Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 23:11, реферат
Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18-20 көміртек атомы бар циклді көмірсутектер мен қанықпаған - лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар,, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер ағзаға да синтезделеді. Олар қоректік заттармен ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.
9. Кіріспе
10. Негізгі бөлім
11. Витаминдер туралы жалпы түсінік
12. Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
13. Витаминдердің атауы
14. Витаминдердің классификациясы
15. Витамин түрлері
16. Қорытынды
17. Пайдаланылған әдебиеттер
B1
B2
Рибофлавин гиповитаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі – ұсақ қан тамырларының әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 витаминінің жетіспеушілігі бірте – бірте бауыры мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады.
Жалпы В2 витамині жеткіліксіз болғанда адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні шаншып ауырады. Көзден жас ағып жарыққа қарай алмайды , көздің көруі де нашарлайды. Жиі кездесетін белгісінің бірі – екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып , қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында «ауыздық» деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршақтанып кетеді. Ағзадағы флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 витамині кіреді. Демек, В2 витамині жетіспеген ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымданады .
B3
Никотин Қышқылының бір тәулікте ересек адамға қажетті мөлшері 15-25 мг.
B5
Авитаминоз. В5 – авитаминозына тән құбылыс – жас жануарлардың өсуі тоқтайды, терісі зақымданады, шаш ағарады, нерв жүйесінің , асқазан-ішек жолының жұмысы бұзылады. Адамда және жануарларда В5 – авитаминозы сирек кездеседі.
Табиғатта таралуы. Пантоден қышқылы өсімдіктерге қарағанда, жануарлар ұлпасында және мүшелерінде көп. Негізгі көздері: балық уылдырығы, балауыз, ашытқы, өсімдіктердің көгі, бауыр.
Бұл витаминнің ересек адамға қажет мөлшері тәулігіне 10-15 мг.
B6
В6 витамині ағзаға өте қажет. Өйткені ол зат алмасудың , қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, жүйке жүйелерінің қызметін реттеп, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
Табиғатта таралуы: бұршақ, астық тұқымдастарда, етте, балықта картопта көптеп кездеседі. Ол ішек микрофлорасы арқылыда аздаған мөлшерде синтезделеді де, ағза қажеттілігін біршама азайтады.
B12
1948 жылы бауырдан құрылымы жағынан қан геміне ұқсас, құрамында кобальт бар, жаңа витамин кристалдық түрде бөлініп алынды. Бұл құрамы жағынан өте күрделі қосылыс .Ол дені сау адамның асқазан сөлінде кездесетін , құрамында 11 –12% гексамині бар, мукопротеин белогі екен.
В12 витаминінің химиялық құрылымын Дороти Ходжкин рентген сәулелерінің дифракция жасау әдісі арқылы анықтады. В12 витамині химиялық құрамы ең күрделі витаминге жатады және құрамында металл бар бірден – бір витамин болып табылады.
Табиғатта таралуы: бұл витаминді жануарларда, өсімдіктерде де синтездей алмайді. Тек микроорганизмдер: бактеериялар, актиномициттер және көкжасыл балдырлар синтездейтін жалғыз витамин. Жануарлар тіндерінде бауыр мен бүйрек осы витаминге бай.
C
1907 жылы Хольст пен Фрейлих теңіз шошқаларын құрамында жас жаңа шыққан көкөнісі жоқ – диеталық тағамдармен қоректену арқылы жоғарыда жазылған ауруды тудырып байқады.
1921 жылы Н.Бессенов орамжапырақ шырынынан тотығу-тотықсыздану қасиетіне ие және құрқұлақтан қорғайтын препарат алды.
Венгр оқымыстысы Сент-Дьердьи малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп алып, оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті барлығын және химиялық табиғаты жағынан гексурон қышқылы екендігі анықталды. Бұл қосылыстың цинга ауруынан қорғайтындығын аша отырып, оны аскорбин қышқылы (С витамині) деп атады.
Таралуы: негізгі көзі – өсімдіктекті тағамдар, бұрыш, қара қарақат, орамжапырақта, цитрустарда көр
Р витамині (рутин). Венгр оқымыстысы Сент-Дьердьди зерттеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан қышқылына ұқсас заттар бар екендігін анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам ағзадағы ұсақ әрі жіңішке қан тамырлары-капиллярлардың өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан құйылу байқалады. Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрыштың экстрактысын бергенде капиллярлардың өткізгіштік қабілетін қалпына келтірген. Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай өзгеріс байқалмаған.
P
Bc
A
Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде ағзадағы зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің әлсіз жарық жағдайында адамның көру қабілеті де нашарлайды. Мысалы кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда өте нашар көреді. Оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді. Мұндай аурумен ауыратын адам көзі қызарып, ауырып, жарыққа қарай алмайды. Жапонияның транспорт министрлігі түнде жұмыс істейтін шоферлерге А витаминін қосымша түрде арнайы бергізіп тұрады. Ретинол әсіресе бауырда, бүйректен жасалған тағамдарда, сары майда, жұмыртқада, балықтардың майларында көп кездеседі.
Авитаминоз. Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А – авитаминоздың бір себебі. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лизоцим болмайды, көз алмасын ауруға ұшыратады, оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көз қатты зақымданады. Соның салдарынан соқыр болып қалады.
Гипервитаминозы: көздің қасаң қабығының қабынуы, гиперкератоз, буындардың ауруы, бауырдың үлкеюі т.б.
D
Авитаминозы: Жас сабилерді рахит ауруына шалыдтырады, бұл кальций жетіспеушілігінен болады. Ең алдымен остеогенез бұзылады, сосын остеомаляция байқалады. Ересектерде кальций жетіспесе кариес және остеомаляцияға, ал қарттарда остеопороз байқалады.
Гипервитаминозы: Д витаминінің шамадан тыс көбеюі сүйектің шынғыштығына әкеледі, қандағы кальций мөлшері артады
Табиғатта таралуы: көп мөлшерде жануар текті тағамдарда, сары сайда, жұмыртқа сарысында, балық майында кездеседі.
E
Авитаминозы: Е витамині жетіспегенде эритроциттердің гемолизі байқалады, оларда антиоксиданттық қорғаныс функцияларының активтілігі төмендейді. Симптомдары: бұлшыет дистрофиясы, бедеулік, бауыр некрозы т.б байқалады.
Табиғатта таралуы: негізгі көзі – өсімдік майы, салат, орамжапырақ, астық өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы т.б.
1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы рет балапандарды төмендегідей құрамнан тұратын тамақпен: 66% крахмал, 18% казеин, 4,5% тұз қоспасы, 2,5% клетчатка мен ашытқылар зкстрактысы, А мен В витаминдері бар балық майымен қоректендіргенде 1-2 аптадан кейін ет тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Ал егер жасанды тағамның құрамындағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасымен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған.