Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2014 в 16:59, реферат
«Тін» ұғымының анықтамасы. Микроскоптың қолданылуына дейінгі мезгілдің өзінде анатомдар адамның және жануарлардың организмдерінде біркелкі құрылымдарды анықтаған, олар әртүрлі мүшелердің құрамына кіріп олардың құрылысын қалыптастыруға қатысатыны анықталған. Басында оларды сыртқы сыйпатына қарап ажыратқан: жұмсақ, сұйық, талшықты, жасушалық деп бөлген. «Тін» ұғымын бірінші рет 1671 жылы ағылшын ғалымы Н.Грю.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1﴿“Тін” ұғымының анықтамасы
2﴿Тіндердің пайда болуының және эволюциясының заңдылықтары
3﴿Тіндердің даму тарихындағы үш кезең және ағзалардың микроскопиялық құрылысы
4﴿Тіндердің даму негізі (көзі)
5﴿Тіндердің жіктелуі
6)Эволюция барысында тіндердің дамуы
III.Қортынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Тақырыбы: Тіндердің пайда болуы және эволюциясы
Орындаған: Исабаева Қ,М
Топ:101мпд
Тексерген:_____________
АСТАНА 2012ж
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1﴿“Тін” ұғымының анықтамасы
2﴿Тіндердің пайда болуының және эволюциясының заңдылықтары
3﴿Тіндердің даму тарихындағы үш кезең және ағзалардың микроскопиялық құрылысы
4﴿Тіндердің даму негізі (көзі)
5﴿Тіндердің жіктелуі
6)Эволюция барысында тіндердің дамуы
III.Қортынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
1. «Тін» ұғымының анықтамасы
Тіндердің дамуын, құрылысын, қызметін зерттейтін гистологияның бөлімі жалпы гистология деп аталады.
«Тін» ұғымының анықтамасы. Микроскоптың қолданылуына дейінгі мезгілдің өзінде анатомдар адамның және жануарлардың организмдерінде біркелкі құрылымдарды анықтаған, олар әртүрлі мүшелердің құрамына кіріп олардың құрылысын қалыптастыруға қатысатыны анықталған. Басында оларды сыртқы сыйпатына қарап ажыратқан: жұмсақ, сұйық, талшықты, жасушалық деп бөлген. «Тін» ұғымын бірінші рет 1671 жылы ағылшын ғалымы Н.Грю. «Начала анатомии растений» кітәбінде қолданды. Өсімдіктерді зерттеу барысында ол олардың құрылысы тоқыма матаға ұқсайтынына көңіл аударды. Кейде бұл құрылыс жануарларды препарациялау кезінде де байқалды. Гистологияның қалыптасу кезеңінде бұл ұғым организмнің қарапайым жүйесі ретінде қолданылды. Осы мезгілден бастап гистологияда микроскопиялық зерттеудің тіндік кезеңі басталды.
Тіндерді зерттеу жүргізіліп жатқан 200 жылдан астам уақытта «Тін» немесе «ұлпа» ұғымдарының бірнеше анықтамасы берілді. Алғашқы ғылыми анықтаманы 1852 жылы А.Келликер берген болатын: «Тін —морфологиялық және физиологиялық біртұтас құрылымға біріктірілген элементарлық құрамдық бөліктер кешені». «Бөліктер» ұғымына ол жасушаларды, синцитияларды, симпластыларды жатқызған.
Өз уақытына оңтайлы анықтаманы орыс кеңес гистологы А. А. Заварзин (1938) берді: «Тін дегеніміз қызметі, құрылымы және даму көздерінің бәріне жалпы болуына байланысты біріккен гистологиялық элементтердің филогенетикалық негізде қалыптасқан жүйесі».
Кейінгі уақытта тіндердің құралуы дифферондық принципі белсенді зерттелуде. Осыған байланысты дифферондар туралы түсінікке негізделген жаңа тін ұғымының анықтамалары бар.
Жасушалық дифферон — дің (бағаналық) жасушадан бастап терминальдық дифференцияланған жасушаға дейінгі жасушалардың әртүрлі қатарының жиынтығы.
Жасуша дифферонының бастапқы жасушасы дің жасушасы. Гистологиялық қатардың келесі жасушасын тек бір бағытта ғана дифференциялана алатын жартылый дің немесе коммитияланған жасушалар құрайды. Дифферонның ең үлкен үшінші тобын дифференцияланған белсенді қызмет атқарушы жасушалар құрайды. Ақырғы төртінші топты қартайған, қызметтік белсенділігі өте төмен немесе жоқ болатын және жасушадан кейінгі құрылымдар құрайды. Мысал ретінде эпидермистің эпителиоциттерінің — кератиноциттердің дифферонын қарастыруға болады. Оның құрамына эпидермистің әртүрлі қабаттарында орналасқан дәйекті даму барысындағы келесі жасушалар кіреді:
базальды кератиноцит (дің және жартылай дің жасушалар) —> тікенекті кератиноцит —> түйіршікті кератиноцит —> жарқырауық кератиноцит —> мүйізденген қабыршақ (корнеоцит – жасушадан кейінгі құрылым болып табылады).
Қазіргі заманда беріліп жүрген тін анықтамалары ұлпалардың дифферондық құралу принципін еске ала берілген. Осындай анықтамалардың бірін А.А. Клишов (1981) берді: «Тін дегеніміз дамуы, бағыты және дифференцировкасы әртүрлі бір-бірімен арақатынастары бар жасушалар дифферондарының мозаикалы морфофункциональды жүйесі».
Тіндердің монодифферонды (бір ғана диффероннан тұратын) және полидифферонды түрлерін ажыратады. Біріншісіне, мысалы, жүректің бұлшық еті жатады (тек кардиомиоциттердің диффероны болады), жазық бұлшық ет тіні (тек жазық миоциттің диффероны бар), ал екінші түрлі ұлпаға борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тін жатады (БТПДҰ), оның құрамында фибробласттылардың, макрофагтардың, тіндік базофилдердің, плазмоциттердің, май жасушаларының т.б. дифферондары болады.
Полидифферонды тіндерде негізгі дифферонды (БТПДҰ фибробласт диффероны) және қосымша (екінші орындағы) дифферондарды ажыратады.
Тіндер жасушалар мен жасушалық емес құрылымдардың қарапайым жиынтығы емес, құрамдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты күрделі ұлпалық жүйе.
2. Тіндік элементтер
Әрбір ұлпа тіндік элементтер деп аталатын құрамдық бөліктерден тұрады. Қазіргі замандағы көзқарасқа байланысты тіндік элементтердің негізгі үш түрін ажыратады: жасушалар, жасушааралық (аралық) зат және симпластылар. Кейбір авторлар тіндік элементтердің құрамына синцитияны (Афанасьев Ю.И. және соавторлар,] 1989; Быков В Л., 1998) және жасушадан кейінгі құрылымдарды да жатқызады (Быков В Л , 1998).
Жасуша – басты, негізгі тіндік элемент, оның есебінен қалған тіндік элементтер құралады.
Жасушааралық зат — ерекше өнім өндіруші жасушалардың бөлетін тіндік элемент, ол ұлпаның құрамында жасушалардың арасында орналасып, жасушалар орналасатын микроортасын түзейді. Жасуша аралық зат негізгі (аморфты) заттан және талшықтардан тұрады. Негізгі зат гомеостатикалық, трофикалық, реттеушілік, зат алмасуды қамтамасыз ету қызметтерін атқаратын тіннің матриксі. Ол судан, ақуыздан, көмірсудан, липидтерден, минералды заттардан тұрады. Золь (сұйықтау) және гель (ұйыма) түрінде болуы мүмкін, ал сүйек тінінде — минералданған, қатты жағдайда болады. Талшықтар тіректік, пішіндеушілік қызмет атқараты, созылғыштық қасиет береді, жасушалардың қызметтерін реттеуге қатысады. Олар коллагенді, эластикалық, ретикулярлық болып бөлінеді. Жасушааралық зат дәнекер тіннің құрамдық компоненті болып табылады, сондықтан оның құрылысы басқа тарауда тереңірек талданатын болады.
Симпласт — көптеген ядролары бар плазмолеммамен шектелген протоплазманың бөлігі. Цитотомиясыз жүретін бірнеше бөлінуден кейін түзелетін көпядролы жасушалардан симпласттардың айырмашылығы олар жасушалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, миосимпласт (көлденең-жолақты бұлшық ет талшығы) эмбриогенезде бірнеше миобласттардың бірігуінен құралады. Симпластың екінші мысалы хорионның симпластотрофобластысы. Шетел әдебиетінде «симпласт» термині қолданылмайды деуге болады, оның орнына «көпядролы жасуша» немесе «синцитий» термині алынады.
Синцитий. Біздегі гистологиялық әдебиетте синцитий термині бір-бірімен цитоплазмалық өсінділер арқылы байланысқан өсінділі жасушалар жиынтығы мағынасын түсінеді. Синцитиялардың «нағыз» және «жалған» түрлерін ажыратады. «Жалған» синцитиялардабайланысушы жасушалардың арасында екі жасушалық цитолеммадан және қалыпты жасушааралық байланыс түрлерінен тұратын үзілістер анықталады. Бұндай синцитиялардың мысалы ретінде ретикулярлық тіндерді, тимустың эпителиін, дамып келе жатқан тістің эмальдық мүшесінің пульпоциттерін атауға болады. «Нағыз» синцитийдің мысалы дамып келе жатқан аталық жыныс жасушалары болып табылады. Синцитиялар мен симпласттарды кейде жасушадан тыс (жоғары) құрылымдар деп те атайды.
Жасушадан кейінгі құрылымдар. Олар терминальды дифференцировка барысында көптеген маңызды жасушалық қасиеттерді жоғалтқан ( көбею, кейбір зат және энергия алмасу т.б.) жасушалардың туындылары. Бұл жағдай жасуша ядросын жоғалтуына және цитоплазмалық органеллалардың редукциясына байланысты. Сонымен қатар жасушадан кейінгі құрылымдар шектеулі мерзімде кейбір қызметтерді атқару мүмкіндігіне ие болады. Жасушадан кейінгі құрылымдарға эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистің мүйізденген қабыршақтары, шаш, тырнақ жатады.
3. Көпжасушалылардың жалпы функциялары тіндердің фило-және онтогенезде пайда болуының негізі ретінде
Әрбір организмде оның тіршілігін қамтамасыз ететін функциялардың жиынтығы болады. Бірінші орында ішкі және сыртқы зат алмасу қызметі болады. Филогенезде бұл қызметтердің бірінші болып қалыптасуы қажеттілігі күмән келтірмейді. Қарапайым жануарларда олар негізгі орында. Егер бұл жануарларды жасушалық элементтердің тығыз жиынтығы ретінде қабылдасақ, онда ол элементтердің сыртқы ортаға қарағанда әртүрлі жағдайда болатыны сөзсіз. Істіңгі қабаттағы жасушалар сыртқы ортамен тікелей байланысқан. Ішкі қабаттардың жасушалары сыртқы ортадан және қоректік заттардан сыртқы жасушармен бөлінген. Олар қоректік затты жоғарғы қабаттың жасушалары арқылы алады, яғни қоректену тұрғысынан нашар жағдайда өмір сүреді. Бірақ, олар сыртқы ортаның әсерінен жоғарғы қабат жасушаларымен қорғалған. Осындай арақатынастың әсерінен, мүмкін, сыртқы ортадан жоғарғы қабат жасушаларының тосқауылымен бөлінген организмнің ішкі ортасы қалыптасқан шығар. Осыған байланысты көпжасушалы организмнің негізгі, яғни жалпы қызметіне келесі функцияларды жатқызуға болады деген тұжырым жасауға болады:
1. Тосқауылдық, шекаралық қызмет, немесе, сыртқы зат алмасу қызметі.
2. Ішкі зат алмасу қызметі, яғни ішкі ортаны қалыптастыру қызметі, тіректік-трофикалық қызмет.
Кез келген қызмет морфологиялық құрылымның есебінен іске асырылатындықтан, бұл қызметтердің эволюциясы екі негізгі ұлпаның дамуымен жүруі түсінікті құбылыс. Бұл тіндерге жатады:
1. Шекаралық немесе тосқауылдық тіндер
2. Ішкі орта тіндері
ШЕКАРАЛЫҚ (ТОСҚАУЫЛДЫҚ) немесе ЭПИТЕЛИЙ ТІНДЕРІ құрылысы тығыз қабаттар түрінде тұтаса орналасқан жасушалардан тұрады және қабаттарды түзейтін жасушалардың полярлық дифференцировкасы жақсы дамыған, өйткені олар бір бетімен сыртқы ортаға, екінші бетімен ішкі ортаға бағытталған.
ІШКІ ОРТА ТІНДЕРІ, керісінше полярлық айырмашылықтары жоқ жасушалардан құралған. Олардан басқа оның құрамына жасушааралық зат кіреді.
Эволюция барысында организмнің жалпы зат алмасуын қамтамасыз ету үшін басқадай қызметтерді де атқару қажеттілігі пайда болады. Қоректену көзіне тәуелді болмау үшін организмнің сыртқы ортада орын ауыстыру, ішкі мүшелердің қозғалу қажеттілігі туды. Бұл жиырылу қабілеті бар яғни бұлшық ет ұлпасының түзелуіне әкелді.
Жануардың құрылысының күрделенуі оның реактивтілігінің, қоздырғыштығының және организмнің барлық бөліктерінің интеграциялануының жетілуіне әкелді, яғни жүйке тінінің түзелуіне жағдай туды. Тіндердің ақырғы екі түрі жалпы тіндерден айырмашылығы маманданған ұлпаларға жатады. Филогенезде олар жалпы тіндерден кейінірек және олардың негізінде пайда болды.
Сонымен негізгі ұлпалардың пайда болуына әкелген көпжасушалы организмдердің фундаментальды қызметтеріне жатады:
1. Сыртқы зат алмасу қызметі немесе шекаралық, тосқауылдық қызмет
2. Ішкі зат алмасу қызметі (қорғаныштық, тіректік-трофикалық).
3. Жиырылу, қозғалу қызметі
4. Қозу, реактивтілік, интегративтік қызмет
2.ТІНДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Тіндердің эволюциялық және онтогенездік дамуын зерттеу,олардың құрылымдық(структуралық ) және қызметтік (функциялық) ұйымын жан-жақты түсіну үшін ,сондай-ақ ,адам организмінде отетін бір қатар патологиялық процестер дамуын ұғыну үшін маңызды.Мысалы ,сүйек тінінің эмбриогенезде қалыптасуы және сынған сүйектің бітіп тұтасып кетуі омыртқалылар филогенезіндегі (эволюциясындағы) сүйек дамуының мына реттілігі бойынша өтеді:шеміршек бастамасы→оның орнын жуан талшықты дәнекер тін басуы→соңғының сорылуы(тарауы)→оның орнын пластинкалық сүйек тін басуы.
Қарапайым көп жасушалы организмнің пішіні компактты (шағын) болған және эволюция кезінде онда екі түрлі тіндер –“шекаралық тін” мен “ішкі орта тіні” дамыған.Бұл процесс мұндай организмнің сыртқы ортаға қатысты жағдайы әр түрлі жасушаларының функциялық мамандануына байланысты өткен.Сыртқы жасушалары тағамды ұстап алуға ,қозалысты қамтамасыз етуге,тітіркенуді қабылдауға маманданған.Осылайша, сыртқы зат алмасу және организмнің сыртқы ортамен байланысу функцияларын қамтамасыз ететін “шекаралық тін” пайда болды.Организмнің терең бөліктерінің жасушалары оның трофикасын (қоректенуін) ,ішкі зат алмасуын қамтамасыз етіп , “ішкі орта тінін ” құраған.Демек,филогенездің осы кезеңінде бастауыш тіндердің екі түрі организмнің барлық негізгі –шекаралық ,қимыл,трофикалық және сыртқы ортамен байланыс жасау функцияларын атқарған.
Арғы тегінің мекендеген ортасымен салыстырғанда организмдердің сан алуан жаңа ортасына адаптациясы ,тіндердің функцияларын одан әрі жетілуіне әкеледі .Осыған байланысты “шекаралық тіннен” нерв және бұлшық ет тіндері бөлініп шықты ,ал “ішкі орта тіні ” ішкі қуыстардың астарларын,қаңқа тіндерін,қанды,өзіндік дәнекер тіндерін және т.б. құрастырды.Айтылғаннан мынадай тұжырымдарды жасауға болады:1﴿тіндердің төрт топтары эволюция процесі арқасында және организмдердің сыртқы ортасында өмір сүруін қамтамасыз ететін негізгі функциялары дамуына байланысты пайда болды; 2﴿тіндердің эволюциясы олардың төрт топтарының әрбіріне тән негізгі функцияларын жетілдіру бағытында өтті. 3﴿маманданған жасушалардың және тіндердің алуан түрлілігінің көбеюі дивергенция жолымен ,яғни олардың морфологиялық ,функциялық және биохимиялық қасиеттері мен белгілерінің толықтай ажырауы арқылы қамтамасыз етіледі .