Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 11:33, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер. Бұл курстық жұмысты бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы, ми сауыты, жамбас белдеуі, асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс жүйесі жайлы жазылған. Сонымен қатар олардың экологиядағы топтары жайлы да жазылған.
Kipicпe 5
1 Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік 6
Бауырмен жорғалаушылардың тepi жабындысы және скелеті 7
Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты 8
Бауырмен жорғалаушьшардың иық белдеуі мен жамбас белдеуі 9
Бауырмен жорғалаушьшардың асқорыту, тыныс алу жүйесі 10
Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу нерв жүйесі..........................................10
Бауырмен жорғалаушылардыц зәр және жыныс жүйсі 13
1.7Бауырмен жорғалаушылардың дыбыс, сезім жүйесі...............................................14
2 Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары . 16
2.1Кабыршақтылар 17
2.2Кесірткелер.... 17
2.3 Хамелеондар 20
2.4Жыландар 21
2.5 Крокодилдер 24
2.6Тасбақалар..............................................................................................................27
2.7Теңіз тасбақалары..................................................................................................28
2.8 Рептилилер 29
Корытынды . 35
Пайдаланған әдебиеттер 36
Құм дөңгелек бастысының (Р. іntеrsсарulаrіз) узындырь 6—8 см болатын ұсақ кесірткелер, езуінде тері өсінділері болмайды. Орта Азияның, Қазақстанның құмды далаларында кездеседі.
Австралияда мойнының айналасына орналасқан жалпақ тері қатпарлары бар — плащты кесіртке (Сһlamіdоsаurus kіngі) тіршілік етеді. Қауіп төнгенде ауызын ашып, мойынындағы плащын қалқитып, жауынан қорғанады.
Ұшқыш дракон (Drасо уоlаns) екі бүйірінде болатын тері қатпарлары олардың ұшуына мүмкіндік береді. Ағаштан-ағашқа секіргенде тері қатпарларының және оның іш жағында болатын жалған қабырғаларының көмегімен 20 м қашықтыққа ұша алады. Дракондар оңтүстік Азияның ормандарында таралған.
Игуандар (Iguаnіdае) тұқымдасына 300-ге жуық ірі кесірткелердің түрлері жатады. Батыс жарты шарға ғана тараған жануарлар. Ең ірілерінің ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Олар жұмыртқа және тірі жұмыртқа туып көбейеді. Олар таулы, ағашты далалы жерді мекендейді. Бірқатары суда және теңізде де тіршілік етеді. Игуанның етін және жұмыртқасын жергілікті халықтар тамақ ретінде пайдаланады.
Ұршық тәрізділердің (Аnguidае) 60-қа жуық түрі белгілі. Олар негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Европада және Оңтүстік — Шығыс Азияда кездеседі. Пішіні жыланға ұқсайды. Бізде екі түрі кездеседі. Ұршық тәрізді (Аnguіs frаgі1іs) және сары бауыр (Орһіsаurus арus).
Ұршық тәрізді Қырым мен Солтүстіктен басқа СССР-дің Европалық бөлімінің ормандарында кездеседі. Тірі туады. Сары бауырдың ірі түрлері (1 метрдей болады) Қырымда. Қавказда және Орта Азияда тараған. Бұл жұмыртқа туып, көбейеді.
Улы тістілер (НоІоdеrmаtidае) —улы кесірткелер. Уы адамға да қауіпті. Улы тістілер аяқтары қысқа, дене мөлшері 60 сантиметрдей болатын моқал, жуан құйрығы бар организмдер. Екі түрі белгілі; біреуі — Мексикада, екіншісі — Калимантан аралында кездеседі.
Ешкіемерлерге (Vаrаnіdае) — ұзындығы 4 метрге жететін ірі кесірткелер жатады. Аяқтары жақсы жетілген, құйрығы ұзын, қозғалғыш болады. Ешкіемерлер Африкаға, оңтүстік Азияға, Австралияға көбірек тараған. Көпшілігі су маңайларында болады. Бізде Түрікменияның, Өзбекстанның құмды шөлдерінде сұр ешкі емер (Vаrаnus grіsеus), Қазақстанда ешкіемер деген түрі мекендейді. Совет ғалымдары зерттеген ең ірі түрі 1914 жылы Комодо мен Флоренс аралдарынан табылды. Оның ұзындығы 365 см болған. Жануар текті қоректермен ұсақ сүт қоректілерімен, құстармен, жараланған жабайы шошқалармен де қоректенетіні белгілі болған.
Амфисбендердің (Аmрһіsbаеnіdае) тіршілігі көбінесе жер астында етеді. Денесі цилиндр тәрізді, қысқа моқал құйрығы болады. Амфисбен (Аrnрһіsbаеnа аІbа) деген түрінің аяқтары болмайды, ал хирот (Сһіrоtеs саlаnісilаtез) деген түрінде алдыңғы аяқтарының нұсқасы болады. Қабыршағы болмайды, денесі теңбілденген қатты терімен қапталған, Термиттир мен құмырсқалардың илеуін мекендейді. Амфисбендер тропикалық Америкада, Испанияда және Иранда кездеседі.
Нағыз кесірткелердің (Lасеrtіdае) 150-ге жуық түрі белгілі. Аяқтары бес саусақты қауіп төнгенде құйрығын үзіп, қалдырып кетеді. Көпшілігі далалы, шөлді тау етегінде орманды жерлердің топырағы тез қызатын бөлігін мекендейді. Тек кана тірі туатын (Lасеrtа vіvіраrа) кесірткелер көлеңкелі, орманды, дымқыл мүктермен жабылған топырақта тіршілік етеді. Бізде жиірек кездесетін кесірткелер: жүйрік кесіртке (Lасеrtа аgіlіs) және жасыл кесіртке (Lасеrtа vіrіdіs).
Сцинктар (Sсіnсіdае) топырақтың астыңғы қабатында тіршілік етуге бейімделген. Кейбір түрлері тауда тіршілік етіп, тасқа тез өрмелеп шығады. Сцинктардың денесі балықтың қабыршағы сияқты затпен қапталған. Мүйізді қабыршақтарыпың астында сүйекті пластинкалары болады. Бізде екі түрі кездеседі — алтын түсті мабуя (Маbuуа аurаtа) және шөлдің жаңалашкөзі (Аblорһаrus dеsеrtі) деген түрлері.
2.3 Хамелеондар
Хамелеондар құрылысы күрделі, кесірткелерге жақынырақ негізінен орманда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Дене мөлшері әр түрлі болады. Көпшілік түрлерінің ұзындығы 25—35 см өте ірі түрлерінің ұзындығы 50 кейде 60 сантиметрге жетеді, өте ұсақтары — 2—5 см болады.
Денесі екі бүйірінен қысыңқы, арқасында өткір жалы болады. Аяқтары ұзын, ағашқа өрмелеп шығуға бейімделген. Саусақтары біріменбірі қарама қарсы болып, қысқаш тәрізді орналасқан. Ол ағаш бұтақтарын қусырып ұстап, ағаш бойымен тез қозғалуды қамтамасыз етеді (20-сурет).
Олардың құйрыпл ұзын, ағашты орап алуға ыңғайлы келеді. Сонымен қатар көзінің құрылысында да ерекшелік болады. Қабақтары қалың, сақина тәрізді, ұсақ қабыршақтармен қаиталған және көз карашықтарының тесігі болады. Оң және сол көзінің қозғалуы бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл көру кеңістігін ұлғайтып, насекомдарды тез ұстауға мүмкіндік береді. Өкпесіндегі ауа қапшықшаларына ауа толғанда, хамелеондардың денесі ісініп ұлғаяды. Тері пигменттерінің өзгеруінен хамелеондардың түсі де өзгереді. Бұған әр түрлі жағдайлар (жарық, температура, жануардың қорқуы т. б.) себепші болады. Бұлардың Мадагаскарға, Африкаға, кіші Азияға, Индияға, Оңтүстік Испанияға тараған бір тұқымдасы белгілі. Бұлардың көпшілігі ормандарда тіршілік етеді. Ағаштың арасында болатын насскомдармен қоректенеді. Насекомдарды ұзын, аузынан тез атылып шығатын, ұшында желім тәрізді сұйық заты бар тілінің көмегімен ұстайды. Кейде хамелеондар насекомдарды өте баяу қозғалып, жасырынып барып та ұстап жейді. Жұмыртқа салу арқылы көбейеді. (Сурет – 4)
(Сурет – 4) Хамелеондар
2.4 Жыландар
Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар. Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болманды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды.
Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі — бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек қана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (Турһlоріdае) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.
Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Сарбас жыланның кейбір түрлерінде ғана тері безі болады. Басқа түрлерінде тері безі болмайды. Түлеген кезде алдымен терінің үстіңгі қабатының жаққа бекіген жері ажырайды да, дененің артқы бөліміне қарай қолғаи сияқты сыпырылып түсіп қалады. Бұл кезде көздерінің үстін жауып тұрған қабыршақтары да түсіп, бұрынғысынан да мөлдір болып көрінеді.
Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омыртқа жотасы біркелкі, көптеген (200—450) омыртқадан тұрады. Омыртқаларында әдетте болатын өсінділерінен басқа жоғарғы доғаның ортасында кішкене өсіндісі болады. Омыртқаның мұндай құрылысы, омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп, ирелеңдеп қозғалғанда, оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді.
Жақ аппараттарының сүйектері және онымен байланысатын таңдай, қанат тәрізді және бұдыр бетті сүйектер бірімен-бірі козғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануарларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Ірі қоректерін жұту механизмі төменгі жағының оң және сол бөлімінің кезектесіп қозғалуы арқылы орындалады. Осындай ірі заттардың жұтылуын сілекей безінен бөлінетін сөл жеңілдетіп отырады. Жыландардың көпшілігі улы болмайды, сондықтан олар жануарларды тістелеп немесе оны денесімен орап алып, қысып өлтіреді. Улы жыландардың алдыңғы бірнеше тістері ірі болады да онда у құйылатын сайша немесе канал болады.
Оң жақ өкпесі жақсы жетілген, сол жақ бөлімі болса рудимент түрінде ғана болады. Қуығы болмайды. Бүйректері мен гонадылары күшті созылған. Жыныс бездері бүйректерінің алдыңғы жағында орналасқан.
Жыландардың казір 2300—2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көптеп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте — Оңтүстік Америкаға дейін тараған. Отты жерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда, жер астында тіршілік етеді.
Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әр түрлі оргаиизмдермен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Бұған қосымша, улыжылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.
Жыландарды бірнеше систематикалық топтарға бөлуге болады.
Соқырлар (Турһlоріdае) тұқымдасына жер астында тіршілік ететін, жер құрттарына ұқсас, залалсыз ұсақ жыландардың 150-ге тарта түрі жатады. Денесі цилиндр пішінді, басымен құйрығы денесінен бөлінбеген және денесі балық қабыршақтарына ұқсас тегіс қабыршақпен қапталған организм. Көзі әдетте терісінің астына орналасқан. Ауыз аппараты кең ашылмайды. Жамбас белдерінің қалдығы ғана сақталмаған.
Бұлар негізінде Африканың, Азияның және Австралияиың тропикалық бөлімдеріне тараған. Бізде Закавказьеде, Түрікменияның оңтүстігінде, Өзбекстанда, Тәжікстанның онтүстік батысында бір ғана түрі (Турһlорs vеrmісulаis) тараған. Олар бақша, жүзім еккен жерлерде мекендейді. Насекомдармен қоректенеді. Ересегінің ұзындығы 30 см болады.
Айдаһарлар, немесе жалған аяқтылар (Воіdае). Бұл тұқымдасқа ең ірі түрлері жатады. Сонымен қатар ұзындығы 1 м болатын ұсақ түрлері де кездеседі. Айдаһарлардың бас бөлімін, басқа жыландарға қарағанда, мойнынан айқын ажыратуға болады. Клоаканың екі жағында екі өсінді түрінде орналасқан артқы аяқтарының нұсқасы болады. Түсі көбінесе шұбар болады. Айдаһарлардың барлығы дерлік шығыс және батыс жарты шардың тропикалық облыстарында кездеседі. Біраз ғана түрлері Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда кездеседі. Тропиктік өзені мен көлі кеп дымқыл ормандарды мекендейді. Әсіресе ашық жерлерде тіршілік ететіндері, түнде активті әрекет етеді. Қалың орманда тіршілік ететіндері күндіз де қорегін аулай береді. Жануарларды өте баяу, сақтықпен жасырынып келіп, жақын жерден атылып барып ұстайды. Ұстаған жануарынын денесіне бірнеше оралып, қысып, тұншықтырып өлтіреді.
Бұлардың ішіндегі өте белгілі түрлері: торлы питон (Руtһоn rеtuсulаtus) ұзындығы 5—6 метрден 10 метрге дейін жетеді. Олар Азияның оңтүстігіне және Үнді-Малай архипелагасына тараған. Кәдімгі айдаһар (Воа соnstrісtоr) ұзындығы 5—6 метрге жстеді. Оңтүстік Американы мекендейді. Бізде Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда бұл тұқымдастың ең кіші түрі — дала айдаһары (Еrух jасnlus) кездеседі. Денесінің ұзындығы 1 метрден аспайды. Бұл құмды шөлдерді, далалы жерлерді мекендейді. Түнде тіршілік етеді. Күндіз кемірушілердің ініне, немесе құмға еніп жасырынып жатады. Ұсақ рептилилермен, саршұнақтармен, қосаяқтармен қоректенеді.
Сарбас жылан тәрізділер (Саlubrdае) тұқымдасына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішінде залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады.
Көбірек тараған түріне кәдімгі сарбас жылан жатады. Түсі коңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайынын арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы болады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. СССР-дің Европалық бөліміне Сибирьге, шығыста Забайкальеге дейін және Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың, өзеннің және тоспаның жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасына салады (21-сурет).
Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сұр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.
Полоздар сарбас жыландарға жақын, ұзындығы 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам куса қарсыласып, тістеуге ұмтылады, өте қатты тістейді.
Медянка ұсақ, ұзындығы 75 сантиметрдей болатын жыландар. Түсі қызыл бурыл денесінде қара сұр дақтары болады. СССР-дің Европалық бөлімінің орталык және оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ағашты немесе бұталы жерлерді мекендейді. Дымқыл жерлерде болмайды, уы жоқ. Негізінен кесірткелермен қоректенеді. Орта Азияның шөл далаларында оқ жыландар көп кездеседі. Денесі жіңішке, ұзындығы 1 метрден аспайды. Түсі сары, сұр түсті, денесінің ұзына бойына созылған бірнеше дағы, немесе жолағы болады. Өте тез қозғалады. Қауіп төнгенде мүмкіндік болса ағаштың бұтағына шығып, немесе бұтаның түбіне тығылып құтылады. Негізінен кесірткелермен қоректенеді. Кесірткені тістеп, денесімен орап, қысып өлтіреді. (Сурет – 5 )
(Сурет – 5) Жыланның түрлері
Кезілдірікті сарбас жыландар тұқымдасына жалпы халыққа белгілі улы жыландар да жатады. Бізде Түрікменияның оңтүстігінде сұр кобра деген түрі кездеседі. Денесі біркелкі сұр түсті, дағы болмайды. Аңғарларда және адам мекеніне жақын жерлерде тіршілік етеді. Шаққаны өте қауіпті. Қөзілдірікті жыланның мойынының желке жағында көзілдірік сияқты екі дағы болады. Олар Оңтүстік -Азияны мекендейді. Кобраларға тән бір ерекшелік айбат шеккен кезде мойын омыртқаларындағы қозғалмалы қабырғаларының көмегімен мойынын кеңейте алады.
Информация о работе Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары