Витаминдер адам организмі үшін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 23:11, реферат

Описание работы

Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18-20 көміртек атомы бар циклді көмірсутектер мен қанықпаған - лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар,, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер ағзаға да синтезделеді. Олар қоректік заттармен ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.

Содержание работы

9. Кіріспе
10. Негізгі бөлім
11. Витаминдер туралы жалпы түсінік
12. Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
13. Витаминдердің атауы
14. Витаминдердің классификациясы
15. Витамин түрлері
16. Қорытынды
17. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Vitaminder_srs.pptx

— 4.43 Мб (Скачать файл)

СӨЖ

 

С.Ж Асфендияров атындағы қазақ Ұлттық медицина Университеті

 

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д Асфендиярова

 

Қалыпты физиология кафедрасы

 

Тақырыбы: Витаминдер

 

Орындаған:  Балқан А.С

Курс:   2

Тобы:   12-001-01

Факултет:   Стоматология

Қабылдаған: Жақыпбекова С.С

 

Алматы 2013

Жоспар:

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
      1. Витаминдер туралы жалпы түсінік
      2. Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
      3. Витаминдердің атауы
      4. Витаминдердің классификациясы
      5. Витамин түрлері
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

 

    •      Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төмен молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.

 

Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда кездесетін бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

Витаминдер

 

    •       Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер  (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.
    •       Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18-20 көміртек атомы бар циклді көмірсутектер мен қанықпаған  - лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар,, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер ағзаға да синтезделеді. Олар қоректік заттармен ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.

 

Витаминдер

 

    • Ағзаға тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
    • Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, тез шаршап-шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты себебінің бірі – адам ағзасына қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.

Витаминдер

 

    •        Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні өте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.
    •       Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ – С – авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д -  авитаминоз, бери-бери – В1 – авитаминоз т.с.с.
    •       Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.

 

Витаминдер

 

    •      Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау келеді. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.
    •       Кез келген витаминді ағзаға қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз  ауруына ұшыратады.Витаминді бірден көп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.

Витаминдер

 

    •       Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың ағзасы қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстарғанда витаминдерді әсіресе С витамині мен В тобының витаминдерін көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдерді мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептірілген жемістер, сонымен бірге басқада жеміс-жидектердің шырындары мен қайнатпалары асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк пиязды және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ жақсы сақталады.
    •       Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер бар және олар ағзаның тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде ерекше орын алады. Барлық витаминдер ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.

 

Ашылу тарихы

 

    •       Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс ғалымы Н.И.Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударады. XIX ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін көмірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И.Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бұл қоспалардағы заттардан басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажетті бұрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болды. Осындай пікірді У.Бунгенің С.А.Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп берді.
    •            1986 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың «бери-бери» ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамақтандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит ауруымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты «витаминдер» деп атады. «Вита» - латынның «тіршілік, өмір» деген сөзі, ал «амин» - деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды.

 

Ашылу тарихы

    •        1913 жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор «А» - ның қажет екенін анықтап, оған А витамині деп ат берді. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині. Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В1,В2,В3, т.б.деп белгіледі.
    •       1928 жылы Сент-Дьерьди С витаминінін ашты және оның малдың бүйрек үсті безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның құрамында болатын К витаминінін ашты.
    •       1948 жылы Смит, Фолкерс В12 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам ағзасында қанның азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі болды.

 

 

Ашылу тарихы

Витаминдердің атауы

 

    •      Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мәселен, А витамині – ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині – кальциферол деп аталады, яғни «кальций ионын, тасымалдайды» деген мағынаны береді.
    •       Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау қабылданған. Ол кезде «анти» деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сөз болып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині(рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы)витамин деп аталады.

 

Витаминдер классификациясы

 

    • Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөлді:

1. алифматикалық витаминдер қатары ;

2. алициклды витаминдер қатары;

3. ароматикалық витаминдер қатары;

4. гетероциклді витаминдер қатары.

    •       Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын су мен майларда еритін витаминдер топтары.
    •       Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. енеді.
    •       Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлихинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары / А, Д, Е, К,Q / және т.б. кіреді.

 

Витаминдер

 

    •       Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам ағзасына әсер мөлшері де түрліше болады.
    •       Витаминдер ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі. Витаминдерге – бауыр, бүйрек, жүрек, ішек-қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, көкөністер мен жеміс-жидектер өте бай келеді.  Витаминдерді ағзаның қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгерумен бірге, сол сияқты кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларда да күшті өседі.

Суда еритін витаминдер

 

Белгіленуі

Химиялық атауы

Емдік және биологиялық әсеріне байланысты атауы

Тәуліктік қажеттілігі (мг)

В1

Тиамин

Антиневритті

1,5-2,0

В2

Рибофлавин

Өсіру витамині

1,5-2,0

В3 (РР)

Никотинамид

Антипеллагралық

10,20

В5

Пантотен қышқылы

Антидерматиттік

10

В6

Пиридоксин

Антидерматиттік

2-4

В9 (Вс)

Фоль қышқылы (ТГФҚ)

Антианемиялық, өсіру витамині

0,3-1,0

В12

Кобаламин

Антианемиялық

0,003

С

Аскорбин қышқылы

Скорбутқа қарсы

60-100

Р

Рутин

Капилляр беріктігін нығайтатын витамин

Дәл анықталмаған

Н

Биотин

Себорреяға қарсы

0,15-0,3


Майда еритін витаминдер

 

Белгіленуі

Химиялық атауы

Емдік және биологиялық әсеріне байланысты атауы

Тәуліктік қажеттілігі (мг)

А

Ретинол

Ксерофтальмияға қарсы

1,5-2,0

Д

Кальциферол

Рахитке қарсы

0,02

Е

Токоферол

Бедеулікке қарсы, антиоксиданттық

20-40

К

Филлохинон, нафтохинон

Антигеморрагиялық

1,0-2,0

Информация о работе Витаминдер адам организмі үшін