Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 07:15, автореферат
Ауылшаруашылық дақылдарының - өсімдік тіршілігі факторларымен қамтамасыз етілуі – жоғары өнім алудың кепілі. Өсімдіктердің осы факторларға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік тіршілігі факторларын оптималдау. Топырақ құнарлылығын арттырудың және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі. Егіншілік заңдары: өсімдік тіршілік факторларының физиологиялық жағынан тепе-теңдігі және бір-бірімен алмастыруға болмайтындығы, минимум, оптимум, максимум, өсімдік тіршілігі факторларының бір мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану.
2 Аналитикалық селекция
Аналитикалық селекция туралы түсінік. Қазіргі кезде будандастыру бастапқы материалдарды құрудың негізгі жолы болып саналуы. Будандастыру арқылы пайда болатын трангрессиялар мен жаңа түрлер. Будандастырудың қарапайым және күрделі түрлері (сатылы, қайтармалы, қанықтыратын). Оларды қолдану аймақтары. Будандастыру әдістемелері мен техникасы.
3 Синтетикалық селекция
Синтетикалық селекция туралы түсінік. Селекция жұмысындағы алшақ будандастырудың маңызы. И.В. Мичуриннің, Л. Бербанктің және Н.В. Цициннің жұмысындағы алшақ будандастырудың пайдалануы. Туыстық және түр аралық будандастырудың пайдаланылуы. Туыстық және түр аралық будандастырудағы қайшылықтар. Оларды жою әдістері. Буданның бірінші ұрпағының тұқым түзу қабілетінің нашарлау немесе болмау себебі және оларды жою жолдары. Алшақ будандастыруда қолданылатын биотехнологиялық әдістер. Алшақ будандастыру арқылы жаңа өсімдік түрлерінің түзілуі және селекцияда пайдалану (ауруға, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді т.б.)
4 Эксперименттік мутагенез және селекцияда қолдану
Мутациялық өзгергіштік
және оның селекциядағы маңызы.
Мутацияның түрлері, олардың
5 Өсімдіктер селекциясында полиплоидия мен гаплоидияны пайдалану
Полиплоидия және
селекция. Полиплоидияның түрлері,
олардың селекциядағы
6 Биотехнология әдістерін өсімдік селекциясында қолдану
Биотехнология
әдісін селекцияда
7 Гетерозис және оны селекцияда қолдану
Гетерозис құбылысы. Гетерозистік будандардың сорттардың басымдылығы. инцухт әдісі және оны гетерозистік селекция жұмысында қолдану. Гетерозистің пайда болу заңдылықтары. Гетерозис құбылысының ғылыми болжамы мен теориясы.
Ата-аналық линиялардың,
Иннбридинг (инцухт). Өсімдіктердің аталық ұрықсыздық түрлері. Цитоплазмалық аталық бедеулікті (ЦАБ) будан алуға қолдану. Сорттар мен линияларды ұрықсыздық жағдайына аудару. Өсімдіктердің ұрықсызданған және ұрықтандыратын түрлерін алу. Жүгерінің будан тұқымдарын өндірудегі ЦАБ-ті қолдану схемасы. Құмайдың қант қызылшасының, күнбағыстың және басқа егіс дақылдарының будан тұқымдарын шығарудағы ЦАБ-ті пайдалану. Сыйыспаушылықты селекцияда пайдалану. Сұрыптап ұрықтандыру.
8 Сұрыптау және селекциялық материалды бағалау әдістері
Сұрыптау, оның селекциядағы маңызы, Табиғи және жасанды сұрыптау. Сұрыптауды өсімдіктердің толық белгілерімен қасиеттеріне немесе кейбір белгілеріне сәйкес жүргізу.
Жаппай, дербес, үздіксіз, туыстастық
және керісінше сұрыптаулар.
Селекциялық материалдың ауруларға төзімділігін бағалау. Селекция жұмыстарының кезеңдеріндегі бағалау жұмыстары. Селекциялық материалдардың шығымдылығы мен өнімділігін бағалау. Селекциялық материалдарды бағалауда әр түрлі фондардың маңызы. Өнімділікті және тікелей немесе жанама белгілерді бағалау. Ауруларға төзімділікті бағалау. Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін бағалау. Селекция материалдарының өнім және басқа белгілерін бағалау.
Селекциялық жұмыстарды, тәжірибенің дәлдігін арттыратын тәсілдер. Селекциялық питомниктердің түрлері: батапқы материал, селекциялық, бақылау, инфекциялық арнайы. Сорт сынау. Питомниктердің көлемі, орналастыру тәртібі. Егістік жұмыстардың технологиясы. Себу, күтіп-баптау, сұрыптау, жинау және есептеу. Деректерді математикалық өңдеу әдістері.
9 Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыру. сорт алмастыру және сорт жаңарту
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын мемлекеттік сынаудың мақсаты және оны ұйымдастыру. Мемлекеттік сорт сынау мекемелері. Мемлекеттік сорт сынау станциялары мен учаскелері және оларды табиғат жағдайының ерекшеліктеріне негіздеп әртүрлі аймақтарға орналастыру принципі.
Сорт сынау әдістері мен
техникасы. Сорт сынау кезінде
жасалатын бақылау, есептеу
Сорттарды алмастыру. Сорттарды дер кезінде алмастырып тұру тұқым шаруашылығының негізгі міндеті. Тұқымның көбею коэффициентін арттыру жолдары. Тұқым шаруашылығы жөнінде ғылыми зерттеу институтының, жоғары оқу орындарының, тәжірибе станцияларының, арнайы тұқым өсіру шаруашылықтарының алдыңғы қатарлы жаңа тәжірибелері.
Сорт тұқымын жаңарту.
Өндіру жағдайларына
Тұқымдарды жаңарту жоспары
және тұқымдық егістіктің
10 Тұқым шаруашылығы
Тұқым шаруашылығы – ауыл
шаруашылығы өндірісінің
Сорт пен будан-тұқым
Өндірісте пайдалану
11 Қазіргі заман талаптарына сай дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
Тұқым шаруашылығының түрлері: элиталық және тұқым өсіру шаруашылықтары. Бұл салада ғылыми және оқу-өндірістік жүйелерді ұйымдастыру.
Селекция және тұқым
Егістік дақылдардың тұқым
12 Егіс дақылдарының тұқым шаруашылығында сорттық және тұқымдық бақылау
Сорттық бақылау. Егіс апробациясы және сорт егістерін тіркеу, өскен жерде және лабораторияда бақылау. Сорт тазалығының және сорт егістері санатының нормалары. Негізгі дақылдардың тұқым шаруашылығын жүргізу жүйесі.
Тұқымдық бақылау және оның міндеттері. Себуге және отырғызуға арналған материалдарға қойылатын талаптар. Тұқымның егістік сапасына белгіленген стандарттар (ГОСТ). Тұқымның физикалық және биологиялық қасиеттері. Ылғалдылықты анықтау. Түпнұсқалықты анықтау. Жұққан ауруларды анықтау. Зиянкестермен зақымдалуын анықтау. Сорт егістерінің, тұқымының және отырғызылатын материалдың құжаттамасы.
Негізгі әдебиеттер:
1. Гуляев Г.В., Гужов Ю.Л. Селекция и семеноводство сельскохозяйст-венных культур. - М.: Колос, 1973.
2. Вавилов Н.И. Теоретические основы селекции. - М.: Наука, 1987.
3. Нургасенов Т.Н. Селекция и семеноводство сельскохозяйственных культур. - Алматы, 2009.
4. Нұғасенов Т.Н., Қойшыбаев Ә.Қ. Егіс дақылдарының селекциясы. - Алматы, 1993.
5. Нұғасенов Т.Н., Қалиев Ә.Қ., Жасыбаева Г.Д. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы тұқым шаруашылығы. - Алматы, 2009.
6. Коновалов Ю.Б., Березкин Н.А. и др. Практикум по селекции и семеноводству полевых культур. - М.: Агропромиздат,1987.
Қосымша әдебиеттер:
1. Гужов Ю.Л., Велланки Р.К. Тритикале.- М., 1987.
2. Закон Республики Казахстан «О семеноводстве». - Астана, 2003.
3. «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңы. - Астана, 2003.
4. Закон РК «О селекционных достижениях». – Астана, 1999.
5. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы. – Астана, 1999.
6. Коновалов Ю.Б. Частная селекция полевых культур.- Москва, 1990.
7. Абугалиев И.А. Селекция и семеноводство сахарной свеклы. - Алма-Ата: Кайнар, 1976.
8. Мамонтов В.Н. Селекция и семеноводство яровой пшеницы.- Москва, 1980.
9. Коробок В.А. Селекция и семеноводство сои в Молдавии.- Кишинев, 1964.
10. Нургасенов Т.Н., Сулейменова С.Е., Каракальчев А.С. и др. Сортоведение, селекция и семеноводство. - Алматы, 2005.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ЗИЯНКЕСТЕР МЕН АУРУЛАРДАН
ҚОРҒАУ
Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың
негізгі жүйелік топтары
Зиянкестердің негізгі топтары: бунақденелілер, кенелер, кеміргіштер және нематодалар. Ауру қоздырғыштардың негізгі топтары: саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, микоплазмалар және антиномицидтер.
Қопқоректі зиянкестерге қарсы қолданатын қорғау шаралар жүйесі
Шегірткелердің негізгі түрлері, олардың биологиясы, экологиясы және Қазақстанда таралуы. Шегірткелердің жаппай көбеюінің алдын алу және жою шараларын үйлесімді қолдану. Ауылшаруашылық дақылдарын зақымдаушы шекшектер, шілделіктер және бұзаубастардан қорғау ерекшеліктері. Шыртылдақтар, қара денелелер және зауза қоңыздар; оларға қарсы күресу ерекшеліктері. Көп коректі қан көбелектер мен қоңыр көбелектер және оларға қарсы қорғау шараларының жүйесі.
Астық тұқымдас дәнді дақылдарды зиянкестерден қорғау
Астық дақылдардың сорғыш зиянкестері – астық бітелері, зиянды бақашықтар, трипстер. Астық дақылдардың кеміргіш зиянкестері – барылдақ қоңыз, астық қоңыздары, сабақ бүргелері, астықтың сабақ бүргесі, дәннің сұр көбелегі. Астық егегіштері. Гессен және швед шыбындары, күріш зиянкестері. Астық тұқымдас дақылдардың зиянкестеріне қарсы қорғау шараларының жүйесі.
Дәнді бұршақ және жемшөптік бұршақ тұқымдас дақылдарды
зиянкестерден қорғау
Бұршақ қоңызы, бұршақ бітесі, жоңышқа қандаласы, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, тұқым жемірлері, дән қоңызы. Бұршақ тұқымдас дақылдардың зиянкестеріне қарсы шаралар жүйесі. Техникалық дақылдарды зиянкестерден қорғау. Қант қызылшасының көп қоректі зиянкестері. Қант қызылшасының маманданған зиянкестері: жапырақ және тамыр бітелері, қызылша бүргелері, қызылша бізтұмсықтары, қызылша қандалалары және басқалары. Қант қызылшасы зиянкестеріне қарсы шаралар жүйесі. Мақта зиянкестері: мақта бітелері, мақта қоңыр көбелегі, карадрина, кәдімгі өрмекші кене және басқалар. Мақтаны зиянкестерден қорғау жүйесі. Күнбағыс сүгені, күнбағыс қан көбелегі. Күнбағыс көбелегіне төзімді сорттарды шығару. Темекі трипсі мен темекі бітесі, оларға қарсы күрес шаралары. Колорадо қоңызы және онымен күресудің ерекшелігі.
Көкөніс және бақша дақылдарын зиянкестерден қорғау
Көп қоректі және маманданған зиянкестер. Көкөніс дақылдарының зиянкестері: капуста бітесі, шаршы гүлділер қандалалары, бүргелер, капуста ақ көбелегі, капуста күйесі, капуста көбелегі, капуста шыбындары. Пияз зиянкестері: пияз шыбындары, трипсілер және басқалар. Жабық алаң жағдайындағы көкөніс дақылдарының зиянкестері: біте, өрмекші кене, жылыжай аққанаттылары, темекі трипсі. Көкөніс пен бақша дақылдарын зиянкестерден қорғау жүйесі.
Информация о работе Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған