Физиология ғылымының мақсаты және міндеттері жайлы түсіндіріңіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:40, реферат

Описание работы

Физиология ғылымы ( грекше physic-табиғат,logos-ілім)біртұтас ағзамен және оның жеке бөліктерінің (клетка,ткань,мүшелер)тіршілік әрекетін,қызметін зерттейтін биология ғылымының бір саласы.Физиология организм жүйелері мен ағзалардың бір-біріне әскрін,өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді.О л сондай-ақ тіршілік қызметінің жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және филогенездік даму барысында бақыланады.Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым саласы ретінде биохимия,биофизика,нейрофизиология,эндокринология,экологиялық физиология,спорт физиологиясы,еңбек физиологиясы бөлініп шықты.

Файлы: 1 файл

теория101.docx

— 156.51 Кб (Скачать файл)

26.  Ақырғы өнімдерді  шығаратын мүшелерді атап көрсет. Ақырғы өнімдерді бөлуге қатысатын мүшелер: бқурек, өкпе, тері бездері, асқазан ішек жолдары. Өкпеден СО2, су буы, кейбір газ тәрізді заттар болады. Ал сөл бездері, асқазан ішек бездері ағзаға түскен ауыр металдарды, дәрі заттарды, бөгде органикалық заттар, әсіресе, осы бездердің рөлі бүйректің қызметі төмендегенде жоғарылайды. Осының ішінде ең бастысы бүйрек. Онда көптеген заттар өзгеріске ұшырайды. Бүйрек арқылы бөлінетін азоттық өнімдердің алмасуынан пайда болған ақырғы өнімлдер және бөгде заттар: мочевина, зәр қышқылы, аммиактар, түзіледі. Яғни, бүйрек реттеуші орган болып есептеледі. Оның басты қызметі: несеп түзу, ал несеп түзілу, оның сыртқа шығару шығару үрдісі, диурез деп аталады. Бүйрек жұп мүше, негізігі морфофункйионалдық құрылымы нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Несептің көлемі тәулігіне 150-180л. Сонымен қатар бүйрек, ішкі орта тұрақтылығын, сілті қышқыл теңдігін, осмос қысымын, тамырдағы қан көлемін ,басқа да ішкі сұйықтық ортаның көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Терінің қызметі, бөлінуі: тері өте күрделі құрылым, адам мен жануар орган.ң сыртқы жабыны. Ең алдымен, тері, орган.ң ішкі ортасын сыртқы әсерден сақтап, қорғаныштық қызмет атқарады. Терінің қан және лимфа тамырларында қан мен лимфа уақытша іркіліп жиналуы мүмкін, бұл оның деполық қызметі. Тері энергия алмасуының реттелуіне қатысады. Тері тер бездері арқасында организмдердегі шығару мүшесінің бірі болып есептеледі. Тері бездері: олар жылу алмасуға қатысады,зат алмасудың соңғы ыдырау өнімдерін шығаратын мүше. Қалыпты физиологиялық жағдайда, бұл тер бездерінің сөлініс қызметі. Бүйректің қызметі жеткіліксіз болған жағдайда сыртқа шығаруда өте маңызды қызмет болып табылады. Мұнымен қатар термен бірге артыұ су, тұз, қышқыл өнімдері шығарылады. Осының нәтижесінде тер бездері сілті қышқыл теңдігін, осмостық гомеостазды бірқалыпты сақтайды. Тер аз мөлщерде үздіксіз бөлінеді, но өте жылдам кеуіп кетеді, сонд.оның бөлінуі байқалмайды. Тердің бөлінуі рефлекс арқылы реттеледі. Сыртқа шығару тіршілікке өте қажет физиологиялық үрдіс. Ол бұзылса, көптеген физиологиялық үрдістер бұзылады, оның бірі уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері жиналып қанға өтеді де,организмді уландырады.

27. Парабиоз, оның кезеңдерін  сызып көрсет. Жүйкеге ұзақ уақыт күшті тітіркендіргіш әсер етсе, оның қозғыштық қасиеті, лабильділігі төмендейді. Оны парабиоз д.а. грек созі (жуық, жақын және өмір,тіршілік) деген мағына береді. Параб.ң дамуы мезгілінде үш сатылы өзгерістер бар: теңестіру, парадоксальдық, тежелу. Теңестіру кезеңінде тітіркендіргіштің біртіндеп жиілігін не күшін жоғарылатса, бәріне беретін жауабы бірдей болады. Ал парадоксальды кезеңде әлсіз тітіркендіргіштерге беретін бұлшықеттің жауабы күшті тітіркендіргішке беретін жауабынан жоғары болады. Парабиоз тереңдеген сайын 1 кезең 2-не, ал 2 кезең 3не айналады. Ал тежелу кезеңінде, ет тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. Егер параб.қ әсерді уақытында алып тастап, фтзтологиялық ерітіндімен жүйкені жуса, параб.з кезеңдері бірін бірі кері қарай алмастырып, жүйке әдеттегі жағдайға келеді. Параб.з кезеңдері альтерация(зақымдалыс) жасайтын әсерлерге жүйкенің лабильділігінің төмендеуімен түсіндіріледі. Лабильділік төмендеген сайын ол жерде жүйкенің абсолюттік рефрактерлік кезеңі ұзара түседі, қозу үрдісі күшейеді. Қозу өзінің жайылу қасиетінен айырылып, белгілі бір жерде тұрақталады. Бұл кезде жүйке тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Н.Е.Введенский жүйке парабиозы тәжірибесіндегі қозу мен тежелу үрдісінің бірілігін, тежелу күшті және тұрақты қозу екенін, қозу тежелуге н.е керісінше, тежелу қозуға алмасқанда параб.ң үш кезең.ң байқалатынын дәлелдеді.

28.Қан құрамындағы формалық  элементтерге жалпы сипаттама Қан, лимфа, ткань сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Қанды жеке бір жүйе ретінде қарастырып, мәлімет берген Г.Ф.Ланг болатын. Қан құрамы: плазма-55-60, формалық элементтер 45-40. Қанның элементтеріне эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер жатады. Эритроцитқанның қызыл түйіршігі. Оның көбеюін эритроцитоз, ал азаюын эритропения деп атаймыз. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Эрит.ядросыз, екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядросынан сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мұның биологиялық мәні жасуша ядросының орнын оттегін тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритр.т өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегін жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді. лейкоцитадам ағзасын әр түрлі микробтан, вирустардан қорғап отырады. Былайша айтқанда, иммундық жүйені қамтамасыз етеді. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп аталады, оның саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Ең басты қызметі оның фагоцитоздық қабілеті. Түрлері: Гранулоцит және Агронулоцит. Гранулоцитке жататын Нейтрофилдер ақ қан клеткасының ішіндегі ең көп тобы. Ең басты қызметі; ағзаға енген микробтармен улы заттардан қорғау. Бұлар зақымданған жерге бірінші жетіп ,өзінің қорғаныштық қызметін атқара бастайды. Эозинофилдер белоктық токсиндерді усыздандырып ,оларды бұзу, бөгде белоктарды жою болып табылады. Базофилдер гранулоциттердің ең аз тобы. Қызметі:оның құрамындағы биологиялық активті заттардың болуына байланысты. Олар да дәнекер тініндегі майлы клетка секілді гепарин мен гистаминді бөледі. Моноциттер Агронулоциттерге жатады, олар амеба сияқты қозғалып, фагоцитарлық, бактериоциттік қызмет атқарады. Лимфоциттер басқа лейкоцит.ен айырмашылығы, олар қан тамырынан шығып, тканьге кіріп қана қоймай, қайтадан қанға келіп түседі. Арнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жағдайын қадағалайды. Олар Т(тимуске байланысты) және В(бурсаға байланысты), О лтмфоциттер болып бөлінеді. Тромбоциттерқан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек келеді. Орта есеппен 8-11тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі. Тромб.ң хим.құрамы өте күрделі. Ол көптеген ферменттерден, гормонд.дан тұрады. Қызметі: антиотрофикалық қан тамырды қоректендіру; адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) қызметі; антиотензивтік қызметі; Қан ұйыту (гемокоагуляция) болып табылады. Тромб.құрамында қан ұюын тездететін заттар болады.

 

 

29.Тыныс алудың жүйкелік  жолмен реттелуі

Тыныс алу ауадан оттегін  сіңіріп,көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген үрдістерді айтады. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу үрдісі жүреді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы бөлінеді. Бұл газ уақытысында сыртқа шығарылып тұрмаса, көптеген тіршілікке қажет үрдістер тоқтап, денеде су тұрақтылығы, жылу тұрақтылығы бұзылады да, адам өміріне қауіп төнеді. Демек, организм ауадан үздіксіз көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүре алады. Тыныс алу бес кезеңнен тұрады: 1-сыртқы тыныс алу. Ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру. 2-өкпе тіршілігіндегі газдар мен қан құрамындағы газ алмасуы. өкпе тіршілігіндегі газдар мен қан құрамындағы газ алмасуы. 3-газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы. 4-тін мен қан арасындағы газ алмасуы. 5-ішкі тыныс алу. Жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы, бұл биохимиялық үрдіс. Тынысалудың жүйкелік жолмен реттелуі:тыныс алудың жиілігі, тереңдігі оттегінің адамға қажет мөлшеріне және қандағы көмір қышқыл газ деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Демді ішке алу, шығару, тыныс алу еттерінің жиырылу арқылы іске асырылады. Тыныс алу еттерін жиырылтатын жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді:диафрагмалық жүйке нейрондары жұлынның 3-4 мойын сегментінің алдыңғы ашасында, ал қабырға аралық еттердің жүйке жасушалары жұлынның көкірек сегменттерінде орналасқан. Егер жұлын мен мидың түйіскен жерін кесіп тастаса, тыныс алу тоқтайды. Ал жұлынның сопақша ми мен байланысын бұзбай, оны мойын бөлімі мен көкірек бөлімінің түйіскен жерінен көлденең кессе, диафрагма еттері бұрынғысынша жиырыла береді, мұның арқасында тыныс алу тоқтамайды, бірақ қабырға аралық еттер тыныс алу үрдісіне қатыспайды.демек бұл тәжірибелер тыныс алу ми мен жұлын арқылы реттелетіндігін көрсетеді. Адам өз еркімен тынысын жиілете және тереңдеп алады, тіпті біразға дейін тоқтата да алады, бұл да тыныс алу үрдісін реттеуге ми, әсіресе, ми қыртысының қатысатындығын көрсетеді.

30. Жүрекбұлшықетініңқұрылысынасипаттамаберіңіз.

Жүрек – қалыңжолақтыеттентұратынтөртқуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай (250-300г ағза) жұмыр ағза. Жүреккөкірекқуысындаекіөкпеаралығыныңалдыңғыжағындаорналасқан, іріқантамырларғаілініп тұрады. Оныңұзындығы 12-15, ені 8-11 см, ұзынбілігіоңнансолға, жоғарыдантөмен, арттаналғақарайбағытталған. Жүрек ұшыкөкірекқуысындасолжақтағыбесіншіқабырғаға не қабырғааралығынатіреледі. Жүрекқуысынбітеупердеекігебөледі. Кейдежүректің осы екібөліміноңжүрек, солжүрекдепатайды. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуіжүрекше, екеуіқарынша. Жүрекше мен қарыншаныңарасындаатриовентрикулярлыққақпақшаларболады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі-эндокард, ортаңғы-миокард, сыртқы-эпикард. Эндокард жүрекқуысыніштейкөмкергенекі не үш жақтаулы және айшықтәріздіқақпақшаларғаайналады, әрқақпақшаэндокардтыңекіжапырақшасынантұрады. Миокард –жүректіңортаңғықабаты, олжолақтыетталшықтарынан тұратын ең қалың қабат. Эпикард-жүректісыртынанқаптайды, перикард-жүрекқабы. Эпикард пен перикард арасындажіңішкесаңылау, ондасероздысұйыөтыөболады, қажалудан сақтайды. Жүректің ортаңғы қабаты (миокард) өзаражарысаорналасқанетталшықтарынан тұрады. Етталшықтарытүйіскенжерлердеқатаржатқанекіталшықтыжалғастыратындискілер (мембрананыңжуандаужері) болады. Талшықтардыңдискілерарқылыбеттескенжеріннексусдепатайды. Нексустерарқылымиокардтақозуөте тез жайылады, өйткеніқозубірталшықтанекіншіталшыққамедиатордыңқатысуынсыз-ақ әрекет потенциалы күйінде өтеді, сондықтанәретталшығыжекеқозып, жекежиырылмайды, топтасыпжиырылады, яғнижүрекетіфункциялық синцитийретінде қызмет атқарады. Биологиядақұрылымдықсинцитийдегенұғым бар. Жүректіңжиырылып, босауымиокардтыңқызметі..\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Физиология ғылымының мақсаты және міндеттері жайлы түсіндіріңіз