ШҚО Күршім орман шаруашылығы КММ-сі туралы қысқаша сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 00:11, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаты орман ресурстарын экономикалық бағалауды зеттеу болып табылады.
Осы орындалатын жұмыста келесі міндеттер қойылған:
- Орман экономикалық бағалаудың методологиялық сұрақтарын
- қарастыру: орманды зат ретінде бағалау, орман жерлерің экономикалық бағалау, орман ресурстардың экономикалық бағалаудың әдістері мен критериялары қарастыру;
- Орман ресурстардың экономикалық бағалаудың методикаларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

данияр.docx

— 6.26 Мб (Скачать файл)

    Күршім өзенінің  су ағысының өзгешілігі оның  тасқындары толқынды мінез болып  келеді. Олардың арналары жартастармен  толтырылған, осыдан иірім пайда болады.

    Орманшылықтың  территориясында ағып өтетін  өзендердің қоректенуі қардың  еруіне байланысты болып келеді.

    Орманшылықтың  территориясында гидромелиоративтік  желілер жоқ. Жер асты сулардың  тереңдігі 1-ден 8 метрге дейін, ал  кейбір жерлеріде олар бұлақ  түрінде жер үстінде шығады.

    Орманшылықтың  территориясында батпақты жерлер  сансыз көп емес,олардың өзен, тау беткейлерінде, алқаптарда орналасқан.

    Олар жер асты  сулармен қоректенеді.

Жалпыда, орманшылықтың территориясындағы табиғи-климаттық жағдайы қатаң, сондықтан да интродуцияланған ағаштардың тұқымдары онша өспейді.

 

Кесте 7. Орманшылықтың территориясында орналасқан өзен және басқа су қоймаларына сипаттама

Өзен және су қоймалары

Өзеннің ағып құйылуы

Ұзындығы, км

1

2

3

Күршім

Ертіс

230

Жіңішке

Күршім

75

Бұланды

-

38

Жаманкинсу

-

25

Киинсу

-

35

Кумурза

-

34

Маралды

-

57

Рахман

Маралды

23

Тополевка

-

24

Чаловка

Күршім

24

Брусовая

-

19

Путочная

-

32


 

 

 

II-БӨЛІМ

Екпе орман жұмыстары

2.1 Орман питомниктер

   Орман шаруашылығындағы  ағаш және бұта көшеттеріне  мұқтаждықтарын қанағаттандыру  үшін орман питомниктері құрылды. Өзінің ауданына және уақыт  мерзіміне қарай орман питомниктер  екіге бөлінеді: уақытша және  тұрақты питомниктер. Уақытша орман  питомниктері орманды қалпына  келтіру мақсатымен отырғызылатын  материалдарды өсіру. Уақытша орман  питомниктерінің уақыт мерзімі 5 жылға дейін. Олардың ауданы әдетте  үлкен емес, 1-3 га жерге дейін  болады. Тұрақты орман питомниктері  отырғызылатын материалдарды ұзақ  уақыт аралығында ұйымдастыру  болып табылады. Ауданы бойынша  ұсақ (5-10 га), орташа (10-20 га) және ірі (20 га аса) болып бөлінеді. Тұрақты  орман питомниктерінде отырғызылатын  материалдар бірнеше орманшылықты  қамтамасыз етуге болады.

 

 

 

3-сурет. Кәдімгі шырша сеппелері

4-сурет. Қарағай сеппелерін  көлеңкелеу 

5-сурет.Қарағай сеппелерін  көлеңкелеу

 

01.01.2014 жағдайына қарағанда  орман шаруашылығында 2 тұрақты орман  питомнигі бар, жалпы ауданы 14 га,  жалпы көлемі  4 га  2  уақытша орман питомнигі бар (кесте –8 ).

 

 

Кесте 8. Тұрақты орман питомниктері 01.01.2014ж. жағдайына байланысты

 

Орманшылық

Жалпы ауданы,

га

Себілген 2013 г.

га

2-дық және одан үлкен екпе  көшеттерін өсіру

Барлығы, дана

Стандартты

га

дана

Жоспар бойынша %

1.Шырдаяқ

5,5

0,1

500

0,2

500

68

2.Пугачев

8,5

0,22

450

0,5

450

45

Барлығы

14

0,32

900

0,7

900

113


 

 

   Күршім орман шаруашылығының  орман питомниктерінде 2013 жылы стандартты  отырғызылған материалдардың 400 данасы  өсірілген болатын, мекеме бойынша  орташа шығу 113% (қарағай бойынша).

   Питомниктерде негізгі  отырғызылатын материалдардан қарағай  өсіріледі,  айтарлықтай аз мөлшерде  – балқарағай және шырша, үлкен  емес  мөлшерде – теректер  және басқа да жапырақтылар  өсіріледі.

   Тұрақты орман  питомниктерінде сеппе және мектеп  бөлімдері ұйымдастырылған. Сеппе  бөлімінде ашық және қорғалған  жылыжайларда екпе көшеттерін  өсіреді. Мектеп бөлімінде екпе  көшеттерден немесе кесінділерден  декоративтік және жемісті ағаш  көшеттерін өсіреді.

   Күршім орман шаруашылығы ММ қазақстандық теректі өсірумен айналысады. Тез өскіш ағаш  ландшафтық көгалдандыруда кең қолданылады. Қазақстандық-терек жылына 1-1,5м биіктікке өседі, сондықтан да оны тез өскіш ағаштардың қатарына қосады. Оның негізгі ерекшелігі мамықтың болмауы болып табылады.

 

 

6-сурет. Қазақстандық-терек  сеппелері

7-сурет.

Орманшылық аумағында  отырғызылатын материалдарға органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылады. Сеппе бөліміндегі питомниктерінде аммиакті селитра, суперфосфат және хлорлы калиймен құнарландыру жұмыстары өткізіледі. Питомниктерде арамшөппен күресу үшін себілген жерлерді симазин, атразин және раундаппен өңдеу керек.

      Қазіргі  уақытта  жасап  тұрған  питомниктердің  аудандары отырғызылған  материалдар  түгелдей орманшылықтың қажеттілігін  қанағаттандырады.

 

III-БӨЛІМ

Орман шаруашылық жұмыстары

3.1.Күтіп-баптау мақсатындағы кесу

 

Орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу жоғары дәрежеде пісіп-жетілген (0,8-1,0) екпелер пайда болған сәттен бастап жүргізіледі және әдетте басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу жүргізуге жол берілетін екпелерде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге дейін жарты сыныпта аяқталады және басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге жол берілмейтін екпелерде өсу кезеңі бойына жүргізіледі. Орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіліенген орман пайдалануды шектеу режимдері ескеріле отырып, мемлекеттңк орман қорының барлық санаттарының ормандарында жүргізіледі.

Екпелердің жасына (даму кезеңіне) және тұқымдық құрамына қарай орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудің мынадайтүрлері: жарықтандыру, тазарту, сирету, және өтпелі ағаш кесу жүргізіледі (Кесте-9).

Ағаш кесудің жекелеген түрлерінің мақсаты мыналар болып табылады:

Жарықтандыру – аралас жас шыбықтарда құрамды күтіп-баптау және жиілігін реттеу. Тазарту жасында күтіп-баптаудың осы түрі негізінен басты тұқымдардыңекпелер құрамына қажетті мөлшерде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс;

Тазарту – екпелер құрамы мен пішінің күтіп-баптау, сондай-ақ оның жиілігін реттеу;

Сирету – екпелердіңсапасы мен құрылымын жақсарту үшін дің мен ұшарбастың пішінін күтіп-баптау;

Өтпелі ағаш кесу – таңдаулы ағаштарда өскінді көбейту, техникалық тұрғыдан пісіп-жетілген сүректіңсапасын бір мезгілде арттыра отырып, оны  өсіру мерзімін қысқарту және екпелерді бастыағаш кесіге дайындау мақсатында екпелердікүтіп баптау.

Орманның төменгi сатысында (қабатында) басты ағаш түрі бар күрделi алқа ағаштарда күтiп-баптау кесулерiн жүргiзгенде, оның түрi сиретілетін жоғарғы сатының (қабаттың) жасымен анықталады.

 

Кесте-9. Күтiп-баптау кесулерiнiң түрлерi және оларды жүргізу уақыты

 

 

Күтiп-баптау

кесу түрлерi

Алқа ағаштарды күтiп-баптау кесулерi тағайындалатын жас

қылқан жапырақты ағашар

тұқымнан өскен және аралас тектi емен, шаған, үйеңкi

қайың, көк терек, қара қандыағаш

терек,

сұр қандыағаш

Жарықтандыру

10 жылға дейiн

10 жылға дейiн

10 жылға дейiн

5 жылға дейiн

Тазартпалы

11-20

11-20

11-20

6-10

Сиретпелі

21-40

21-40

21-30

11-20

Өтпелi

41 және

одан жоғары

41 және

одан жоғары

31 және

одан жоғары

21 және

одан жоғары


 

Күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу екпелердiң селекциялық-генетикалық қасиеттерi мен биологиялық орнықтылығын төмендетпей, орманды одан әрi кезең-кезеңмен пайдалану ескерiле отырып жүзеге асырылады. Аталған күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу түрлерi оларды қолдану рұқсат етілген екпелерде олардың жасына, құрамына, өнiмдiлiгiне, ұшарбастарының майысуына немесе жуандығына байланысты жүргiзiледi (Кесте-10). 

 

Күтім жасау мақсатыңдағы ағаш кесу түрлері

Сүрекдіңнің даму фазасы

Бонитет сыныбы

Екпелердің жасы (жыл)

Қылқан жапырақты

Жапырақты

Самырсыннан басқа қылқан жапырақты

Самырсын

Қылқан жапырақты

Емен,шаған,шегіршін

Қайың,терек

Бұтақ,терек, қараттерек

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жарық түсіру

Ұшар  
басының  
жанасуы

1-3  
4-5

-  
-

10 дейін  
20 дейін

5-10  
8-15

10 дейін  
15 дейін

-  
-

-  
-

Тазалау

Шатқал

1-3  
4-5

11-20  
15-20

11-20  
21-40

11-20  
16-30

11-20  
16-30

11-20  
16-30

6-10  
-

Сирету

Сырғауыл

1-3  
4-5

21-40  
21-60

21-60  
41-60

21-40  
31-60

21-40  
31-50

21-30  
31-40

11-15  
-

Өтпелі ағаш кесу

Көлемі  
бойынша  
күшейіп  
өсуі

1-3  
   
4-5

41 және  
одан көп  
61 және  
одан көп

61-160  
61-160

41 және одан көп 61 және одан  
көп

41 және  
одан көп  
51 және  
одан көп

31 және  
одан көп  
41 және  
одан көп

16 және  
одан көп  
-



 

 

Кесте-10.Орманшылықтың орман қоры учаскілерінде күтім жасау мақсатында ағаш кесу түрлері және оларды жүргізудің жас шегі  

Күтімдік кесуді жүргізу технологиясы

Кесуді  жүргізуден  бұрын әрбір кварталға технология картасы жасалады. Картада барлық кесудің түрлері, көлемі қосалқы массасы ( м3). Кесілген  ағаштарды сүйретіп  бір жерге жинау әдісі.

Кесілген жерді тазалау, технология кртасының жобасы ағаштарды артатын жер жұмыстың орындалу мерзімі, жұмыстың нормасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.

Бірінші –танологиялық коридорлар кесіледі (ағаштарды сүйретіп шығаратын  жолдар). Кесуді ағаш артатын жердің арғы шетінен  бастайды. Ағаштың түпжағы тасылатын  жаққа қаратылып кесіледі жіңішке ағаштар 15 данадан жиналып  сүйретіледі.  Бағыты 30-400 кесілген ірі ағаштардың бұтақтары тазартылады және  сынған ағаштардан тазартылады. Ал қолдан отырғызылған  ормандарда күтімдік кесу жүргізілгенде технолгиялық коридорда  бұталарды кесіп  жасайды. Ал негізгі ағаш  түрлерінің қатары 7-10 болса, олардың бір қатарын кесіп технология коридорын жасауға болады. 11-15 қатар болса 2 қатары кесіледі. Бұтақтар, сынған қоқыстар  жиналып жағылып не болмаса үгіліп қалдырылады. Олар шіріп топырақты өңдейді. Кесілген  ағаштардың түбір биіктігі жуандығына байланысты. d=30см болса, түбір биіктігі 10см болу керек. Ағаш кесуге бензинді  «Дружба»-4, Тайга-214, секор-2, секор-3, электрлі  «Арум» бұтақ  кескіш аралар қолданылады.

Кесілген ағаштарды  сүйретіп шығару үшін жалпы пайдаланатын тракторлар 0,6; 0,9; 1,4; 2,0. Бұлар лебедкамен, троспен, локерлермен жабдықталған  құрылымды саймандар.

Кварталда барлық жұмыс біткенен кейін 20 күннен көп асырмай, кесілген жерге, арнайы  «акты» жасалынады. Актіде  қанша  ағаш кесіледі (текше метр) сапасы қандай. Бұл  құжат  ағаш  кесу  билетіне тігіледі. Кесілген сүректің барлығы жеке-жеке кесудің түрлеріне бөлініп «Күтімдік кесу» кітабына жазылады.

Бұл  күтімдік кесу әдісін қолдану 30% қаржыға кіріс кіргізеді, 18% еңбектің өнімділігін  жоғарлатып, 8% сүректің іске жарамдылығын арттырады.

 

 

 

3.2 Сауықтандыру мақсатындағы санитарлық кесулер

 

Орманшылықта жүргізілетін күту кесулерінің негізгі түрлерінің бірі санитарлық кесулер, ағаш бітіміндегі бұталарды кесу, майда тоғайларды жаңғырту және ашық алаңдарды күту жұмыстары кіреді. Санитарлық кесулер – орман жағдайларын жақсарту мақсатындағы кесулер, ол кесу жұмыстарында ауырған, зақымданған және қурап қалған жеке ағаштарды  немесе бүкіл ағаш бітімін алып тастайды. Ағаш бітіміндегі санитарлық кесулер, өздік іс-шаралары сияқты негізгі күту кесулерінің бір түрі уақытында жасалмаған кезде, көп жағдайларда зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақ  ауруларының ошақтары пайда болған кезде, көп жағдайларда зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақ ауруларының ошақтары пайда болған кезде, санитарлық кесулердің тапсырмалары да қоса жасалынады. Бірақ мұндай санитарлық  жағдайларына қанағатсызданатын ағаш бітімдері болады, оларға міндетті түрде көптеген ауруларға және зиянды жәндіктердің көбінесе көбеюіне қарсы белгі беретін санитарлық кесулер тағайындалуы тиіс. Ол екпелерді сауықтыру үшін және келешекте жақсы сүрек алу үшін өте қажет. Санитарлық сауықтыру шаралары жүмыстар түрлерi бойынша жеке-дара жоспарланады, бұл орайда санитарлық iрiктеп және жаппай кесу аралық мақсатта пайдалану кесуiнiң жалпы көлемiне және басқадай кесу көлемiне сәйкес кесудiң жалпы көлемiне жекелей бөлiп көрсетiледi.  
     Санитарлық-сауықтыру шаралары көлемiн жоспарлау кезiнде олардың алқабы жүргiзiлетiн шаралар түрлерi және бiр гектар жерден, барлық алқаптан кесiлетiн ағаштардың саны бойынша көрсетiледi құнды (өтiмдi) ағаштың, оның iшiнде iс ағаштардың үлесi кеспе ағаштарды материалдық ақшалай бағалау негiзiнде белгiленедi. Санитарлық кесулерді іріктемелі және жаппай деп 2-ге бөледі. Іріктемелі санитарлық кесулер ағаш бітімінің барлық жас класстарында жасалады. Олардың ішінен жел сұлатпаларға, сұламаларға, қар сұлатпаларға ұшыраған, суалу кезіндегі және өліп қалған ағаштарды іріктеп, сонымен қатар саңырауқұлақ ауруларымен зақымдалған және зиянды жәндіктермен жауланған ағаш даналарын кеседі. Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесудi жүргізу орман орналастыру деректерi немесе арнайы орман патологиялық тексеру негізiнде жоспарланады.  Ағаштарды кесуге iрiктеудi және таңбалауды орманшылар, олардың көмекшiлерi немесе учаскелiк техниктер (орман шеберлерi) жүргiзедi. Өндірілетін ағаш бітімдерінің сапасын түсірмейтін негізгі белгілерінің бірі іріктелмелі санитарлық кесулерден кейінгі ағаш бітімдерінің толықтығы болып табылады. Кесілген ағаштар орта жастағы ағаштардың толықтығын кем дегенде 0,7-ден артық, ал пісіп келе жатқан және пісіп болған ағаш бітімдерін кем дегенде 0,6-дан артық төмендетпеуі тиіс.

Информация о работе ШҚО Күршім орман шаруашылығы КММ-сі туралы қысқаша сипаттама