1.Физиология ғылымының
мақсаты және міндеттері жайлы
түсіндіріңіз.
Физиология ғылымы ( грекше physic-табиғат,logos-ілім)біртұтас
ағзамен және оның жеке бөліктерінің
(клетка,ткань,мүшелер)тіршілік әрекетін,қызметін
зерттейтін биология ғылымының бір
саласы.Физиология организм жүйелері
мен ағзалардың бір-біріне әскрін,өзара
байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын
зерттейді.О л сондай-ақ тіршілік
қызметінің жас кезеңдеріне байланысты
онтогенез және филогенездік даму барысында
бақыланады.Қазіргі кезде физиологиядан
жеке ғылым саласы ретінде биохимия,биофизика,нейрофизиология,эндокринология,экологиялық
физиология,спорт физиологиясы,еңбек
физиологиясы бөлініп шықты.Физиология
сонымен қатар ұшқыштар,ғарышкерлер,сүңгушілер,альпинистер
ағзасына табиғаттың әртүрлі төтенше
әсерлері мен ауыр жүктемелерінің
күйін зерттейді.Жануарлар физиологиясы
мен мал шаруашылық өнімдерін
жетілдіру жолдарын ғылыми тұрғыдан
дәлелдейді.Физиология үрдісі-дамып
келе жатқан ғылым.Сондықтан ол дербес
ғылым саласы болғандықтан анатомия
және гистологиядан бөлінгеннен
бастап,ағзалардың тіршілік әрекеті
туралы физика,химия пәндерінің әдістерін
қолданып,көптеген маңызды деректер жинады.Физиология мақсаттары
зерттеу объектілері мен әдістеріне байланысты
қалыпты және потологиялық болып 2-ге
бөлінеді.1-шісі дені сау ағзалардың қалыпты
күйін,салауатты өмір салтын,әртүрлі орта
факторларына бейімделуін,оларды жақсарту
әдістерін зерттейді.Қалыпты физиологияның
басты мақсаты-адам денсаулығын сақтау.Физиология
ғылымы ауру адамның ағзаларында болатын
патологиялық процестердің шығу тегін
және оның сипатын,себебін анықтауға да
үлкен үлесін қосады.Сондықтан физиология
медицина ғылымының теориялық негізін
құраушы деп есептеледі..Адам және жануарлар
физиологиясы – экспериментті ғылым.
Физиологияны оқыту міндетті түрде студенттердің
практикалық жұмыстарды орындауларымен
ұштастырылып отыруы қажет, нәтижесінде
теориялық білімдердің тәжірибелік дағдыларымен
бекітіп, физиологиялық әдістемелердің
алуан-түрлі тәсілдерін меңгереді. Физиология
ғылымы ( грекше physis- табиғат logos- ғылым)
бітұтас ағзамен және оның жеке бөліктерінің
тіршілік әрекетін, қызмет зерттейтін
биология ғылымының бір саласы. Ф.я организм
жүйелері мен ағзаларының бір- біріне
әсерін, өзара байланысын және сыртқы
ортамен қарым – қатынасын зерттейді.
Сонымен қатар ол тіршілік қызметінің
жас кезеңдеріне байланысты онтогенез
және филогенездік даму барысында бақыланады.
Физиология үрдісі – дамып келе жақан
ғылым саласы болғандықтан анатомия және
гистологиядан бөлінгеннен бастап, ағзалардың
тіршілік әрекеті туралы физика, химия
пәндерініің әдістерін өолданып, көптеген
нақтылы деректер жинады. Физиология сонымен
қатар ұшқштар, ғарышкерлер, сүңгушілер,
альпинистер ағзасына табиғаттың әр алуан
төтенше әсерлері мен ауыр жүктемелерінің
күйін зерттейді. Жануарлар физиологиясы
мал шаруашылық өнімдерін жетілдіру жолдарын
ғылыми тұрғыдан дәлелдейді. Ф.я мақсттары,
зерттеу обьектілері мен әдістеріне байланысты
қалыпты және патологиялық болып екіге
бөлінеді. Біріншісі дені сау адам ағзаларының
қалыпты күйін салауатты тұрмыс салтын
әртүрлі ота факторларына бейімделуін
оларды жжаксарту әдістерін зерттейді.
Демек , қалыпты физиологияның басты мақсаты-
адам денсаулығын сақтау. Ф.я ғылымы ауру
адамның ағзаларында болатын патологиялық
процестерлің шығу тегін және оның сипатын,
себебін анықтауға да үлесін қосады. Сондықтанда
ф.я медицина ғылымының теориялық негізін
құраушы деп есептелінеді. Ф.ның заңдарын
білу арқылы еңбекті ғылыми ұйымджастыруды
шешіп қана қоймай, оның өнімділігін күшейтуді
талап етеді.
2.Тыныштық потенциалы,оның
шығу тегін түсіндірініз.
Итальян ғалымы Меттучи гальванометрмен
еттін кесілген жері мен кесілмеген
жерінде потенциалдар айырмасы барын,
жолақ еттің сыртқы беті оң зарядты,
кесілген жер, яғни еттің ішкі протоплазма
жағы теріс зарядты болатынын
ашты. Бұл кейін тыныштық тогы деп
аталды. Тағы бірде екінші тәжірбиені
Маттеуичи бақа сирақтарын екі жүйке-
ет препатын жасап бірінші препараттың
шонданай жүйкесін, екінші препараттың
балтыр етіне салып түйістіріп,
екінші препараттағы жүйкені тітіркендіргенде
екі препарттыңда балтыр еттері бір
мезгілде сіресе жиырылғанын байцқайды.
Тіке тіркендірілмесе де бірінші
препараттың балтыр етінің жйырылуы
екінші препаратта қозу тобының пайда
болып ет үстінде жатқан бірінші
препараттың жүйкесі арқылы жылжып,
балтыр етіті тітіркендіреді деген
ойға келеді. Осыған орай ткань қозған
кезде тыныштық тогы басқа токққа
және ол ток қозу процесіне ұласып жүйкені
бойлай жылжып таралатынын дәлелдеді.
Көптеген сүтқоректілердің нейронындарында
сырттан әсер етуші тітркендірушінің
жоқтығынан оның потенциалы тыныштық
күйде болаады. 20 ғасырдың 30 жылдарының
аяғында Америкада Кертис және Коул, англяда
Ходжкин және Хаксли мынадай қорытындыға
келді. Тыныштық потенциалының шығуының
физико- химиялық тегіне байланысты аксон
мембранасының екі беткейіндегі иондар
концентрациясының айырмашылығына байланысты
және мембарананың иондарды таңдап өткізу
қасиетіне байланысты деп тұжырымдаған.
Аксонның ішіндегі сұйықтықты және аксонды
жуып отыратын ерітінді теңіз суын
зерттеп талдағанда екі суйықтық арасында
электрохимиялық иондық градиент болатындғы
байқалды. Аксон ішіндегі аксоплазмада
К ионы көп те Na ионы аз. Ал аксонды жуып
отыратын сұйықтықта керісінше Na ионы
көпте К ионы аз. Осы көрстеілген градиенттер
мембрананың белгіл бір бөліктері
катиондар немесе натрий насосы арқылы
іске асырылдаы. Осы әсер етуші тасымалдау
механизмінің үздіксіз жұмысы АҮФ- тың
гидролиз кезіндегі бөлінген энергиясы
аоқылы іске асырылады. Сол кезде аксоннан
Na ионы сыртқа шыққанда ілесіп калии ионы
ішке кіреді. Диффузия жылдамдығы аксон
мембранасының осы ионға тән өткізгіштік
қбілетіне байлпнысты. Калии тоны натрии
ионына қарағанда жылдамырақ және мембрананың
өткізгіштігі 20 есе жоғары, сондықтанда
натрии ионы аксонға кіргенше калии аксоннан
тез сыртқа шығады. Соның нәтижесінде
аксонда катиондар азаяды да теріс заряд
пайда болады. Тыныштық потенциалдың калии
ионының электрохимиялық градиентімен
анықталады. Сонымен қорыта айтқанда қозғыш
клеткалардың мембрананларының өткізгішінің
өзгеруі калии және натрии иондары үшін
мембранада потенциал айырмашылығының
өзгеруіне әкеліп, әрекет потенциалы пайда
болып аксон арқылы нерв импульсі таралады
.3.Нейрон-ОЖЖ құрамындағы морфофункционалдық
бірлігі
Нейрон дегеніміз-жүйке клеткасы.Ол
жүйке жүйесі құрамындағы жеке бөлік,сол
жүйенің морфофункциялық негізі.Нейрондардың
арасын нейроглия толтырады.Ол нейрондарды
жан-жақты қоршайтын құрылым.Нейрондар
пішіні,көлемі жағынан әртүрлі.Бірақ
қай нейрон болса да ол денеден
және денеден шығатын өсінділерден
тұрады.Нейрон талшықтары ұзындығыны
қарай аксон,дендрит болып 2-ге бөлінеді.Аксон
нейронның ұзын,ал дендрит қысқа
талшығы.Әр нейронда бір аксон,бірнеше
дендрит болады.Дендрит аксонға
қарағанда көп тармақты келеді.Аксонның
нейрон денесінен басталатын жері аксон
төмпешігі деп аталады.Аксон төмпешігінің
қозу қабілеті өте жоғары.Сезімтал
нейронның шеткей орналасқан аксрнының
ұшында рецептор болады.Ал орталық
жүйке жүйесінің ұшы жуандап
бүршікке ұқсайды.Нейрондардың осындай
ұштары бір-бірімен бірігіп синапс
құрайды.Қозу серпінін рецептордан
жүйке орталығына бағыттап өткізетін
жүйке талшығы афференттік,ал орталықтан
қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші
талшықты эфференттік деп атайды.Атқаратын
қызметіне қарай нейрондар сезімтал,қозғалтқыш,аралық
нейрондар болып бөлінеді.Сезімтал
нейрондар рецепторларда туған
қозуды орталыққа жеткізеді.Бұлар
жұлын түйінінде,артқы мүйізінде,мидың
барлық бөлімдерінде кездеседі.Қозғалтқыш
нейрондар жүйке серпіністерінорталықтан
шеткі ағзаларға апарады.Аралық
нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан
мағлұматтарды қозғалтқыш нейрондарға
жеткізеді.Сондай-ақ тежелу нейрондары
да болады.Оларды алғаш рет жұлында
табылған Реншоу клеткалары.Олар қозғалтқыш
нейрондардың арасында орналасады.Ми
бағанында,ми сыңарларында келіп түскен
мағлұматтарды талдайтын,іріктейтін
арнайы нейрондар бар.Нейрондар
қозған кезде онда зат алмасу, тотығу
процесі күшейеді,энергия қоры азаяды,заттардың
ыдырауынан пайда болған өнімдер
көбейеді.Орталық жүйке жүйесіндегі
тежелу арнайы тежеуші нейрондар
қозған кезде басталады.Бас миы
нейрондары адам ұйықтап жатқанда да
жұмысын атқарып жатады.Нейрондар
бір-бірінен құрамындағы нәруыздардың
саны мен атқаратын қызметтері бойынша
ажыратылады.
4.Синапс,құрылысы.Химиялық
және электрлік синапстар.
1897 жылы ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон
ең бірінші рет ғылымға «Синапс»
деген ұғымды енгізді.Синапс дегеніміз-безді
жасушалар мен нейрондардың,нейрондар
мен бқлшық еттердің,нейрондар
мен жүйке жасушаларының арасындағы
арнайы морфологиялық құрылымнан
тұратын байланыстырушы.Синапстар
арқылы ақпараттар бір жасушадан
2-ші жасушаға беріледі.Синапстар
ұласқан клеткалардың түріне
қарай нейронаралық,ет-жүйкелік
болып,әсеріне байланысты қоздыратын,тежейтін,ал
қозуды өткізу әдісіне қарай
химиялық және электрлік болып
бөлінеді.Кейде аралас электрлік-химиялық
синапстар да кездеседі.Денедегі
барлық синапстардың құрылысы
бірдей.Әрбір синапс 3 элементтен,атап
айтқанда пресинапстық,постсинапстық
мембраналардан және синапстық
саңылаудан тұрады.Қозу процесі
пресинапстық мембранадан постсинапстық
мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін
химиялық зат-медиатордың қатысуымен
өтеді.Постсинапстық мембранада
медиатормен әрекеттесетінарнайы
белок-рецептор орналасқан.Аксонның
аяқ жағы жуандау пиязшық тәрізді
болып келкді.Бұл жүйкенің ұшы
осы жері пресинапстық бөлігі.Осы
бөлігі арқылы басқа жасушамен
синапстық байланысқы түседі.Ал
синапстық саңылаудың ені-20-40 нм.Арақашықтығы
онша үлкен болмағанымен,жүйке
импульстері жүйке ұшына жетіп,осы
саңылау арқылы аса алмайды,себебі
бір жасушадан 2-ші жасушаға
қозуды өткізетін арнайы медиаторлар
бар.Синапстың 3-ші компоненті-постсинапстық
немесе синапс саңылауынан кейінгі
бөлігі.Синапстың бұл аймағында
синапстік көпіршіктер болмайды,мембранасы
тығыз,вакуолы,цистернасы тығыз
денешіктері болады.Эволциялық тұрғыдан
қарағанда электрлік синапстар
ерте пайда болған процесс,бұлар
химиялық синапске қарағанда
көбінесе,бас миында жиі кездеседі.Электрлік
синапстердің арнайы құрылымы
болмайды, мысалы химиялық синапске
препостсинапстық бөлігі және
синапстік саңылауы.химиялық синапске
қарағанда электрлік синапстің
ерекшелігі морфологиялық симметриялық
жалғасуына байланысты импульс
екі жаққа тура және кері
бағытта өтуі мүмкін.Электрлік
синапстің түйісу аймағының арасы
2 нм,олар араның ұясы сияқты
бір-бірімен өте тығыз орналасқан.Электрлік
синапстар жүрек етінде,салалы
етте,бауырда кездеседі.Электрлік
синапстерде серпіністер із қалдырмайды.Бұл
синапстан тек қозу ғана өттеді
және оның өтуіне температура
әсер етпейді.
5.Шартты рефлексті қалыптастыру
принципі
Шартты рефлекс әрбір ағзалардың
жеке даму барысында өмірлік тәжірибеге
байланысты болатын рефлекс.Шартты
рефлекс жүру үшін кез келген аймақты
тітіркентіргенде іске асырыла береді.Шартты
рефлекс тұрақсыз,белгілі бір
жағдайларға байланысты қалыптасуы
мүмкін. Шартты рефлекс шартсыз рефлекс
негізінде қалыптасады.Шартты рефлекс
үлкен ми қыртысының басты қызметі
болып есептеледі.Кез-келген сыртқы
әсерлерге-дыбыс,жарық,механикалық
тітіркендіулерге шартты рефлексті
қалыптастыруға болады.Шартты тітіркендіргіштің
түзілу әсері шартсыз рефлекстің
уақытымен сәйкес келуі керек
немесе бірнеше секунд бұрынырақ
болуы тиіс.Мысалы,жарық беру арқылы
тамақ ішу рефлексін қаплыптастыру
үшін тамақты берумен қатар жарықты
қоса беру керек.Бұл жерде шартсыз
рефлекстің бөліп атқарушы жарық
болып есептеледі.Осы әдісті бірнеше
рет қайталағанның нәтижесінде
ғана қарын сөлі бөлінеді.Сөйтіп шартты
рефлекс немесе уақытша байланыс
пайда болады.Шартты рефлекс тек
ми қыртысының бірқалыпты тұтастық кезінде
ғана іске асырылады.Сонымен бірге
уақытша байланыстың түзілуіне
ми қыртысы асты құрылымдары да қатысады.Сондықтан
да бұл жерде айта кететін ең басты
мәселе,шартты рефлекс шартсыз рефлекстің
негізінде түзіледі.Шартты рефлекстің
тұрақтылығы және қалыптасуы шартсыз
рефлестің және шартты рефлекстің күшіне,қуатына
байланысты.Адам және жануарлар сыртқы
ортаның факторларына бейімделу
кезінде мінез-құлқы,іс-әрекеті өзгеріп,жаңа
шартты рефлекстер түзіліп,бұрын пайда
болған рефлекстері жойылып отырады.
6.Кіші және үлкен қанайналу
шеңбері
Қанайналымы жүйесі жүрек пен қанайналымның
үлкен және кіші шеңберінен тұрады.Бұл
жүйенің кіндігі-жүрек насос тәрізді
қанды ығымдап қантамырларына айдайды
да,оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз
етеді.Жүрек тоқтап қалса,табиғи
ырғағы бұзылса,не әлсіресе қан дене
тіршілігіне қажет мөлшерде тарамайды
да,өз қызметін атқара алмайды.Қанайналымның үлкен
шеңбері жүректің сол қарыншасынан-қолқадан
басталады.Қан қолқадан артерияларға,одан
әрә каиллярларға жетеді.Онда қан құрамындағы
оттегі тіндерге,ал ондағы көмірқышқыл
газы қанға өтеді де,артериялық қан вена
қанына айналады.Вена қаны капиллярлардан
жіңішке венулаларға,одан әрі веналарға,жоғарғы
және төменгі венаға жетеді де,сол арқылы
жүректің оң жүрекшесіне құйылады.Сонымен
қанайналымның үлкен шеңбері бітеді.Қанайналымның
кіші шеңбері оң қарыншадан
шығатын өкпе сабауынан басталады.Оң қарыншадан
шыққан өкпе сабауындағы қан көмірқышқыл
газға бай веналық қан.Бұл өкпе көпіршіктеріне
қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе
капиллярларына жетеді,осы сәтте қандағы
көмірқышқыл газ өкпеге,ал оттегі керісінше,қанға
өтеді де веналық қан артериялық қанға
айналады.Одан әрә артериялық қан әр өкпеден
екі-екіден жұптасып шығатын 4 вена арқылы
ағып отырып сол жүрекшеге құйылады.Сонымен
қанайналымның кіші шеңбері 4 өкпе венасымен
аяқталады.Адамда жүректен шыққан қан
үлкен-кіші шеңберлерімен ағып отырып,20-30
секунд ішінде қайтып оралады.
7.Тыныс алудың кезеңдерін
түсіндір
Тыныс алу дегеніміз-сыртқы орта мен
организм арасындағы газдардың алмасуын
қамтамасыз етуші физиологиялық
процесс.Былайша айтқанда адам ағзасында
метаболизм процесінің жүруіне сәйкес
ағзаға оттегіні енгізіп,көмірқышқылы
газын сыртқа бөліп шығару.Тыныс
алу процесі 5 кезеңнен тұрады.Оның
төртеуін физиологтар зерттейтін болса,соңғысын
биохимиктер зерттейді.Кезеңдері
мынадай:1.Сыртқы тыныс алу немесе
өкпедегі газдардың алмасуы.Оның басты
мәні сыртқы ортамен өкпе капиллярларындағы
қандардағы оттегі мен көмірқышқыл
газының алмасуы.Сыртқы тыныс алу
инспирация және экспирация кезеңдерінен
тұрады.Инспирация мен экспирация тірі
организмде өзара үйлесім тауып,өмір
бойы алмасып отырады.2.Альвеолдағы
ауа мен өкпе капиллярларындағы
қандармен алмасу-қанның альвеолдағы
ауамен байланыс 0,3-0,7 секундта жүреді.Осы
уақытта газдың парциалды қысымы
толық бір деңгейге келеді.3.Қан
арқылы газдарды тасымалдау,былайша
айтқанда,өкпеден оттегіні тканьдерге,көмірқышқыл
газын тканьнен өкпеге тасымалдау-өкпеде
газ алмасудың негізгі көрсеткіші-альвеолалық
ауадағы газдардың құрамы мен
мөлшері,дем алғанда өкпеге кіретін
атмосфералық ауа мен деммен бірге
шығатын ауаның құрамындағы әр газдың
мөлшерін жеке салыстырып өкпе альвеоласындағы
газдар мен қан құрамындағы газдардың
өту бағытын байқауға болады.4.Үлкен
қанайналу шеңбері арқылы қан
мен ткань клеткалары арасындағы
газдардың алмасуы-қан айналысының
кіші шеңберіндегі капиллярларда оттегінің
меншікті қысымы венадағы кернеу күшінен
жоғары,сондықтан да оттегі альвеолалардан
венаға ауысады,сөйтіп вена қаны артерия
қанына айналады,ал қан айналысының
үлкен шеңберіндегі капиллярлардағы
оттегі артериядан тінге ауысады.5.Ішкі
тыныс алу-клетка митохондрияларындағы
биологиялық тотығу процесі.
8.Қанның физикалық-химиялық
қасиеттері неге байланысты
Сұйық зат ретінде қанға физикалық
және химиялық қасиеттер тән.Қан
қызыл түсті,оның құрамы өте күрделі.Қанның
түсі,реңі эритроцит ішіндегі гемоглабиннің
әртүрлі газдармен,басқа да химиялық
заттармен реакцияға түсіп,тиісті
қосындылар құруына байланысты.Мысалы,артерия
қанының ашық қызыл түсі қанда
оксигемоглабиннің,вена қанының күңгірт
түсі карбогемоглабиннің көбірек болуына
байланысты.Қанның иісі -оның құрамындағы
тез буланатын май қышқылдарына
байланысты.Есейген балаларға қарағанда,жаңа
туған нәресте қанының меншікті
салмағы едәуір басым.Меншікті салмағы
негізінен қандағы эритроциттердің
аз-көптігіне байланысты.Ол тұрақты
көрсеткіштердің бірі,бірақ физиологиялық
және потологиялық жағдайларға байланысты
өзгеруі мүмкін.Қанның келесі физикалық
қасиеті оның тұтқырлығы.Ол қан түйіршіктері
мен плазмадағы,әсіресе ірі молекулалы
заттардың деңгейңне байланысты.Қан
тұтұырлығы қанның қоюлануына не сұйылуына
қарай әрдайым өзгеріп отырады.Демек,қанның
бұл қасиеті қан түйіршіктерінің,плазма
белоктарының әсіресе глобулиндердің
мөлшеріне байланысты.Қанның тұтқырлығы
судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық.Қанның
өте маңызды қасиеттерінің бірі-осмостық
қысымы.Қанның осмостық қысымының
60%-ы ас тұзы иондарына байланысты.Қанның
осмостық қысымы оның қату температурасы
арқылы анықталады.Қан реакциясы
сутегі мен гидроксил иондарының
ара қатынасына байланысты.Қанның реакцииясы-сәл
сілтілі,вена мен артерия қанында
бірдей емес.Адам мен жануар денесінде
сілті-қышқыл тепе-теңдігін қамтамасыз
ететін,яғни РН мөлшерін бірқалыпты сақтайтын
арнайы күрделі әрекеттік жүйе бар.Қан
реакциясын өзгертпей, бірқалыпты сақтауда
эритроциттер мен плазманың үлкен
мәні бар.Қан плазмасында карбонат,фосфат
және белок,ал эритроциттерде гемоглобин
буферлік қызмет атқарады.Гемоглобиндік
буферлік жүйе-ең бай,қуатты буферлік
жүйе.Карбонатты буферлі жүйе-өзінің
күш-қуты жағынан 2-ші орында.Фосфаттық
буферлік жүйе –дигидрофосфат және гидрофосфат
нарийден түзіледі.Плазма белоктарының
буферлік жүйесінің басты қасиеті-амфотерлік
қасиеттеріне байланысты.