Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 07:15, автореферат

Описание работы

Ауылшаруашылық дақылдарының - өсімдік тіршілігі факторларымен қамтамасыз етілуі – жоғары өнім алудың кепілі. Өсімдіктердің осы факторларға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік тіршілігі факторларын оптималдау. Топырақ құнарлылығын арттырудың және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі. Егіншілік заңдары: өсімдік тіршілік факторларының физиологиялық жағынан тепе-теңдігі және бір-бірімен алмастыруға болмайтындығы, минимум, оптимум, максимум, өсімдік тіршілігі факторларының бір мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану.

Файлы: 1 файл

336_6M081100 ZR kaz..doc

— 127.50 Кб (Скачать файл)

Жеміс-жидек және жүзім  дақылдарын зиянкестерден қорғау

     Жеміс дақылдардың  сорғыш зиянкестері: бітелер,  жапырақ бүрге шіркейлері, жеміс  кенелері. Жеміс дақылдарының кеміргіш  зиянкестері: жеміс бізтұмсықтары, жеміс жемірлері, алма күйесі, долана көбелегі, жұпсыз және жібек көбелектері. Жеміс дақылдарын зиянкестерден қорғау шараларының жүйесі. Жидек зиянкестері: бүлдірген-таңқурай бізтұмсығы, егегіштер, бүлдірген кенесі, нематодалар және басқалар; оларға қарсы күресу ерекшеліктері. Жүзім зиянкестері: жапырақ ширатқыштары мен кенелер және оларға қарсы күресу шаралары.

Қоймадағы астық және басқа ауылшаруашылық өнімдерін

зиянкестерден қорғау

     Қоймадағы астық пен  жемшөп зиянкестері: бізтұмсықтар, дән күйесі, диірмен  қан көбелегі, қамба көбелегі. Астық және оның өнімдерін зиянкестерден қорғау шараларының жүйесі.

Дәнді дақылдарды аурулардан қорғау

      Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тарының әр түрлі қара күйелері және олардан қорғау шараларының   жүйесі. Бидай, қара бидай, арпа, сұлының тат аурулары және оларға қарсы күресу шаралары. Дәнді дақылдардың ақ ұнтағы, арпа мен бидайдың қастауышы мен гельминтоспориозы. Бидайдың фузариозы, тамыр шірігі, септориозы, сұлының қуыршақтануы және басқа аурулары. Астық  дақылдарының аураларына қарсы кешенді қорғау шаралары. Күріш аурулары: пирикуляриоз, фузариоз, гельминтоспориоз, бактерия мен вирус аурулары және оларға қарсы күресу шаралары. Жүгері аурулары: көпіршікті және тозаңды қара күйелер, тат, гельминтоспориоз, тұқым және собық аурулары. Вирусты және бактериялы аурулар. Жүгері ауруларына қарсы кешенді қорғау шаралары.

Бұршақ дақылдарын аурулардан қорғау

      Дәнді және азықтық бұршақ аурулары: фузариоз, тамыр шіріктері, тат, аскохитоз, антракноз, ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, ақ және сұр шіріктер, тұқым зеңі, бактериялы және вирусты аурулар. Жоңышқа мен беденің аурулары: тат, беде рагі, антракноз, қоңыр және сары дақтар, пероноспороз, бактериоз және вироз аурулары. Дәнді бұршақ және азықтық бұршақ дақылдарының ауруларынан кешенді қорғау шараларының жүйесі.

Техникалық дақылдарды аурулардан қорғау

      Қызылша (қант, ас  және азықтық) аурулары: тамыр  жегі, церкоспороз, пероноспороз, ақ  ұнтақ, фомоз, тамыр шіріктері,  ризомания және басқалар. Қызылшаны  аурулар кешенінен қорғау шаралары. Мақта аурулары: Гоммоз, тамыр шірігі, вертициллезды және фузариозды солу (вилт). Жапырақтың ширатылуы, қауашақ және талшық аурулары. Мақтаны аурулар кешенінен қорғау. Рапс аурулары: пероноспороз, фомоз, альтернариоз, қара мойнақ, мозаика. Рапс ауруларынан кешенді қорғау шаралары. Темекі  аурулары: көшет шіріктері, пероноспороз, ақ ұнтақ, шұбар бактериоз, темекі мозаикасы, столбур және басқалар. Темекі  аурларынан санитарлы және алдын-ала қорғау шараларының жүйесі. Картоп аурулары: фитофтороз, макроспориоз, рак, ризоктониоз, фомоз, таз-қотыр түрлері,  қара мойнақ, сақиналы шірік,жапырақтың ширатылуы, столбур және басқалар. Картопты аурулардан кешенді қорғау шаралар жүйесі.

Көкөніс дақылдарын аурулардан қорғау

      Капуста, қызанақ, пиз бен сарымсақ, сәбіз бен қияр және бақша дақылдарының аурулары. Капуста, қызанақ, пиз бен сарымсақ, сәбіз бен қияр және бақша дақылдарын түрлі аурулар кешенінен қорғау шараларының жүйесі.

Жеміс-жидек және жүзім  дақылдарын аурулардан қорғау

      Шекілдеуікті және сүйекті жеміс дақылдарының аурулары. Жеміс дақылдарын аурулардан кешенді қорғау шаралары. Қарлыған, қарақат, таңқурай, бүлдірген және жүзім дақылдарының аурулары. Жидек дақылддарын аурулар кешенінен қорғау шараларының жүйесі.

Ауылшаруашылық джақылдарын зиянкестер мен аурулардан

химиялық қорғау

     Өсімдік қорғауда  қолданылатын күресу шаралары. Өсімдік  қорғауда қолданылатын химиялық  заттардың жіктелуі. Ауылшаруашылық  дақылдарында кездесетін зиянды  бунақденелілер мен кенелерге  қарсы қолданылатын инсектицидтер мен акарицидтержәне

ауруларға қарсы қолданылатын фунгицидтер.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Сағитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. Ауылшаруашылық фитопатологиясы. Алматы, 2000, 216 б.

2. Справочник по защите растений. Алматы, 2004, 320 с.

3. Тілменбаев Ә.Т., Жармухамедова Ғ.Ә. Энтомология. Алматы, Қайнар, 1994

 

 

 


Информация о работе Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған