99.Жұмыртқа клеткасының
құрылысы қандай?Ұрықтануға,дамуға бейімделген,қабығы,цитоплазмасы,ядросы,организмдегі
басқа жасушалардан ерекше,өзіне тән қасиеттері,құрылымы
бар жасуша.Ядро көлемі кіші,белсенділігі
нашар,хромосомалар құрамы-гаплоидты.Ядро
мен цитоплазма ара қатысында цитоплазма
басымды.
100.Сүт безінің гистологиялық
құрылысы.Сүт түзілу механизмі.Сүт
безі эпидермистің туындысы,тек ұрғашы
малды болады.Сүт безінің шығарушы өзегі
мен секрет бөлетін бөлігінің құрылысына
қарай,ол күрделі тармақталған түтікше-альвеола
бездеріне жатады.Оның үлпенршегі тармақталған
шығарушы өзек жүйесінен,соңғы секрет
бөлімдерінен ж/е май жасушаларына бай
дәнекер ұлпадан тұрады.Кейігһнгі без
үлпершегін түрлі көлемді жарнақшаға
бөледі.Сүт безінің алғашқы жарнақшасында
соңғы бөлімдер н/е сүт альвеоласы,соңғы
шығарушы өзектері ж/е дәнекер ұлпадан
тұратын стромасы болады.
102.Бөлшектену,оның түрлері,ұрық
дамуына ора жағдайларының тигізетін әсері.Бөлшектену—бір
торшалы үрық—зиготаның митоз арқылы
бластомерлерге бөлініп, көп торшалы үрық-бластулаға
айналатын, эмбриогенездің екінші кезеңі.
Бөлшектену нәтижесінде пайда болған
торшаларды үрықтың бөліктері немесе бластомерлер— деп атайды. Олар бір-бірімен
өзара тығыз байланыста болады. Бөлшектену
кезінде митоздық айналым қысқа болғандықтан,
бластомерлердің мөлшері бөлінген сайын
кішірейе береді. Бірақ, бластомерлер
ядроларының мөлшері кішіреймей, үсақталу
тек цитоплазманың есебінен жүреді. Бластомерлердің
саны көбейгенімен, коп торшалы ұрықтың
жалпы көлемі зиготаның молшеріндей болады.
Бөлшектену бластомерлер ядролары мен
цитоплазмаларының ара қатынасы дене
торшаларындағы қатынасқа жеткенше жүреді
де, сонан соң бластомерлердің бөлінуі
тоқтайды. Бөлшектену кезеңі нәтижесінде
пайда болған көп торшалы үрықты бластула— деп атайды. Зиготаның
бөлшектенуі әр түрлі жануарларда түрліше
жүреді. Бөлшектенудің түрлері жүмыртқа
торшаларындағы сарыуыздың мөлшеріне
және сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы
таралу сипатына байланысты. Бөлшектену
процесі ұрықганған жұмыртқа торшасы
цитоплазмасының сарыуызы аз болігінде
жүреді. Ал жұмыртқаның сарыуызы коп молшерде
жинақталған цитоплазма бөлігі бөлшектенуге
қатыспайды. Осыған байланысты бөлшектенудің
екі түрі ажыратылады. Олар: толық (голобластикалық)
бөлшектену және жартылай (меробластикалық)
бөлшектену. Голобластикалық бөлшектенудің түрінде
зигота толығымен бөліну процесіне қатысады,
ал меропластикалық бөлшектену зиготаның
тек сарыуызы аз жоғарғы анимальды полюсінде
ғана жүреді.
103.Сүйек кемігінде
қандай қан жаушалары түзіледі?Сүйек
кемігі қан түзу ж/е иммунитет дамуының
орталық ағзасы ж/е бағаналық қан жасушаларының
өзін-өзі қолдайтын популяцияларын сақтап,миелоцит,лимфоцит
қатарларының жасушаларын құруға қатысады.
104.Десмохориалды қағанақ
дегеніміз не?Бұл қағанақта хорион
бүрлері жатыр кілегейлі қабығы-ң меншікті
қабатына еніп,оның эпителийін бұзады.Мұндай
қағанақ күйіс қайтаратындарда болады.Онда
қағанақ дамуымен жатырдың ыдысшалары
жанасатын кілегейлі қабықтарында қылтамырлар
қаптап өседі де,ұрықтың гемотрофты қоректенуін
күшейтеді.Туу мезгілінде жатырдағы етше
өскін аймағы эпителийінен айырылады,бірақ
ол өте жылдам қалпына келеді.
105.Эпителий,жалпы сипаттамасы,ерекшеліктері,жіктелуі.
Эпителий үлпасы — жануарлар филогенезінде
жабынды үлпа ретінде көпторшалы организмдегі
ең алғаш дамып жетілген қүрылым. Ол жануарлар
организмін сыртынан қаитап, дене және
сірлі қуыстар мен түтікше мүшелер кілегейлі
қабықтарының ішкі бетін астарлап, организмнің
ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан
бөліп, шекаралық орын алады. Сөйтіп, ол
тірі организмнің қоршаған ортамен байланысын
қамтамасыз етеді. Бүған қоса эпителий
үлпасы организмдегі көптеген бездердің
паренхимасын түзіп, тірі организмдегі
түрлі зат алмасудың жүруіне керекті бөлінділер
бөледі. Денедегі орналасу орны мен атқаратын
қызметіне байланысты эпителий үлпасы
үлкен екі топқа: жабынды және безді эпителийге
бөлінеді.Жабынды эпителий— теріні сыртынан
қаптап, ішкі мүшелердің ішкі бетін астарлап,
қоршаған орта мен организмнің арасындағы
зат алмасуды қамтамасыз етіп, қорғаныс,
тітіркеніс, заттарды сору, сіңіру және
бөліп сыртқа шығару қызметтерін іс жүзіне
асырады.Безді эпителий — организмдегі бездердің
бөлінділерді (секреттерді) бөлетін жүмысшы
бөлігі — без паренхи- масын түзіп, денедегі
зат алмасу процесіне қажет секреттерді
бөліп шығарады. Эпителий ұлпаларының
бірнеше жіктелу түрлері бар. Солардың
ішіндегі қазіргі кезде қолданылып жүрген
морфологиялық жіктелу — үлпа эпителиоциттерінің
пішіні мен торшалар қабаттарының санына
негізделген. Эпителиоциттер қабаттарының
санына бай- ланысты жабынды эпителий
үлпасы: бірқабатты және көпқабатты болып
екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий
үлпасы негіздік жарғақта орналасқан
бір қабат эпителиоциттерден, ал көпқабатты
эпителий көпқабат эпителий торшалары
қабаттарынан қүралған.
106.Безді эпителий.Түзінділер
түзі туралы түсінікБездердің
жіктелуі. Безді эпителий жануарлар
организміндегі әр түрлі бөлінділер (секрет,
инкрет - гормон) бөлетін бездердің негізгі
қызметін атқаратын жүмысшы бөлігі —
паренхимасын күрайды. Безді эпителийдің
бөліндіні бөлу процесін секреция— деп атайды. Бездердің
секрециясы арк^шы жануарлар организмдерінде
коптеген маңызды қызметтер, мысалы, сүттің,
сілекейдің, кдрын мен ішектер сөлдерінің,
үйқы безі сөлінің, өттің, терідегі тер
мен тері майының, организмнің ішкі сүйық
ортасына бөлінетін гормондардың және
т.б. тіршілік үшін тым қажет заттардың
түзілуі іс жүзіне асады. Бездердің аталған
маңызды қызметтерін без паренхимасы
іске асырады. Бездердің жіктелуі. Бездер — өзінен
арнайы бөлінді бөлуге маманданған жеке
торшалар немесе торшалар топтары, болмаса
жеке мүшелер. Қүрылысына байланысты бездер
бірторшалы және көпторшалы болып үлкен
екі топқа бөлінеді. Бөліндіні шығару
ортасына қарай бездер: сыртқы секреция
немесе экзокринді бездер және ішкі секреция
немесе эндокринді бездер болып екіге
бөлінеді.Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер бөліндісі - инкрет (ішке бөлу) немесе гормон— деп аталады. Эндокринді
бездер гормондарын организмнің ішкі
сүйық ортасына шығарады. Сондықтан, эндокринді
бездер тек бөлінді бөлетін безді бөлімнен
түрады. Олардың сыртқа шығару өзектері
болмайды.Сыртқы еекреция бездері немесе экзокринді бездер бөліндісі секрет — деп аталады. Олар секреттерін
сыртқы ортаға, мысалы, терінің сыртқы
бетіне немесе қуысы сыртқы ортамен қатысатын
мүшелер қуыстарына (түтікше ішкі мүшелер)шыгарады.
Сондықтан, экзокринді бездер екі бөлімнен:
секрет бөлетін бездің соңғы бөлімдерінен
және шығару өзектерінен тұрады.
108.Алғашқы
микроскопты кім ж/е қай ғасырда құрастырды? Үлкейткіш линзалар жүйесі — микроскоптың
жасалуына байла- нысты гистологиялық
ғылымдар XVII ғасырдың ортасына қарай анатомиядан
бәлініп, морфологияньің жеке ғылым салалары
болып дами бастады. Микроскоптың үлкейткіш
аспап ретіндегі адам оміріне келуіне
бірден-бір септігін тигізген кезілдірік
ендірісі болды. Беті иілген шыны беттерінің
күн сәулесін сындыру немесе басқа да
оптикалық қасиеттері ерте заманнан-ақ
өнер тапқыш адамдарға, мысалы Евклидке
(б.з.д. 300 ж.), Птоломейге (127—151 ж.ж.), Альхазанға
(XI ғасырдың басы) белгілі болған. Бірақ,
иілген шыны бетінің үлкейткіш қасиеті
адам өмірінде кеп жылдар бойы пайдаға
аспады. Бірінші кезілдірік тек 1285 жылы
ғана Италияда жасалынды. Бірінші үлкейткіш
аспапты 1590 жылы голландтық көзілдірік
шеберлері ағайынды Захарий және Френсис
Янсендер Миддельбург қаласында жасап,
күрделі микроскоптарды жасаудың негізін
қалады. Олардың үлкейткіш асгіабы іші
куыс бір түтіктің ішіне салынған екі
дөңес бетті линзалардан қүрастырылған.
109.Тұңғыш микроскоп
құрушыларды атаңыз?олардың рөлі қандай? .
1610 жылы атақгы оқымысты Г. Галилей (1564
— 1642 ж.ж.) қоргасын түтігінің ішіне түрлі
линзалардан қүрастырылған жүйені орналастыру
арқылы микроскогі жасап шығарды. “Микроскоп”
деген атауды ғылымға енгізген Римдегі
Урбан XII папада қызметте болған дәрігер
Фабер еді. 1625 жылы Стеллутти бірінші болып
микроскопты анатомиялық зерттеулерге
қолданды.Тірі материяны бірінші болып
микроскоп арқылы зерттеген ағылшынның
өнертапқыш ғалымы, физик және математик
Роберт Гук (1635 - 1703 ж.ж.) болды. Ол 1665 жылы
езі жасаған микрос- коппен әсімдік қабығының
үлпасын зерттеп, оның торшалар- дан түратындығын
көрді. Оларға торша— деген атау берді.
Бір айта кететін жай, Р. Гук торшаның іші
қуыс, оның тірі заты “торша қабығы” деп
есептеген. Р. Гуктен сәл кейінірек анатом
М. Мальпиги (1671— 1675 ж.ж.), ботаник Н. Грю
(1671 ж.) жануарлар және өсімдік ұлпаларын
микроскопппен зерттеп, біртекті коріністің
ішінде майда қуыстардың бар екендігін
анықтаған.
110.А.Левенгук қай кезде
өмір сүрді,қандай микроскопиялық зерттеулер жүргізді?1673-1695жж
өміт сүрді.300есе үлкейтетін микроскоп
құрастыоып эритроциттерді,қылтамырдағы
оның қозғалысын,шәуеттерді,көлденең
жолақты б.е талшығының құрылысын ,жүйке
талшықтарын,кейбір қарапайым организмдерді
көріп,жазды.
111.Қандай зерттеулер К.Ф.Вольф,А.М.Шумлянский,К.Э.Бэр
аттарымен байланысты.17ғ 2ші жартысында
жарыққа шыққан Вольфтың ˝дүниеге келу
теориясы˝ атты жұмысы дүниетанымда зо
талас туғызды.Бұл ғалым еңбегінде преформизм
ілімін қатаң сынады,эпигенез ілімін дәлелдеді,ағзалардың
жаңадан пайда болатынын жақтады,организм
ұрық жапырақшаларынан түзілетінін тұңғыш
рет бақылап,балапан жүрегі,бүйрек дамуын
жазды.
115.Сперматозоидтың құрылысы
мен қызметі.Акросома дегеніміз
не,оның атқаратын рөлі қандай.
сперматозоидтар үрықтану процесіне қатысып,
үрыққа аталық түқым қуалаушылық қасиеттерді
береді. Олардың пішіні қозғалуға бейімделген,
үзынша талшық пішіндес болып келеді.
Іэір мезгілде бөлінген шәуеттегі (спермадағы)
сперматозоидтардың саны жануарлар түрлеріне
байланысты ондаған мил- лионнан миллиардтқа
дейін саналды. Олардың мөлшері түрлі
жануарларда әр түрлі болғанымен (40-60 мкм),
жалпы күрылысы бір-біріне үқсас. Барлық
басқа торшалар сияқты сперматозоид та
сыртынан плазмолеммамен қап- талган.
Ол үш: бас, мойын және қүйрық бөлімдерден
қүралған.Сперматозоидтың басын плазмолеммамен
қапталған цитоплазма мен ядро қүрайды.
Басының алдыңғы жиегінің 2/3 бөлігінде,
пішіні иілген жалпақ қапшыққа үқсас цитоплазмалық
оймақ пен оның ортасындағы тығыз денешік
— акросома орналасады. Бүлар Гольдж кешенінің
туындысы. Үрықгану кезінде акросома жүмыртқа
торшасының сыртқы екіншілік қабығының
фолликулалық торшаларын бір-бірімен
желімдеп жабыстырып түрған гликозаминогликандарды
(мукополисахарид) ерітетін протеаза және
гиалуронидаза ферменттерін бөледі. Сперматозоид мойны — центросома
органелласынын туындысы. Ол центросоманың
алдыңғы (проксимальды) және артқы центриольдерінен,
олардың аралығындағы центродес-моздан
құралған. Үрықтану процесі кезінде проксимальды
центриоль сперматозоид басымен бірге
жұмыртқа торшасының цитоплазмасына еніп,
зиготаның митоз арқылы бөлшектенуін
қамтамасыз етеді. Жүмыртқа торшасында
митозды бөлінуді іс жүзіне асыратын центросома
органелласы болмайды. Сперматозоид құйрығы үш бөлікке
бөлінеді. Олар: бастапқы (аралық), негізгі
және соңғы бөліктер. Қүйрықтың негізін
біліктік жіп (аксонема) қүрайды. Ол дистальды
центриольдің алдыңғы бөлігінен басталады.
116.Омыртқалы жануарлардың
жұмыртқа жасушалары қандай белгілері
бойынша олго мезо полилецитальдық,сондай-ақ
изолецитальдық ж/е телолецитальдық болып бөлінеді? Сарыуыз
қорының жүмыртқа торшасындағы мөлшеріне
байланысты овоциттер үш топқа бөлінеді:
1.олиголецитті (грек. о1і§оз - аз,
Іесуіоз - сарыуыз) овоцит — сарыуызы аз жұмыртқа торшасы;
2.мезолецитті (грек. тезоз - орташа) овоциг — сарыуызының мөлшері орташа
жұмыртқа торшасы;
3.полилецитті (грек. роіу - коп) овоцит — сарыуызы көп
жұмыртқа
торшасы.
Сарыуыздың
овоцит цитоплазмасындағы таралу сипатына
байланысты жұмыртқа торшаларын төмендегідей
үш топқа бөледі:
1.изолецитті немесе гомолецитті (грек. ізоз, һотоз - бірдей,
үқсас) овоцит сарыуыз жүмыртқа торшасының
цитоплазмасында
біркелкі
таралған;
2.телолецитті (грек. Іеіоз — жиек,
соңы) овоцит —• сарыуыз жүмыртқа торшасы
цитоплазмасының тек бір полюсінде ғана
жинақталған;
3.центролецитті (грек. сепігоз - орталық, центр) овоцит сарыуыз жүмыртқа цитоплазмасының
орталығында жинақталған.
117.Құс ұрығының дамуындағы
ерекшеліктер неде?Құс ұрығының
дамуында қандай кезеңдер болады?Құс
жұмыртқасында сарыуыз,белок,қабыршақасты
қабық,қабыршақ сақталады.Оның құрамбөліктері,сарыуыздан
басқасы,жұмыртқаклеткасының үшінші қабығына
жатады. құс шәуеті,омыртқалықтағыдай,талшық
тәрізді,оның басы,мойны,денесі,құйрығы
болады.құстар жұмыртқаклеткасы сарыуыз
мөлшеріне,олардың орналасуна орай полителолецитальдіге
жатады.Жұмыртқаклеткасының ядросы мен
цитоплазмасы болады.Ядро оның жоғарға
бос бетінле орналасады,біраз цитоплазма
қабатымен қоршалады,онда тұрақты қосындылар
сақталады.Цитоплазманың басқа бөлігінің
бәрі тұрақсыз қосындылар сақталады.құста
бөлшектену жартылай,диск тәрізді жүреді.Бөлшектенуге
зиготаның ядро,цитоплазмасы орналасқан,сарыуызы
аз тек жоғарға бос беті ғана қатысады.Төменгі
полюс оған қатыспайды,онда бөлшектенуді
тежейтін өте көп сарыуызы болады.Гатруляция
екі фазада:1ші-дискден бір қабат бөлініп,екі-эктодерма,энтодерма
ұрық жапырақшалары құрылады.2ші-хордомезодермалы
ұрық бастамасы құрылуы үшін дискобластула
жиек аймағындағы жасушалар қарқынды
бөлініп,ұрық сауыты жағына бағытталып,қос
ағында ауып кездесіп,ұрық сауыты ортасымен
алға жылжи бастап,қалыңдағын жасушалар
қалтқысын алғашқы жолақты құрады.
118.Құс жұмыртқасының
құрылысы қандай? Тауық жүмыртқасының кұрылысы. Тауық
жүмыртқасы полилецитті және телолецитті
овоцитке жатады. Жүмыртқа торшасы аналық
жыныс безі — жүмыртқалықта түзіледі.
Жүмыртқалықта қүс жүмыртқасының тек
сарыуызы мен оның қабығы — плазмолемма
пісіп жетіледі. Ал жүмыртқаның қалған
боліктері, оның үшіншілік кабықтарын
қүрайды. Жүмыртқа торшасы сарыуыз қабығымен
қапталған цитоплазма мен ядродан қүралған.
Овоциттің ядросы торша органеллалары
топтасқан цитоплазманың сарыуызы жоқ
жүқа қабатымен қоршалып, цитоплазманың
жоғарғы анимальды полюсінде орналасады.
Цитоплазманың қалған бөлігі протеидті-липидті
күрделі қосылыстардан түзілген сарыуыз
дәншелерінен (түйіршіктерінен) түрады.
Сарыуыз дәншелері көп мөлшерде жиналған,
жоғарғы анимальды полюске қарама-қарсы
жатқан цитоплазманың томенғі бөлігін вегетативті полюс — дейді. Сарыуызды
кезегімен қабаттаса орналасқан ақшыл
сары және қоңыр сары екі түсті қабаттар
қүрайды. Сарыуыздың ортасындағы пішіні
колбаға үқсаған ақшыл сары бөлігін латебра — деп атайды. Жүмыртқа торшасында
ақшылсары сарыуыз түнгі мезгілде, ал
қоңыр сары сарыуыз күндіз түзіледі. Жаңа
түзілген сарыуыз дәншелері қүрамында
фосфолипидтер көп мөлшерде болады. Кейінірек,
сарыуызда қаныққан май қышқылдары пайда
болады да, оның үлесі көбейеді. Тауық
жүмыртқасы сарыуызының қүрамында бос
холестерин де болады. Овоцит цитоплазасының
шеткі жағын кортикальды қабат (аймақ) — дейді.