Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 11:33, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер. Бұл курстық жұмысты бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы, ми сауыты, жамбас белдеуі, асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс жүйесі жайлы жазылған. Сонымен қатар олардың экологиядағы топтары жайлы да жазылған.
Kipicпe 5
1 Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік 6
Бауырмен жорғалаушылардың тepi жабындысы және скелеті 7
Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты 8
Бауырмен жорғалаушьшардың иық белдеуі мен жамбас белдеуі 9
Бауырмен жорғалаушьшардың асқорыту, тыныс алу жүйесі 10
Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу нерв жүйесі..........................................10
Бауырмен жорғалаушылардыц зәр және жыныс жүйсі 13
1.7Бауырмен жорғалаушылардың дыбыс, сезім жүйесі...............................................14
2 Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары . 16
2.1Кабыршақтылар 17
2.2Кесірткелер.... 17
2.3 Хамелеондар 20
2.4Жыландар 21
2.5 Крокодилдер 24
2.6Тасбақалар..............................................................................................................27
2.7Теңіз тасбақалары..................................................................................................28
2.8 Рептилилер 29
Корытынды . 35
Пайдаланған әдебиеттер 36
(Сурет – 7) Котализаврлар (1,2,3) және псевдозухи (4):
Котилозаврлардың көпшілігі өсімдіктермен, кейбір түрлері моллюскалармен қоректенген.
Котилозаврлар перм дәуірінің орта кезінде жақсы дамып, оның аяқ кезінде азайып, ал триас дәуірінде мүлдем құрып біткен. Бұлардың орнын котилозаврлардың жоғары ұйымдасқан және маманданған группалары басқан.
Рептилилердің бұдан кейінгі эволюциялық дамуы өзін қоршаған ортаның алуан түрлі жағдайына сәйкес бейімделіп қалыптасты. Көпшілік группаларының скелеті берік, әрі жеңіл болумен қатар, қозғалғыш қасиет пайда болған. Олар бірте-бірте түрлі қоректерді пайдалана бастайды. Осыған байланысты аяқтарының, омыртқа жотасының және ми сауытының құрылысында өзгерістер болған. Көпшілігінің аяқтары ұзын, жамбас сүйегі екі және оданда көп сегізкөз омыртқаларына бекіген. Иық белдеуіндегі клейтрум сүйегі жойылған. Бүтін ми сауыты аздапта болса редукцияға ұшыраған.
Алғашқы кесірткелер Ми сауытында екі бет доғасы болатын рептилилердің өте қарапайым группасы. Тісі амфибилердің тістері сияқты, тек қана жақ сүйегіпде ғана емес таңдайында да болады. Омыртқасы амфицельді. Бұлар сырт қарағанда ірі кесірткеге ұқсайды. Алғашқы кесірткілердің қалдықтары перм дәуірінен табылған. Триас дәуірінде түмсық бастылар пайда болған. Оның гаттерия деген түрі осы кезде Жаңа Зеландияда кездеседі.
Псевдозухилер. Алғашқы кесірткелермен бір түбірден тараған болу керек. Олар триастың басында пайда болған. Тістері терең ұяшықтарға орналасқан. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан жақсы жетілген. Осының салдарынан жамбас сүйегі және артқы аяқтарының төменгі бөлімдері ұзарып кеткен. Көпшілігі ормандарда тіршілік еткен.
Мысалы, орнитозухилар, крокодилдер, динозаврлар және птерозаврлар осы псевдозухилардан дамуы мүмкін.
Крокодилде. Триас дәуірінің аяқ кезінле пайда болған. Юра дәуіріндегі крокодилдердің қазіргі крокодилдерден ерекшеліктері; олардың кәдімгі сүйекті таңдайы болмаған және ішкі танау тесіктері таңдай сүйектерінің аралығына ашылған. Омыртқалары әлі де амфицельді болған. Бор дәуірінде екінші ретте пайда болған таңдай сүйектері бар және омыртқалары процельді крокодилдер тіршілік еткен. Бұлардың көпшілігі тұщы суларда тіршілік еткен, ал юра дәуірінде тіршілік еткен крокодилдердің ішінде теңізде тіршілік еткен формалары да бар екені белгілі болған.
Қ а н а т т ы к е с і р т к е л е р. Қанатты кесірткелер —мезозой заманындағы рептилилердің ішіндегі ұшуға бейімделген жануарлар. Олардың алдыңғы аяқтарының төртінші ұзын саусағымен екі бүйіріндегі жарғақтары ұшу қызметін атқарған. Жалпақ төсінде құстардағыдай қырлы төсі болады, бас сүйектері жас кезінде-ақ бірігіп кеткен. Көптеген сүйектерінде ауа қуысы болады. Тұмсық тәрізді жақтарында тістері болған.Құйрығыиың ұзындығы мен қанатының формасы алуан түрлі. Кейбір түрлерінің ғана қанаты ұзын, жіңішке құйрығы ұзын болған. Басқа түрлерінің қүйрығы қысқа, қанаты жалпақ болған. Птерозаврлардың қазба қалдықтары тұзды су қоймаларының орнынан табылуы, олардың су жиектерінде тіршілік еткенін дәлелдейді. Олар шағалалар сияқты балық аулап, қоректенуі мүмкін. Дене мөлшері бірнеше сантиметрден бір метрге дейін, одан да ірі болған.
Динозаврлар. Триас дәуірінің басынан бор дәуірінің соңына дейін тіршілік еткен динозаврлар псевдозухилардың соңғы бұтағы болып саналады.
Динозаврлардың ішінде ұзындығы бір метрден кемірек және 30 метр болатын алып түрлері де болған. Бұлардың бір түрі тек қана артқы екі аяғының көмегімен, ал екінші бір түрі төрт аяғының жәрдемімен қозғалған. Денесіне қарағанда басы әлдеқайда кішірек болған, ал жұлынының сегізкөз маңындағы бөлімі кеңейіп, оның көлемі мидың аумағынан артып кеткен.
Динозаврлар псевдозухилардан шыққан олар келешекте өз алдына қатар дамыған екі тарамға бөлінген. Олардың бір-бірінен айырмашылығы — сүйектсрінің құрылысындағы ерекшеліктерінде. Осыған сәйкес оларды: кесірткежамбастылар және құсжамбастылар деп атаған.
Кесірткежамбастылар артқы аяғының көмегімен секіріп қозғалатын ұсақ организмдер болған. Денесіне ұзын қүйрығы тірек болған. Кейін өсімдікпен қоректенетін, төрт аяқпен қозғалатын ірі формалары пайда болған. Оған денесінің ұзындығы 26 м болатын — диплодок, 20 м болатын бронтозаврлар жатады. Осындай кесірткежамбасты гигант организмдер шырынды су өсімдіктерімен қоректеніп, жартылай суда тіршілік етуі мүмкін. Динозаврлар бүкіл жер шарына тараған. Олар ағашты, батпақты жерлерде, ал кейбір түрлері (траходонттар) суда тіршілік еткен. Мезозой дәуірінде құрлықта тіршілік еткен рептилилердің көпшілігі динозаврлар болған. Олар триас дәуірінде пайда болып, бор дәуірінде аса көбейіп кеткен. Бор дәуірінің соңғы кезінде динозаврлар өліп біткен.
Қ а б ы р ш а қ т ы л а р. Бұлардың өте ертеде тіршілік еткен түрінің қалдығы перм дәуіріндегі жер қыртысының арасыиан табылғап. Кесірткелер жоғары юрада пайда болған, бірақ бор дәуірінде ғана бұл отрядтың алуап түрлі болғанын байқауға болады. Жыландар басқа рептилилерден кейінірек дамыған. Олар бор дәуірінде кесірткелерден дамыған бүйір тармағы болып саналады. Басқа рептилилердіц көпшілік топтары өліп біткен сон ғана қабыршақтылар үшінші дәуір кезінде дами бастаған. (Сурет 8)
(Сурет – 1) Динозаврлар
Динозаврлар: - бронтозавр; 3 — диплодок; 4 — игуанодон; 5 — стегозавр; 6 — трицератопс.
Тасбақалар. Тасбақалар котилозаврлардан шыққан болуы мүмкін. Олардың тегі перм дәуіріндегі еунотосаурус деп болжайды. Олар кесіртке тәрізді қабырғалары қысқа, әрі жалпақ арқа сауыты сияқтыны құрайды. Құрсақ сауыты болмаған. Тістері жақсы жетілген. Нағыз сауыты бар нағыз тасбақалар триаста пайда болған.
Алғашқы тасбақалардың басы мен аяғы толығынан сауытының ішіне ене алмайтын. Әйткенмен жағында мүйізді қабы, таңдайында тісі болған. Мезозой заманындағы тасбақалар құрлықта жер қазып тіршілік ететін организмдер болған. Бері келе бірнеше топтары суда тіршілік етуге көшіп, мүйізді сауыттарының жойылуына себепші болған.
Тасбақалар триас дәуірінен біздің заманымызға дейін табиғаттың түрлі қиындықтарын бастарынан өткізіп, оған шыдап, сақталып келген.
И х т и х о з а в р л а р. Толығынан суда тіршілік етуге бейімделген бауырымен жорғалаушылар. Ихтиозаврлар ұзын тұмсықты денесі ұршық тәрізді организмдер. Олардың аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтарымен жамбас белдеуі жетілмеген. Терісі жалаңаш, денесінің ұзындығы 1 — 14 метрге дейін болған. Ихтиозаврлар тек қана суда тіршілік етіп балықтармен кейде омыртқасыздармен қоректенген. Балаларын тірі туатындығы анықталған. Триас дәуірінде пайда болып, бор дәуірінде өліп біткен. Туыстық жөнінен қандай рептилилерге жақын екендігі анықталмаған.
Плезиозаврлар. Теңіздерде тіршілік етуге бейімделген рептилилердің екінші түрі. Плезиозаврлар денесі кең, қысқа құйрықты организмдер. Басы кішкене, мойыны жақсы жетілген. Дене мөлшері 50 сантиметрден 15 метрге дейін болады. Су жиегінде тіршілік етіп, балықпен, моллюскамен қоректенген.
Плезиозаврлар триас дәуірінің бас кезінде пайда болып, бор дәуірінің соңғы кезінде өліп біткен.
Аң тәрізді кесірткелер. Аң тәрізді кесірткелерден сүт қоректілердің алғашқы өкілдері шыққан. Аң тәрізділер тас көмір дәуірінің соңында пайда болып, перм дәуірінде көбейіп алуан түрі тіршілік еткен. Отряд болып бөлінген, қарапайым қүрылысты пеликозаврлар (Реіусозаигіа) котилозаврларға әте жақын болған. Өйткені екеуінің де омырт-калары екі жағынан ойылыңқы және кұрсақ қабырғалары сақталған. Тістері альвеолда орналасқан. Басқа рептилилерде болмайтын, самай сүйектерінде ояздары болған. Сырт пішіні кесірткелерге ұқсас, дене ұзындығы 1—2 м болатын организмдер.
Перм дәуірінін орта кезінде пеликозаврлардың орнына олардан гөрі жақсы дамыған, аңтістілер пайда болған. Олардың тістері азу, күрек, шошоқ тістерге жіктелген, екінші реттегі сүйекті таңдай қалыптасқан. Шүйде сүйегі екіге бөлінген, төменгі жағы негізінен тістер бекитін сүйекке айналған. Шынтақтары артына қарай иілсе, тізелері денесінің алдына қарай иілген. Мұның өзі аяқтарын құрсағының астына жинап алуға мүмкіндік туғызады. Басқа рептилилерде мұндай ерекшелік кездеспейді. Сөйтіп, скелетінде сүт қоректілерге ұқсас көптеген белгілер пайда болған.
Аң тәрізділердің көпшілігі жыртқыш, мысалы иностранцевия. Ал, кейбір түрлері өсімдіктермен және жануар тектес азықтармен қоректенген. Циногнатус деген түрлерінің денесінде бірнеше прогрессивті белгілер болған.
Триас дәуірінде аңтістілер көп тараған, бірақ жыртқыш динозаврлар оларды қырып жіберген.
Рептилилердің экологиясы
Тіршілік жағдайлары және жалпы таралуы. Амфибилерге қарағанда рептилилер алуан түрлі орталықтарда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Мұның негізгі себебі рептилилер амфибилерге карағанда құрылысы күрделі, жоғары сатыдағы организмдер. Екінші бір маңызды себебі, реитилилер эмбриональдық даму кезінде, сондай-ақ ересек кезінде де құрғақшылыққа төзімді болуында. Ересек организмдерде ол олардың эпидермис қабатының мүйізденіп кетуіне байланысты.
Рептилилердің құрлықта тіршілік етіп, көбею мүмкіндігі олардың тек кана жылы, дымқыл климатка бейімделуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, ыстық, құрғақшылық шел жағдайында да тіршілік етуіне себепші болған. Рептилилер Арктика мен Антарктидадан басқа жерлердің барлығында мекендейді. Рептилилердің дене температурасы тұрақты емес. Сондықтан олар барынша температурасы жоғары, жылы ортада ғана тіршілік етеді. Мысалы, жыландар температура +10° болғанда активтілігі төмендетеді, ал +6°, +8° болғанда қозғалмай қалады. +2, +3 градуста ұйқыға кетеді. Денесі —4—6 градусқа дейін төмендесе тіршілігі жойылады. Сондықтан рептилилердін тропикте түрі өте көп және жиі кездеседі. Мысалы, Индопезияның аралдарында олардың 150—200-ге тарта түрі кездеседі.
Қорытынды
Адам үшін рептилилердің қаншалықты маңызы бар екені әлі толық анықталмаған. Әйткенмен кесірткелердің көпшілігі зиянды насекомдарды және моллюскалармен, оның ішінде зияндыларымен қоректеніп, пайда келтіреді. Бірқатар жыландар кемірушілерді жеп, пайда келтіреді. Американың және Оңтүстік Азияның кейбір жерлерінде, кемірушілерді жеп құртатын үй маңайындағы усыз жыландарды сақтауға тырысады. Қытайда ірі полоздарды асырап, егеуқұйрықтарды кұртады.
Пайдалы жақтарымен катар, кейбір жыландар пайдалы жануарларды жеп, зиянын да тигізеді. Мысалы, сарыбас жыландар бақаны, кейде балықтарды жеп зияндарын тигізеді. Оқ жылан көптеген пайдалы кесірткелерді жойып жібереді. Су, батпақ тасбақасы және жұмсақ терілі тасбақалар да балықтарды жеп зиян келтіреді. Дала тасбақасы орта Азияда бақша өсімдіктерінің, мақта өсімдіктерінің және жоңышқаның жас сабақтарын жеп зиянын тигізеді. Әйткенмен олардың қаншалықты пайдалы, немесе зиянды екенін анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу керек. Әсіресе жыландар мен кесірткелердің ролін анықтау керек. Өйткені алуан түрлі жыландар әрі пайдалы, әрі зиянды насекомдар, бақалар, тышқандармен қоректенеді.
Крокодилдер балықтарды қырады, құстарды, үй малдарын жейді, кейде адамға да шабуыл жасайды. Көптеген улы жыландардың уы адамға өте қауіпті болмаса да, шаққан жері ұзақ уақыт қатты ауырады. Шаққанда адам өміріне қауіп төндіретін жыландар да аз емес. Осындай улы жыландарға Орта Азияның оңтүстігінде кездесетін сұр кобра қумэфасы, Орта Азияда және Закавказьеде кездесетін қара жылан, Закавказьенің шығысында бола-тын армян сұржыланы, мүйіз тумсық сұржылан жатады. Бұлардың шаққаны көпшілік жағдайда өліммен аяқталады. Шаққаны аса қауіпті емес жыландарға: кәдімгі сұржылан СССР-дің Европалық бөлімінде (Кавказда, Орта Азияда) кездеседі. Қалқан тұмсықты жылан. Еділ өзені жағалауында, оңтүстік Закавказьеде, Орта Азияда, Қазақстанда оңтүстік Сибирьде, Тынық мұхиттың жағалауына дейін тараған. Оқ жылан Орта Азия мен Қазақстанда кездеседі. Бұл жыландар шаққанда адам өлімі өте сирек болады, әйткенмен өте қатты ауыртады.
Тасбақалардың етін адам тамаққа пайдаланады. XVIII— XIX ғасырларда мұхиттардың аралдарында тіршілік еткен құрлықтың ірі тасбақаларын дәмді еттері үшін кеме командаларының матростары ұстап, жеп құртқан. Жұмсақ терілі тасбақаларды еті үшін қытайлықтар мен жапондықтар аулайды. Біздің дала тасбақасының етін де жеуге болады.
Крокодилдердің терісімен чемодандарды қаптайды, одан портфельдер және бірнеше бұйымдар жасалады. Кейбір тасбақалардың (каретте, немесе бисса) мүйізді қабыршақтарынан тарақтар, кезілдірік оправаларын т. б. бұйымдар жасайды.
Информация о работе Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары