Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 19:42, реферат
Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Қазіргі картография –
ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы
қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті.
Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда
және Рим тәрізді басқа да өркениет
ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар
мен аудан табудың қарапайым
тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы
адамдар өздерінің жүріп өткен
жолында мол азық қорлары бар
аумақтарды байқаса, келесі жолы осы
орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың
қабықтарына әр түрлі таңбалармен
шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы
қолданысы жол бағдарлаудан басталған
карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе
Ұлы географиялық ашулар кезеңінде
жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер
мен байлықтарды игеруде
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.
Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.
Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер мен әлемдік ғаламтор желісінің мәліметтері пайдаланылды.
“Картография” ұғымы
Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады. [7]
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. [7]
Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу
жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен
қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалануды
жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады,
әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде де маңызға ие. Картографиялау
үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім
жасаудың негізі мен бастауы болып
табылады. Картографияның міндеті ретінде
осыған дейін тек картаны құрастыру
қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан
бастап, оны пайдалану маңыздылыққа
ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар
мен энциклопедиялық
Карталарды таным құралы
ретінде пайдалану жаңа экология,
медициналық география, салыстырмалы
ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым
салалаларының дамуына
Картографиялық зерттеу
әдістерін қолданушы маман
Картатану – географиялық
карта мен оның түрлері, қасиеті
мен элементтері, даму тарихы пайдалану
әдістемелерін зерттейді. Математикалық
картография – жер беті мен
ғылымдағы аспан денелерін
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
Картографияның міндеті – халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып,табиғатын қайта түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады. Картография және топография негіздері курсын оқытудың мақсаты картографияның ғылыми негізі болып саналатын картатану, математикалық картография, картометрия және топографияның теориялық негіздерімен таныстыру арқылы студенттердің географиялық картаны біліп, түсініп оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Карта пайдаланудың қысқаша тарихы
Алғашқы қауымдық құрылыс
қоғамында-ақ, картографиялық суреттер
жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ
уақытта кеңістікті бағдарлау және
нысандар мен заттардың қоршаған
ортада орналасуын түсіну үшін қызмет
етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия
мен Рим тәрізді басқа да өркениет
ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар
мен аудан табудың қарапайым
тәсілдері қолданыла бастады. Картада
бейнеленген нысандардың
Көптеген табиғи және ғаламдық
заңдылықтар карталар көмегімен
айқындалды. Бір құбылыстың екінші
бір құбылыспен байланыстары анықталды,
тіпті әлі ашылмаған ойкумендер
турасында болжамдар жасала бастады.
Мәселен, Ф. Бюаштың 1753 жылы карта арқылы
Жер шарындағы тау тізбектері
мен өзендердің орналасуын зерттеген
еңбегін атап өтуге болады. 1817 жылы
А. Гумбольдт Жер шарындағы
Қазақстан картографиясы
туралы сөз болғанда, орта ғасырлардағы
көптеген тарихшылардың географ
қызметін атқарғанын байқаймыз. Марко
Полоның ізімен Шоқан Уәлихановтың
«Қашқарға сапары туралы» «Ыстықкөлге
саяхат» жазбалары
ХІХ ғасырда картаны пайдалану
тарихындағы басты тұлғалардың
бірі – талантты географ, картограф
және геодезист, Еуропалық Ресейдің
гипсометриялық картасын тұңғыш құрастырушы,
Орыс география қоғамының көрнекті
қайраткері, Петербург пен Париждің
Ғылым академияларының мүше-
Баранский құбылыстың байланыстарын диалектикалық тұрғыда талдай келе, картаға өз бағамдауыңды енгізуді географиялық ойлаудың басты ерекшелігі ретінде көрді. Ол географияда картаның мәні мен рөлін анық сипаттап берді:
1) Карта – географияның
«әліп-биі», яғни географиялық
Картографиялық әдістің ғылыми танымға ие болуы – картограф Салищев есімімен де тығыз байланысты. Әдіс теориясының идеясы мен қолданысқа енуінің негізін қалаған дәл осы Салищев болатын. Ол географиялық карталар іс құралы ретінде маманға қызмет ете отырып, құбылыстардың жаңа байланыстары мен таралу заңдылықтарын орнататындығын бірінші рет ерекше атап өті. Сонда «Нақтылықты зерттеу мен үйретудің картографиялық әдісі» деген ұғым ең алғаш рет қолданылған болатын. Осы сәттен бастап, қазіргі зерттеулердің картографиялық әдістерінің дамуының жаңа бір парағы басталды.
Салищев картографиялық әдістер туралы түсінікті дамытты, оған толық түрде анықтама берді. Оны «жаңа білім мен түсінік алуда, сипаттау, талдау, құбылыстарды тану және болжам жасау үшін, кеңістіктегі байланысты үйрету мақсатында карталарды пайдалану»,-деп сипаттады. Және ол осы мәселе, «Зерттеулердің картографиялық әдістері туралы» (1955), «Арнайы карталар көмегімен нақты сандық анықтамалар туралы» (1963), «Карта бойынша құбылыстарды зерттеудегі талдау әдістемелері» (1968) тәрізді еңбектерінде қайта айналып келіп отырды. Картаны таным мен тәжірибелік құрал ретінде қолдану жайы Гедыминаның еңбегінде де айтылды. Ол «картаға жай еңбек заты, өндіріс өнімі сияқты қарауға болмайды, оның еңбек нәтижесі екенін ұмытпау керек»,-деп, «Картамен жұмыс» немесе «Картаны пайдалану» аталатын картографияның тарауын бөліп қарауды ұсынды. [7]
Картаны пайдалану деңгейі
Алғашында зерттеушілер картаның негізгі артықшылықтары деп оның шолу жасау мүмкіндіктерін қарастырды, яғни карта «жай көзбен көруге болмайтын нәрсені, білімді реттеу мен жүйелеуді, кеңістіктегі заңдылықтарды ашуды ұсына алады»,- деп есептеді. Картаны пайдаланудың дәл осы деңгейіне А.Гумбольдттың, В. Докучаевтың, А.Тиллоның еңбектері жатады. Карта көмегімен айқындалған барлық ғаламдық және аймақтық заңдылықтар сапалық сипатқа ие болды. Картаны талдаудың негізгі әдісі – салыстырмалы географиялық әдіс болды, ал жетекші ұстаным – оқымыстылардың шығармашылық ынтасы еді. Картаны пайдаланудың жаңа деңгейі жаратылыстану ғылымына сандық әдістердің енгізілуімен байланысты. Салыстырмалы түрде, география, геология, тарих және осы сынды ілімдер белгілі бір мағынада басқа ғылымдардан арта қалды. Көш соңында қалудың себептері әртүрлі, бірақ ең қызығы, кейде картаның артықшылығы географияға математикалық формулалар мен көрсеткіштердің енуін баяулатты деген пікірлер де айтылды. Өткен ғасырдың 60-жылдары бұл артта қалушылық азайды, сол кездері сандық заңдылықтарды жүйелеу құралы ретінде картографиялық әдістің жаңа бір қыры ашылды. Бірінше кезекке картаның өлшемдік мәні шықты, математикалық статистика талдаудың негізгі тәсіліне айналды, 60-жылдардың орта тұсындағы картаны пайдаланудың келесі деңгейі алдыңғы деңгеймен тығз байланысты болды. Сол кездің өлшемі бойынша, карталар зерттеудің логикалық негізі ретінде беки түсті. Енді карталардың математикалық дәлдігімен қалпы көбірек тиімді бола бастады. [7]