Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 20:29, лекция
Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Ағзаның ішкі ортасы: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
Қан, құрамы мен қызметі
Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
Лимфа, құрамы мен қызметі
Ұлпа сұйықтығы, құрамы мен қызметі
Лимфа оны капиллярлардан ұлпа аралық кеңістікке қуған қысым мен етгердің жиырылуының әсерінен ағады. Майда лимфа тамырларында қысым су бағанасымен 8-10 мм деңгейінде болады. Көкірек өзегінің венамен қосылған жеріндегі қысым сынап бағанасымен 4-0 мм шамасында, демек ірі веналардағы қысыммен бірдей. Тыныштық жағдайда тек ас қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфа тоқтаусыз ағады. Басқа мүшелерден тынынттық кезінде лимфа ақпай-ды. Лимфа ағысын бұлшық еттің жиырылуы жылдамдатады. Тыныс алу қимылдары да лимфаның көкірек қуысына қарай жылжып ағуын қамтамасыз етеді.
Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойныңдағы лимфа тамырларында ол минутына 260-300 мм жылдамдықпен ағады. Вена тамырларында бұл аралықты қан бір секунд ішінде өтеді.
Ұлпа аралық қуыстардан шыққан
сұйық лимфа тамырларына
Лимфа тамырлары денеде дренаждык,
жүйе құрып, мүшелерден жасуша аралық
сұйықтың артық мөлшерін алып шығады.
Лимфа капиллярларының
Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде
жасушалардың жинақталуынан түзіледі.
Олар қантамырлардың айналасында орналасады.
Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша,
үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе
түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы
ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы
ойыстау жерінде артерияқантамырлары мен жүйкелер орналасқан.
Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан
түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа
түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын,құрса
Лимфа жуйесінің қызметі:
Лимфаның ағуы
Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді:
Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады.
Ұлпа сұйықтығы түссіз, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.
Жасушада түзілетін көмірқышқыл газ, су және т.б. зат алмасу өнімдерінің концентрациясы әр түрлі, сондықтан олар алдымен жасушалардан ұлпа сүйықтығына бөлінеді. Ұлпа сұйықтығынан қылтамырларға өтеді. Ұлпа сұйықтығы қылтамырлардың қабырғаларынан өтіп, жасушаларға қажетті заттарды жеткізеді. Бөліп шығарған қосылыстарды өзіне сіңіреді. Ұлпа сұйықтығы мүшелер мен ұлпалардың жасушаларын қан құрамының өзгеруіне байланысты әсерлерден қорғайды. Ұлпа сұйықтығы мүшелерден және лимфа тамырларынан ағып шығып, лимфаға айналады
Денедегі қан , лимфа ұлпа сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды ұлпа сұйықтығы әрбір жек торшаларды шая отырып оларды қоректендіруде , зат алмасу процесін қамтамасыз етуде зор роль атқарады. Дененің бірлігі –жарым ағзаларының ғана торшалары (бауыр, өкпе) қан капилиярларымен тікелей жанасады көпшілік ағзалар мен ұлпаларда капилярлар мен торшалар аралығында дәнекер ұлпа талшығымен , белокты біртекті заттармен ерекше торшарарлық сұйықпен толған қуыс орналасады ұлпа сұұйықтығы мен қан арасында алмасу процестері үздіксіз жүріп отырады оған қан мен ұлпалық сұйықтың осмостық қысымдарының айырмасы , капилярлардағы гидростатистикалық қысым деңгейі әсер етеді . қанның онкостық сынап бағанасымен 25-30мм , ұлпаларда ол ,2мм-ге тең, сондықтан су ұлпалардан қан тамырлар арнасына еркін өте алады . онқостық қысымға капиллярлардағы гидростатистикалық қысымға қарсы әсер етеді. Капиллярлардың артериялық бөлігіне оның деңгейі сынап бағанасымен 25-35мм жетеді , ұлпааралық кеңістікте ол сб 1 мм шамасында сақталады сондықтан су тамырларының бұл бөлігімен торшаралық саңылау өтеді ао капилярлардың веналық ұштарында гидростатистикалық қысым осмотық қысымнан төмен болғандықтан су ұлпадан қанға өтеді, демек ұлпа мен қан арасында үздіксіз су алмасу процесі жүріп отырады ұлпалық сұйықтық құрамы тұрақсыз, ол органның әрекетінің белсенділігіне қарай өзгеріп отырады.