58.Дәнекер ұлпаның
жалпы сипаттамасы,жіктелуі ж/е
дамуы.Дәнекер (ішкі орта) үлпалары көп торшалы жануарлардың
ал- ғашқы даму сатылырында эпителий үлпаларымен
қатар дамып жетілген коне қүрылымдарға
жатады. Ішкі орта үлпаларына тірі сұйықүлпалар
(қан, лимфа), дәнекер үлпалары (ретикулалы,
май, боргіылдақ және тығыз дәнекер үлпалары),
қаңқа дәнекер үлпалары (шеміршек, сүйек
үлпалары) жатады. Аталған үлпалардың
барлығьг құрылысы жағынан бір-біріне
үқсас. Олар торшалардан және олар- дың өнімдері
— торшааралық заттан түрады. Ішкі
орта үлпалары торшаларында эпителиоциттермен
салыстырғанда полярлық айырмашылықтар
(эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды.
Торшааралық заттар үлпа торшаларының
туынды онімдері бол- ғанымен, массасы
мен мөлшері жағынан торшаларға қарағанда
әлдеқайда мол болады. Сондықтан, торшааралық
заттар ішкі орта ұлпаларының маңызды,
атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық),
қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді
атқаруға қаты- сады. Жануарлар организмдерінде
қүрамында ішкі орта үлпала- рының элементері
кездеспейтін мүшелері болмайды. Дәнекер
ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің
қабықтары мен қа- баттарын, қомақты мүшелердігі
паренхима бөліктерін дәнекерлеп, олар
біріктіріп бір түтас ететін стромасын
қүрайды, әр түрлі мүшелердегі перделіктерді,
қапшықтарды, дене шандырларын.қаңқа сүйектері
байламдарын, бүлшық еттер сіңірлерін,
қаңқаны, организмнің сүйық ішкі ортасын
түзеді. Дәнекер үлпаларының жарақаттанганнан
кейінгі тез қалпына келу және өзгерген
ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген.
Барлық ішкі орта үлпалары эмбриондық
дәнекер үлпасы — мезенхимадан дамып
жетіледі.
59.Жүйке жүйесі туралы
түсінік.Ол қандай ұрық жапырақшалардан дамиды.Жүйке жүйесі
организм бөліктерін біріктіріп,түрлі
процестерді реттеп,ағзалар мен ұлпалар
қызметтерін үйлестіріп,организмнің сыртқы
ортамен өзара іс-қимыл жасауын,әрі сыртқы
ортадан,ішкі ағзалардан түсетін әртүрлі
хабарларды қабылдап,оларды өңдеп,сигналдарды
туындататын,тітіркендірудің әсеріне
сайма сай жауап реакциясын қамтамасыз
етеді.Жүйке жүйесі басқа ағзалар жүйесінен
бұрын пайда болып,ұрықтық кезеңде қызметін
бастайды.Жүйке юүйесін анатомиялық құрылысына
қарап,орталық ж/е шеткі деп екі үлкен
топқа бөледі.Орталық жүйке жүйесіне бас
миы,жұлын,шеткісіне түйін,жүйке,жүйке
ұштары кіреді.
60.Бас миы мен жұлынның
ақ ж/е сұр заттарын не түзеді.
61.Жұмыртқаклетка қандай
белгілерге байланысты жіктеледі,олар
қалай деп аталады. Сарыуыз қорының
жүмыртқа торшасындағы мөлшеріне байланысты
овоциттер үш топқа бөлінеді:
1.олиголецитті (грек.
о1і§оз - аз, Іесуіоз - сарыуыз) овоцит — сарыуызы аз жұмыртқа торшасы;
2.мезолецитті (грек.
тезоз - орташа) овоциг — сарыуызының мөлшері орташа
жұмыртқа торшасы;
3.полилецитті (грек.
роіу - коп) овоцит — сарыуызы көп
жұмыртқа торшасы.
Сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы
таралу сипатына байланысты жұмыртқа
торшаларын төмендегідей үш топқа бөледі:
1.изолецитті немесе гомолецитті (грек. ізоз, һотоз - бірдей,
үқсас) овоцит сарыуыз жүмыртқа торшасының
цитоплазмасында
біркелкі таралған;
2.телолецитті (грек.
Іеіоз — жиек, соңы) овоцит —• сарыуыз жүмыртқа торшасы
цитоплазмасының тек бір полюсінде ғана
жинақталған;
3.центролецитті (грек.
сепігоз - орталық, центр) овоцит сарыуыз жүмыртқа цитоплазмасының
орталығында жинақталған.
63.Эндокринді бездерге
қандай бездер жатады.Оларды атап,әрқайсысына
жалпы сипаттама бер.Гипофиз
үлпершекті ағза,екі алдыңғы ж/е артқы
бөлшектерден тұрады.Аденогипофиздің
алдыңғы аралық ж/е оймышта орналасқан
бөлікрері болады.Гипофиз ішкі сереция
без-р-ң белсенділігін реттейді,гипоталамустың
ірі жасушалы ядролары гормондарын бөлітін
орын болып келеді.Гипофиз тығыз талшықты
ұлпалар қапшығымен жабылған.Стромасы
борпылдақ дәнекер ұлпа-р-ң жұқа қабатынан
тұрады.Эпифиз нейроэндокринді ағза,ақпаратты жүйке ж/е эндокринді
жүйелерден алып,олар онда бірігіп,эпифиздің
жасушалары-пинеалоциттер белсенділігін
реттейді.Эпифиз жұқа қапшықпен жабылған,одан
тамырлар ж/е жүйке талшықтары бар көптеген
пердешелер өтіп,ағзаны бөлікшелерге
бөледі.Қалқанша без-организмдегі эндокринді
бездердің ең ірісі,сүтқоректілерде күрделі
дамиды,зат алмасу реакциясы белсенділігін,даму
процесін реттейтін-тиреоидты,кальций
алмасуын реттеуге қатысатын кальцитонин
гормондарын өндіреді.Қалқанша маңы бездер-3ж/е4ші желбезек
қалташасының алдыңғы қабырғасындағы
қалың ішқабық бастамасынан дамиды,мезенхимадан
дәнекер ұлпа қабықшасы,бездің жұқа қабатшалары
құрылады.Бүйрекүсті без-эндокринді без,ол
екі бөліктен-қыртысты,милық заттардан
тұрады. Даму көзі,құрылысы,қызметі әртүрлі
болады.Қыртысты зат соңғы қуысты мезодермадан
қалыңтэпителийінен дамиды,ал милық заты,сезімтал
түйінің жасушаларындай,жүйке-ң айдаршық
ұлпаларынан пайда болады.Бездің дәнекер
ұлпасы мезенхимадан құралады.Өыртысты
зат алмасу түрлеріне,иммуды жүйе,қабыну
прцесстері ағымына ісер ететін кортикостероидтар-гормондар
тобын бөледі.
65.Қағанақ дегеніміз
не?Оны қандай белгілеріне байланысты
шышыраңқы,ыдысшы,шеңбер,диск тәрізді
деп бөлінеді. Қағанақ қоректік,бөлінді
бөлу, механикалық ж/е иммунобиологиялық
қорғау қызметтерін атқарады.эндокринді
ағза болып келеді.Морфологиялық жіктеуге
сай-шашыраңқы,ыдысша,шеңбер,диск тәрізді
болады.Шышыраңқыда бүрлер хорион бойында
біркелкі қысқа кішкене шоқ бқта тәрізді
орналасады.Мұндай қағанақ бие,мәші,інген,мегежәндерге
тән.Ыдысшада қағанақ бүрлері ірі ж/е
қатты тармағталған,бір жерге жиналып,томпайып
барып,ыдысшалар деп аталып,жатыр қабығындағы
етша өскінмен тығыз байланысқа түседі.Мұндай
қағанақ күйіс қайтаратын малдарда болады.Шеңбер тәрізді қағанақ бүрлері белдеу
тәрізді бүкіл аллантохорионды қошап
орналасады,жыртқыштарда орын алады.Адам,маймыл,кемірушілер
қағанақтары диск тәрізді болады.Өйткені бүрлер
орналасқан аудан түрі диск тәрізді болып
келеді.
66.Бауыр,оның бөліктерінің
гистологиялық құрылысы.Бауыр организмнің
ең ірі безі.Бауыр ішекті сорылған барлық
қоректік заттарды сақтайды,қарын-ішек
жолы ағзаларынан ағатын қанды қақпалық
көктамыр жүйесінен алып,оргинзмде ерекше
орын алады.Қоректік заттар бауырда жиналады,өнделеді,қайта
түзілген қосындылармен бірге қанға бөлінеді.Бауырға
ішектерден,жүйке қанағымынан түрлі уытты,биологиялық
белсенді заттар түседі,олар бұзылып,зиянсыз
өнім түрінде өтке шығарылады.Өтке басқа
құрамбөліктермен бірге,өт қышқылдары
да сақталады.Ол ішекте майды ыдыратуға,көбіктендіруге,сіңірілуіне
қажет.Сонымен бауыр ішекке өт бөлетін
экзокринді ж/е қанға бірталай зат түзетін
эндокринді без,әрі организмнің ұрықтық
кезеңінде ол әмбебапты қан өндіретін
ағза.Бауырдың жұқа дәнекер ұлпадан тұратын
қаптамасын сыртынан сір қабығы жауып
тұрады.
68.Қан.Қан жасушаларының
құрылымдық,қызметтік сипаттамасы. Қан — сұйық тірі ішкі орта ұлпасы.
Ол тұйық қан айналым жұйесінде үздіксіз
қозғалыста болып, организмнің барлық
мүшелер жүйелерін біріктіріп, біртүтас
етіп, олардағы үлпалық және торшалық
деңгейдегі зат алмасуды қамтамасыз етеді. Қан торшаларына эритроциттер (қызыл
қан торшалары), лейкоциттер (ақ қан торшалары)
және қан табақшалары (қүс- тар мен томенгі
сатыдағы омыртқалы жануарларда ядролы
торшалар — тромбоциттер) жатады. Эритроциттер оттегі мен көмірқышқыл
газын тасымалдап, организмдегі газ алмасу
процесін атқаруға маманданып толықжетілген,
сондықтан бөлініп кобеюге бейім емес
қанның қызыл торшалары. Сүтқоректі жануарлардың
эритроциттері мөлшері жағынан майда
болып келеді. Оларда ядролар болмайды.
Ал қалған омыртқалы жануарлар эритроциттерінде
ядро болады. Лейкоциттер — жануарлар организмінде
қорғаныс (бөгде денелер мен бактерияларды
фагоцитоз арқылы жою, олардың уларын
бейтараптандыру, торшалық және гуморальдық
имму- нитеттерді қалыптастыру) қызметін
атқаратын және әр түрлі жарақаттан кейінгі
қалпына келу (регенерация) процесін реттеуге
қатысатын қанның ақ торшалары. Қандағы
лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда
әлдеқайда аз. . Қандағы лейкоциттер санының
көбею процесін лейкоцитоз дейді. Қалыпты жағдайда
лейкоцитоз жас төлдерде болады. Ол ас
қорыту процесінің белсенді жүруі кезінде
де байқалады. Қан табақшалары (тромбоциттер) —
сүтқоректі жануарларда көп ядролы мегокариоциттер
торшалары цитоплазмасының бөлік- шелері.
Сондықтан, қан табакдгаларында (қан пластинкаларында)
ядро болмайды. Олардың 1 мм3 қандағы
саны 200-400 мындай, ал молшері 2 -5 мкм. Боялған
гистологиялық препараттарда қан табақшаларының
орта шенінде негіздік бояулармен метахромды
(көкшіл түске) боялған дәншелер жиьтнтығы
корінеді. Бүларды хромомерлер немесе грануломер — деп атайды.
69.Жұлынның дамуы,гистологиялық
құрылысы ж/е қызметі.Жұлын орталық
жұйке жүйесінің ең ерте түзілген бөлігі
ж/е опганизмнің өте күрделі қозғалыс
қызметін атқарады.Жұлын омыртқы жотасының
өзегінде орналасады,түрі жұмыр желідей,ортасында
сұйыққа толы жұлын өзегі өтеді.Ол тен
екі бөліктен тұрады.Оны алдында орналасқан
саңылау ж/е артындағы-жүлге бөледі.Жұлын
сегментті құрылысымен сипатталады.Әр
сегмент қос алдыңғы ж/е қос артқы түбірімен
байланысады.Жұлын ортасында сұр заты,шетінде
ақ заты жатады.Ақ зат төменгі бөлігіне
қарағанда,жоғарғы бөлігінде көп болады.Сұр
заты көлденең кесінде көбелек тәрізді,қос
алдыңғы,артқы,бүйірлік ашалардан тұрады.
70.Жұмыртқаклеткасының
қосымша қабықтарын атап,олардың
атқаратын қызметін түсіндір.Жұмыртқаклетканың
сыртын қосымша үш:сарыуыз(вителлинді,даму
кезіңде ж/е ұрықтанғанға дейін жақсы
көрінеді)Мөлдір(қышқыл мукополисахаридттердее
тұратындықтан күшті иммундық тосқауыл,әр
жануарларға тән шәуеттерді ғпнп тандап,өткізеді,арнаулы
тозантесігі болады,олар шәует,қоректік
заттар өткізеді)фолликулалы(қоғаныш,тосқауыл,реттеуіш
қызметтер атқарады,құрылысы өте күрделі,құста
жұмыртқаклетка жолында түзілетін белок,қабыршақ
асты,қабыршақ,қабыршақ үсті қабаттарынан
тұрады)қабықтар жабады.
71.Бұлшық ет ұлпасының сипаттамасы,жіктелуі.
Ет ұлпалары жануарлар организмдерінің
қоршаған ортадағы қимыл-қозғалысын, сондай-ақ,
дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің
ерікті (қаңқа бүлшық еттері) және еріксіз
(ішкі мүше- лері мен тамырлар қабырғаларындағы
етті қабықтар мен қабаттар) салыстырмалы
қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Ет үлпаларының
жиырылу, ширығу, босаңсу сияқты қызметтері
жүйке үлпасының қызметімен тікелей байланыста
жүреді және жүйке үлпасының басшылығымен
іс жүзіне асады. Қүрылысына, қызметіне,
шыгу тегіне және орналасу орнына байланысты
ет үлпалары: бірыңғай салалы жолақсыз,
көлденең жолақты жөне арнайы жиырылғыш
ет үлпалары болып бөлінеді.Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасын
пішіні үршық төріздес үзынша келген ет
торшалары — миоциттер қүрайды. Бірыңғай салалы
жолақсыз ет үлпасы еріксіз жиырылады.
Аталмыш үлпа ішкі мүшелердің, қан және
лимфа тамырларының, без өзектеріның,
көкбауырдың, терінің, еріксіз жиырылатын
етті қабықтары мен қабаттарын түзеді. Көлденең жолақты бүлшық ет үлпасы
қаңқаның, тілдің, жүт- қыншақгың, өңештің
алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының,
қүлақтың, көкеттің бүлшық еттерін қүрайды.
Көлденең жолақгы бүлшық ет үлпасының
ет талшықгары миосимпласттардан (бейтор-
шалық күрылым) түрады. Миосимпласт сыртынан
сарколеммамен қапталган. Сарколемма
өз кезегінде екі қабат қабықган: сыртқы
негіздік жарғақган және ішкі плазмолеммадан
түрады. Бүлшық ет талшықтарының сопақша
келген мындаған ядролары миосимпласт
ңитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың
астында жатады.
72.Бірыңғай салалы бұлшық еттің орналасқан жері,құрылысы,қызметі,дамуы.
Қүрылысына, қызметіне, шыгу тегіне және
орналасу орнына байланысты ет үлпалары:
бірыңғай салалы жолақсыз, көлденең жолақты
жөне арнайы жиырылғыш ет үлпалары болып
бөлінеді.Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасын
пішіні үршық төріздес үзынша келген ет
торшалары — миоциттер қүрайды. Бірыңғай салалы
жолақсыз ет үлпасы еріксіз жиырылады.
Аталмыш үлпа ішкі мүшелердің, қан және
лимфа тамырларының, без өзектеріның,
көкбауырдың, терінің, еріксіз жиырылатын
етті қабықтары мен қабаттарын түзеді.
Үлпа миоциттерінің мөлшері мүшелердің
қүры- лысы мен физиологиялық жағдайларына
байланысты, үзындығы - 20 мкм -ден 500 мкм
-ге, ені — 6 мкм -ден 20 мкм -ге дейін өзгеріп
отырады. Олардың үзынша келген ядролары
торшалардың ортаңғы жуандау келген түсында,
ал органеллалары мен гликоген түйіршіктері
ядро маңындағы цитоплазмада орналасады.
Миоцит цитоплазмасында жиырылу процесін
іс жүзіне асыратын белокты жіпшілер — миофибриллалар торшаның үзын бойымен
бойлай орналасады. Олар кезегімен орналасқан
актин және миозин миофиламенттерінен
қүралған. Миозин миофиламенттері актин
миофиламенттеріне қарағанда 3-24 есе жуан.
Жиырылу процесі кезінде аталған миофиламенттер
бір-біріне жанаса еніп, қысқарады. Миоциттер
сыртынан екі қабат қабықшамен: сыртқы
негіздік жарғақпен және ішкі миоцит плазмолеммасымен
қапталған. Бүлардың аралығында ені 15-20
нм кеңістік қалады. Миоциттер бір-бірімен
тым жіңішке коллаген және эластинталшықтары
аралықтарымен өзара байланысып жатады.
Бұл аралықтар эндомизий — деп аталады. Ондаған
миоциттер бір-бірімен тығыз дәнекерлене
байланысып, бірыңғай салалы ет ұлпасының
қүрылымдық бірлігі — миоциттер шоғырларын жасайды. Олардың
арасында ет үлпасын қоректендіретін
және оның қызметін реттейтін қан, лимфа
тамырлары мен жүйкелер өтетін, дәнекер
үлпалық аралықтар қалады. Бүл аралықтар перимизий — деп аталады. Бірыңғай
салалы ет үлпа- сының қабықтары мен қабаттары
сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталады.
Аталған сыртқы дәнекер үлпалық қапшықты эпимизий — деп атайды. Ішкі мүшелер
мен тамырлар қабырғаларындағы бірыңғай
салалы ет үлпасының қабықтары мен қабаттары
қүрылысы жағынан паренхималы қүрылымдарға
жатады. Олардың паренхимасын миоциттер,
ал стромасын борпылдақ дәнекер үлпалық
аралықтар (эндомизий, перимизий, эпимизий)
құрайды. Миоциттер бөлініп көбеюге бейім.
Бірыңғай салалы ет ұлпасы мезенхимадан
дамиды.
73.Көздің гистологиялық
құрылысы.Көз тор қабығының нейрондық
құрамы.Алғашқы көз өскіндері көз
көпіршігі-аралық ми қабырғасының томпаюы
түрінде пайда болады.Ұлғая келе т,көз
көпіршігі эктодермамен тікелей байланысып,онда
күрделі морфологиялық өзгерістерн жүредіКөз
көпіршігінің сыртқы беті жұқарып,кейін
ішіне қрарй жымырылып,соңында қос қабатты
тастақанша құрады.Оны көз құтышағы деп
атайды.Ішкі қабатындағы жасушалар-торлы
қабық-ң,сыртқы қабатындағылары-бояутек
қабығы-ң өсінділері болып келеді.Көз
алма қабырғасы үш қабықтан тұрады.Одан
басқа оның құрамына көз бұршағы кіреді.Ол
кірпікті денеге кірпікті белдеу талшықтарымен
бекиді.Алманың алдыңғы камерасы-нұрлы,кірпікті
дене өсіндісі,кірпікті белдеу ж/е көз
бұршағы арасында орналасады.Екі камерадан
кірпікті денебөлетін қоймалжын затқа
толы болады.Бұл сұйық аққабықтың көктамыр
қойнауында сіңіріледі.Көз бұршағы мен
кірпікті белдеу артында тор қабық қошаған
кеңістік мөлдір денемен толы болады.Бұлардың
бәрі атқаратын қызметіне қарай үшке бөлінеді:1)Жрық
сындыратындар жарық сәулелерін тор қабыққы
бағыттайды.2)Әртүрлі қашықтықтан көруге
бейімделетіндер көз бұршағын,әрі қарашық
диметрін өзгертіп жарық үдемелігін реттеп,зат
бейнесін тор қабыққа жеткізуді қамтамасыз
етеді.3)Тор қабықтар жарықтақабылданып,олардың
алғашқы өндеуі жүреді.