық тұрғыдан  жетілген құстарда жұмыртқа жолы  шанақ (воронка), белоктік бөлім, мойнақ, жатыр және қынап деп аталатын  бөліктерге бөлінеді.

   Шанақ жұмыртқа  жолының ұзақтығы 4-7 см, диаметрі 8-9см  шамасындағы алдыңғы кең бөлігі. Ол жұмыртқалықтың астында орналасады  да, қысқа мойыншық арқылы жұмыртқа  жолының кейінгі бөлімдерімен  ұштасады.

 

Жұмыртқалық жолдың құрылымы мен жұмыртқаның түзілу схемасы:

 

   А-жұмыртқаның түзілуі; Б-жұмыртқалық жолы; В-Жұмыртқалық  жолдың көлденеі қиындысы;  1-аналық  без; 2-шанақ;  3-мойыншық бездері; 4-белоктік өнім; 5-белоктік өнім бездері; 6-безсіз жолақ; 7-мойнақ; 8-мойнақ бездері; 9-аралық бөлім бездері; 10-жатыр; 11-жатыр бездері. 

  

   Қынап жұмыртқа жолының соңғы бөлімі. Ол жатырдан қысқыш етпен жатыр мойнымен бөлінеді. Құс қынабы саңғуырдың ортаңғы бөлімінде, сол жақтағы зәрағар тесігіне жақын ашылады. Құс қынабында жұмыртқа жарты сағаттай бөгеледі.

   Аналық без әр  түрлі даму сатысындағы фолликулдар  жиынтығы болып табылады да, сырт  жағынан жүзім шоғырына ұқсайды. Мысалы, тауықтың аналық безінде 500-ден 3500-ге фолликуллалар кездеседі.

   Жұмыртқаның пайда болуы. Жетілген сарыуыз фолликуладан шығып, жұмыртқалық жолға түскен соң, жұмыртқа белогі үзіліп, жинақталады, жұмыртқа қабықтары мен қауыз жасалады, жұмыртқа пайда болады. Аналық безде ұрықтанып үлгермеген сарыуыз жұмыртқалық жол шанағына түскеннен соң осы жерде ұрықтанады. Шанақтан аналық торшалы сарыуыз 15-20 минут ішінде өтеді. Егер аналық торша аналық безде немесе жұмыртқалық жол шанағында ұрықтанып үлгермесе, ол жыныс жолдарының басқа бөліктерінде ұрықтанбайды. Мұндай жұмыртқа ұрықтанбаған күйінде қалады. Қоразбен бір шағылысқан мекендер ұзақ уақыт бойына ұрықтанған жұмыртқа жұмыртқалайды.Дегенмен, шағылысудан  8-12 күннен кейін жұмыртқаның ұрықтануы күрт төмендейді.

   Жұмыртқалық жолдың  белоктік бөлігімен жұмыртқа 3  сағат жылжиды, мойнақтан 1 сағат  өтеді, ал жатырда 19 сағат аялдайды. Жалпы жұмыртқа  23-27 сағат ішінде  пайда болады. Тауық кейде тәулігіне  екі рет те жұмыртқалайды., бірақ  мұндай жағдай сирек кездеседі. Кһбінесе тауық тәулігіне немесе  екі тәулікте бір рет жұмыртқалайды. Құсты дұрыс азықтандырмаса онда  ол 5-6 тәулікте бір рет жұмыртқалауы  мүмкін.

   Үй құстары белгілі  айналыммен жұмыртқалайды. Бір маусымда  немесе бір жылда бірнеше лек (серия) пен интервал кездеседі. Лек  деп құс үзбей жұмыртқалаған  күн санын айтады. Одан кейін 1-2 күн үзіліс (интервал) байқалады  да, серия қайта басталады. Сери  мен интервалды жұмыртқалау айнылымы  деп атайды.

   Аталық құстың көбею мүшелері ен, ен қосалқысы, шәует жолы мен жыныстық қатынас мүшесінен  тұрады.

 

 

 

:

 

 

Қораздың жыныс мүшесі

 

 

А-жалпы көрінісі; Б-ен қосалқысындағы

өзекшелер схемасы; 1-оң жақ ен; 2-ен қосалқысы аумағы; 3-шәуеттік өзек; 4-оң жақ бүйрек; 5-зәрағар; 6-шәуеттік өзектің етті бөлімі; 7-белоктік бөлім; 8-шәует өзегінің дөңгелек қыртысы;  9-лимфалық қыртыс; 10-оң бөлуші өзек; 11-тік ішек қыртысы; 12-саңғуыр қабырғасы; 13-ен; 14-тор; 15-шығарушы өзек; 16-ен қосалқысының өзегі. 

Қорытынды

 

 

    Қазақстан Республикасы экономикасының негізін қалауда маңызды рөл атқаратын халық шаруашылығы салалары негізгілерінің бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде мал шаруашылығының, оның ішінде құс шаруашылығының алатын орны ерекше. Өз егемендігіне толық ие болған жас аграрлық мемлекет ретінде, біздің Елімізде кезек күттірмейтін көптеген проблемалар баршылық. Солардың негізгідерінің бірі ауыл шаруашылығы секторында өндірілетін азық түлік өнімдерімен Республика халқын жеткілікті деңгейде толығымен қамтамасыз етумен қатар, халықаралық деңгейдегі сапалы өнімдерді өндіру үшін нанатехнологиямен қаруланған отандық өндірістердегі өңдеу орындарына қажет шикізаттар молшылығын жасау. Осы аталған келелі проблемаларды шешетін де, іс жүзіне асыратын да мал шаруашылығында қызмет атқаратын мал мамандары.

  Құс шаруашылығы мал шаруашылығының құс өсіруімен шұғылданатын саласы.Құс шаруашылығынан алынатын өнімдер: құс еті мен жұмыртқа адам организміне жұғымды да, сіңімді диеталық тағамдар қатарына жатады. Құстардан алынатын мамық пен түрлі қауырсындар халық шаруашылығына тым қажет шикізат өнімдерін құрайды. Құс жұмыртқалары медицина және ветеринария салаларында түрлі сарысулар мен вакциналар дайындауда, фармакология саласында дәрі дәрмектер жасағанда пайдаланады.

   Басқа үй малдарымен  салыстырғанда құс саласы аса  қысқа уақыттың ішінде еңбекті  де, азықты да, қаржыны да аз  жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнім  етті және жұмыртқаны жылдың  төрт мезгілінде де көп мөлшерде  өндіруімен ерекшеленеді.

   Қазіргі таңда, Қазақстанның  құс шаруашылықтарында (құс фабрикалары  мен құс фермаларында) құс еті  мен жұмыртқаның сапалы иол  өнімін беретін құс тұқымдарын  өсіру және оларды асылдандыру  жұмыстары қазіргі таңда дұрыс  бағыт алып, ғылыми жолға қойылып  отыр. Құс шаруашылықтары мен  жеке қожалықтарда  жүргізіліп  жатқан құс тұқымдарын асылдандырудың  генетикалық және селекциялық  жұмыстарымен қатар, аталған шаруашылықтағы  кезек күттірмейтін үлкен де  маңызды проблемалардың бірі  емес бірегейі құс басын әр  түрлі аурулар мен аса қатерлі  індеттерден, мысалы құс тұмауынан  және т.б. қатерлі аурулардан сақтау, алдын алу, емдеу жұмыстарын ғылыми  тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастыру  болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Құс физиологиясы» - Т. Несіпбаев, Қ.Ж.Исхан, А.Қ.Несіпбаева,

 Алматы -2010

  1. «Құс шаруашылығы» - А.Б.Таңатаров, С.Т.Дабжанова, С.М.Мыззақұлов, Р.Қадыкен ,  Алматы-2008
  2. «Құс морфологиясы» - К.Жаңабеков, С.С.Алданазаров, Г.К.Жаңабекова, Алматы-2013
  3. «Жануарлар физиологиясы» - Т.Несіпбаев, Алматы -2005

 

 

 

 

                                                                              

 


Информация о работе Қан жүйесінің физиологиясы