Бударин қорықшасында кездесетін негізгі ағаш және бұта жапырақтары құрамындағы ауыр металдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 08:41, дипломная работа

Описание работы

Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғану іс шаралары төмендегідей:
1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрит пен оның туындыларымен ластанудан болады. Сонымен қатар, азот тотықтары, фтор, хлор, фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зиянды әсер етеді.
2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын шашынға айналғанда әсер етеді.Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады (жабын ұлпалары, хлорофилл, клеткалық құрылымдарға әсер етеді).

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………....3
1. Әдебиетке шолу…………………………………………………………12
2. Бударин қорықшасының физикалық – географиялық жағдайы……..14
2.1. Жер бедері………………………………………………….17
2.2. Геологиялық құрылымы…………………………………..18
2.3. Климаты………………………………………………….…19
2.4. Топырағы…………………………………………………...20
2.5. Өсімдік жамылғысы ………………………………..…..21
3. Орманды зерттеу әдістері …………………………………………..22
4. Негізгі ағаштардың және бұталардың сипаттамасы ………………...26
4.1. Қара терек - P. niga L …………………………….…….…26
4.2. Ақ тал- Salix alba L …………………………………..…...30
4.3. АмерикалықШаған-F.americana ………….………..……..34
4.4. Кәдімгі Шегіршін – Ulmus laevis ………………..…….....38
4.5. Шомырт - Prunus spinoza ………………………………..41
4.6. Мойыл - Rubus Caesius L ……………………..………….44
5. Негізгі өсімдіктердің жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері...46
5.1. Ауыр металдарды анықтау әдістемесі………………….....49
5.2. Алынған ақпаратты Орал өзенінің жоғарғы
бөлігіндегі негізгі ағаш және бұта түрлері
жапырағындағы ауыр металдар
мөлшерімен салыстыру………………………………………………...…57
6. Қорытынды……………………………………………………………….60
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………....61

Файлы: 1 файл

diplom jumis.docx

— 8.80 Мб (Скачать файл)

      Күл толық  ерімеген жағдайда алынған ерітіндіні  тұнбасымен сулы тұзға дейін  буландырып, 1:1 азот қышқылында қайта  аз мөлшерде ерітеді, оны тағы  да сулы тұзға дейін буландырып, 15-20 см³ 1%  массалық үлестегі тұз  қышқылында ерітеді. Алынған ерітіндіні 25 см³ өлшемді колбаға ауыстырып, сол қышқылмен белгіге дейін  жеткізеді.Фильтірлейді. Бір уақытта талдау стадияларын қоса тәжірибеге бақылау жүргізеді. (Сурет 18)[14]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 18 - Атомдық - абсорбционды спектометр «Квант-2А»

 

 

 

Жоғарыда аталған зерттеу әдістері бойынша Бударин қорықшасында кездесетін ағаш және бұталардың жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері анықталды. Нәтижелер 1-6 кестеде  келтірілген.

 

Кесте 1 - Қара терек жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері мг/кг

 

Өсімдік аты

 Cu

Pb

Zn

Ni

Cd

Co

Қара терек

4,71

1,01

20,22

2,31

0,21

0,51

ШРК

30

5,0

50

3,0

0,3

1,0


 

Қара терек жапырағындағы ауыр металдар Cu, Pb, Zn, Ni, Cd, Co шекті мөлшерден аспайды. Себебі алынған нәтижелер ШРК-дан төмен. Бұл алынған нәтиже қара терек жапырағының ауыр металдармен ластанбағанын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2  -  Ақ тал  жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері мг/кг

Өсімдік аты

 Cu

Pb

Zn

Ni

Cd

Co

Ақ тал

7,23

0,73

0

10,19

0,61

0,40

ШРК

30

5,0

50

3,0

0,3

1,0




 

 

 

Ақ тал жапырағын зерттеу барысында  Cu, Pb, Zn,Cd, Co мөлшері ШРК дан аспайды. Жапырақ құрамында мөлшері шекті рауалды концентрациядан артық метал Ni. ШРК бойынша 3,0 болса, алынған нәтиже одан үш есе артық, яғни 10,19.

 

 

Кесте 3 -  Шаған  жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері мг/кг

 

Өсімдік аты

 Cu

Pb

Zn

Ni

Cd

Co

Шаған

10,09

1,06

17,75

17,75

0,07

0,09

ШРК

30

5,0

50

3,0

0,3

1,0


 

Шаған ағашы жапырағындағы ауыр металдардың ішінде шекті мөлшерден артып тұрғаны никель, қалған ауыр металдардың мөлшері шекті рауалды концентрациядан аспайды.

 

 

 

Кесте 4 - Шегіршін  жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері мг/кг

Өсімдік аты

 Cu

Pb

Zn

Ni

Cd

Co

Шегіршін

10,44

1,56

17,65

6,61

0,02

0,08

ШРК

30

5,0

50

3,0

0,3

1,0


 

Шегіршін жапырақтарын зерттеу барысында алынған нәтижені ШРК мен салыстыру барысында никельдің мөлшері ШРК – дан екі есе артық екені анықталды.

 

Кесте 5 - Шомырт жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері мг/кг

Өсімдік аты

 Cu

Pb

Zn

Ni

Cd

Co

Шомырт

6,24

1,32

9,40

4,34

0,04

0,06

ШРК

30

5,0

50

3,0

0,3

1,0




 

 

Бұл кестедегі мәліметтерді қарастыратын болсақ, шомырт жапырағындағы ауыр металдардың соның ішінде мыс, мырыш,қорғасын, кадмий, кобальт мөлшері шрк – дан аспайды. Бұл жерде шрк-дан мөлшері артық метал - никель.

 

 

 

Кесте 6 - Қара мойыл   жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері мг/кг

Өсімдік аты

 Cu

Pb

Zn

Ni

Cd

Co

Қара мойыл

7,31

1,28

16,64

3,10

0,04

0,05

ШРК

30

5,0

50

3,0

0,3

1,0




 

 

 

 

 

 

 

Жартылай бұта болып есептелетін қара мойыл жапырағындағы ауыр металдар мөлшері ШРК-дан аспайды, қалыпты мөлшерде. Бұл жерде шекті мөлшерден сәл ғана асатын никельдің мөлшері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу нәтижелері бойынша  Cu, Pb, Zn, Co аталған ауыр металдар ШРК дан аспайды.Алайда Cd және Ni – дің мөлшері ШРК дан асып отыр.

Зерттеу нәтижелерін сараптау барысында алынған дәлелдемелер негізі мынандай болып келеді.

Бударин қорықшасының ағаш жапырақтарындағы Никельдің мөлшері Орал өзенінің жоғарғы бөлігіндегі ағаш жапырағындағы  Никельдің  мөлшерінен артық.

Ал Орал өзенінің жоғарғы бөлімінің  ағаш жапырағындағы кадмийдің мөлшері Бударин қорықшасында кездесетін ағаш жапырағындағы кадмийдің мөлшерінен артық.

Ағаш жапырақтарында кадмий мен никельдің мөлшері ШРК дан артық болуы біздің ойымызша ең алдымен топырақтың ластануы және атмосфераға шығарылған зиянды заттардың әсері.

Ауыр металдар топырақ қабатына көбіне атмосфера арқылы келеді. Жауын шашын арқылы кадмий никель топыраққа түседі. Атмосферадан келетін ауыр металдардың 70%-дан астамы автотранспортқа, қалғаны құрылыс материалдарын өндіретін және жасайтын кәсіпорындарға, өндіріс және энергетика кәсіпорындарына тиесілі екен.

Физиологиялық әсеріне байланысты ауыр металдарды екі топқа: биогенді және  токсинді болып бөлінеді.

Атмосфераға бөлінетін қорғасынның көп мөлшері автотронспорттардан бөлінеді. Сонымен қатар қорғасын бензиннің антидетонациялық негізі болып табылады. Кадмий және  мырыш қоршаған ортаға дизельді отындардан, автожапқыштарды майлау өнімдерінің қалдықтарынан түседі.

Автожол жиектерінде ластанған аймақ қалыптасады, олардың ені транспорттардың қозғалыс қарқындылығына,  жергілікті рельефке, метеорологиялық жағдайға және басқада факторларға байланысты.

Өсімдіктердегі  поллютанттарды зерттегенде олардың негізгі бөлігі (80% дейін) автожолдардың жиегіне жинақталатыны анықталды (200 - 300 м дейін) және шамамен  20 % ғана (ұсақ дисперсиялық фракция) ұзақ қашақтыққа таралады.

Жайық өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Қарашығанақ, Чинарев мұнай газ конденсатынан бөлінетін қалдықтары мен ауаның ластануы нәтижесінде, жауын шашын арқылы аймақтарға таралуы, сонымен қатар ауыр металдардың миграциялық жолмен таралуына және де төменгі ағысқа жиналуымен байланысты, айта кетерлік тағы бір жағдай ол  азот және көмірсутек қосылыстарын бөлетін ошақтар мен қаланың шоғырлануы және де  автокөлік санының артуына байланысты болуы мүмкін.

Өсімдіктердің ауыр металдармен ластануына сыртқы (жер бетілік мүшелерінің сыртқы қабатына жинақталады) және ішкі (тамыры арқылы ішкі ұлпаларына жинақталу) арқылы жүреді.

Салыстырмалы түрде өсімдіктердің сырттай ластануы, тамыры арқылы жинақталуға қарағанда қауіптірек. Себебі сырттай ластану кезінде күн энергиясының ағынын қысқартып, клеткада фотосинтездің жүруін нашарлатады, лептесікті бітейді, «күйік» және басқа да бұзылулар болып, оттегінің түзілуін нашарлатады.[16]

Шекті рауалды концентрациядан мөлшері артып, Бударин қорықшасындағы негізгі ағаш және бұталарды ластап отырған ауыр металдар Никель мен Кадмийге тоқталып кетсем.

Никель және Кадмийдің тіршілік үшін зияндылығы артық болмаса кем емес. Әсіресе оның өсімдіктер тіршілігіндегі улағыш қасиеті басты орын алады. Мысалы: топырақ құрамындағы судың немесе жер суаратын судың 1 литрінде аталған элемент 10мг болса өсімдіктің өсу қарқыны тежеліп  50% - ға кемиді. Ал оның мөлшері 100мг-ға артса өсімдіктің тіршілігі тоқталады немесе өліп қалады.[18]

Қоршаған ортада тірі табиғатқа, әсіресе жан- жануарларға аса қауіпті ауыр металдардың бірі саналатыны осы кадмий. Ол сульфидтік шөгінділердің құрамында болатын халькофилдік элемент. Көбінесе қорғасын мен мырыш өндіру үшін сульфидт шөгінілерді өңдегенде алынатын концентраттың құрамында болады. ондағы кадмийдың мөлшері 0,2% шамасында. Топырақтағы бұл металдың табиғи қоры 4,5х10-4%, ал оның ауадағы деңгейі шамамен 0,002 мкг/м. Қоршаған ортаға кадмий тарататын көздер осы металды өндіретін салаларымен байланысты. Қазіргі кезде топырақтың осы элементпен ластануы өсімдік қауымдастығына, оның ішінде микробиологиялық ценоздарға зиянды екені белгілі болып отыр. Әйтсе де топырақтағы биохимиялық процестер неғұрлым күшті жүретін болса, кадмий металының тірі табиғатқа улылық әсері солғұрлым пәстеу болатыны дәлелденді. Бұл элемент басқа ауыр металдар сияқты өсімдіктің жапырақ бетіне түсіп, онан кутикула арқылы клеткаға өтеді. [19]

 

 

 

 

Кадмий топыраққа негізінен ауыл шаруашылығында фосфор тыңайтқышын көп мөлшерде пайдаланғанда, Жылу Электр Станциялары жұмыс істегенде, пайдалы кен байлықтарын балқыту кезінде таралып, топырақтың беткі қабатында жинақталады.  [20]

Ауыр металдардың ағаш жапырақтарында шекті мөлшерден артық болуы өсімдіктің маңызды процесстеріне орасан зор кері әсерін тигізеді. Сондықтанда Бударин қорықшасындағы орман алқабын сақтау үшін ең алдымен ауыр металдардың мөлшерін тұрақтандырып, ластаушы көздері болдырмау қажет.

Ең қатерлі, қауіпті деген зардаптардың өзі шағын нәрседен басталады. Мәселен, орман алқабында үлкен өрттің болуы үшін темекінің сөндірілмеген бір тал тұқылы да жетеді. Ал, ауыр металдармен ластану тек орман өсімдіктеріне ғана емес, табиғаттың басқа да компоненттеріне де айтарлықтай зардабын тигізеді.

Әсіресе, миграция, қоректік тізбек бойынша адамның денсаулығы мен жануарлар тіршілігіне өзіндік қатерін төндіреді.

Табиғи қалпы сақталған орман алқабы адамзат үшін аса құнды дүниелердің бірі. Оларды ластанудан қорғау,табиғи қалпында сақтау адам баласының ең негізгі мәселесі. Бүгінгі ұрпақтың қажетін шектемей, болашақ ұрпақтың мұрасын өзіне табыстау бұл әрбір мемлекет алдындағы ең маңызды борышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Біздер Орал өзенінің төменгі ағысындағы Бударин ауылының доминантты Ағаш және Бұта түрлері Қара терек, Ақ тал, Шетен, Шегіршін,  Шомырт, Мойылды зерттедік. Зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша аталған негізгі түрлер жапырағы құрамындағы Cu, Pb, Zn, , Co    мөлшері шекті рауалды концентрациядан аспайды. Алайда, біздің зерттеуіміз бойынша доминантты ағаш және бұталар жапырағындағы Cd мен Ni – дің мөлшері шекті рауалды концентрациядан артық.

Орал өзенінің жоғарғы ағысы аумағында орналасқан ағаш және бұталардың жапырағында да Cd мен Ni – дің мөлшері ШРК – дан  жоғары екені анықталған.  Жоғарғы және төменгі ағыс аумағында орналасқан ағаш және бұта жапырағындағы шекті рауалды концентрациядан жоғары ауыр металдарды сараптау барысында, Бударин қорықшасында кездесетін ағаш және бұта жапырақтарындағы Ni – дің мөлшері Жайық өзенінің жоғарғы ағысында кездесетін ағаш жапырағындағы Ni-дің мөлшерінен жоғары. Ал, Жайық өзенінің жоғарғы ағысында кездесетін ағаш жапырағы құрамындағы. Cd-ің мөлшері Бударин қорықшасының негізгі ағаш және бұта жапырақтары құрамындағы Cd-ің мөлшерінен жоғары екендігі анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Информация о работе Бударин қорықшасында кездесетін негізгі ағаш және бұта жапырақтары құрамындағы ауыр металдар