Түйе өнімдерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:16, реферат

Описание работы

Түйе – сүтқоректі жануар. Бұл әлемнің құрғақ өңірлерінде – шөлдерде, жартылай шөл, далаларда өмір сүруге бейімделген ірі жануар. Қазақстанда түйенің байырғы тұқымы болып табылатын қазақтың қосөркеш түйесі бактриан немесе қолға үйренген жануар ретінде белгілі бірөркешті дромадер кең тараған. Үлкен түйенің салмағы – 500-800 кг, өнімге қабілетті жасы 2-3 жастан басталады. Түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Бұл сүтқоректілер қатал әрі сусыз жерлерде өмір сүруге жақсы бейімделген. Қалың терісі күндізгі қапырықтан және түнгі суықтан қорғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерекшеліктеріне ие. Ересек түйелердің (ересек даму кезеңінде) таза салмағы орта есеппен 600-630 кг құрайды, аналық түйе – 450-500 кг, 53% сойыстық шығым, ал жүн қырқымы бір ересек түйеден орта есеппен 5 кг.

Содержание работы

Түйе, оның өнімдері және түйе өніміне байланысты мемлекеттік саясат.
Түйенің өнімдерінің ерекшеліктері
Шұбат
Түйенің ет өнімділігі
Түйенің жүн өнімділігі
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Түйе өнімдерінің ерекшеліктері.docx

— 922.69 Кб (Скачать файл)

 Екі жасқа дейінгі боталарды  қоңдылық дәрежесі бойынша бірінші  топқа жатқызады, олар 250 кг-нан  кем түспейді. Бұлшық еттері жақсы  немесе қанағаттанарлық дамыған  болуы қажет.

Қоңдылығы жоғары бура

Қоңдылығы орташа түйе

Қоңдылығы төмен бура.

 

 

2.3.Түйенің жүн өнімділігі

      

 Түйеден алынатын өнімнің  бірі – жүн. Түрлі табиғи  жүндердің ішінде түйе жүні  өзінің технологиялық қасиеті  жағынан ерекше орын алады.  Өйткені тоқыма өндірісі үшін  түйе жүні құнды шикізат болып  табылады. Ал құрамы жағынан түбіт  жүн, ұзын талшықты және шуда  болып бөлінеді. Түйе жүнінен  тоқылған бұйымдар өте жоғары  бағаға ие.     

 Ата-бабаларымыз белі, сегізкөзі ауыратын науқас адамдарға  шудадан жалпақ белбеу жасап,  белін буған. Шуданы ыстық суға  шылап, сарысу ұялаған жерге  таңса, сол жердің ісігінің  тез арада тарайтынын халық  емінен білеміз. Ұзын талшықты  түйе жүнінен тоқылған маталар  көбінесе жамылғы көрпе жасауға  пайдаланылады.        

 Түйе жүні өзінің  морфологиялық құрамы жағынан  үш түрлі талшықтардан тұрады: түбіт, аралық қылшық және қылшық. Ең көп түбіт талшықтары (95,1%) қазақы  тұқымның тайлақ жүндерінде болады. Түбіт талшықтарының ұзындығы  түйе тұқымына және дененің  қай жерінде орналасуына байланысты  қалмақ бураларында 4,3-6,5 см, 2-3 жасар  буыршындарда 4,8-7,3 см, ал інгендердің  көпшілігінің жүні жұмсақ талшықты, ұзындығы 5-9 см болады.  

      Түйе жүнінде түбіт мол келеді және өлі қыл мен шуаш болмайды. Жүн талшығының  беріктігі жөнінен түйе жүні барлық қой жүнінен асып түседі, яғни талшықтарының жіңішелігі  15,5-17,4 мкм (80-ші сапа). Түйенің жасы ұлғайған сайын қылшық көбейіп сапасы төмендей береді.     

 Түйе жүнін екі сортқа  бөледі:     

 І –ші сортқа 4 жасқа  дейінгі түйелердің жүні;     

 ІІ-ші сортқа 4 жастан  жоғары түйелердің жүні жатады.      

 Түйенің жүн жамылғысы  биязы және жал болып екіге  бөлінеді. Жүнді класқа бөлгенді  жал мен қоқысын бөліп алып, қалған биязы жүні ғана класқа  бөлінеді.    

   Түйе жүні сапасына қарай 4 класқа бөлінеді:

І класс қылшығы аз ұяң  жүн жатады, яғни бота жүні

ІІ класқа қылшықты жүні көп, түбіті аз ұяң жүн жатады

ІІІ класқа ұзын, жуан және жіңішке  қылшықтар мен ұяң жүні өте  аз жүн

ІV класқа тығыз ұйысқан  жүн жатады.      

 Түйе жүні құрамы  жағынан 4 класқа бөлінеді: биязы,  қылшықты, шуда және жабағы жүн.

1)    Биязы жүнге (І класс) негізінен қылшығы аз ұяң жүн жатады.

2)    қылшықты жүнге (ІІ класс) ұяң жүні аз, қылшығы көп жүн жатады.

3)    Шуда (ІІІ класс) ұзын, жуан және жіңішке қылшықтардан тұрады. Шудада ұя жүн өте аз болады.

4)    Жабағы – тығыз ұйысқан жүн. Бұл жүнге бауырындағы ұйысқан жүн жатады. Түйе жүні түсіне және ластану деңгейіне қарай да ажыратылады.         

Түйенің жүн қабатының  түр-түсі.  Н.Пржевальскийдің айтуынша қос өркешті жабайы түйенің жүн қабатының түсі қызғылт құм түстес. Үй түйесінің түсі жабайы түйе түсіне ұқсас келеді және негізінен қоңыр болады. Сонымен бірге қара қоңыр, ашық қоңыр, сары, ақшыл сары және ақ түсті түйелерде аз емес.       

- қара – бурыл жүн  қабаты ашық бурыл, кейбір жерлері  қара, шудасы, жалы, сақалы қара; бурыл  жүн қабаты шудасының түсі  қара бурыл, шуда аралас;       

- ашық-бурыл жүн қабаты  ашық бурыл (ашық-қоңырҚ, шудасы  қара-қоңыр, қара-бурыл, шудасы  қара-қоңыр, қара-бурыл, қара шаш  аралас;      

- сары жүн қабаты сары  түске боялған, шудасы бурыл;      

- ашық-сары жүн қабаты  ашық сары, шудасы одан да сарырақ,  алтын түстес;      

- ақ-сары жүн қабаты  мен шудасы аппақ, ақ түске  боялған. 

 Көрпе      

 Түйелерді жылына бір  рет көктемде қырқыйды. Қос өркешті  түйелерін қырыққанда  жүн мөлшері 3,5 тен 9,25 кг дейін, орташа 5,89 кг құрайды. Бір жылдық төлден орташа 3,55 кг, екі – үш жастағылардан 4,5 кг, ал 5-6 жастағылардан 6,6-6,8 кг жүн қырқылады.    

   Аруана түйелерінің жүн өнімділігі қос өркештілерге қарағанда анағұрлым төмен. Бір жаста 1,5 кг, екі жаста 1,78 кг, 3 жаста 2,11 кг және сақа түйелерде 1,97 – 2,4 кг жүн қырқылады.

 Тоқыма жіптер

 

 

 Шудадан жалпақ белбеу

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жалпы, қазақ жері түйе шаруашалығына  аса қолайлы. Ал түйе жарықтықтың  бүгінгі нарық заманында қазақ  экономикасына берері де шаш-етектен. Оны жоғарыдағы мысалдардан байқап отырған боларсыздар. Ендігі мәселе Ауыл шаруашылығы министрлігінің оң қабағы мен жұрттың жылы қабылдауында жатыр. Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген  игі шаралар қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Агромеркур» шаруа қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай  інген сауылып, өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым - Асылбек Баймұқанұлы.

Енді келешекте түйе шаруашылығы  үлкен қадам жасап, «Төрт түліктің төресін» қазақ елінде күшті,мықты  қолтұқымдар шығарып, сүтінің,етінің және жүнінің сапасын одан да жоғарылатуымыз қажет.Өйткені бұл өнімдер адамзат  үшін маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. Айқын» газеті 2010 жылғы 15 желтоқсан "Түйе шаруашылығын дамытуға түйінді тұжырым қажет"

 Берік БЕЙСЕНҰЛЫ http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=5287&Itemid=2

  1. Түйе өсіру 30/05/2012   http://imurat.kz/tuie-osiru-shubat/
  2. Өркен ЖОЯМЕРГЕНҰЛЫ, «Дала мен қала»."ШҰБАТ… МҰНАЙДАН ҚЫМБАТ! "  http://adyrna.kz/?p=3005
  3. Шұбат  http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D2%B1%D0%B1%D0%B0%D1%82
  4. "Шұбат Антибактериялық Және Антивирустық Қасиетке Ие"

http://www.sandutimes.org/kz/articles/densaulyk/51-shbat-antibakteriyaly-zhne-antivirusty-asietke-ie.html

  1. "ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СҮТ, ЕТ ЖӘНЕ ЖҮН ӨНІМДЕРІ"

http://portal.agun.kz/e-books/content/1HeulvGlAUj1K03nrV91/pages/5.htm

  1. Автор: "Оңтүстік Рабат", редакциясы 12.12.2012, Айдар: Оңтүстік Рабат ,Тэг: семинар, Түйе шаруашылығы,"Түйе шаруашылығы талқыға түсті"

http://kz.otyrar.kz/2012/12/t%D2%AFje-sharuashyly%D2%93y-tal%D2%9By%D2%93a-t%D2%AFsti/


Информация о работе Түйе өнімдерінің ерекшеліктері