ШҚО Күршім орман шаруашылығы КММ-сі туралы қысқаша сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 00:11, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаты орман ресурстарын экономикалық бағалауды зеттеу болып табылады.
Осы орындалатын жұмыста келесі міндеттер қойылған:
- Орман экономикалық бағалаудың методологиялық сұрақтарын
- қарастыру: орманды зат ретінде бағалау, орман жерлерің экономикалық бағалау, орман ресурстардың экономикалық бағалаудың әдістері мен критериялары қарастыру;
- Орман ресурстардың экономикалық бағалаудың методикаларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

данияр.docx

— 6.26 Мб (Скачать файл)

     Жаппай санитарлық кесулер - бұл кесулерді өртке шалдыққан екпелерде, жел сұлатпаларға және сұламаларға ұшыраған орман аймақтарында, сонымен қатар діңдердің 40% -нан астамын зиянды жәндіктер мекендеп алған ормандарда жасалады. Мұндай ағаш бітімдерінде іріктемелі санитарлық кесулерін жүргізу экономикалық жағынан тиімді емес және орман шаруашылығында қолайлы емес, себебі мұндай кесулер кезінде тым қатты кескіленген екпелер айтарлықтай көптеген қорғаныс қасиеттерін жоғалтады және ол өз кезегінде орманның сапа көрсеткіштерін төмендетеді.

   Санитарлық-сауықтыру  шараларының жоспарлары жыл сайын  жасалады және қажеттілігіне  қарай түзету жасалады. Оларда  өсімдіктер мен жануарлардың  сирек кездесетін және жойыла  басталған түрлерін,бірегей табиғи  қоғамдастықтарды, самырсын және  құнды ағаштарды қорғау жөніндегі  шаралар қарастырылады. Санитарлық-сауықтыру  шаралары көлемін жылдың токсандары  бойынша бөлу, екпелердің зақымдануының  мерзімдері мен ерекшелігін ағаш  тұқымдарының, зиянды жәндіктер  мен ауру қоздырушылардың биологиясы  ескеріліп жүргізіледі.Кеспеағаштарды  санитарлық кесуге бөлу және  жаңадан қоныстандырылған ағаштарды  іріктеп алу кесуден бір ай  бұрын көктем-жаз кезеңінде жүргізіледі, бұл орайда жалпақ жапырақты  ормандарда тек жапырақтар болған  жағдайда ғана бөлуге рұқсат  етіледі. Кесуге арналған барлық  ағаштар таңбалануға тиіс, сол  кеуден кейін түбір кесінді  таңбаланады. Санитарлық мақсатта ағаш кесуге ағаштар кесуді жылдың 1 маусымына дейiн, ерте жазда - 1 тамызға дейін, кешiрек жазда және күзде - келесі жылдың 1 мамырына дейiн аяқтау қажет.

IV-БӨЛІМ

4.1 Орманды жанама пайдалану

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағындағы орманды жанама пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану тәртібін айқындайды, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерін реттейді: марал өсіру, аң өсіру, ара ұялары мен омарталар орналастыру, көкөніс өсіру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер, мүк, орман төсеніші және жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау. Рұқсат беретін құжаттары жоқ жеке тұлғалар өздерінің қажеттілігі үшін жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрілік шикізат және өзге де жанама орман ресурстарын жинауды жүзеге асырады.          Мемлекеттік орман қоры учаскесі жанама орман пайдаланудың бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше орман пайдаланушыға беріледі.

   Орманды қосымша пайдаланудағы  ең көп тарағаны ол шөп шабу мен мал бағу. Орманда үй хайуанаттары қоректенетін шөптесін өсімдіктердің учаскелері өте көп. Бұл учаскелер  өзен жағалауларында, орман бұлақтарында, төмендетілген жерлерде және т.б. орналасқан. Одан басқа, жапырақты ағаш сүректерінің асты шөптерге өте бай, олар толық және өте тығыз болып келеді. Биік толықтанған жапырақты ағаш сүрегінің (0,8-0,9) астында дымқыл шөптер өнімі – 0,2-0,3 т/га, ал төмен толықтанғандарда (0,3-0,4) – 1,8-2,8 т/га. Қылқан жапырақты ормандарда шөптердің өнімі 1,5 есе төмен. 

   Орманшылықтағы орман  ұйымдастыру жұмыстары бойынша 10га  жетерлік шөп шабылатын жерлері  бар. Орташа өнімділігі – 15ц/га (8-сурет).

 

 

8-сурет. Шөп жинау науқанында

 

 

 

Кесте-11. Ауыл шаруашылық жерлерді бөлу және шабылатын пайдалынылатын жерлерді  жақсарту жұмыстары

 

Барлығы

шөп шабылатын жерлер

жүргізілетін жұмыстар

егістік

шабылатын

құрғақ

дымқыл

тамырлы жақсарту

үстінен жақсатру

5

10

5

-

-

-


 

 Ағаш егу үшін кесілген жерлерде орнату және орманды егу алдында аз уақыт аралықты (3 жылға дейін) немесе көп уақыт аралықты (3-10 ж) қолданады, ал шөп шабу үшін күнделікті қолдануды қолданады және үйінде малдары бар адамдар жерлерді бөліп алады. Шөп шабу үшін орман билеті негіз болып табылады, мұнда жер иесінің міндеті және құқығы анықталады. Мал бағу шөп шабу сияқты орман аудандарында маңызды рөл атқарады. Екпелердің арасында шөптер көп жерлерде бағады. Малды жаңадан қалыптастырылған ормандарда және жас дақылдар арасында бағуға рұқсат етілмейді.Мал бағуға болмайтын жерлердің ең негізгісі ол шаруашылық үшін ең маңызды да бағалы биік ағаштар арасы. Егер ағаштар биіктігі малдардың биіктігінен жоғары болса, онда ол жерлерде  мал бағуға болмайды. Малдарды аса бағалы орман массивтерінеде, қорықтарда, тарихи және ғылыми маңызы бар ормандарда, саябақтарда бағуға болмайды. Жалпы жағдай сияқты ешкілерді орманда бағуға болмайды.

  Орман жеміс, жидек саңырауқұлақ және дәрілік өсімдіктерді жинап дайындау - Орманды жанама пайдаланудың бұл түрлері өте кең тараған. Бұған жататындар  грек жаңғағы, самырсын, талшын, шамшит, алма, өрік, қарақаттар, т.б. жидектер,  бүлдірген түрлері   өседі.  Бұлар  нәруызға бай, химиялық құрамы көкөніске жақын.  Өнімі шығымды жылдары 1 га 2-5 мың  дана жинауға болады.

  Орман шаруашылығының  учаскісінде марал өсіру шаруашылығы  соңғы жылдары біршама дамып  келе жатыр. Олардың медицинада  пайдасы көп. Маралиха ауылындағы  «Маралби» ЖШС-гі фермасында өсіреді. Қазіргі кезде  маралдардың  саны  шамамен 200 басқа жуық. Оларды негізінде  «Пант» немесе мүйізі үшін  өсіріледі.  Мүйіздердің кесу  уақыты мамырда басталады.  «Маралби»  ЖШС-нің жобасына сәйкес ферманың  жұмыс істеу үшін шабындық  және жайылымдық жерлері енеді.

 

10-сурет. « Маралби» ЖШС-нің  қожалығы.

  Бал шаруашылығы осы  аумақта жақсы дамыған. Негізінде, ара ұялары мен омарталар орман шеттерінен, алаңқайлардан және орман көмкерілген басқа да жерлерде орналастырады. Тұрақты омарталар үшін учаскелер ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушыларға арнайы бекітіп берілген учаскелерден беріледі. Қазіргі кезде орман шаруашылығының орман қорының территориясында 50-ге жуық омарталар бар. Бір омарта  жылына шамамен 100 кг-ға дейін бал ала алады.

 

10-сурет. Ара ұялары мен  омарталар.

 

4.2 Туристік пайдалану

   Қазіргі кезде экологиялық туризм әлем бойынша танымал болып келеді. Қазақстанда туризмнің даму бағыттары дәстүрлі емес туризмнің дамуының арқасында дамып келеді, яғни табиғат байлықтарды пайдалану, климаттың әртүрлілігі және жер бедерілері, тарихи  және мәдениеттік мирас қорлар болып табылады.

 

11-сурет.  Күршім  өзені.

 Осы өңірдің туризм саласы енд бірте бірте дамып келе жатыр.

 

 

 

4.3 Өртке қарсы қауіпсіздік іс-шаралар

   Екпе орманды өрттен  қорғау үшін өртке қарсы шаралар  құрастырылған. Екпе орман құрғаннан кейін оның шекарасынның жан-жағына минералды жолақпен жиектейміз. Минералды жолақты жалпақтығы 1,4 м-ден кем емес топырақ өңдейтін құрал көмегімен жасалынады. Өрт қауіпсіздік шаралар. Жобалау және екпе орманды құру кезінде өртке қарсы шаралар жүйесін, орман өрттерін ескерту бағыттарына негізгі көңілді бөлу керек. Осы мақсатта жаңадан құрылатың екпе орманға кешенді өртке қарсы шаралар жүргізу керек:

  • белгілі жүйе бойынша жапырақтылар түрін отырғызу жолымен екпе орман құрамын реттеу;
  • екпе орман участоктерін блоктарға 25га-дан көп емес ауданға бөледі.

Көрсетілген блоктар өртке қарсы кедергілермен жиектелген болуы керек. Өрт қауіпсіздік кедергілерінің жалпақтығы 6-8м кем емес болуы керек. Оларды бульдозер және топырақ өңдейтін құрал көлігімен жасайды.

Өрт қауіпсіздік кедергілеріне поезд, автотранспорт үшін жалпақтығы 4м жол кіреді, оның екі жағын топырақ өңдейтің құрал көмегімен 1,4м. Кеме емес минералды жолақ құрады. Әрбір минералды жолақтың іш жағынан жапырақты ағаш түрінен ықтырма өсіреді.

Екпе орман массивтерінің барлық жағы минералды жолақтармен немесе арықтармен немесе соқалы қарықпен жиектелген болуы тиіс.

Екпе орманның кең участігін жақын өрт қауіпсіздік көлемі 100мі кем емес суқоймасын және оларға кіреберіс жолдан құру керек.

 

 

4.4 Еңбек қорғау

 

     Жобада еңбекті қорғаудың келесі шаралары қарастырылады:

  1. Қауіпсіздік техникасы бойынша насихаттау жұмыстары;
  2. Спорттық шаралар түрлерін өткізу жөнінде сақтандыру келісім шарттарын жасау;
  3. Тәжірибесі мол фирмалардан құрал жабдықтар сатып алу;
  4. Жарақат алу жағдайларын талдай отырып, олардың болашақта болдырмау шараларын қарастыру;
  5. Таулы өңір үшін ауа-райы жағдайы туралы ақпарат беру;
  6. Байланыс құралдарымен: рациямен, пейджермен және т.б. қамтамасыз ету;
  7. Орындалатын жұмысқа байланысты жұмыс киіміне сәйкес болуы тиіс.

   Жыл сайын барлық  жұмыскерлерді 10 сағаттық бағдарлама  бойынша еңбек қорғаудан сабақтар  өткізіледі.

   Ай сайын бір  немесе екі учаскенің еңбек  қорғау жағдайын тексеріп, нәтижелеріне  акт толтырады.

   Екпе орман жұмыстары-алаңшалар  тазалау, топырақты дайындау, орманда  екпелер және сеппелермен отырғызу, орман питомниктердегі жұмыстар  ұйымдастырылып технологиялық партаға  сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұл карта  басты орманшымен бекітіледі.

   Картада алаңшаның  көлеміне байланысты, жұмыстың әдісі  мен реті, жергілікті жердің рельефі  қолдағы механикалық құралдардың  барлығы және қауіпсіздік шаралары  көрсетіледі.

   Бригадалар екпе  орман жұмыстарында жылынатын  және демалыс орындарымен және  ыстық тамақ ішетін орын, ауыз  сумен, дәрігерлік көмек көрсетілгенге  дейінгі дәрі-дәрмектермен қамтамассыз  етілуі керек. Екпе орман жұмыстарын  істеуге рұқсат етілмейді.

   Жел жылдамдығы 11 м/с көп болса, найзағайлы селді  жауында, қою тұманда (көріну қашықтығы 50 м төмен) болса.

   Екпе орман жұмыстары  жүргізілуге арналған алаңшалар  алдын-ала зерттелінеді, міндетті  түрде, демалыс орындары көрсетілген.

   Қауіпті жерлер (жыралар, шұңқырлар, тастар т.б.) және демалыс  орындары ескертуші белгілермен  қоршалады. ГОСТ 12.4026-76.

   Орман шаруашылық  машиналары жұмыс, істегенде қамтамасыз  ету.

   Адамдардың жалпы  құралдардың үстінде және көтеріп  түсіргенде жанында тұрмауын  машинаның бұрылуын кедергі жоқ  жерлерде жүзеге асыру керек.

   Машина кедергілерден  өткенде тек бірінші бірлікте  қозғалады.

   Сонымен қатар  құралған ағаштардан өтуі тік  бұрышпен ал кішірек шұңқырлардан  өту бұрыштағы 15-20º агрегат қозғалысының  өсіне ор жыралардан өтетін  мықты төсеніштер құрастыру.

   Ауыстыру аспалы (тіркемелі) құрал жабдықтарды транспорттық  жағдайда кедергілерден өткен  кезде және машина бұрылғанда  қосымша оның бір алаңға өткенде: жұмыс мөлшерін өсімдік қалдықтарынан  тазарту және жерді арнайы  тазартқыштармен тазарту машина  тоқтағаннан кейін жерге батырылған  құралмен машинаны бұруға рұқсат  етілмейді.

   Тіркегіш немесе  ілгіш құралдарды ауыстырғанда  және туралағанда тракторды тегіс  жерге қойып, құрал жабдықты жерге  түсіріп немесе арнайы қойғышқа  қойып двигательді өшіріп трактормен  құрал жабдықтың өзінен-өзі қозғалып  кетуін ескеру қажет.

   Көпірлерден, дамбалардан, платиналардан өткенде олардың  жағдайы жол белгілерімен белгіленбесе  алдын-ала дұрыстығына көз жеткізу  керек. Пестицидтерді қолдана отырып  топырақ өңдегенде, орманды сепкенде  отырғызғанда қауіпсіздік жағдайларын  ескеру қажет.

   Топырақты қолмен  дайындағанда және өңдегенде  жұмысшылардың орналасуы бір-бірімен 3 метрден аз қашықтықта болмауы  керек.

   Жаңартылған және  қайта дайындалған құралдармен  жабдықтар стандартты еңбек қауіпсіздік  сұраныстарына сәйкес болуы керек.

   Еңбек қорғау –  әлеуметтік – экономикалық, техникалық, гигиеналық және адамның жұмыс  барысында денсаулық қорғау және  қауіпсіздікті қамтамасыз ететін  емдік-профилактикалық іс-шаралар. Ол өндірістік жарақаттың пайда  болу себептерін, аурулар, жарылыс, өрт мәселелерін зерттейді және  оларды алдын алу, қауіпсіз және  еңбек жағдайын зерттейді. Еңбек  қорғау міндет – әр түрлі  жоспарлы шараларды ұйымдастыру  жолымен адам денсаулығына қауіпті  және зиянды фактолар әсерін  барынша төмендету, жұмыскерлердің  төтенше жағдайлар мен ауруларға  шалдықпауын барынша азайту, еңбек  жүргізуді жоғары өнімділікке  қол жеткізетін ыңғайлы жағдайлармен  қамтамасыздандыру болып табылады.

Информация о работе ШҚО Күршім орман шаруашылығы КММ-сі туралы қысқаша сипаттама