Бударин қорықшасында кездесетін негізгі ағаш және бұта жапырақтары құрамындағы ауыр металдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 08:41, дипломная работа

Описание работы

Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғану іс шаралары төмендегідей:
1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрит пен оның туындыларымен ластанудан болады. Сонымен қатар, азот тотықтары, фтор, хлор, фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зиянды әсер етеді.
2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын шашынға айналғанда әсер етеді.Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады (жабын ұлпалары, хлорофилл, клеткалық құрылымдарға әсер етеді).

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………....3
1. Әдебиетке шолу…………………………………………………………12
2. Бударин қорықшасының физикалық – географиялық жағдайы……..14
2.1. Жер бедері………………………………………………….17
2.2. Геологиялық құрылымы…………………………………..18
2.3. Климаты………………………………………………….…19
2.4. Топырағы…………………………………………………...20
2.5. Өсімдік жамылғысы ………………………………..…..21
3. Орманды зерттеу әдістері …………………………………………..22
4. Негізгі ағаштардың және бұталардың сипаттамасы ………………...26
4.1. Қара терек - P. niga L …………………………….…….…26
4.2. Ақ тал- Salix alba L …………………………………..…...30
4.3. АмерикалықШаған-F.americana ………….………..……..34
4.4. Кәдімгі Шегіршін – Ulmus laevis ………………..…….....38
4.5. Шомырт - Prunus spinoza ………………………………..41
4.6. Мойыл - Rubus Caesius L ……………………..………….44
5. Негізгі өсімдіктердің жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері...46
5.1. Ауыр металдарды анықтау әдістемесі………………….....49
5.2. Алынған ақпаратты Орал өзенінің жоғарғы
бөлігіндегі негізгі ағаш және бұта түрлері
жапырағындағы ауыр металдар
мөлшерімен салыстыру………………………………………………...…57
6. Қорытынды……………………………………………………………….60
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………....61

Файлы: 1 файл

diplom jumis.docx

— 8.80 Мб (Скачать файл)

Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Ені 30м орман белдеуі арқылы өткен суда аммоний тұздарының мөлшері 5 есе аз,

SO2– 6 еседен астам, фосфор мен калий  10 есе кеміген. Орман экожүйелері

судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді.

Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиетте қалпына келеді.

Антропогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі.

Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғану іс шаралары төмендегідей:

  1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрит пен оның туындыларымен ластанудан болады. Сонымен қатар, азот тотықтары, фтор, хлор, фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зиянды әсер етеді.
  2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын шашынға айналғанда әсер етеді.Ең алдымен ассимиляциялаушы  аппарат зақымданады (жабын ұлпалары, хлорофилл, клеткалық құрылымдарға әсер етеді). Сонымен қатар қышқылдық жауын түрінде, өсімдіктердің әр түрлі боліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтіленуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асты мүшелеріне минералдар мен қосылыстардан(саз) токсиканттардың әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті уландырушылық әсер етеді.
  3. Ластанға атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың

созылмалы улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдықтың артуына да байланысты.

  1. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұхсат етілген концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды. Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.
  2. Атмосфераның ластануының ормандарға тигізетін зиянды әсерін кеміту үшін орманда –биологиялық іс шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын (экотиптер) анықтау мен пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымды шығару  т.б. жатады.

Табиғаттың тұтастығын сақтау мен орман тоғайды антропогендік әсерден сақтау негізгі мақсат – міндеттердің бірі. Бұл тек біздің мемлекетіміздің ғана емес әлемдік проблема болып есептелінеді. Сондықтан да аталған күрделі орманды сақтау, ластанудан қорғау проблемасы  осы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін  анықтайды. [1]

Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.

Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.

 

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазақстан жері ұлан – байтақ болғанымен орманды алқабы жерінің аз ғана бөлшегін алып жатқаны белгілі. 
Орман, ағаш тек қана табиғаттың сұлулығы үшін ғана қажет емес, оның қоршаған ортаға, адаммен бүкіл жан – жануарлардың денсаулығына, ағзасына тигізер пайдасы шексіз. Орманды алқаптар болмаса жер шөлейт далаға айналу, құм басу факторларының орын алу қаупі өте зор, айналып та жатыр.

Қазіргі кезде еліміздің көптеген аймақтарында орманды қорғау, ластануды болдырмау өз деңгейінде жүзеге аса бермейді.

Табиғи қалпы әлі де болса сақталған, ластанудан аман қалған өлке некен-саяқ.

Орман алқабы Қазақстан территориясының тек 4%-ын ғана алып жатыр, ал Батыс Қазақстан облысындағы орман көлемі  0,4%-ды құрайды.

Осы аталған ақпарат Батыс Қазақстан облысындағы орман алқабын зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.

Адам ағзасына ғана емес күллі тірі организімнің тіршілігіне қауіп төндіретін ауыр металдармен  өсімдіктердің ластануы әлем халықтарын алаңдатуда.    

 Батыс Қазақстын жерінде  орналасқан мемлекеттік статусқа  ие Бударин қорықшасындағы ағаш  жапырақтарының құрамында кездесетін  ауыр металдар мөлшерін анықтау - оны қорғауға, болуы мүмкін зардаптарды  болжауға септігін тигізеді.

Ендеше, Бударин қорықшасындағы ағаш жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдарды зерттеп, олардың мөлшерін анықтау  арқылы Жайық өзенінің жоғарғы жайылмасындағы ағаш жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдармен салыстырып сараптама жасау жұмысының өзектілігіне еш күман келтірмейді.

 

Жұмыстың мақсаты:

 Бударин қорықшасындағы ағаш және бұта  жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдарды зерттеп, олардың мөлшерін анықтай отырып Жайық өзенінің жоғарғы бөлігіндегі және оның зерттелетін аймақтарындағы ағаш жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдармен салыстыру. Алынған мәліметтерді сараптай отырып

ауыр металдармен ластанудың деңгейін және ластаушы көздерін анықтау.

 

Жұмыстың  міндеттері: 

  • Бударин қорықшасындағы ағаш және бұталар жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдарды зерттеп, олардың мөлшерін анықтау
  • Жайық өзенінің жоғарғы бөлігіндегі ағаш жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдарды анықтау
  • Алынған ақпаратты салыстыра отырып  зерттеу
  • Зерттеу нәтижелерін таразылай отырып аумақтың ауыр металдармен ластану деңгейін, сонымен қатар ластаушы көздерін анықтау   

 

Зерттеу жұмысының нысаны: 

Батыс Қазақстан облысының Бударин қорықшасы (сурет 1) және Жайық өзенінің жоғарғы жайылмасының ормандарындағы ағаш және бұталар болып табылады.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

1.Әдебиетке шолу

  Зерттеу нысанына байланысты қажетті ақпараттар алынған әдебиеттер мыналар:

Физико географиялық жағдайы мына әдебиеттер негізіне сүйенеді:Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т.  “Экология” оқулық, Алматы: 2002ж, 302-307б. А.Т. Қуатбаев «Экология пәнінен практикум (оқу құралы)», Алматы:2006ж.106бет. “Жайық өңірі”, Алматы “Дастан”-2001ж, 168бет.

Жер бедері туралы ақпарат алынған әдебиеттер: А.З.Петренко., А.А.Джубанов.,М.М.Фартушина.,М.Р.Иркалиева., С.К.Рамазанов.,М.Н.Сдыков.,Т.Е.Дарбаева., Т.О.Кольченко., Д.М.Чернышов., «Природно-ресурсный потенциал и проектируемые объекты заповедного фонда Западно – Казахстанской области», Уральск, 1998ж,78-80бет. Сонымен қатар жоғарыда айтылған әдебиетті Бударин қорықшасының геологиялық құрлымын және топырағын жазу кезінде пайдаландым.

Геологиялық құрылымы туралы ақпарат алынған әдебиеттер:

А.Ғалымов. Батыс Қазақстан облысының географиясы.Алматы “Рауан”,1994ж,25 бет. Сонымен қатар осы аталған әдебиетті Бударин қорықшасының топырақ жамылғысына сипаттама беру барысында қолдандым.

Климаты алынған әдебиет

М.Н.Сдыков., А.А.Бисембаев., С.Ю.Гуцалов., А.А. Джубанов., С.К. Рамазанов. “Ақжайық ауданы”, Орал-Уральск,2008ж, 72 бет

Өсімдік жамылғысын жазу кезінде төменде келтірілген әдебиеттерге сүйендім: Быков Б.А. Растительность и кормовые ресурсы Западного Казахстана. А-А.: Изд-во АН КазССР, 1955. Дарбаева Т., Отаубаева А., Цыганкова Т. “Батыс Қазақстан облысының өсімдік әлемі”.- Орал,2001. 49бет

  Өсімдіктерді зерттеп оларға сипаттама беру барысында пайдаланылған әдебиеттер:

СССР флорасы. – Л., 1935-1961. Шенников А.П.  Экология растений. М.:Изд.во Советская наука,Москва-1950, с. 209-223. Т.Е.Дарбаева., «Өсімдіктер систематикасы», Орал- 2008ж, 78бет.              Арыстанғалиев С. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша -орысша - латынша атаулар сөздігі.2002ж. 285б.

Ауыр металдарды зерттеу әдістерінде аталған әдебиеттердің көмегіне жүгіндім: Г.Л. Бадавамова., Г.С. Минажева., «Аналитикалық химия оқулық », Алматы, 2011ж, 332-369бет. Волобуев В.Р. “Содержание элементов в золе растений” – Изд-во АН ССР, сер.биол., 1968, №5. Фартушина М.М., Дарбаева Т.Е., Петренко Ю.В. Тяжелые металлы пойменных почвах  реки Урал Материалы научно-практической конференции, Уральск, 2002, с.175-178. Базилевич Н.И. Обмен минеральных элементов в различных типах степей и лугов на черноземных, каштановых почвах и солонцах. В кн.: Проблемы почвоведения. М.: Изд-во АН СССР, 1962, с. 148-207.

Флораны зерттеуге қолданған оқулықтар негізінен мыналар:Қазақстан флорасы. А.- А., 1956-1966, б. 44-45. Станков С.С., Талиев В.И. СССР Еуропалық бөлімінің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерінің  анықтамасы. – М., 1957.   СССР флорасы. – Л., 1935-1961.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Бударин қорықшасының физико географиялық жағдайы.

Қорықшасының территориясы (сурет 2) Ақжайық және Зеленов аудандары аумағында Орал өзені жайылмасында солтүстігінде Скворкино ауылынан бастап оңтүстікке қарай Самал ауылына дейінгі аралықта 80 мың. Га жерді алып жатыр.Бұлан елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта- су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің (сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі.

Қорықша 1976 жылы елік, бұлан, қабан және тағы басқа жануарларды қорғау және санын қалпына келтіру мақсатында құрылды. 1992 жылы қорықшаға мемлекеттік мәртебе беріліп, оның жұмыс жасау мақсаты шектеусіз.

Бударин зоологиялық қаумалы жануарлар мен құстардың сирек түрлері: европалық қара күзен, орман сусарысу тышқандар, аққұйрық суқарақұс, құрды сақтап қалу мен өсіру үшін, қорықты мекендейтін жануарлар әлемінің табиғи ортасын сақтауға, сонымен бірге басқа жануарлар түрлері: қабан, қоян, түлкі, қарсақ, бұлан, елік, борсықты өсіру мен пайдалануға ұйымдастырылды.

  Жер бедерінде Е.А.Ағелеуовтың (1982 жылғы)  пікірі бойынша  солтүстігінде (Орал қаласы мен Бударино ауылы аралығында) кең енді жайылымда жазықты-жалды пішіндер басым болып келсе, ал оңтүстік жартысында (Бударино мен Атамекен ауылдары аралығы) жайылымның ені қысқарады, жер бедері құмды ірі жалды пішінге ие болады.

А.З.Петренко  (1998)қорықша территориясында өсімдіктердің басым және жиі кездесетін  80-ге тарта түрін анықтаған, солардың ішінде сирек және жойылып бара жатқан түрлер, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы сирек кездесетін және қорғауды қажет ететін  өсімдіктер тізіміне ұсынылған түрлер бар. Олар: дәрілік жалбызтікен, қырықжапырақ (сальвиния), батпақ қырықбуыны, шерменгүл (горечавка), су жаңғағы және басқалары. [3]

Бударин  зоологиялық қорықшасы жануарлар дүниесінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. П.В.Дебелоның мәліметі бойынша (2000), мұнда шамамен құстың 120 түрі, балықтың 30 түрі, сүтқоректілердің  20 түрі және  10-ға тарта бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері тіркелген. Тіркелген жануарлар ішінде  «Қазақстанның сирек және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдік түрлері кітабына»енген: сүтқоректілерден Европа қара күзені, орман сусары, құстардан сұңқылдақ аққу, балықшы тұйғын және басқалары.

Қорықша территориясы ландшафтық алуан түрлілігімен де ерекшеленеді. Н.М.Молдағұлов (1996) қорықша территориясында екі ландшафт түріне бөледі: 1. Сазды жайылмадағы - шегіршінді – ақ талды – теректі ормандар мен жайылмалы-шымды, кейде сортаңды – тұзды топырақтағы астық тұқымдасты, әр түрлі шөптесінді – астық тұқымдасты шалғынды Рубежен – Бударин ландшафтысы.

2. Тұзданған саздақты  жайылмалы – карбонатты топырақтағы  теректі – ақ теректі ақ  талды ормандар мен әр түрлі  шөптесінді – астық тұқымдасты  шалғынды Бударин – Мерген  жайылма ландшафтысы. [3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  2 -  Бударин қорықшасының картасызбасы

2.1 Жер бедері

Жоғарыда айтылғандай Бударин қорығы  Шығыс-Еуропа еліне және Солтүстік Прикапия Низменная алқабына жатады. Рубежен– Бударин  ландшафтысының жер бедері сазды, ал Бударино - Мерген жайылма жер бедерi  сазды  және топырағы тұзды корбанатты.

Ландшафтың бірінші көрінісі 

Жайылма - шымдыға, сортаңды - сорлы жерлердегі шегiршiн- бұталы - қияқ ормандары және дәндi, түрлі шөпті дәндi шабындықтармен сипатталады. Екiншiсі қияқ - саты және түрлі шөпті - дәндi шабындықтарды қалыптастырады. Орман бөліктерінің түрлерi: арнаның алдындағы, орталық және жол бойындағы.

Арнаның алдындағы бөлігі ашық ірі құмды аллювийлі қиыршық тасты. Сонымен қатар жалды бедерлер кездеседі, ал оның ені 400-ден 500м-ге дейінгі аралықта болады, кейде 1, 5-2км.  Өзеннің бүйірлік эрозиясы орын алатын жайылма аймақтары олар ойысты келеді, ал аккумуляция орын алатын жайылма аймақтарында әдетте, жағажайға  айналатын жазақтар.

Информация о работе Бударин қорықшасында кездесетін негізгі ағаш және бұта жапырақтары құрамындағы ауыр металдар