Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 00:11, курсовая работа
Жұмыстың негізгі мақсаты орман ресурстарын экономикалық бағалауды зеттеу болып табылады.
Осы орындалатын жұмыста келесі міндеттер қойылған:
- Орман экономикалық бағалаудың методологиялық сұрақтарын
- қарастыру: орманды зат ретінде бағалау, орман жерлерің экономикалық бағалау, орман ресурстардың экономикалық бағалаудың әдістері мен критериялары қарастыру;
- Орман ресурстардың экономикалық бағалаудың методикаларын қарастыру.
Диаграмма 3.
1.1.6 Орман шаруашылығын механикаландыру
«Күршім орман шаруашылығы» КММ өзінің өндірістік мақсаттарын орындау үшін 4 дана көлеміндегі автотракторлық техника, сонымен қатар ауылшаруашылық жабдықтарымен және шағын механизация құралдарымен қамтамасыз етілген. Кәсіпорын жергілікті аймақтың табиғи-климаттық және маусымдық жағдайын есепке ала отырып, өртке қарсы жұмыстар, екпе ағаштарды кесуден, қоқыспен ластаудан және басқа да бұзушылықтардан күзету, аурулармен және зиянкестермен күресу мақсатында химиялық өңдеу, ағаштарды, бұталарды олардың сұлбасын тапсырылған формаға келтіру үшін және бұтақшалардың тепе-тең орналасуына жету үшін кесу мен отау, арамшөппен күресуге және ылғал жинауға бағытталған топырақты механикаландырылған түрде өңдеу кіретін агротехникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
Күршім орман шаруашылығының техникалары 01.01.2014 ж. жағдайы кестеде көрсетілген (кесте-8).
Кесте 5. Күршім орман шаруашылығының техникалары
Түрі |
Автокөлік маркасы |
Саны, дана |
1 |
2 |
3 |
Қызметтік |
ГАЗ – 3102 |
1 |
«Бақылау автокөлігі» |
ГАЗ – 31029 |
1 |
«Орманды қорғау» |
ГАЗ – 3110 |
1 |
Самосвал |
ГАЗ САЗ – 5612 |
1 |
Самосвал |
ЗИЛ ММЗ – 4502 |
1 |
Өрт сөндіргіш |
ГАЗ - 53 АЦ |
1 |
Өрт сөндіргіш |
ЗИЛ - 130 АЦ |
1 |
Доңғалақты |
МТЗ – 80 |
4 |
Тракторлы прицеп |
2 ПТС – 4 |
8 |
Барлығы |
22 |
1.2.1Табиғи-климаттық жағдайы
Күршім орман шаруашылығы сұлба бойынша Қазақстанның кешенді физика-географиялық ауданы Қазақстанның Алтай, Оңтүстік – Алтай таулы-орман аймақтарында орман өсетін жапырақты және аралас шыршалы, балқарағай, майқарағай, самырсын ормандары таралған.
Орман шаруашылық орналасқан ауданының климаты континентальды болып келеді, оның алуан түрілігі аумақтың терең ішкі континентальды жағдайына, сонымен қатар күрделі орографиялық ландшафтардың құрылысына қарап анықталады.Климаттық көрсеткіштерді есепке ала отырып (1-2-ші кесте), орман өсімдіктерінің бойына және дамуына кері әсерін тигізетін факторларды атап өтуге болады. Ең әуелі бұл жаңбырдың жылдар бойынша бірқалыпты емес түсуі. Жеке ылғалды жылдары олардың жиынтығы орта мөлшерден 2-3 рет арттуы мүмкін, ал құрғақшылық кезінде керісінше болады. Ауаның төмен температурасы және қардың шағын мөлшері терең топырақтың қатуына мүмкіндік туғызады.
Ауаның орташа жылдық температурасы бүкіл облыс бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай заңды көтеріледі. Аудан климатына әсер ететін күн жылуының жер бетіне түсу мөлшері. Күннің жылу беруінің жалпы қосынды мөлшері 2300 - 2400 С. Күн мен түннің теңелетін кезеңдері 22 желтоқсанда, 22 науырызда. Аудан маңында орташа жылдық температура 1˚С - 3˚ С, солтүстікте 0 ˚С, орта бөлікте – 1,8˚ С, ал оңтүстікте – 2,6˚С. Нағыз жылы айдың орташа айлық температурасы шілдеде 19˚ С – тан 21,03˚ С – ға дейін ауытқиды, ал басқа күндерде күн ыстық 40˚ С – қа дейін, тіпті кейде оңтүстік Қазақстандаға сияқты болады. Мысалы, 1931 жылы максимальды температура 50˚ С болып тіркелген. Нағыз суық айдың температурасы қаңтарда – облыс территориясында 17˚С-тан 18,1˚С, ал нағыз аязды күндерде температура – 47˚С болып тіркелген. Сонымен орташа жалдық амплитуда 38˚С – 40˚С жеткен. Тәулік ішінде температураның айырмашылығы үлкен. Көктемде, тіпті жылы күннен кейін де, қатты суық кейде керісінше болуы мүмкін. Әсіресе көктемде және күзгі салқын мен жылы кезде температурада күрт өзгерістер байқалады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңдері Шығыс Қазақстан облысының сәуірдің үшінші он күндігінен басталады да қазанның алғашқы он күндігінде аяқталады. Оның ауытқу ұзақтығы солтүстікте 167 күннен, оңтүстік аудандарда 178 күнге дейін созылады. Облыс бойынша ең жылы ай – шілде (20–22˚С), ең суық ай – қаңтар (17–20˚С). Қыстан көктемге, көктемнен жазға өтер тұста, әсіресе науырыздан сәуірге, сәуірден мамырға өтер кезде ауа температурасының күрт көтерілуі назар аудартады. Күздің алғашқы суығы көбінесе қыркүйектің ортасында және аяғында болады, ал көктемнің соңғы суығы – мамыр айының ортасында және аяғында байқалады. Аязсыз кезеңдер, мамыр мен қыркүйек айларын қосқанда орташа есеппен 110 – 135 күнге созылады. Бұл уақытта оңтүстікке осы температура мөлшері 2200 – 2600˚С жетеді. Осылайша жылу мен жарықтың мөлшері облыс бойынша негізгі ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының толық пісуі үшін жеткілікті.
Облыстың климатының құрылуына ауа массасының үш типі қатысады, біріншісі: облыс территориясында қоңыржай ендіктің континентальдық ауасы үстемдік етеді. Сондықтан қыста ол күшті суынады, ал жазда, керісінше ол өте қызады. Екіншісі. Бұл қысқы кезде ашық суық ауа райы және ыстық құрғақ жазды анықтайды. Қыста мұнда сібір антициклоны басып кіреді, ашық аязды ауа басым болады. Қоңыржай ендікте Атлант мұхитынан циклон түрінде басып кіретін ауа массасының ролі зор. Қыста олар жылылықты әкеледі, бұлынғыр күні қар жауады, ал жазда салқын найзағай жарқылдап, нөсер жауын – шашын әкеледі. Облыстың Атлант мұхитынан тым алыс жатуы, ауа массасының ерекше құрғақ болуы, атмосфералық ылғалдың Ресейден Еуропалық бөлігіндегі ендіктен кем болуына әкеп соғады. Солтүстік арктикалық ауа ешбір кедергісіз далалы өңірден өтеді, күрт және тез суынып қысқы күшті аяз ашық күндерде ал көктем мен күзде аздаған тоңазу болады. Үшіншісі: жылы кезде Орта Азияның шөлдерінен Шығыс Қазақстан облысына тропикалық ыстық Тұран ауасының массасы өтіп кетеді, ол ыстық құрғақ кездерде құрғақ аңызғақ желмен шаң борандарды әкеледі. Жылдың суық жартысында оңтүстік – батыс желдері басым болады, оның қыста қайталануы 43, күзде ерекше 37 – ге жетеді. Жылы кезде желдердің таралуы бағыт бойынша салыстырғанда біркелкі, бірақ батыстан соғатын желдер басым. Жыл мезгілінің ауысу кезінде көктемде және күзде (әсіресе солтүстік облыстарда жиірек) болады.
Желдің
орташа жылдамдығы 4 – 4,5 м/с, ал кейде
көктемнің соңында, жаздың басында
жел жылдамдығы 25 м/с дейін жетеді,
сондай кездерде құм – шаң
борандар болады. Жел көктем айларында
қатты соғады. Сондықтан топырақтың
жел эрозиясына шалдығуы осы
көктем айларында, егістік жерлер
өңделген кезде байқалады. Осыған
байланысты 1954 жылдарда, тың жерлер
жаппай көтерілген уақыттарда, облыс
көлемінде өте үлкен аймақта
тың жерлер облыс климат
Ормандардың климаттық және метеорологиялық қызметі. Ормандар метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты,егіс танабын,жолдарды,тұрғылықты жерлерді қорғауда пайдаланылады.
Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы мен ылғалдылығы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2-5ºС ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.
Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радиациясын 100% деп алсақ,онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі. Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса,шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.
Қылқанды ағаштардың дамуы мен өсуіне нашар ықпал ететін факторлар. Ерте күздік және кеш көктемгі суық, суықтың болмау ұзақтығы (118күн), аз вегетациондық (160күн) периодқа қарағанда, қатты желдің әсерінен ағаштың бұтағы мен діңгегіне ағаштардың бұзылуына әкеп соқтырады. Жеткілікті мол қардың түсуі себебінен жас қылқанды ағаштардың сынуына әкеледі. Негізінен осы жердің климаты келесі ағаштардың өсуіне қолайлы болып келеді : қарағай, шырша, балқарағай, самырсын, көктерек, қайың және т.б. Бүтіндей орман шаруашылығы бойынша орташа ағаштың бонитеті 1,8, осыған қарасақ топырақты-климаттық жағдайлары оптималды болып келеді.
Кесте 6. Климаттық көрсеткіштер
Көрсеткіштердің атауы |
Мәні |
Күнтізбелік күні |
1 |
2 |
3 |
орташа жылдық абсолютті максималды абсолютті минималды
күші, см. түсу уақыты орманда көшкіннің уақыты
қыс көктем жаз күз
м/сек қыс көктем жаз күз
|
3 38 -41 308 160 - - - -
10 - - 90
ОБ 60° СБ 85° СБ 80° ОБ 75°
2,0 3,0 4,0 3,0 66 |
- - - -
2.05 9.10 26.10 8.04
- 26.11 11.04 -
- - - -
- - - - - |
1.2.2 Топырақ жамылғысы
Орман шаруашылығының аумағында кеңінен тараған топырақтың типтері және түрлері (Соколов,1960, Цепер 1961).
Таулы-орман сұрқай топырақтары қалыптасу жағдайы таудың терең бедеріндегі тегістеген суайырық және таудың баурайларында, сонымен қатар делювиалдық шлейфтерде, пихталық жамылғының астында және жоғары өнімділігімен ( I-IIбонитет) көктерек-майқарағай қарайған ормандары кіреді.
Таулы-орман қышқыл топырақтары аз тұздалған солтүстік экспозициялық таулардың баурайларында, элювиалдық-делювиалдық гранит шөгінділерінде және пихталық, самырсын және жапырақты ормандардын астында таралған. Майқарағайдың өнімділігі – IV-V (III) бонитеттері, ал самырсын және жапырақты ормандардың бонитеттері – II-III (I). Топырақтың кескіні, әдетте шағын күші (50-95см), генетикалық қабаты нашар дифференцираланған.
Таулы-шабындық топырақтары әр түрлі дәнді алаңқайлардың орман зонасында құрылады. Бұдан басқа оңтүстік таулардың баурайында, батыс және шығыс жақтарында сиректеу болып келеді. Гумустың қабаты 50-70 см.
Шабындық топырақтың құрылуына 2-3 м терендікте жатқан жер асты суларының маңызы бар. Топырақтың құрылуы сулану режиміне, жер асты суларының минералдану сипатына, сол сияқты топырақ құрушы жыныстардың ерекшелігі мен өсімдіктеріне байланысты болады. Осы факторлардың қатынасына байланысты шабындық топырағының бір типі құрылады.
Таулы-далалық-шабындық топырақтары далалық-шабындық бірлестікпен ну бұталармен өсіріледі.
Осы топырақтардың
морфологиялық мінездемесі
Таулы – орман қаратопырақты топырақтары қайынды және теректі алқаптарының абсолюттік биіктіктерінде 800-ден 1500м аралығында пайда болады.
Гумустың қабаты 30 см дейін жетеді.
Таулы-шабындық альпілік топырақтары альпілік шабындық және тундраларда құрылады. Олардың айырмашылықтары шабындық қабатының (30-50 см) жақсы жетілгені.
Оларға тән гумустың жоғары мөлшері (15-20%).
Желдік эрозияға ұшыраған участіктер орманшылықта кездеспеді.
1.2.3 Гидрологиясы
Гидрологиялық
жағдайында орманшылықтың
Ең ірі су
ағысы Күршім өзені (230 км) орманшылықтың
территориясында орналасқан. Күршім
өзені бастауы Сарымсакты
Информация о работе ШҚО Күршім орман шаруашылығы КММ-сі туралы қысқаша сипаттама