Бактериялардан антибиотиктерді алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2014 в 10:58, реферат

Описание работы

Антибиотиктер – микроорганизмдердің тіршілігін тежейтін немесе оларды жойып жіберетін қабілеті бар әр түрлі организмдер: саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер, жануарлар мен өсімдіктер түзетін заттар. Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір тобына қарама – қарсылық әрекетіне негізделген. Микробтар өз тобынан өзге топтарға «қарсы» болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар бөліп шығарады. Әрбір антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді.

Содержание работы

Анықтамалар…………………………………………………………...
3

Белгілеулер мен қысқартулар...............................................................
4

Кіріспе.....................................................................................................
5
I
Негізгі бөлім...........................................................................................

1.1
Антибиотиктерге қысқаша сипаттама..................................................
6
1.2
Пенициллин ашу тарихы.......................................................................
8
1.3
Өнеркәсіптік жағдайда микроорганизмдердің антибиотиктерге құралу мүмкіндіктерін жоғалтуы........................................................
10
ІІ
Антибиотиктерді алу технологиясы

2.1
Антибиотиктерді өнеркәсіпте алу........................................................
12
2.2
Антибиотиктерді өндірістік алуы және қолданылуы........................
13
2.3
Пенициллин антибиотигіне сипаттама................................................
15
2.4
Левомицетин қатарындағы антибиотиктерге сипаттама...................
17
2.5
Левомицетин...........................................................................................
21
2.6
Құрамында левомицетин болатын дәрілік препараттар.....................
23
2.7
Дәрілік заттың адам ағзасына қолданудың мақсаты..........................
25
2.8
Антибиотиктердің жағымсыз әсері......................................................
26
III
Қорытынды.............................................................................................
27

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................
31

Қосымша..................................................................................................
32

Файлы: 1 файл

Антибиотик Молсакова Нуржангуль.doc

— 437.50 Кб (Скачать файл)



 

 

Гидролиз  реакциясы  арқылы левомицетин мен оның туындыларының түп нұсқасын  дәлелдейді. 1-2 минут бойы  қайнату  кезінде  левомицетин мен  левомицетин  стеарат сарғыш  түске  айналып, кейінірек қызыл-қоңыр  түске  айналады. Левомицетин левомицетинге қарағанда тұнба  түзіп, түбінде  қызыл кірпіш сияқты  шөгінділер  пайда  болады.Гидролиз  реакциясында  левомицетин «негізі»  пайда  болып, натрий тұзын  бөледі [6].

Левомицетин  −  кең  спектрлі  қасиеті  бар. Грамм оң  және грамм  теріс  микроорганизмдерге  әсері  күшті. Эшерихия, сальмонелла, пастерелла, стафилок, стрептокок, диплококтар  лвомицетинге  аса  сезімтал  болып  келеді. Сульфаниламид, стрептомицид  және  пеницилинге  төзімді  бактерия   штаммдарына  әсері  бар.  Грамм оң анаэробтарға  белсенді. Ал қышқылға  төзімді  бактерияға, клостридияға   және  көк  ірің  таяқшасына  белсенділігі жоқ. Препарат суда  өте  нашар  ериді. Оның  ішкізетін (негіз  және  пальмитат) және құятын (сукцианат) дәрілік  формалары  жасалған. Левомицетин  негізі  ішекте  тез  сорылады. Пальмитат әуелі ұйқы  безінің лицазасымен  гидролизденеді, содан  кейін  одан   активті левомицетин  бөлініп  шығады да, ол  ішекте  сорылады. Паразитералды  қолданылатын  левомицетин  сукцианатта әуелі гидролизденіп, активті заттар  бөліп   шығарады. Антибиотик   ұнтақ,   капсула  және  таблетка  түрінде  шығарылады. Левомицетин  препараттарында 98,5% дейін  антибиотик болуы   тиіс.

Левомицетинге  микроорганизмдердің  тұрақтылығы баяу  түрде өтеді. Басқа  антибиотиктерге  тұрақтылығы  дамымайды. Алайда грамм  оң бактерияларының патогенді штаммдары ампициллин, тетрациклин, гентамицин, стрептомицин антибиотиктеріне  төзімді болып келеді. Ал левомицетинге  резистенттік  қасиетін  көрсетеді. Көбею және тыныштық  сатыларындағы  микроорганизмдерге  әсері  бар.Тыныштық  сатысындағы микроорганизмдерге әсері көбею  сатысындағы  микрорганизмдерге қарағанда  жоғары  болады.Микрорганизм жасушаларына оңай өтеді және  жасуша  ішінде. Көп  қолданғанда ішек микрофлорасын бұзып, дисбактериоз  ауруының  пайда  болуына  себепші  болады. Бүйрек  ауруларында, буаздық  кезінде  қолдануға  тиым  салынады.

Таблеткалар мен  капсулалар- 5 жыл, ұнтақ  -8  жыл  сақталады.

Ветеринарлық тәжірибеде левомицетин, левомицетин стеарат, левомицетин сукцинат натрий және  левомицетин  изомерінің  қосындылары — синтомицин  қолданылады.

2.5  Левомицетин

 

Құрамы мен  сипаттамасы.  Левомицетин (Laevomycetin) – ащы  дәмі бар  ақ түйіршікті  ұнтақ. Суда  нашар, ал  этанолда, этиленгликольде және  пропиленгликольде оңай   ериді. Жоғары  температураға  төзімді. Бейтарап  және  қышқыл  ерітінділерінде  белсенділігін сақтайды. Рн 9-дан жоғары  болған   кезде инактивтенеді. [2]

Фармакологиялық  қасиеттері. Левомицетиннің  сезімтал микробтарға концентрациясы  4-10 мкг/мл. Антибиотик асқазан  ішек  жолдарында  оңай  сіңіріледі. Қандағы  максималды  концентрациясы  2-3 сағаттан  кейін  пайда  болады. Бір реттік емдік  дозасын  қолданғаннан  кейін, 4-6  сағат бойы терапевтикалық  концентрациясын сақтап  тұрады. Организмнен  несеп  арқылы 24 сағаттан кейін  шығарылады.

Қолданылуы. Көптеген  індетті ауруларда тиімділігі  жоғары.   Малдар мен  құстардың  көптеген  індетті  және жұқпалы  емес   ауруларында: диспепсияда, сальмонеллезде, колибактериозда, колиэнтеритте, лептоспирозда,  пастереллезде, бронхопневманияда, зәр  шығару жолдарының  ауруларында   қолданылады. Балапандардың  пуллорозы мен кокцидикозы кезінде, құстардың  инфекциялық  ларинготрахеиті   мен микоплазмоз  кезінде және  несеп  жолының инфекциясы кезінде  қолданылады. Бірақ  жанама әсерлері  де бар: кілегей  қабықтарды тітіркендіреді, дисбактериоз тудырады, гемопоэзге  токсикалық әсер  етеді, геморрагиялық  синдром  пайда  болуы  мүмкін.

Қолдану тәсілі мен мөлшері. Антибиотик жануарларға азық және  су  арқылы        тәулігіне 2-3  рет  беріледі. Жануар массасының 1 кг  есептегенде

-ірі  қара 10-20  мг;

-шошқа  20-40  мг;                                                                                                                                       

-ұсақ мал  20 мг;

-құс  30-50 мг;

-ит 0-20  мг.

Құсу  кезінде  тік  ішек  арқылы  ректальді  супазиторий ретінде мөлшерін    2-3 есе көбейтін енгіземіз. Емдеу  уақыты   мен мөлшері   аурудың  өту   барысына  байланысты. Емдеу уақыты 2-4 апта немесе  қалыпты  температура орнатылғанша дейін 8-10  апта. Ауру  симптомдары  байқалмай және  дене  температурасы  қалыпты  жағдайға  түскен  кезде  препаратты беру 2-3күннен  беру  тоқтатылады. Таблетка күйінде де шығарылады.

Жағымсыз  әсерлері. Белгіленген  мөлшерде  берген  кезде  жағымсыз әсерлер  байқалмайды. Алайды дозасын  көбейтіп ұзақ  уақыт  қолданған  кезде құсу,  ішек  метиоризмі, бауыр дистофиясы, іш  өту, дерматит, ауыз қуысының кілегей қабықтарының және жыныс органдарының  ісінуі   байқалады.

Қолдануға  болмайтын  жағдайлар. Бауыр, бүйрек аурулары, грибоктік  зақымданулар, буаздық және  жануардың  препаратқа  сезімтал  болған  кезде қолдануға  болмайды. Нитрофуран, сульфаниламид препараттарымен бірге  беруге болмайды. Себебі, токсикалық әсер  беруі  мүмкін. Кейбір жағдайларда  беруі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар. Препаратты беруді тоқтатқан  кезден 7 тәулік  өткен соң  бордақылауға  жібереді. Амалсыздан уақытынан  бұрын  сойылған  жануар  етін шопқоректі жануарларға азық ретінде  және  ет-сүйекті ұн  жасау  үшін  қолдануға  болады.Жануарды левомицетинмен  емдеген  уақытта сүтін  пайдалануға  болмайды. Препаратты беруді тоқтатқан уақыттан 36 сағат өткеннен кейін ғана  жануар  сүтін  пайдалануға  болады.

Сақтау  шарттары.  Б  тізімі  бойынша  құрғақ, қараңғы жерде, 20-25°С  температурасында  сақталады.

Сақтау мерзімі − 5 жыл.

 

2.6 Құрамында  левомицетин болатын дәрілік  препараттар

 

Левомеколь  мазі

 

Құрамы  мен  сипаттамасы. Левомеколь  мазі (Unguentum    Laevomecolum )  −  бактерияға  қарсы  және  жарақаттың  тез  жазылуына әсер  беретін  комплексті  препарат.  Құрамында 0,75 г левомицетин  (хлорамфеникол), 4 г метилурацил  және негізі  ретінде  полиэтиленоксид  1500 және  полиэтиленоксид  400 бар. Ақ  түсті, спецификалық  иісі  бар, жергілікті  және   сыртқы  қолдануға  арналған мазь.  162  г тюбик түрінде  шығарылады [9].

Фармакологиялық  әсері. Левомеколь мазі ісінуге, микробтарға  қарсы және  регенерациялық  әсер беретін  комплексті  препарат. Инфекциялық қоздырушыларында левомицетинге қарсы тұрақтылық  өте баяу  дамиды. Левомицетин − кең  спектрлі әсер  беретін  антибиотик. Метилурацил  жасушадағы  зат  алмасу  процесін,  жарақаттың  тез  жазылуын, ұлпалардың  қалыпқа  келуін  стимулдейді  және  ісінуге  қарсы  әсер  береді.  Сонымен  қатар  метилурацил иммунитетке  белсенді  әсер  береді.  Лейкоцит  пен  интерферонның қосымша   бөлуіне  байланысты  жергілікті  иммунитеттің  деңгейін  көтереді. Мазьдің  негізі − полиэтиленоксид биологиялық  мембрананы  зақымдамай ұлпаның терең  бөлігіне  мазьдің енуіне  жағдай   жасайды. Бұл  ірің  кезінде  мазьдің  антибактериалдық қасиетін  сақтауға  мүмкіндік  береді.

Қолданылуы. Жануарлардың  барлық  түрінде іріңді  жаралар, ішек  таяқшасы мен  стафилоккоктармен  зақымданғанда,  жарақаттан  іріңді - некротикалық  массаны  тазартқанда, ісінудін  көлемін  азайту кезінде  және ұлпалардың  қалыпқа  келтіру  үшін  қолданылады. Левомиколь  мазін  басқа  да  іріңді-ісіну процесстерінде, жіті  ісінудің  ауыр  формаларында,  фурункуланы емдеу үшін  және инфекциялық  отит  кезінде  қолданылады.

Қолданылу тәсілі мен  мөлшері. Левомеколь  мазін  сыртқа   және  жергілікті түрде  қолданады. Стерильді   дәкеден  жасалған  салфеткаларды мазға  батырады,  жарақаттың  үстіне  қойып  бинтпен  байлайды. Левомекольді іріңді  жарақаттарға  шприц  арқылы  кататермен енгізеді. Осындай  қолдану  алдында  мазьді 35-40 °С дейін  қыздырады. Жара  тазарғанша  күн  сайын дәкені  ауыстыру  керек. Терінің  және  кілегей  қабықтарының  ісінулері кезінде  левомекольді жара  толық  жазылғанша күніне  2-3 рет жұқа  қабатпен  жағады.

Жағымсыз  әсерлері. Левомицетинге  аса  сезімтал  жануарларда  тері  бөртпелер түрінде  аллергиялық  реакциялар  байқалады.

Қолдануға  болмайтын  жағдайлар. Жануар  левомицетинге  сезімтал  болса, сол  жануарға препаратты  беру  тоқтатылады.

Айрықша  нұсқаулар. Левомицетин  қолданғаннан  кейін  арнайы  сақтық  шараларды  жасаудың  қажеті  жоқ.

Сақтау  шарттары. Құрғақ, қараңғы  жерде 25°С температурада сақталады.

Сақтау  мерзімі  − 3,5  жыл. 

 

Левомаст

 

Құрамы мен  сипаттамасы. Левомаст құрамында  левомицетин, сульфадилизин, преднизолони және  майлы  қоспа  бар. Препарат  гель  тәрізді   консистенцияны құрайды. Түсі ақтан ақшыл  сұрға   дейін болады, иіссіз. 35-39°С температурада препарат  өзінің  фармокологиялық әсерінен  айырылады. Препарат  пластмассадан  жасалған  шприц – тюбиктерде шығарылады, көлемі 10  см³  немесе  сыйымдылығы  100см³ шыны  флакондарда  шығарылады. Препаратты  басқа  формаларда  шығаруға  болады.

Фармакологиялық  әсері. Препараттың кең  антибактериалды  спектрі  бар, грамм оң  және  грамм теріс  микроорганизмдерге  қарсы  қолданылады. Сонымен  қатар  сенсибилизация  мен аллергизацияны  тежейді, мастит  кезінде ісіну  реакциясын  төмендетеді.  Левомицетин маститтің  әр  түрлі формаларының  пайда  болуына кедергі кедергі  жасайды. Микроорганизмдердің  көбін  жояды (стрептококк, стафилококк). Сульфаниламид  антибиотиктерге  тұрақтылығы бар патогенді  микроорганизмдерді  жояды.

Қолданылуы. Препарат  жануарларда  болатын  әр  түрлі  формадағы маститті емдеу үшін  қолданылады. Преапараттың  суда  ерігіштігіне  байланысты сыртқа  және  ішке  қолданады.

Қолданылу  тәсілі  мен  мөлшері.  Препаратты  енгізер  алдында ауру  желінді  қысып,  сүтін  шығарады. Желінді 70%  этил  спиртімен өңдейді. Препаратты  қолданар  алдында 35-40°С температураға  дейін   қыздырады.

−  маститтің  жіті  формасы  кезінде  − 5 см³,

−  созылмалы  патология  кезінде  −  10  см³.

Препаратты  еңгізгеннен  кейін желінге массаж  жасалынады.Егер  жақсару  байқалмаса, 24 сағ  сайын желінді  этилл  спиртімен  өңдейді. Профилактикалық мақсатта 3 апта  бойы желінді этилл спиртімен  өңдейді. Сиырды  емдеу  кезінде сүтін  бөлек  ыдысқа  жинайды. Сүтті  қайнатып утилизациялайды. Қалған  сүтті  азықпен   бірге  малдарға  береді. Тағамдық  мақсатта препарат  енгізілген  малдың  етін 8  тәуліктен  кейін пайдалануға  болады.

Жағымсыз  әсерлер. Жоқ.

Қолдануға  болмайтын жағдайлар. Бұл  препаратты  қолданғанда  арнайы  тиым  салулар  жоқ. Бұл  препаратты  басқа  препараттармен  бірге  қолдануға  болады.

Айрықша  нұсқаулар. Жоқ.

Сақтау  шарттары. Препаратты қараңғы, құрғақ жерде, 5-20°С температурада  сақтайды.

Сақтау  мерзімі  − 1,5 жыл.

 

2.7 Дәрілік  заттардың  адам  ағзасына  қолданудың  мақсаты

 

Өндіріс орындарында  химиялық – фармацевтикалық  препараттарды  алу  үшін  әр түрлі  шикі  заттар  қолданылады.  Бұл  шикізаттарды жануарлар  мен  өсімдік  заттарын  синтездеу  жолымен  алынады.  Өсімдік  шикізаттары  галендік  өндірісте  және  химия – фармацевтикалық  препараттарын  жасауда  үлкен  роль  ойнайды.

Өсімдік  шикізатының  ресурстары  Қазақстанда  көптеген  түрде  кездеседі.  Сапалы  дәрі – дәрмектердің  бағалы  түрін  алуда  күрделі  жұмыстар  жүргізілуде.  Мысалы,  өндірісте  женьшень  өсімдігін  айтарлықтай  көбейту  керек.    Өсімдіктердің  бұл  сапалы  түрлері  өсімдіктерді  өңдеу  шаруашылығы  қамтамасыз  етілуі  қажет.

Дәрілік  заттардың  адам  ағзасына  қолданудың  тағамдылығы,  ең  ерекше  негізі  болады  және  жаңа  дәрілік  заттарды  бірнеше  жолдармен  іздестіруге  болады.  Соның  бірі  табиғи  қосылыстарды  оқып  білу  күшті  биологиялық  әсері  бар.  Биологиялық  активтілігі  бар  жаңа  дәрілік  заттарды  алу  спринт деп  аталады [5].

Химия  фармацевтикалық  өндірісте  әртүрлі  жануарлар  шикізаттары  қолданылады.  Мысалы,  тиреодинді  қан  құрамындағы  темірден  алады,  гиетидинді – жануарлар  қанынан,  адреналинді – бүйрегінен  алса,  ал  иназинді – ішкі  қарынның  құрамындағы  темірден  алады  тағы  басқа.

Көп  жерлерге  тараған  химиялық  шикізаттар  болып  табылады.  Минералды  шикізаттарды  неорганикалық  (NaBr,  KBr, KMnO4,  BaSO4)  тұздарды  алуға  қолданады.  Органика  заттарын  қосу  үшін  пайдаланады.

Минералды  тұздар  халықшаруашылығында кең  қолданылады.

Тұз  қышқылы  болат  өңдеуге  көп  жұмсалады.  Күнделікті  тұрмыста  заттарға  никель,  мырыш,  қалайы,  храм  жалатқан  бұйымдар  кең  қолданылады.  Болаттан  жасалған  заттардың  және  табақ  темірдің  бетіне  қорғағыш  металл  қабатын  жалату  үшін  алдымен  оның  бетіндегі  темір  оксидінің  жұқа  қабатын  кетіру  керек.  Оксидтерді  кетіру  үшін  бұйымды  тұз  немесе  күкірт  қышқылымен  өңдейді.  Мұндай  өңдеудің  кемшілігі – қышқыл  тек  темір  оксидімен  ғана  реакцияласып  қоймайды,  металменде  реакцияласады.  Бұл  жағдайды  болдырмау  үшін  қышқылға  шамалы  ингибидтер  қосады.  Минералды  өндіру  үшін  жер  асты  рудаларын  қопарады.  Химия – фармацевтикада  көп  мөлшерде минералды  қышқылдар,  сілтілерді  пайдаланады.  Органикалық  шикізаттар  коксхимиялық,  мұнай химиялық,  алимен  қызыл  өндірісі  және  өндірістің  негізгі  органикалық  синтезі.

Информация о работе Бактериялардан антибиотиктерді алу