Тіндердің пайда болуы және эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2014 в 16:59, реферат

Описание работы

«Тін» ұғымының анықтамасы. Микроскоптың қолданылуына дейінгі мезгілдің өзінде анатомдар адамның және жануарлардың организмдерінде біркелкі құрылымдарды анықтаған, олар әртүрлі мүшелердің құрамына кіріп олардың құрылысын қалыптастыруға қатысатыны анықталған. Басында оларды сыртқы сыйпатына қарап ажыратқан: жұмсақ, сұйық, талшықты, жасушалық деп бөлген. «Тін» ұғымын бірінші рет 1671 жылы ағылшын ғалымы Н.Грю.

Содержание работы

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1﴿“Тін” ұғымының анықтамасы

2﴿Тіндердің пайда болуының және эволюциясының заңдылықтары

3﴿Тіндердің даму тарихындағы үш кезең және ағзалардың микроскопиялық құрылысы

4﴿Тіндердің даму негізі (көзі)

5﴿Тіндердің жіктелуі

6)Эволюция барысында тіндердің дамуы

III.Қортынды

IV.Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

гиста д.docx

— 37.19 Кб (Скачать файл)

ЖТФ әсерімен тіндердің құрылымдық құрамдарының қайта пайда болуы жүреді. Мөлшерілік тұрғыдан ол көп немесе жеткіліксіз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда ол  +100% тең, ал екіншіде — нөлдік мөлшерде болып тіннің деградациясына әкеледі.

 

8. Регенерация.

 

Тіндердің, жасушалардың, мүшелердің өлген немесе жойылған бөліктерін қалпына келтіре алу қабілеті регенерация деп аталады. Регенерация тіннің құрылымдық-қызметтік құралуын белгілі бір деңгейде сақтауға бағытталған.

Регенерацияның физиологиялық және репаративтік түрлерін ажыратады.

Тіндердің қалпына келу қабілеті оның құрамында камбиальдық элементтердің болуына байланысты. Камбиальдық емес тіндер тек жасушаішілік деңгейде ғана қалпына келе алады. Камбиальдық тіндерде жасушалық және жасушаішілік қалпына келу әдістері бірдей өте алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Тін (лат. textus, грек. hіstos), биологияда – адам мен жануарлар организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас клеткалар жүйесі. Тіннің құрамына клетка тіршілігі өнімдері – клеткаралық заттар мен құрылымдар да кіреді. Тін бірклеткалы жануарларда ғана болмайды. Губкаларда да тін толық жіктелмеген. Ішек қуыстылардан бастап тін айқын жіктелген. Тінді құрылысына және атқаратын қызметіне қарай 4 топқа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке) бөледі. Эпителий тіні терінің сыртқы қабатын, ішкі органдардың ішкі қабатын және организмдегі бездерді құрайды. Олардың клеткалары бір-бірімен тығыз әрі жанаса орналасып, қорғаныштық қызмет атқарады, организмде су мөлшерінің қалыпты болуын, зат алмасуды реттеуге қатысады. Дәнекер тін барлық тінді біріктіріп тұрады. Оған сүйек, шеміршек, сіңір, қан, лимфа, май және тін сұйықтығы жатады. Тығыз талшықты, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, т.б. болып бөлінеді, тінге мықтылық қасиет береді, сіңір мен терінің ішкі қабатын түзуге қатысып, тіректік, қоректік және тасымалдау қызметтерін атқарады. Бұлшық ет тіні организмдегі бұлшық еттерді түзіп, қимыл-қозғалыс қызметін атқарады, яғни оларға тән қасиет – жиырылғыштық. Бұлар көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүректің бұлшық ет тіні деп бөлінеді. Жүйке тіні нейрондар мен нейроглия клеткаларынан құралады. Оларға тән қасиет – қозғыштығы және қозу өткізгіштігі болып саналады. Бұл тін организмдегі барлық органдарды өзара және оларды қоршаған ортамен байланыстырып тұрады. Тіндердің әрбір тобының дамуы (қ. Гистогенез) бірте-бірте бастапқы клеткалардың бөлінуінен қалыптасады. Кейде ересек организмдерде де регенерация процесі арқылы қалпына келеді. Кез келген органның құрамында тіннің барлық тобы кездеседі. Дегенмен бір органда бір тін тобы басым болады. Тіндер қоректену және үйлесімді қызмет атқару кезінде бір-бірімен тығыз байланысады. Әсіресе бұлшық ет пен жүйке тінінің байланысы айқын байқалады. Тін топтары бірігіп, белгілі бір органды құрайды. Ал тін құрамындағы клеткалар өзара бірігіп, органдарда құрылымдық әрі қызметтік бірліктерді құрайды. Мысалы, бүйректегі – нефрондар, өкпедегі – ацинустар, т.б. Тәжірибелік жағдайдағы зерттеулер барысында тіндерді организмнен тыс ортада қолдан өсіруге де болады. Адам мен жануарлар тіндерін гистология ғылымы зерттейді. өсімдіктердегі тінді ұлпа деп атайды.

 

 

 

 

 

   

 

   Қолданылған әдебиеттер:

 

  • С.А.Ажаев «Гистология»
  • Афанасьв «Гистология, цитология с основами эмбриологии»
  • Гистология оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О. Аяпова. Алматы Кітап баспасы. -2005. 285 б.
  • www.google.ru
  • www.yandex.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тіндердің пайда болуы және эволюциясы