Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 11:33, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер. Бұл курстық жұмысты бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы, ми сауыты, жамбас белдеуі, асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс жүйесі жайлы жазылған. Сонымен қатар олардың экологиядағы топтары жайлы да жазылған.

Содержание работы

Kipicпe 5
1 Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік 6
Бауырмен жорғалаушылардың тepi жабындысы және скелеті 7
Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты 8
Бауырмен жорғалаушьшардың иық белдеуі мен жамбас белдеуі 9
Бауырмен жорғалаушьшардың асқорыту, тыныс алу жүйесі 10
Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу нерв жүйесі..........................................10
Бауырмен жорғалаушылардыц зәр және жыныс жүйсі 13
1.7Бауырмен жорғалаушылардың дыбыс, сезім жүйесі...............................................14
2 Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары . 16
2.1Кабыршақтылар 17
2.2Кесірткелер.... 17
2.3 Хамелеондар 20
2.4Жыландар 21
2.5 Крокодилдер 24
2.6Тасбақалар..............................................................................................................27
2.7Теңіз тасбақалары..................................................................................................28
2.8 Рептилилер 29
Корытынды . 35
Пайдаланған әдебиеттер 36

Файлы: 1 файл

Бауырымен жоргалаушылар.DOC

— 762.50 Кб (Скачать файл)

Көмекей куысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді шеміршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Кеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады.

Тыныс алу және шығару көкірек қуысының кеңейіп, тары- 
луы нәтижесінде орындалады. 

 

1.5    Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу, нерв жүйесі

 

Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфибилердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке беліп тұрады.

Жүрек қарыншасының әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қарыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Карыншаның сол жақ бөлімінен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең соңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері кетеді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаңың оң жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды.      (Сурет – 1)

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

(Сурет – 1) Сойып көрсетілген кесірткенің ішкі құрылысы:

 1-сыртқы шықшыт венасы; 2 — ішкі шықшыт венасы; 3-сол ұйқы артериясы; 4 — оң ұйқы артериясы; 5 — қолқаның сол жақ доғасы; 6 — қолқаның оң жақ доғасы; 7 —оң жүрекше; 8 — сол жүрекше; 9 — жүрек қарыншасы; 10 — сол бұғана асты артериясы; 11 —өкпе; 12 — бауыр; 13 — өт; 14 — қарын; 15 — ұйқы безі; 16 ұлтабар; 17 — тоқ ішек; 18, 29 — тік ішек; 19, 27 — бүйрек; 20— арқа қолқасы; 21 — бүйректің алып кеткіш венасы; 22, 28—- қуық; 23— аталық жыныс безінің өсіндісі; 24 — аталық жыныс безі; 25 — тұқым жолы; 26 — сандағы тесіктер; 30 — аналық жыныс безі; 31 — жұмыртқа жолы

 

Қан тамырының осындай жіктелуі нәтижесінде өкпе артерияларына тек қана вена каны құйылады да оң жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына — таза артериялық қан келеді. Тек қана сол жақ қолқа шеңберіне, арқа қолқасына араласқан келеді, бірақ оттегіне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі органдарға, еттерге қан тамыры таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады.

Құйрық бөліміндегі вена қандары — құйрық венасына жиналады, ол клоаканың маңына келгенде, екі жамбас венасына тарам- 25 далады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен косылады. Құрсақ венасы ішкі органдардың көптеген веналарын қосып алып, бауырға енін, бауырдың қақпа венасын құрайды.

Бүйректен шыққан веналардаи артқы қуыс вена құралады. Артқы қуыс вена омыртқаның астыңғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп құяды. Артқы  қуыс венасына — бауыр венасы да құйылады.

Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдык венаға жиналады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып, алдыңғы бір парвенаны құрап, оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге I өкпе веналарының қаны құйылады.

Нерв системасы. Рептилилердің нерв системасы амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Әйткенмен бұл қыртысы әлі де жақсы жетілмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенірек болуы, аралық миды үстінен жауып қарағанда көрсетпейді. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетілген. Төбе органы өзінің құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесірткелерде жақсы жетілген. Ол төбе сүйектерінің аралығындағы тесікке орналасып, жарықтың әсерін өте жақсы қабылдайды.

Мишық өте жақсы дамыған. Басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миы сияқты рептилилердің сопақша миы да вертикал бағытта айқын иін жасайды. (Сурет -2)

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Сурет – 2) Кесірткелердің қан айналу схемасы:

1 — бас венасы; 2 — ұйқы артериясы; 3 — шық-шыт венасы; 4 — ұйқы безі құйылысы; 5 — қолқаның сол доғасы; 5 — қолқаның оң доғасы; 6 — өкпе артериясы; 7 — өкпе;  — төменгі қуыс вена; 9 — арқа қолқасы; 10 — омыртқа аралық артерия;11 — бауыр; 12 — ішек артериясы; 13 — бауырдың қақпа венасы; 14 — тоқ ішек; 15 — төменгі қуыс вена; 16 — құрсақ венасы;17 —шажырқай артериясы; 18 — сыртқы шажырқай артериясы; 19 — алып кеткіш бүйрек венасы; 20 — сол жамбас венасы; 21 — сол жамбас артериясы; 22 — бүйрек; 23—артқы аяқ артериясы; 24 — артқы аяқ венасы; 25 — құйрық    артериясы;    26 — құйрық    венасы.

 

1.6   Бауырмен жорғалаушылардың зәр және жыныс жүйесі

 

Зәр шығару органдары. Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (mеtаnерһrоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан — дене бүйрегі бастамасының алдыңғы жағынан дамиды. Дене бүйрtктері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жұмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жағынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады.

Жамбас бүйрек қалыптасқан соң, дене бүйрегі редукңияланады. Ұрғашыларында алғашқы бүйрек толығымен редукцияланады да еркегінде оның алдыңғы бөлігі қалып қояды. Оны ұрық безінің қосалқысын (ерісһсіуmus) деп атайды.

Жыныс органдары. Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқа жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Ұрық безі, I адезонефростың қалдығы, ұрық қосалқысы екені айтылған болатын. Ұрық қосалқысының қаналы рептилилерде тек қана ұрық өткізгіш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердің барлығында да шағылыс орга ны болады. Кесірткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесінен өскен бір пар өсінді болып есептеледі. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады.

Ұрғашыларында вольфов каналы сақталмайды. Жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Мюллеров каналы қабырғасы жұқа қос түтіктен тұрады, оның воропка тәрізді бір ұшы дене қуысына ашылады да екінші ұшы клоакамен жалғасады. Тасбақалар мен крокодилдердің жұмыртқа жолының ортасында жұмыртқаның белокты қабығын бөліп шығаратын безі болады. Жұмыртқа жолының төменгі жағында пергамент тәрізді немесе жұмыртқаның известі сіңген қабығы пайда болатын безі бар.

 

1.7    Бауырмен жорғалаушылардың дыбыс, сезім жүйесі

 

Сезім органдары. Механикалық қозуларды қабыршақтарының үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жиналған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш «түктері» арқылы қабылдайды. Бірақ суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқалыларда болатын бүйір сызықтарының органдары болмайды.

Иіс органының құрылысында оның иіс сезу жолының ортаңғы бөлімінің төменгі — тыныс алу, жоғарғы нағыз иіс сезу бөліміне бөлінуінің үлкен маңызы бар. Барлық иіс жолының бас жағында айқын бөлінген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақтың иісін айырады. Кесірткелер тілін аузынан шығарып, кейбір заттарға тигізеді. Тілін шығарғанда иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілін аузына ендіргенде тілімен бірге енген заттан якобсонов мүшесі арқылы оның иісін «аңғарады», айыра біледі.

Дыбыс органдары. Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкіреген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.

Олардың көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның 
төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұрышында көзін ашып, жұматын—үшінші қабағы болады. Жылан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен-бірі бірігіп кеткен. Қөзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары

 

Бұл класс тармағына ертеде тіршілік еткен рептилилер жатады. Олардан қазір тұмсық бастылар (Rhуnсһосерһаlіа) отрядына жататын — гаттерия (Sрһеnоdоn рuсtаtus) деп аталатын бір түрі белгілі. (Сурет – 3)

 

 


 


 

 

 

(Сурет – 3)  Кесіртке түрлері

І — дала   агамасы;   2 — кұлақты   дөңгелек   басты;   3 — сарыбауыр;   4 — кәдімгі    кесіртке-5 плащ тұмсықты  кесіртке;  6 — жүйрік  кесіртке;  7 — дала  гекконы;  5 — сұр   ешкіемер;

 

 

Гаттерия сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Демек олардың құрылысындағы көпшілік белгілері күрделі емес екендігін аңғартады. Бұлардың ұзындыгы 50 саитиметрп жетеді, бірақ кейбір кәрі еркектерінің ұзындығы 70—75 сантиметрдей болады. Басы мен кеуде бөлімі ұсақ дән тәрізді қабыршақпен қапталған. Арқасында ұшбұрышты мүйізді пластинкалары болады. Гаттерилердің омыртқасы балықтар мен төменгі сатыдағы амфибилердің омыртқалары сияқты амфиңельді болады. Омыртқа денелерінің арасында хорда сақталған. Құрсақ қабырғалары деп аталатын тері тектес ұсақ сүйекшелері болады. Бұл қабырғалары денесінің құрсақ бөлімінде тері астына орналасқан. Ол жер бетінде тіршілік еткен жануарлардың арғы тегі — стегоцефалдардың құрсақ сауыттарының қалдығы болуы мүмкін. Жастарының тістері жақтарымен, таңдай сүйектеріне ғана емес амфибилердікі сияқты өре сүйектеріие де орналасады. Ересектерінің тісі қажалып мұқалған. Төбе көзі өте жақсы дамыған. Дабыл қуысы," дабыл жарғағы және шағылыс органдары болмайды.

Гаттерилер қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландияның солтүстік бөліміндегі кішірек аралдарда кездеседі.

Гаттери— аз қозғалатын көбінесе түнде тіршілік ететін жануар. Оларды альбатростар мен басқа мұхит құстарының інінен жиі кездестіруге болады. Әдетте бір інде құста гаттериде кездесетін жағдайлар жиі кездеседі, бірақ гаттерилер құстың жұмыртқасына да, балапанына да тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь—декабрь айларында көбейеді. Жұмыртқаларын жерді қазын, шұңқырға салып, оның бетін топырақпен жауып тастайды. 8—17-ге дейін жұмыртқа -салады. Жұмыртқаның дамуы біркелкі болмай, ұзақ уақытқа созылады. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12—14 айдың ішінде өтеді. Жас организмнің өсуі өте баяу болады да жыныстық жетілуі 20 жылға созылады.

 

2.1   Қабыршақтылар

 

Қабыршақтылар казіргі кездегі бауырымен жорғалаушылардың ішіндегі ең көбі. Оның 5 мыңға жуық түрі белгілі, олар барлық материкте, алуан түрлі тіршілік жағдайларында өмір сүреді. Қабыршақтыларға кесірткелер, хамелеондар және жыландар жатады. Бұлардың ортақ белгілері: денесі — көлемі мен формасы әр түрлі болатын мүйізді қабыршақтармен қапталған. Біраз түрлерінде мүйізді жабындының астында сүйекті қабыршақтары болады. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі — шаршы сүйегі бас сүйегімен қозғалмалы болып бекіген. Омыртқасы әдетте процельді болады, ал төменгі сатыдағы формаларында керісінше амфицельді болып келеді. Сүйекті таңдайы болмайды. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Клоакасы көлденең саңылау сияқты, копулятивтік органы қалта тәрізді болады.

 

2.2 Кесірткелер

 

Олардың көпшілігінің денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын бөлінген. Алдыңғы және артқы аяқтары бір қалыпты дамыған, бірақ формасы түрліше болады. Аяғы редукңияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар. Аяқсыз кесірткелер жыландарға ұқсайды. Жыландардан аяқсыз кесірткелердің екі түрлі өзгешелігі бар. Біріншіден, оларда көкірек қуысы болады, екіншіден, аяқ белдеуі сақталған. Жоғарғы жақ сүйектері ми сауытына қозғалмайтындай болып бекіген. Сонымен қатар олардың қозғалмалы қабақтары және дабыл жарғақтары болады. Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Құйрықтың үзілген бөлімі аз уақыт өткесін қайтадан қалыптасады, бірақ оның скелеті сүйектенбейді. Кесірткелердің көптеген түрлері тропик жақтарды мекендейді. Кейбір түрлері полярлық шеңберге дейін таралған. Таулы жерде бұларды 4000 м биікке дейін кездестіруге болады. Бірқатары жартылай орманды ортада тіршілік етеді. Біраз ғана түрі болмаса суда өте сирек кездеседі. 2500-ге жуық, түрі белгілі.

Геккондар(Gесkоnіdае). Бұлардың омыртқалары амфицельді. Олар негізінен қарапайым ұсақ кесірткелер. Түнде тіршілік ететін, жартасқа, ағаш діңіне, үйдің керегісіне жақсы өрмелейтін қабілеті бар организм. Саусақтарында сорғышы болады. Күндіз геккондар жердің жарығына, тастың астына, ағаштың тамырының астына немесе құмға еніп, тығылып жатады. Тропикалық, субтропикалық және ыстық шөл далаларда таралған. Бізде Қырымда, Закавказьеде, Орта Азияда және Қазақстанда кездеседі.

Агамалар (Аgаmіdае). Денесі шағын, құйрығы ұзын, серпімді, үзіліп қалатын қабілеті жоқ организм. Жақсы дамыған аяқтарында ұзын саусақтары болады. Агамалар — Австралияның, Азияның, Африканың шөлді облыстарын мекендейді. Сонымен қатар оларды таулы алқаптан, тропик ормандардан да кездестіруге болады. Орта Азияда ұзындығы 25—35 см болатын дала агамасы (Аgаmа sаnguіnоlеntа) кездеседі. Олар көбінесе топырақты және құмды бұталы шөл жерлерді мекендейді, қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Дала агамасына жақын кавказ агамасы (Аgаmа саuсаsіса)—Дағыстанның, Закавказьенің, Копет-Дагтың тауларын мекендейді. Құлақты дөңгелек басты (Рһrуnосер-һаlus nуstасеus) агаманың басы жалпақ, дөңгелек болады да, ауызының екі езуінде үлкен тері есіндісі болады. Қатер төнгенде ауызын ашып, жаңағы «құлақтарын» қозғалтады. Ол Орта Азияның, Қазақстанның құмды даласында кездеседі. Қауіп төнгенде құмның арасына тығылады.

Информация о работе Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары