Тіндердің пайда болуы және эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2014 в 16:59, реферат

Описание работы

«Тін» ұғымының анықтамасы. Микроскоптың қолданылуына дейінгі мезгілдің өзінде анатомдар адамның және жануарлардың организмдерінде біркелкі құрылымдарды анықтаған, олар әртүрлі мүшелердің құрамына кіріп олардың құрылысын қалыптастыруға қатысатыны анықталған. Басында оларды сыртқы сыйпатына қарап ажыратқан: жұмсақ, сұйық, талшықты, жасушалық деп бөлген. «Тін» ұғымын бірінші рет 1671 жылы ағылшын ғалымы Н.Грю.

Содержание работы

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1﴿“Тін” ұғымының анықтамасы

2﴿Тіндердің пайда болуының және эволюциясының заңдылықтары

3﴿Тіндердің даму тарихындағы үш кезең және ағзалардың микроскопиялық құрылысы

4﴿Тіндердің даму негізі (көзі)

5﴿Тіндердің жіктелуі

6)Эволюция барысында тіндердің дамуы

III.Қортынды

IV.Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

гиста д.docx

— 37.19 Кб (Скачать файл)

Бірінші тіндердің пайда болуы туралы теориялар (болжамдар)

Бірінші тіндердің пайда болу жайында екі үлкен мағлұматтар қаралады:

  • Гастрей теориясы (бұның авторы Геккель). Бұл теория бойынша көп клеткалы организм-бластея - бір клеткалы эпителий клеткаларынан пайда болды деген ұғым берді. Талшықтары бар клеткалар тобы организмнің қимыл қызметін атқарса, ал баска клеткалар тобы қоректік қызмет атқарады. Инвагинация процесі арқылы екі клетка тобы - екі қабатты - гастрея болып саналады. Сыртқы қабаты - эктодерма жабынды эпителийде, ал эктодерма - бірінші ішек қабатын құрайды.
  • Екінші теориясы Мечниковтың «фагоцетелла» теориясы. Бұл ұғым бойынша көп клеткалы организм біртектес клеткалардан тұрды, дейді - олар екі түрлі қызмет атқарады. Сыртқы клеткалардың талшықтары болады, олар үсақ ас түйіршіктерінен фагоцитоз арқылы қоректенеді, ал клеткалар бірте-бірте талшықтарын жоғалтып, амебоид пішінді болып жануарлардың ішкі кабатына кіреді де, ас қорыту сонда аяқталды, сөйтіп, сыртқы клеткалар - кинобласт, ішкі клеткалар - фагоцитобласт. Осыдан барып жабынды эпителий және ішкі орта ұлпалары пайда болады.

Заварзиннің айтуы бойынша ұлпалар эволюция процесінде организмге бағынады.

 

3.Тіндер даму тарихындағы үш кезең және ағзалардың микроскопиялық құрлымы.

 

 

Тіндер  және ағзалардың микроскопиялық құрылысы туралы ілімнің тарихында 

3 кезеңді ажыратады;

Бірінші кезең-микроскопияға дейінгі кезең (2000 жылға дейін созылды ).Бұл кезеңде ағзаның әр бөліктеріндегі біртектес тіндер туралы, олардың бір-бірінен физикалық қасиеті бойынша айырмашылығы туралы жалпы түсінік қалыптасты.

Екінші кезең-микроскопиялық (300-дей жыл ).Ағылшын физигі Роберт Гук микроскопты ойлап тапқан кезде өсімдіктердің және жануарлардың тіндерін зерттеумен байланысты.

Үшінші кезең-қазіргі заманғы,электрондық микроскопия,иммуноцитохимия, цитофотометрия саласындағы жетістіктермен байланысты

Гистология-ұлпаларды  зерттейтін  ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді  ұлпаларға  бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар  Аристотельдің,  Галенның, Авиценаның (Абу Али-Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның), Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель  өзінің «Жануарлар бөліктері туралы»  деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе ағзаларды   ажыратқан.Гистология  саласының  дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуына байланысты.Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар.  Бірақ микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің әсері  болғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы  микроскопты  құрастырған  екен деген мәлімет те бар.Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі құрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп «ұяшықтардан» тұратынын байқаған. Осы  «ұяшықтарды»  Р. Гук  араның балауыздан түзілетін ұяшықтарына ұқсатып «ұяшық» немесе «клетка» деп атаған (гректің «китос» — қуыс деген сөзі). Қазіргі  кезде  клетканы иненің жасуына теңеп «жасуша» деп атайды. Бірақ массасы 2000 г. түйеқұстың (страустың) жұмыртқасы да — жасуша.

  Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскоппен өсімдіктердің құрылысын зерттеп, өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінің құрамында «көпіршіктердің» болатынын анықтаған.   Сонымен  Гуктың,  Мальпигидің, Грюдің зерттеулерінен кейін өсімдіктер ұлпалары жасушадан тұратыны анықталған.  Екі жүзден астам микроскоптың түрлерін жасап шы-ғарған  Гуктың  дарынды  замандасы  Антони ван Левенгук жануарлар жасушаларында — бір клеткалы жәндіктерді, эритроциттерді, сперматозоидтарды бірінші болып керген.   Бактерияларды  да  көріп   суретін  салған. Микроскоп  құрылысының  жабайы  болуына байланысты  XVIII ғасырдың ғалымдары микроскопқа көп көңіл бөлмеген. Осыған байланысты  өткен  ғасырдағы  мәліметтерге  елеулі  жаңалықтар  қосылмаған. Зерттеушілер жасушаны байқау әдісімен зерттеп керген фактілерін  жинап  түсініктеме берумен шектелген. ХҮІІ және ХҮШ ғасырларда өсімдік жасушасының қабықшасы ғана белгілі болған. Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең  (ХҮІІІ  соңы, XIX ғасырдың басы) микроскоптың жақсартылуы және микроскопиялық зерттеy әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты.Осы кезеңде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен иммерсиялық объективтер енген .Сонымен бірге белгілі фиксациялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин,осмий мен хром қышқылдары ұсынылатын.Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац клеткалар мен ұлпалардың құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне енуі микроскопиялықерттеудің жедел дамуына жағдай жасады.

 

 

 

4.Тіндердің даму негізі (көзі)

 

Тіндердің даму көзі эмбриональдық бастамалар болып табылады.  Эмбриональдық бастамалар, өз кезегінде, ұрық жапырақшаларынан олардың дифференцировкасы кезінде пайда болады. Осының нәтижесінде бастамалардың осьтік кешені қалыптасады. Эмбриогенез барысында тіндік бастамалардан ұлпалардың түзелуі эмбриональдық гистогенез деп аталады. Гистогенездің механизімі күрделі және оның құрамына келесі компоненттер кіреді:

1. Жасушалардың бөлінуі.

2. Жасушалардың өсуі.

3. Жасушалардың бағдарланған өлімі (апоптоз).

4. Жасушалардың адгезиясы және жасушааралық байланыстар.

5. Детерминация.

6. Дифференцировка.

7. Эмбриональдық индукция.

8. Жасушалардың орын ауыстыруы (көшуі, миграциясы).

9. Жасушалардың сегрегациясы.

8. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты,  стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі

Жоғарыда айтылған гистогенез механизімінің нәтижесінде камбиальдық және камбиальдық емес тіндер түзеледі.

Постнатальдық онтогенез кезінде құрамында дің (немесе камбиальдық) жасушалар сақталатын тіндер камбиальдық деп аталады. Бұл тіндердің гистогенезін қарапайым түрде келесі жолмен жүреді деуге болады: бөлінуден кейін жасушалардың бір бөлігі детерминацияға, дифференцировкаға ұшырайды, маманданады, содан кейін арнайы қызметтерін атқарады. Екінші топ дифференцияланбаған қалпында қалады да дің жасушаларының қызметін атқарады. Бірінші топтың жасушалары қартайғанда, өлгенде екінші топтың жасушалары бөліне бастайды, бір жасуша дифференцияланады, маманданады да өлген жасушаның орнына қызмет атқара бастайды, ал екіншісі дің жасуша қалпында қалады.

Камбиальдық ұлпаларға дәнекер, эпителиальдық, бұлшық ет (жүректің бұлшық етінен басқа) тіндері жатады. Камбиальдық тіндер, өз кезегінде; екі топқа бөлінеді: жаңарып отыратын камбиальдық және өсіп келе жатқан камбиальдық. Жаңарып отыратын камбиальдық ұлпаларда дің жасушаларының тобы өмір бойы сақталады (БТПДҰ, қан, кейбір эпителий тіндері). Кейбір тіндерде дің жасушаларының саны бірте-бірте төмендейді, кейде дефинитивті құрылысы қалыптасқан кезде мүлдем жойылып кетеді (көлденең-жолақты бұлшық ет тіні, бауырдың эпителиі). Бұл тіндердің көлемі бірте-бірте жасушаішілік қалпына келу арқылы артады. Бұл камбиальдық өсуші тіндер.

Камбиальдық емес тіндер — құрамында камбиальдық жасушалары жоқ ұлпалар. Эмбриональдық гистогенез барысында бұл тіндердің жасушалары бөлінуін белгілі деңгейде тоқтатады, содан кейін детермининацияға, дифференциялануға ұшырайды, маманданады да арнайы қызметтерін атқара бастайды. Тіннің құрамында бұл кезде дің жасушасы сақталмайды, тіннің қалпына келуі тек жасушаішілік деңгейде іске асырылады.

Ұлпаларды қалпына келу қабілетіне орай жіктеу Леблонның жасушалық популяцияларды жіктеуімен ұштасып жатыр (статикалық, өсуші және жаңарушы жасушалық популяциялар).

 

5. Тіндердің жіктелуі

 

Микроскопиялық деңгейде құрылысын және даму көздерін анықтауға негізделген тіндердің жіктеуі XIX ғасырдың ортасында ұсынылды (А. Гассаль, А. Келликер, Ф. Лейдиг). Бұл жіктеуге орай тіндердің 4 түрін ажыратты: эпителийлер; дәнекер тіндер мен қан; жүйке тіні; бұлшық ет тіндері.

Совет гистологы А.А. Заварзин жіктеудің негізіне көпжасушалы организмдердің пайда болуы барысында құрылған фундаментальды қызметтеріне негізделген эволюциондық принципті қолданды. (жоғарыдан қара). Ол тіндерді келесі түрлерге бөлді:

1. Жалпы тіндер:

1.1.  Шекаралық тіндер.

1.2. Ішкі орта тіндері.

2. Маманданған тіндер:

2.1. Бұлшық ет жүйесінің тіндері.

2.2. Жүйке жүйесінің тіндері.

Екінші совет ғалымы Н.Г. Хлопин тіндердің генетикалық жіктеуін ұсынды, бұл жіктеудің негізінде тіндердің даму көзі алынған. Бұл жіктеуде келесі тіндер ажыратылады:

1. ЭПИТЕЛИЙ

1.1.  Эпидермальдық түрі

1.2.  Энтеродермальдық түрі.

1.3.  Целонефродермальдық түрі.

1.4.  Эпендимоглиальдық түрі.

1.5.  Ангиодермальдық түрі.

2. ДӘНЕКЕР ТІН және ҚАН

2.1. Дәнекер ұлпа және лейкоциттер.

2.2.  Эритроциттер.

2.3. Хорда және хордальдық шеміршек.

2.4. Мезенхима.

3. БҰЛШЫҚ ЕТ ТІНІ

3.1. Миокард.

3.2. Мезенхимальдық жазық бұлшық ет тіні.

3.3. Соматикалық миотомдық бұлшық ет тіні.

3.4. Мионейральдық тін.

3.5. Миоэпидермальдық тін.

4. ЖҮЙКЕ ТІНІ

4.1. Нейрондар, нейроглия.

Н.Г. Хлопиннің жіктеуі қызметі және құрылысы жағынан бір-бірінен көп ажырайтын ұлпалардың гистогенетикалық байланыстарын айқындайды. Гистогенетикалық жіктеу көбінесе эпителий және бұлшық ет ұлпаларында көрініс табады.

6. Эволюция барысында тіндердің дамуы

 

Эволюция барысында әр түрлі ұлпалардың пайда болуы, дамуы, құрылысының күрделенуі жүрді. Эволюцияның сатыларын келесі теориялар толығырақ түсіндіреді.

Параллельді қатарлар теориясы. А.А. Заварзин параллелизм теориясы немесе ұлпа эволюциясының параллельді қатарлары деп аталған теориясын қалыптастырды. Бұл теорияның мағынасы эволюция барысында филогенетикалық тармақтардың әртүрлі бұтақтарында бір-бірінен тәуелсіз түрде ұқсас қызмет атқаратын, құрылысы бірдей болып қалыптасқан тіндердің түзелуі болып табылады. Мысалы, ланцетниктің және сүтқоректілердің дәнекер тіні бірдей қызметтерді атқарады, сондықтан құрылымы да бірдей. Параллельді қатарлар теориясы тіндердің эволюциясының себебін, олардың бейімделу қабілеттерін жақсы айқындайды.

Тіндердің дивергентті даму теориясы. Н.Г. Хлопин тіндердің дамуы туралы өзінің ұлпалардың дивергентті даму теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша тіндер эволюция және онтогенез барысында дивергентті дамиды, яғни бұрыннан бар тіндерден белгілі қасиеттерінің өзгеріп бастапқы ұлпадан ажырауы арқылы қалыптасады, ал бұл ұлпалардың көптеген жаңа түрлерінің түзелуіне жол ашады. Бұл теория дивергенция барысында барған сайын бір-біріне ұқсамайтын, құрылысы мен қызметі әртүрлі тіндердің бір эмбриональдық бастамадан қалай пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, терілік эктодермадан дамитын эпидермис және көпқабатты жазық эпителий арасында айырмашылықтан көрі ұқсастық көп, ал олармен даму негізі бір аденогипофиздің эпителиі, тістің эмалі құрылысы жағынан мүлдем басқа.

Тіндердің эволюциондық дамуының бірыңғай концепциясы. А.А. Заварзин мен Н.Г. Хлопиннің теориялары бір-бірін толықтырып тұрады. Сондықтан совет гистологтары А.А. Браун, В.П. Михайловтар оларды  бірегей ұлпа эволюциясы теориясына біріктірді. Бұл теория бір-біріне ұқсас тіндік құрылымдар филогенетикалық бұтақтардың әртүрлі аймақтарында дивергентті даму барысында бір-бірінен тәуелсіз түрде пайда болды деген тұжырым жасайды.

Ұлпалар туралы ілімнің қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалым-гистологтар қатарында Максимов А.А. (қанның, қанжасаудың, дәнекер тіннің, қанжасаудың унитарлық теориясының, қанның дің жасушасын зерттеулері), совет гистологтары Б.И. Лаврентьев және А.С. Догель (жүйке тінін, оның реактивтік қасиетін зерттеу) болды. Кейінгілер нейрондық теорияның негізін қалаушылар болды. Г.К. Хрущев өзінің зерттеулерінде қанның реактивтік қасиеттерін зерттеді, ал В.Г. Елисеев және оның оқушылары (Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина, А.Ф. Суханов, А.И. Радостина, Е.Ф. Котовский т.б.) — дәнекер тін мен қанның гистофизиологиясын және реактивтік қасиеттерін зерттеді. Қаңқалық бұлшық етті зерттеудің нәтижелері А.Н. Студицкий мен А.А. Клишовтың еңбектерінде, жүректің бұлшық етінің қасиеттерін П.П. Румянцевтің еңбектерінде көруге болады. Испан гистологы Нобель жүлдесінің лауреаты С.Рамон-и-Кахал жүйке ұлпасын, оның реактивтік қасиеттерін зерттеуге көп көңіл бөлді. Ол нейрондық теорияның негізін қалаушылардың бірі. Жүйке тінін зерттеуге көп үлес қосқандардың бірі Нобель жүлдесінің лауреаты итальян гистологы К.Гольджи еді.

 

 

 

7.Тіннің жүйе құраушы факторлары.

 

Әрбір тін бір-бірімен байланысты тіндік элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Тіннің құрамында әрбір элемент өзіне тән қызмет атқарады, бұл қызметтер сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалының нәтижесінде өзгеруі мүмкін. Өзгерістер барысында осы қызмет атқарушы жүйеге пайдалы бейімделу нәтижесі түзеледі. Кейіннен белгілі бір қызметті атқаруға қажетті белгілердің, қасиеттердің іріктелуі жүреді. Бұл құбылыс тіндердің бейімделуіне ғана емес, олардың эволюциясы үшін де маңызды.

Системогенезге ықпалын тигізуші факторлар, оның ішінде тіндік  системогенез де бар (гистогенез), жүйетүзеуші факторлар  (СистемоОбразующиеФакторы) деп аталады

Тіндердің жүйетүзеуші факторларының мөлшері 100% ден  -100%-ге дейін болуы мүмкін. Егер ЖТФ қалыпты (+) болса,  И.И. Шмальгаузеннің айтуынша, тіннің құрылымын дұрыс бағытта өзгертетін алға қозғаушы іріктеу қалыптасады. Кері ЖТФ мөлшерінде іріктеу тұрақтандырушы сипатта болады да өзгерістердің жеткен деңгейін бекітеді. ЖТФ нөльдік деңгейі тінге кері немесе тұрақсыздық (дестабилизация) ықпал тигізеді.

Информация о работе Тіндердің пайда болуы және эволюциясы