Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 07:15, автореферат

Описание работы

Ауылшаруашылық дақылдарының - өсімдік тіршілігі факторларымен қамтамасыз етілуі – жоғары өнім алудың кепілі. Өсімдіктердің осы факторларға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік тіршілігі факторларын оптималдау. Топырақ құнарлылығын арттырудың және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі. Егіншілік заңдары: өсімдік тіршілік факторларының физиологиялық жағынан тепе-теңдігі және бір-бірімен алмастыруға болмайтындығы, минимум, оптимум, максимум, өсімдік тіршілігі факторларының бір мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану.

Файлы: 1 файл

336_6M081100 ZR kaz..doc

— 127.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6М081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ

 

                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕГІНШІЛІК

 

І ЕГІНШІЛІКТІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1 Өсімдік тіршілігінің  факторлары және егіншілік заңдары

Ауылшаруашылық дақылдарының - өсімдік  тіршілігі факторларымен қамтамасыз етілуі – жоғары өнім алудың кепілі. Өсімдіктердің осы факторларға  қоятын талаптары.

Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік тіршілігі факторларын оптималдау. Топырақ құнарлылығын арттырудың және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі.

Егіншілік заңдары: өсімдік тіршілік факторларының физиологиялық жағынан  тепе-теңдігі және бір-бірімен алмастыруға болмайтындығы, минимум, оптимум, максимум,  өсімдік тіршілігі факторларының бір мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану.

2 Топырақ құнарлылығын  ұдайы арттыру жолдары

Топырақ құнарлылығы мен оны  құнарландыру – мол өнімнің негізі көзі. Топырақ құнарлылығының түрлері. Құнарлылықты ұлғаймалы ұдайы және қарапайым ұдайы жоғарылату.

Топырақ құнарлылығының биологиялық  факторлары. Топырақтың органикалық  заттары, топырақ биотасы, фитосанитарлық жағдайы. Топырақты құнарландырудағы мәдени өсімдіктер мен ауыспалы егістердің, тыңайтқыштардың атқаратын рөлі.

Топырақ құнарлылығының агрофизикалық  көрсеткіштері. Топырақтың – гранулометриялық құрамы, құрылымы, құрылысы, тығыздығы, қуыстылығы. Олардың өсімдіктер тобы мен топырақ түрлері үшін қолайлы көрсеткіштері. Топырақтың гумустық қабатының қалыңдығы және оның маңызы туралы агрономиялық түсініктер. Егіншілікте агрономиялық жағынан бағалы топырақ құрылымының пайда болуы. Топырақ құрылымының оның агрофизикалық қасиеттерімен байланысы, оны жақсарту жолдары.

Топырақ құнарлылығының агрохимиялық көрсеткіштері. Топырақтағы қоректік заттардың құрамы мен мөлшері. Олардың  топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашіріндісіне, орта реакциясына, ылғалдылығына және басқа жағдайларға байланыстылығы.

3 Топырақ режимдері  және оларды оңтайландыру жолдары

Топырақ  режимдері және оларды егіншілікте оңтайландыру. Топырақтағы  су түрлері, өсімдіктерге сіңімділігі. Өндіріс жағдайындағы судың ысырап болу жолдары. Топырақтың су теңгерімі. Суды пайдаланудың жиынтық мөлшері және коэффициенті. Суарудың топырақта жүретін процестерге және микроклиматқа әсері. Суармалы егіншіліктегі топырақтың ылғалдық режимінің ерекшеліктері. Топырақтың ылғал режімін реттеу жолдары.

Топырақтың ауа режимі және оны  реттеу. Топырақ пен атмосфера  арасындағы газ алмасудың агротехникалық маңызы. Газ алмасу факторлары. Топырақтың ауалық қасиеттері. Топырақтың ауа  режимін реттеу тәсілдері.

Топырақтың жылу режимі. Ауылшаруашылық дақылдарының жылуға қоятын талаптары. Жылу көздері. Топырақтың жылулық қасиеттері. Олардың топырақ құрылысына, гранулометриялық құрамына, жер бедеріне және агроландшафтың басқа көрсеткіштеріне байланыстылығы. Топырақтың тоңдануы мен жібуі. Егіншілікте топырақтың жылу режимін реттеу тәсілдері.

Топырақтың қоректік заттар режимі. Топырақтағы қоректік заттардың  динамикасы мен режимі, оның сілтілік-қышқылдық  және сіңіру қабілеті. Топырақтағы  қоректік элементтерінің қоры, олардың  өсімдіктерге сіңімділігі. Өсімдіктер сіңіре алмайтын қоректік элементтердің оңай сіңіре алатын түрге алмасуы. Өсімдіктердің қоректенуінде топырақтың және микроорганизмдердің алатын орны. Егіншілікте топырақтың қоректік режимін реттеу жолдары.

Интенсивтік егіншілікте топырақ  құнарлылығын жақсартудағы нормативті-технологиялық негіздердің маңызы.

4 Топырақ эрозиясы  және оның даму заңдылықтары

Топырақ эрозиясы мен дефляция туралы ұғым, олардың туу себептері. Эрозия түрлері, даму механизмі, келтіретін зияндары. Әр түрлі дәрежеде эрозияға ұшыраған топырақтың құнарлылығы.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын эрозияға төзімділігі қабілетіне байланысты бағалау. Жел және су эрозияларымен  күрестің кешенді шаралары. Топырақты  ирригациялық эрозиядан, екінші рет  тұзданудан және батпақтанудан сақтау.

Істен шығып бүлінген және қалпына келтірілген жерлерді (рекультивация) пайдалану ерекшеліктері.

 

ІІ АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН  КҮРЕС

Арамшөптер, арамшөп қоспасы немесе ластаушылар, маманданған және қоқыстық (рудералдық) арамшөптер туралы түсініктер.

Арамшөптердің егіншілікке келтіретін негізгі зияндары: ылғалды, қоректік заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп мөлшерде пайдалануы, ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерін тарататын орта болуы, улылығы және басқа зиянды жақтары.

Агрофитоценоздың қалыптасуы, оның табиғи фитоценоздан айырмашылығы, түрлік құрамы мен құрылымы.

Арамшөптердің фитоценотикалық статистикалық, экономикалық шектері. Ауылшаруашылық дақылдарының арамшөптерге ең төзімсіз кезеңдері.

Арамшөптердің биологиялық және экологиялық  ерекшеліктері. Арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы, олардың кеңістікте таралу жолдары.

Тұқымның биологиялық қасиеттері: дем алуы, тіршілік қабілетін ұзақ сақтауы, түрлі жемістілігі, арамшөп  тұқымдары мен жемістерінің бір  мезгілде көктеп шықпауы, әр уақытылы пісуі.

Арамшөптердің вегетативтік жолмен: тамырсабақтары, атпатамырлары, баданалары, түйнектері және басқада вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі.

Арамшөптерді агробиологиялық  жіктеу: қоректену тәсілі, өмір сүру ұзақтығы, өсіп-даму мерзімі, көбеюінің  ерекшеліктері бойынша топтарға бөлу.

Егіншілік алқаптарында жиі кездесетін арамшөптердің сипаттамасы. Аз жылдық (раңтәріздес, жаздық, күздік, қыстап шығатын, екі жылдық), көп жылдық (көгентамырлы, атпатамырлы, кіндіктамырлы, түйнектамырлы, өрмелегіштер) арамшөптер өкілдеріне қысқаша сипаттама.

Егістіктің және топырақтың арамшөптенуін  есепке алу әдістері: көзбен шамалау (визуалды), сандық-салмақтық, сандық, лабораториялық. Танаптың арамшөптену картасын жасау. Картаға түсіру техникасы, жиілігі. Арамшөптену картасын ауыспалы егістерде арамшөптерді жою үшін пайдалану.

Арамшөптермен күрес әдістерін  топтау принциптері мен белгілері: алдын ала сақтандыру шаралары, арамшөптерді әртүрлі тәсілдер (физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық, фитоценотикалық, экологиялық, ұйымдастырушылық, кешенді) арқылы жою.

Арамшөптермен алдын ала күрес  шаралары: карантиндік шаралар, тұқымды  тазалау, органикалық тыңайтқыштарды дұрыс дайындау және сақтау, суару  суының тазалығы.

Арамшөптермен агротехникалық жолмен күрес: арамшөптердің топырақтағы  тұқымдарын, вегетативтік көбею мүшелерін жою әдістері, көктеп шыққан арамшөптерді отау. Арамшөптермен күресутің биологиялық әдісі. Оның бүгінгі жағдайы мен келешегі.

Арамшөптермен күрестің химиялық әдістері. Гербицидтердің арамшөптерге әсерінің механизмі, оларды жіктеу, қолдану тәсілдері, мерзімі және қолданудың тиімділігін анықтайтын жағдайлар. Негізгі ауылшаруашылық дақылдары егістіктерінде, жайылымдықтар мен шабындықтарда гербицидтерді қолдану. Гербицидтерді қолдану техникасы, олармен жұмыс істегендегі сақтандыру шаралары. Гербицид қолданудың экологиялық тәртібі. Арамшөптермен күрестің кешенді шаралары.

 

IІІ АУЫСПАЛЫ ЕГІС

Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері. Ауыспалы егіс, егіс көлемінің құрылымы, бірдақылдылық (монодақылдылық), алмаспайтын (үзіліссіз) дақыл, қайталап себілетін дақылдар, пайдаланылатын жерлер туралы түсініктер.

Ауыспалы егістердің даму тарихы. Оның ғылыми негізде дамуындағы көп  жылдық далалық тәжірибелердің атқаратын  рөлі.

Дақылдарды алмастырып егудің себептері: химиялық, физикалық, биологиялық және экономикалық.

Парды және дақылдардың жеке топтарын алғы егіс ретінде сипаттау. Парлар және олардың ауыспалы егістегі рөлі, алғы дақыл ретіндегі маңызы мен  сипаттамалары. Парларды жіктеу, олар туралы осы күнгі көзқарастар.

Көпжылдық екпе шөптердің, отамалы, жаппай себілетін дәнді-бұршақты, дәнді дақылдардың ауыспалы егісте алатын орны мен маңызы. Аралық дақылдар. Ауылшаруашылық өндірісін интенсивтендіру жағдайында аралық дақылдар мен сидераттардың агротехникалық маңызы. Аралық дақылдарды жіктеу. Аралық дақылдардың ауыспалы егістегі орны және оларды тиімді пайдаланудың негізгі шарттары.

Ауыспалы егістерді өндірілетін  негізгі өнім түріне, егістің далалық, малазықтық, арнайы типтерге бөлінуі.

Ауыл шаруашылығы дақылдары  мен пардың арақатынасына және танап санына байланысты ауыспалы жіктеу.

Ауыспалы егістерді құрудың  принциптері. Қазақстанның әр түрлі  егіншілік аймағында ауыспалы егістерді  құрудың агроэкологиялық принциптері.

Далалық, малазықтық және арнайы ауыспалы егістердің негізгі буындары. Танаптардың көлемі мен пішіні, оларды оптималдау. Ауыспалы егіс айналымы.

Далалық және құрғақ далалық аймақтардағы егістік ауыспалы егістер, нобайлары. Ондағы ауылшаруашылық дақылдары мен  парлардың арақатынасы (меншікті үлесі). Топырақты қорғау ауыспалы егістері және олардың нобайлары.

Суармалы егіншіліктегі күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, көкөніс  ауыспалы егістері, олардың нобайлары.

Тәлімі егіншіліктің ерекшеліктері, орналасқан аймақтары. Тәлімі егіншілік  топтары. өте қуаң тәлімі жер, жартылай қуаң тәлімі жер, қуаң тәлімі жер, олардың сипаттамасы, ауыспалы егіс нобайлары.

Малазықтық ауыспалы егістің түрлері, олардың нобайлары. Көлтабан арқылы суарылатын жерлердегі дақылдар құрамы және ауыспалы егістері. Ауыспалы егістерді  бағалау көрсеткіштері.

Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және игеру үшін картограммаларын, танаптың арамшөптену картасын, жер бедерін, дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін және басқа факторларды пайдалану. Ауыспалы егістердің тиімділігін анықтау. Агроқұжат пен танаптардың тарихи кітапшасы.

 

ІV ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ

Топырақ өңдеудің мақсаттары мен міндеттері. Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық  операциялар (процестер). Топырақтың технологиялық  қасиеттері.

Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері, жүргізу техникасы және құралдары.

Топырақты терең және арнайы өңдеудің тәсілдері: фрезалау, саңлаулау, ін тәрізді қуыстар жасау, қат-қабаттап жырту, плантажды жырту.

Топырақтың беткі қабатын өңдеу  тәсілдері: сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, тығыздау (катоктау), шлейфтеу, қарық тарту, ұялау, түптеу, шоқтау, мала басу (малалау).

Топырақ өңдеу тереңдігі және өңдеу  қабатын қалыңдату. Қазақстанның далалық  және құрғақ далалық аймақтарында бір  жылдық жаппай себілетін, жаздық дақылдар үшін отамалы дақылдардан, екпелі көпжылдық  шөптерден кейін сүдігер өңдеу  жүйесі. Топырақтың терең өңдеу қабатын жасау.

Сүдігер өңдеудің мерзімі және тереңдігі. Олардың топырақтың агрофизикалық  қасиеттеріне, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсері.

Отамалы дақылдардан кейін танаптың жағдайы. Жаппай себілетін бір жылдық дақылдармен салыстырғанда отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу ерекшеліктері.

Екпелі көпжылдық шөптерден  кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Олардың  топырақтың физикалық қасиеттеріне әсері. Екпелі көпжылдық шөптердің  қыртысын негізгі өңдеуге қойылатын  талаптар. Көпжылдық шөптердің қыртысын өңдеу мерзімі мен тереңдігі, олардың маңызы.

Көктемде топырақты негізгі  өңдеу, оның жүргізілу мерзімі және тереңдігі. Көктемде топырақты негізгі  өңдеудің кемшіліктері.

Егін себер алдындағы топырақ  өңдеу жүйесінің маңызы және мақсаты, жүргізу құралдары.

Егін сепкеннен кейін топырақ  өңдеу жүйесі, маңызы, мақсаты, жүргізу  мерзімі және тереңдігі, құралдары.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс  аймақтарындағы суармалы егіншілікте  жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу  жүйесі.

Біржылдық жаппай себілетін дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу жүйесі. Сүдігер жырту, оның ерекшелігі, жырту мерзімі мен тереңдігі, құралдары.

Отамалы дақылдардан кейін сүдігер  өңдеу жүйесі, жырту мерзімі және тереңдігі.

Екпелі көпжылдық шөптерден  кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Сүдігер жырту ерекшеліктері, мерзімі, тереңдігі, құралдары.

 Аралық дақылдар, маңызы, түрлері,  өсіруге керекті сыртқы орта  жағдайлары. Аралық  дақылдар үшін  әр түрлі алғы егістерден кейін  топырақ өңдеу жүйесі.

Аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне байланысты егін сепкенге дейін жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесі, өңдеу тереңдігі мен құралдары.

Информация о работе Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған