Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2014 в 10:58, реферат
Антибиотиктер – микроорганизмдердің тіршілігін тежейтін немесе оларды жойып жіберетін қабілеті бар әр түрлі организмдер: саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер, жануарлар мен өсімдіктер түзетін заттар. Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір тобына қарама – қарсылық әрекетіне негізделген. Микробтар өз тобынан өзге топтарға «қарсы» болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар бөліп шығарады. Әрбір антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді.
Анықтамалар…………………………………………………………...
3
Белгілеулер мен қысқартулар...............................................................
4
Кіріспе.....................................................................................................
5
I
Негізгі бөлім...........................................................................................
1.1
Антибиотиктерге қысқаша сипаттама..................................................
6
1.2
Пенициллин ашу тарихы.......................................................................
8
1.3
Өнеркәсіптік жағдайда микроорганизмдердің антибиотиктерге құралу мүмкіндіктерін жоғалтуы........................................................
10
ІІ
Антибиотиктерді алу технологиясы
2.1
Антибиотиктерді өнеркәсіпте алу........................................................
12
2.2
Антибиотиктерді өндірістік алуы және қолданылуы........................
13
2.3
Пенициллин антибиотигіне сипаттама................................................
15
2.4
Левомицетин қатарындағы антибиотиктерге сипаттама...................
17
2.5
Левомицетин...........................................................................................
21
2.6
Құрамында левомицетин болатын дәрілік препараттар.....................
23
2.7
Дәрілік заттың адам ағзасына қолданудың мақсаты..........................
25
2.8
Антибиотиктердің жағымсыз әсері......................................................
26
III
Қорытынды.............................................................................................
27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................
31
Қосымша..................................................................................................
32
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Микробиология және биотехнология кафедрасы
«Микроорганизмдер биотехнологиясы»
пәні бойынша
Тақырыбы: Бактериялардан антибиотиктерді алу
Орындаған: 5B070100 «Биотехнология»
мамандығының студенті
Игембаева М.К.
Тексерген: в.ғ.к., аға оқытушы Әкібеков Ө.С.
Астана – 2013
Мазмұны
Анықтамалар………………………………………………… |
3 | |
Белгілеулер мен қысқартулар................... |
4 | |
Кіріспе....................... |
5 | |
I |
Негізгі бөлім......................... |
|
1.1 |
Антибиотиктерге қысқаша сипаттама..................... |
6 |
1.2 |
Пенициллин ашу тарихы........................ |
8 |
1.3 |
Өнеркәсіптік жағдайда микроорганизмдердің антибиотиктерге құралу
мүмкіндіктерін жоғалтуы...................... |
10 |
ІІ |
Антибиотиктерді алу технологиясы |
|
2.1 |
Антибиотиктерді өнеркәсіпте алу........................... |
12 |
2.2 |
Антибиотиктерді өндірістік алуы
және қолданылуы.................... |
13 |
2.3 |
Пенициллин антибиотигіне сипаттама..................... |
15 |
2.4 |
Левомицетин қатарындағы антибиотиктерге сипаттама................... |
17 |
2.5 |
Левомицетин................... |
21 |
2.6 |
Құрамында левомицетин болатын дәрілік препараттар................... |
23 |
2.7 |
Дәрілік заттың адам ағзасына қолданудың
мақсаты....................... |
25 |
2.8 |
Антибиотиктердің жағымсыз әсері......................... |
26 |
III |
Қорытынды..................... |
27 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................ |
31 | |
Қосымша....................... |
32 |
Анықтамалар
Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Антибиотиктер – микроорганизмдердің тіршілігін тежейтін немесе оларды жойып жіберетін қабілеті бар әр түрлі организмдер: саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер, жануарлар мен өсімдіктер түзетін заттар. Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір тобына қарама – қарсылық әрекетіне негізделген. Микробтар өз тобынан өзге топтарға «қарсы» болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар бөліп шығарады. Әрбір антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді.
Хлортетрациклин – биомицин деп те аталады. Қоректік ортада В12 витаминін түзе алады. Сары түсті, кристалл ұнтақ, күн сәулесі түскенде тез бүлініп кетеді. Бөлме температурасында, қараңғы жерде ыдыста сақтағанда шипалық қасиеті жойылмай, үш жылға дейін сақталады.
Стрептомицин – актиномицеттер тобының кейбір микроорганизмдері түзетін антибиотик. Ақ түсті ұнтақ. Суда жақсы ериді, әсер ету ауқымы кең антибиотик, қышқылға төзімді. Өкпе ауруын (туберкулез), менингитті қоздырғыштарға жойқын әсер етеді.
Пеницилл (Penicillium) – гифомицеттер қатарына жататын саңырауқұлақтар туысы; конидия ұстамдары жеке немесе шоғырлана орналасқан, жоғарғы жағында салалана шашақталған, онда түссіз немесе ашық бояулы бір клеткалы конидиялары тізілген. Пеницилдің кейбір түрлері қалталы кезеңін құрайды, құрамында 250 түрі бар, қоңыржай аймақтарға тараған. Ферменттер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар алуда және сыр жасауда пайдаланылады.
Пенициллин – зең саңырауқұлағы түзетін, шипалық антибиотик. 1943 жылдан өндірістік жолмен шығарыла бастады. Шипалық мақсатта калий тұздарында новокаин түрінде ерітіп қолданады.
Левомецитин - Бұл стрептомицеттен алынатын антибиотик. Ол әсер ету спектрі жан-жақты, антибактериалдық препарат, ішектерде жақсы сорылады.
Белгілеулер мен қысқарулар
Осы курстық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:
БТ – Биотехнология
МБ – Микробиология
МО – Микроорганизмдер
БМ – Биомицин
ХТ – Хлортетрациклик
СФ – Стафилококк
ДНҚ – Дезоксрибонуклейн қышқылы
РНҚ – Рибозануклейн қышқылы
Қ.о. – Қоректік орта
Кіріспе
Антибиотиктер (грекше anti - қарсы, bios-өмір) - өте аз концентрацияда микро және макро тоғышарлар организмін таңдаулы түрде жоятын, әр түрлі организмдердің (саңырауқұлақтар, бактериялар, жануарлар, өсімдіктер) өмір сүру барысында өндіретін биологиялық белсенді заттар.
«Антибиотик» термины 1942 жылы қабылданды, бірақ ол үшін үлкен және күрделі зерттеулер жүргізілді. Отандық ғалымдардың бірі Н.Н Благовещенский 1890 жылдарда көк іріңді талшықтарды жануарлардың организміндегі сібір жарасының бактерияларына қарсы қолдануды ұсынды. Бұл уақытта бөлек микробтарда антибиотикалық заттардың бар екендігін елестету қисынсыз болатын. Сол кезде Р. Эммерих сол заттарды алуға талпыныс жасады. Көк реңді талшықтан пиоцинозды алу қолынан келді. 1989ж Н.Ф Гамалеямен бір уақытта сол микроорганизмнен пиоклостин алды.
Кейіннен осы мәселеге байланысты
көп ашылулар жасалды, алайда
Антибиотиктерді зерттеуде советтік ғалымдар үлкен үлес қосты, олардың ішінде З.В Ермальев, Г.Ф Гаузе және тағы басқа. Ветеринарияда антибиотиктерді көптеген фармакологтар зерттеді, бірақ маңыздырақ зерттеулерді Н.И. Леонов, И.Е. Мозгов, Д.М. Гелони, В.А Фортуш, П.Д. Евдокимов, В.М. Субботин, Г.В. Ковалев жүргізген болатын.
Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір тобына қарама – қарсылық әрекетіне негізделген. Микробтар өз тобынан өзге топтарға «қарсы» болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар бөліп шығарады. Әрбір антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді.
Аромат қатарының антибиотиктері ретінде тәжірибе жүзінде левомицетин қолданылады. Ол 1947 жылы актиномицет культурасының сұйығында байқалған. Ал 1949 жылы оның құрылысы анықталып, синтездік жолмен алынған. Левомицетинді өндірістік көлемде шығарылған бірінші антибиотик десе де болады. Ол нитробензол туындысы. [4].
Мақсаты: Антибиотиктердің алу технологиясын меңгеру.
Міндеті:
технологиясына тоқталу;
І. Негізгі бөлім
1.1 Антибиотиктерге қысқаша сипаттама
Антибиотикалық заттарды қолдану өте ертеде басталған. Осыдан 3500 жыл бұрын Қытайда көгерген ірімшік, кейіннен көгерген нанды іріңді жараларды емдеу үщін қолданылғаны туралы деректер бар. Антибиотиктердің ашылуына жуықтап келген орыс ғалымы А.Г.Полотебнов. Ол 1872 жылы пенициллиум саңырауқұлағының спораның көгінен дайындалған ұнтақпен іріңді жараны емдегені туралы хабарлаған. Бірақ, антибиотик эрасы және және антибиотикотерапия А.А.Флегмингтің есімімен байланысты. Ол 1929 жылы пенициллиум көгінен алынған микробтарға қарсы әсер ететін зат туралы хабарлады. Ол затты тәжірибе жүзінде іске асыру үшін одан кейін де ондаған жылдар керек болды. 1940 жылы бірінші рет Флори мен Чейн химиялық таза пинициллинді алды. Ал Ресейде таза пенициллинді 1942 жылы Ермольева алды [6].
Қазіргі кезде 4000–нан аса антибиотикалық заттар бөлетін микроорганизмдер туралы деректер бар. Медицина мен малдәрігерлік салада 60-қа жуық антибиотиктер қолданылады. Олардың жаңа түрлерін іздестіру әрі қарай жалғасуда [1].
1-кесте – Антибиотиктердің қасиеттері
Антибиотиктердің классификациясын беру үшін олардың 4 қасиеттеріне сүйенген жөн: | |||
Химиялық құрылысына |
Шығу тегіне |
Әсер ету бағытына |
Әсер ету механизмдеріне. |
2-кесте ̶ Антибиотиктердің әсер ету бағыты
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
Микробтарға қарсы әсер ететін антибиотиктер |
Микоздарға қарсы әсер ететін антибиотиктер |
Ісіктерге қарсы белсенді антибиотиктер |
Тоғышарға қарсы әсер ететін антибиотиктер |
3-кесте – Антибиотиктердің химиялық құрылысы
Химиялық құрылыстары бойынша оларды 6 топқа бөлуге болады: | ||
№ |
Өкілдері | |
1. |
Гетероциклді құрылысы бар антибиотиктер |
пенициллиндер мен цефалоспориндер |
2. |
Алициклді құрылысы бар антибиотиктер |
Тетрациклиндер |
3. |
Гликозидтер мен аминоглизодтер |
гликозидтер, аминогликозидтер, макролидтер, полиендер және анзамициндер жатады |
4. |
Ароматты қатардағы антибиотиктер |
Левомицетин |
5. |
Антибиотиктер-полипептидтер |
полимиксин, грамицидин |
6. |
Әр түрлі топтың өкілдері |
Бұл топқа ісіктерге қарсы қолданылатын антибиотиктер жатады. |
4-кесте – Антибиотиктердің шығу тегі
Шығу тегіне қарай 4 топқа бөлінеді: | ||
№ |
||
1. |
Саңырауқұлақтардың туындылары |
пеницилиндер, цефалоспориндер; актиномицеттерден, макролидтер, стрептомицин, полиендер |
2. |
Бактериялардан алынатын антибиотиктер |
Полипептидтер |
3. |
Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер |
аренарин, иманин, хинин, сальвин |
4. |
Жануарлардың тіндерінен алынатын антибиотиктер |
экмолин, интерферон, әр түрлі сұйық заттар, лизоцим. |
5-кесте - Антибиотиктерді түрлі індеттерден дұрыс пайдалану кестесі
Індеттер |
Күнделікті антибиотиктер |
Қордағы антибиотиктер |
Стафилокктар |
Пенициллин тетрациклин |
Гентамицин |
Сальмонеллездер |
Пенициллин,неомицин |
Левомицетин |
Пастереллездер |
Пенициллин, тетрациклин |
Гентамицин |
Микоплазмоз |
Тетрациклин, тилозин |
- |
1.2 Пенициллин ашу тарихы
Ағылшын микробиологы Александр Флемминг (1881-1955) өзінің ғылыми жолын белгілі бактериолог Алмрот Райттың басшылығымен бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде бастады. Бұлардың екеуі де антисептиктердің көмегімен жауынгкерлердің жарасындағы ауруларды емдеуге тырысты, бірақ олар сәтсіздікке ұшырады. Флеммингтің өмір баянын жазушы бұл бірлесіп жүргізілген жұмыс «белгілі дәрежеде Флеммингті 1922 жылы сілекейде болатын және микробтарды ірітіп жіберетін фермент – лизоцимді табуға әзірледі» деп жазады [3].