Зиянды газды сусындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 23:08, курсовая работа

Описание работы

Соңғы онжылдықта салқындатқыш сусындар шығаратын алкогольсіз газды сусындар өндірістері өте қарқынды дамуға мүмкіндіктері болды.Өнеркәсіптердің алдына өте үлкен талаптар қойылған, яғни жоғары сапалы өнім шығару. Өндірістік процестің әрбір бұзылуы кішігірім болса да шығынға әкеледі, алайда өндірістік ақаулар дайын өнімнің сапасын төмендетеді, яғни ол дегеніміз ол өнімге сұраныстың азаюына әкеледі. Мұндай жағдайлар барлық технологиялық талаптарды қатаң түрде сақтауды қажет етеді, сақталмаған жағдайда газды алкогольсіз сусындар дайындау процесінде келеңсіз жағдайлардың тууы әбден мүмкін. Жұмыстың мақсаты: газдалған сусындармен толық танысып, оны дайындау мен адамның денсаулығына кері әсерін түсіндіру.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................2
І бөлім. Газды сусындар......................................................................................3
1.1 Газды сусындардың құрамы және жіктелуі..................................................3
1.2 Газды алкогольсіз сусындар өндірісінің технологиялық сызба-нұсқасы....................................................................................................................7
1.3 Газдалған сулар мен сусындарды дайындау................................................16
1.4 Газдалған алкогольсіз сусындарды сақтау...................................................19
1.5 Газдалған сусындардың денсаулыққа зияны………………………………21
II бөлім. Зиянды газды сусындар.....................................................................22
2.1 Зиянды газды сусындар — «Пепси», «Кока-кола».....................................22
2.2 Зиянды газды сусындардың үй шаруашылығындағы маңызы мен денсаулыққа кері әсері..........................................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Файлы: 1 файл

Талапова газды сусындар.docx

— 74.89 Кб (Скачать файл)

 

Газдалған алкогольсіз  сусындарды құю

Газдалған сусындарды екі  схема бойынша құяды:

  1. купажды шәрбатты мөлшерлеу → газдалған сумен шөлмектерді толтыру → шөлмектерді тығындау → шөлмектерді араластыру → сусынның ақауын іздеу (бракераж) → затбелгілерді (этикетка) жабыстыру.
  2. суды деаэрациялау → деаэрацияланған су мен купажды шәрбатты араластыру → сулы-купажды араласпаны көміртегі диоксидімен қанықтыру → дайын сусынмен шөлмектерді толтыру → шөлмектерді тығындау → сусынның ақауын іздеу (бракераж) → затбелгілерді (этикетка) жабыстыру (синхронды-қоспалы әдіс).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             1.4 Газдалған алкогольсіз сусындарды сақтау

Дайын алкогольсіз сусындарды дайын өнім қоймасында сақтайды,  онда қндірістегі екі тәуліктік  өндірілген өнім сиюы қажет. Қойма бөлмесі  құрғақ және жақсылап желдетілген болуы  тиіс. Бөлме температурасы отандық  сусындарды сақтау үшін  0 -ден 12 °С аралығында және Кока-Кола, Пепси-Кола, Фанта және т.б. сусындарды сақтау үшін 25 °С жоғары болмауы керек.

Газдалған сусындарды жәшікпен тасымалдайды. Жаз уақытында оларды ысып кетуден сақтау керек, ал қыста  мұздап қатып қалудан сақтау керек.

 

«Постмикс» және «Премикс» автоматтарында дайындалған  газдалған сусындарға арналған шәрбаттар  және тауарлық шәрбаттар өндірісі

Сауда желісінде реализациялануға арналған шәрбаттар тауарлық деп  аталады. Тауарлық шәрбаттар және газдалған  алкогольсіз сусындарға арналған шәрбаттарды  «Постмикс» және «Премикс» автоматтарында купажды шәрбаттар сияқты дайындалады. Купаждауды суық, жартылай ыстық және ыстық әдістермен жүргізеді.

Жеміс-жидекті шырындар, шараптар пайдаланған кезде ыстық  немесе жартылай ыстық әдісті қолданады,  ал тұнбаларды, эссенцияларды, экстрактілерді және концентраттарды пайдаланған  уақытта суық әдісті қолданады.

Шәрбаттарды сыртқы түріне байланысты мөлдір және мөлдір емес деп  бөледі.

Пайдаланылып  отырған шикізаттарға байланысты шәрбаттар  бөлінеді:

  1. жеміс-жидекті шикізатты;
  2. ароматизатор қосылған;
  3. арнайы тағайындалған.

Өңдеу әдістеріне байланысты шәрбаттар:

1.консервант қосылған;

2. консервантсыз;

3. ыстықтай құйылған;

4. пастерленген.

Шәрбаттардағы құрғақ заттардың  массалық үлесі 50 % төмен болмауы  керек.

Дайын тауарлық шәрбаттарды  сыйымдылығы 2...10 дм3 шыны банкаларға, металл флягтарға, автоцистерналарға және арнайы теміржол цистерналарына құйылады.  Бұдан басқа, шәрбаттарды сыйымдылығы 30, 50 және 100 дм3 металл кеспектерге және сыйымдылығы 50 және 190дм3 импорты металл кеспектерге де құяды.

Консервантсыз тауарлық шәрбаттардың тұрақтылығы өңделген күннен бастап 60 тәулік, егер шыны ыдысты пайдаланса; ыдыстың басқа түрі пайдаланылса – 30 тәулік. Консервант қосылған болса  шәрбаттың тұрақтылығы шыны ыдыстағы 90 тәулік, ыдыстың қалған түріне құйылса  – 40 тәулік, ыстықтай құйылса – 120 тәулік, пастерленген – 180 тәулік.

Шәрбаттарды жақсы желдетілген  температурасы 0-ден төмен емес 12 °С жоғары емес таза бөлмелерде сақталуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      1.5Газды сусындардың адам денсаулығына әсері

Еліміздегі дәрігер мамандар сусындардың құрамындағы әртүрлі  химмиялық қоспалардың орталық  жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр  ауруларына шалдықтыратынын айтады. Сонымен қатар энергетикалық  сусындарды ұдайы тұтыну тахикардия, қант диабеті, психомотрлық қозу, жоғары дәрежедегі невроз, күйзеліс сияқты ауыр дерттерге душар ететіндігі ғылыми тұрғыда анықталған. Әсіресе, бұл  аса зиянды сусындарды алкогольді ішімдіктермен  қатар қолдануға мүлде болмайды. Әрі бұл сусындардың құрамына цикламат, аспартам деген арзан қант алмастырғыштарын қолданады екен. Ол тіпті аса қатерлі ісік дертін де тудырады. Аспартам құрамына енетін фенилаланиннің жүйке жүйесіне және миға кері әсері бары да белгілі  болып отыр. Сол себепті де дамыған  мемлекеттердің көбінде аса зиянды бұл синтетикалық қант алмастырғыштарды қолдануға тыйым салынған.

Қазіргі таңда газдалған  сусындар мәселесі дүниежүзілік тұрғыда  үлкен проблемаға айналып отыр. Ал біздің елде жастардың осы сусындарға әуестігі жылдан- жылға артып келеді. Бұл сусындардың зиянын дүниежүзі  ғалымдары зерттеп, айтып та жүр. Алайда, оны ешкім тыңдап жатқан жоқ. Сол себепті де газдалған  тәтті сусындардың зияндығын  қазіргі жастардың түсінуі қажет. Бұл сусындардың ең бірінші зияны  — газдалған тәтті сусындар, жалпы  тәттіге әуестік, яғни адам тәттіні  көп жей беретін болса, соған  үйірлік, тәуелділік пайда болатындығы  ғылыми тұрғыда дәлелденген. Себебі, адам тәттіге әуес болса, оның асқорыту жүйесінің шырышты қабығындағы  тәттіні сезгіш рецепторы біраз  уақытттан соң өзінің сезімталдығы жойып, тәттілігін сезбей, соған әбден  бойы үйреніп, көп жей беретін  болады. Әсіресе жас өсіп келе жатқан балалар тәтті сусын, тәтті тағамды  шектен тыс көп қолданса, басқа  құнды тағамдарды жеуге тәбеті шаппай қалады. Содан адамның ағзасында  құнарлы тағамдардың жетіспеушілігі пайда болады. Екіншіден, денесі толық  адамдар «осы мен көп май жемеймін, неге семіре беремін» деп таңғалады. Әрине, майлы тағамды көп қолдану  зиянды, артық салмақ қосуға әкеледі. Бірақ соған сәйкес дене қимылы болмаса, көмірсулар да майға айналып кететінін  көп жағдайда біле бермейміз. Ал дене толықсып кетсе, ол көптеген қатерлі  ауруларға ұшыратады. Міне, тәтті  газдалған сусындардың бір үлкен  қатері осында.             Үшіншіден, шетелдік ғалымдар газдалған тәтті сусындарды өндірушілер «халық көп алсын, көп табыс түссін» деп неше түрлі табиғи қоспаларды қосатындығын дәлелдеген. Яғни дәмін тіл үйіретіндей етіп қызықтыру, көп сақталуы, түрін, иісін жақсартып, газдау үшін бірнеше қоспаларды, консерванттарды қосады. Әрине, заң бойынша «мұндай қоспаларды нормадан аспай қосуға рұқсат етілген. Ал егер адам бұл сусындарды ұдайы, ылғи іше беретін болса, нормадан асырмай қосса да адам ағзасында жиналып, үлкен зиянын тигізеді. Ағылшын ғалымдары осыдан бірнеше жыл бұрын «Кока-кола», «Пепси-кола» газдалған тәтті сусындарына «бензуат натрий» дегенді қосатындығын дәлелдеген. Кейін басқа елдердің де ғалымдары бұған көз жеткізді. Мұның басқа зиянын айтпағанның өзінде, бұл сусындарды жиі қолдана берсе, қатерлі ісік тудырады екен. Міне, осыны халыққа, әсіресе жастарға айтып түсіндіру керек.

                 2.1Зиянды газды сусындар — «Пепси», «Кока-кола»

Кока-кола ─ коптеген елдерде кеңінен таралған, алкогольсіз сусын. АҚШ-тың брендiне айналған кока-коланың әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стақаны iшiледi екен. Оның тарихына келетін болсақ, Англиядағы Джорджия штатының тұрғыны фармацевт Джон Стит Пембертон 1886 жылы Кока Кола атты шырын жасап шығарады. Ал, оның атауын ойлап тапқан Пембертонның есепшісі Фрэнк Робинсон болады. Ойдағыдай шыққан сусынға тәнті болып құмартқан халық құрамына кіретін заттарды білу үшін Джон Ститтің артынан айлап, керек десеңіз жылдап жүгірген. Құрамына кіретін заттарға коки ағашының жапырағы мен тропикалық жеміс қосып отыратыны жөнінде қатты сыр сақтағанын кейіннен ғалымдардың зерттеу нәтижесі Кока Коланы жүйке ауруына шалдыққанға көмегі бар деп анықтайды. Себебі, коки ағашының ішінде ағылшын ғалымы Альберт Ниман кокаин бар екенін дәлелдейді. Жүйке ауруына қарсы дәрі ретінде саналып, тіпті, Англиядағы Джекоба дәріханасында сатыла бастайды. Бір қызығы, ол кездері кокаиннің зияны жайында ешкім білмеген және оны емін–еркін қолданған. Осылайша сусынға сусындап, ағылшындықтар қызыққа батқан көрінеді. Тек, 1892 жылы Пембертон денсаулығы сыр берген соң атақты кәсіпкер Аса Григгске өз өнімін сатады. Дәл осы жылы Кока – Кола сусынына арнап бай кәсіпкер «The Coca Cola Company» атты үлкен компания ашады. Қаншама сынақтардан өткен шырын осы мекеме арқасында аты әйгіленіп, атағы жер жаһанға жайылады.. Ал, бұл сусын біздің елге 1988 жылы кәсіпкерлердің өзара келісімшарты арқылы келген. «Кока-Кола Алматы Ботлерс» Қазақстан-Түрік бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазір Қазақстанда, (Алматыда) екі зауыт американдық технология мен алькоголсіз сусындардың Кока-Коладан өзге бірнеше түрін, Piko табиғи шырынын, Nestea салқын шәйін, Cappy шырындары мен бал-шырындарын шығарып жатыр.

Кока коланың құрамына келетін болсақ, сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы жай Coca-Cola нұсқасы берілген.

Сусынның компоненттері:

  • қант
  • көміртек диоксиді(E290)
  • бояғыштар: қант коллері(E150),кармазин(азорубин)(E122)
  • ортофосфор қышқылы(338)
  • кофейн
  • табиғи хош иістендіргіштер

 

Сонымен қатар әдеттегі кола құрамында 11 шай қасық қант болады. Ал диеталық нұсқада оның орнына қант алмастырушы зат қолданылады. Жасанды тәттілендіру күнделікті қолданатын қантқа қарағанда, жүз есе тәттірек келеді. Оның құтыдағы мөлшері мен тығыздығы аса көп болмағандықтан, суға салған кезде қалқып, су бетіне шығады. Сондай-ақ соңғы жаңалықтартардың бірі 1886 жылдан бері келе жатқан Кока-коланың құпия ингредиентін байқындалды.Күн сайын ішіп, рақаттанып жүрген сүйікті сусынымыздың құрамына коки жапырақтарын емес, құрт қосады екен.Бұл жәндік Армения, Әзірбайжан, Польшада тіршілік етеді екен.Ал бұлардың ең көп көбейетін түрлері Мексикадак кездезед екен. Карминмен киімді бояу бұрыннан белгілі болса, ал тамақ өнеркәсібінде ол бір ғасырдан астам уақыттан бері пайдаланылады. Карминмен тек газды сусындарды ғана емес, кондитерлік тағамдарды және сұт өнімдерінде бояйтындығы анықталды. 1г кармин алу үшін жүздеген жәндікті кептіруге тура келеді.

Pepsi(пепси)-Pepsi Cola-ның қысқаша атауы. Пепси кола спиртсіз, құрамында кофейні бар сусын. Пепси кола Кока Коланың басты бәсекелесі. Пепси кола сусынын Нью- Берн 0аласында америкнды0 фармацепт Калеб Брэдхэм жасады. Алғаш кездегі атауы <Breds drink>  деп аталды. 1898жылы <Pepsi Kola> деген атауға ауыстырылды.1903жылы 16маусымда ресми түрде сауда маркасы болып тіркелді. "Пепси-кола" экстрактына қола антиль жаңғағы, лимон шырыны, Мадагаскар ванилі, оңтүстік және шығыс елдерінде өсетін экзотикалық өсімдіктердің хош иісті майлары кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2Кока-коланың үй шаруашылығындағы маңызы мен денсаулыққа кері әсері

 

Кола бәрімізге бала кезімізден таныс.Сәтті жарнамалардың арқасында  бұл сусынды кәрісіде, жасыда жапа-тармағай ішіп жүр.Енді оның үй шаруасындағы маңыздылығына  көңіл аударайық.

  • Жазғы мезгілде жәндік, шыбын шіркей шағып алғанда кока-коланың пайдасы бар.Ашып турған жеріңізге коланы құйсаңыз, жеңілдеп қаласыз.
  • Кока-кола тотты керемет кетіреді. Тоттанған затты кола құйылған ыдысқа батырып қойыңызда, ертесіне ысқылап, жуып-шайып алыңыз.
  • Кока-коламен терезеңізді, авкөлігіңізді жууға болады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы жылтыратып жууға көмектеседі.
  • Бұл сусын  дақтарды да кетіруге көмектеседі.
  • Сонымен қатар ыдысыңыздың бастапқы көрінісін қалпына келтіргіңіз келсе кока коланы пайдаланыңыз.

Әрине бұл сусын материалдық  жағынан пайдалы болғанымен, ол адам денсаулығына өте зиян. Ал, енді дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударайық. Оның құрамында қанттың көп болуынан қант диабетіне шалдығушылар саны да соңғы жылдары қылаң беріп келеді. Сондай-ақ, Кока – Коланы ішектің созылмалы ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауыратындарға тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі. Ал, ер адамдар үшін тіптен қауіптірек, яғни, бедеулікке апаратын бірден–бір қауіпті жол болып тұр. Оның үстіне жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар көрінеді. Қарақоңыр түсімен ерекшеленетін «Кока –Кола» дайындауда пайдаланылатын карамель негізіндегі бояғыштар обыр (рак)ауруының дамуына әсер етеді.Бұл туралы «The Daily Mail» деп аталатын британдық газетте жазылды.  Америкалық денсаулық сақтау органдары  «Кока Коланың» рак ауруын туғызуға тікелей «септігін» тигізетінін анықтап отыр. Сусын құрамындағы карамельдің шын мәнінде  қоңыр қызыл канцерогендердің қосындысы екені анық болды. Кола өндірушілердің карамель деп жүргені үй жағдайында  қантты ерітуден алынатын тәтті емес. «Кока колалық карамель»- аммиак,сульфит және шекерді реакциялау барысында пайда болатын, адам ағзасына зияны орасан сұйықтық. Бұл қосынды бауыр және  қалқанша безі рагының өріс алуына жол ашады. «Кока кола» компаниясы шығаратын  4  өнімде жасанды карамель пайдаланылады. Ал,оның екеуіне аммиак қосылатынын білген Вашингтондық ғалымдар дабыл қағуда. Сонымен қатар бұл сусындар тіске зиянды болып келеді.Оңтүстік Иллинойс университеті ғалымдарының соңғы зерттеуі көпшілікті ойға қалдырған. The Daily Mail-дың хабарлауынша, сарапшылар 13 спорттық сусын мен 9 энергетиктің қышқылдық деңгейін тестілеуден өткізген. Сусындар мен сілекей қосындысының адам тісі эмаліне әсері күн сайын тексерілді. Сынақтың нәтижесінде энергетикалық және спорттық газды сусындар құрамында қышқыл деңгейінің жоғары болатыны және мұндай сусындарды ішкен адам тісі эмалінің бес күннен кейін-ақ зақымданатыны анықталды. Эмальдің бұзылуы тіс шірімесін дамытатындықтан, мамандар мұндай сусындардан соң ауызды шаюға немесе қантсыз сағыз шайнауға кеңес береді.

Жуырда Грекиядағы Иоаннин университетінің  докторы Моше Элисаф жетекшілік еткен  зерттеушілер тобы тәтті сусындардың  кең таралған бір түрі «Кока-Коланың» ағзада калий жетіспеушілігін тудыратынын  анықтады. Бұл топ «Кока-Коланы»  көп мөлшерде – күніне 3-7 литр –  ішетін жандарды бақылауға алып, олардың  ағзасында калийдің тиісті деңгейден  әлдеқайда төмен болатынына көз  жеткізген. Ғалымдар калий жетіспеушілігін  сусын құрамындағы фруктоза, глюкоза  және кофеинмен байланыстырады. Калий  бұлшық еттер жұмысын реттейді. Аталған  минерал жетіспеген жағдайда адам өзін әлсіз сезінеді, ал калий жетіспеушілігі ұзаққа созылса, сал ауруына, яғни мүгедектікке апарады.

Газдалған сусын өндіру саласындағы жетекші компаниялар Coca-Cola мен Pepsi-Co өздері шығаратын сусындардың құрамын өзгерту туралы шешім қабылдады. Мұндағы мақсат - бөтелкелердің сыртындағы газды сусындардың қатерлі ісік ауруларына себеп болатыны туралы ескертуден құтылу болып отыр. Соңғы кезде Coca-Cola мен Pepsi сусындарының құрамындағы 4-ші метилимидазол деп аталатын химиялық зат қатерлі ісікке себеп болады деген пікір айтылып жүр. АҚШ-тың Калифорния штатында бұл затты қолдануға тыйым салынған. 4-ші метилимидазол карамелді бояғыш заттың құрамында болатын көрінеді. Ал ондай бояғыш сусын жасауға пайдаланылады. Енді компаниялар бояғышты өндіретін әріптестерін аталған зат мөлшерін біршама азайтуды сұрап отыр. Coca-Cola компаниясы болса сусындардағы 4-ші метилимидазол мөлшері денсаулыққа қауіпті емес деген мәлімдеме таратуда. Ол үшін ғылыми зерттеулер жүргізіліп, аталған заттың қатерлі ісікке қаншалықты себеп болатыны тексерілгені айтылады. АҚШ-тың сусындар өндіру жөніндегі қауымдастығы сусынның адам денсаулығына теріс әсері әлі дәлелденген жоқ деген уәж айтуда. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі Департаменті мамандарының айтуынша, адамда қатерлі ісік пайда болуы үшін кока-кола немесе пепси-коланың 1 мың құтысын ішу керек.

 

 

 

 

Қорытынды

  • Газдалған алкогольсіз сусындар  деп көміртегі диоксидімен қанықтырылған қант шәрбаты, сусындарға арналған концентраттар мен композициялар, жеміс-жидек шырындары, жүзімді материалдар мен жеміс-жидек экстрактілері, ароматтауға арналған құрғақ өсімдіктің ұнтақталған араласпасының тұнбасы, шөптердің, татымды заттардың экстрактілері мен тұнбалары, ароматты тағамдық, коллер мен басқа да бояғыштардың эссенциялары, тағамдық қышқылдар, қант және оны алмастырғыштар және басқа да компоненттердің судағы ерітілген араласпасын айтамыз. Оның құрамына кіретін минералды заттар, дәрумендер және басқа да пайдалы заттар сусынның құндылығын жоғарылатады.

Информация о работе Зиянды газды сусындар