Қазіргі картография

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 19:42, реферат

Описание работы

Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.

Файлы: 1 файл

Қазіргі картография.docx

— 43.53 Кб (Скачать файл)

Ал қазіргі геологиялық  түсірулер жаңа күрделі техникалық құралдардың және қашықтықтан түсіру әдістері көмегімен жүргізіледі. Геологиялық  түсірулермен қатар, төрттік шөгінділерді зерттеу, гидрогеологиялық зерттеу  жұмыстары, тау жыныстарын, тектоникасын, жер қабатының дамуына әсер ететін барлық нысандар мен құбылыстар зерттеледі. [2]

Сонымен, геологиялық карталар геологиялық зерттеулер жүргізу, геологиялық  түсірулер және далалық жұмыстар арқылы құрастырылады. Жалпы геологиялық  карталардың жердің жасын, жер бедерін, құрылысын жетік меңгеруге тигізетін  септігі көп. Геология ­– жаратылыстану  ғылымдарының ішіндегі негізгілерінің бірі. Ол жердегі тіршілік атаулының  пайда болу және даму тарихын зертейтіндіктен, геологиялық карталардың да маңызы өте зор.

Жер қойнауын мемлекеттік  геологиялық зерттеу

Жер қойнауын мемлекеттік  геологиялық зерттеу – жер  қойнауының жай-күйі мониторингімен, жер  қойнауы үлескілерінің, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының жекелеген бөліктері  мен жалпы барлық аумағының геологиялық  құрылысын зерттеумен, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу  арқылы оларда пайдалы қазбалардың  болу мүмкіндігін анықтаумен, жер  қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін  құрайтын мемлекеттік геологиялық  карталарды жасаумен байланысты жұмыстар.

Барлауға, өндіруге, қоса барлауға және өндіруге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты  құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға  арналған жер қойнауын пайдалану  құқығын иеленуші тиісті геологиялық  немесе кен бөлумен белгіленген  жер қойнауы учаскесі шегінде  ғана жер қойнауын пайдалану жөнінде  тиісті операциялар жүргізуге құқылы.

Өндіруге арналған жер  қойнауын пайдалану құқығын иеленуші кен бөлумен белгіленген жер  қойнауы учаскесі шегінде барлау жөнінде операциялар жүргізуге  құқылы. Қор өсімі болған жағдайда және олар мемлекеттік сараптамамен расталғанда келісім-шартқа тараптардың  жазбаша келісімімен Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен тиісті өзгерістер енгізілуі  тиіс.

Геологиялық бөлу – келісім-шарттың  ажырамас бөлігі болып табылатын, жер  қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге  құқылы жер қойнауы учаскесін  сызба және сипаттама түрінде  белгілейтін, барлауға арналған келісім-шартқа қосымша. Геологиялық бөлуді конкурс  жеңімпазы немесе «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»  Заңда көзделген жағдайларда  конкурс өткізбей жер қойнауын пайдалану  құқығы ұсынылған тұлға өтініш жасаған  күннен бастап жер қойнауын зерттеу  және пайдалану жөніндегі уәкілетті  орган жиырма күн ішінде береді. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық  зерттеуді «Жер қойнауы және жер  қойнауын пайдалану туралы» Заңда  көзделген жағдайларда конкурс  өткізбей жер қойнауын пайдалану  құқығы ұсынылған тұлға өтініш жасаған  күннен бастап жер қойнауын зерттеу  және пайдалану жөніндегі уәкілетті  орган жиырма күн ішінде береді. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргізе алады. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу кезіндегі жұмыстар (операциялар) өңірлік және геологиялық түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізуді, кен іздеу, іздеу-бағалау, іздеу-барлау және барлау жұмыстарын, мемлекеттік геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді, өздігінен ағатын гидрогеологиялық және мұнай ұңғыларын жою және тоқтатуды қамтуы мүмкін. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көзден қаржыландырылуы мүмкін. [6]

Тұңғыш Ұлттық Атлас

Қазақстан картографиясындағы келесі бағыт – Тәуелсіз Қазақ  Елінің тұңғыш Ұлттық Атласы. Қоршаған ортаны қорғау министрілігінің бастамасымен аталған ауқымды жобаны «Экологиялық Атлас» атауымен География институты  әзірледі. Көп еңбекті қажет ететін мұндай карталардың тобы соңғы рет  елімізде осыдан ширек ғасыр бұрын, 1982-83 жылдары шығарылған. Әлемде мемлекеттің  бейресми символы ретінде танылатын  Атластың құрастырылуында «ұзақ  жылдардан бері жинақтаған тәжірибеміздің көмегі көп»,-дейді институт директоры, география ғылымының докторы, профессор  Ахметқал Медеу.

Институт тарихы Қазақ  КСР Ғылым Академиясының География  секторы болып құрылған 1939 жылдан басталады. Ал 1983 жылы бұл сектор институт мәртебесіне ие болды. Институт өзінің 67 жылдық тарихында осы саладағы республиканың жетекші ғылыми-зерттеу  орталығына айнала алды. Осы ұжымға тапсырылған мемлекеттік маңызға  ие Ұлттық Атлас ІІІ томға жинақталған, онда 300-ден астам карталар топтастырылмақ. Бұл толайым еңбектің әрбір томына 100-ден аса авторлардың еңбектері  сіңген.

Бұл ретте карталардың  әлемдегі ең соңғы үлгідегі ArcGis-9.1 карта  құрастыру бағдарламасында жасалды.. Жаңа Атлас жасалу тәсілі бойынша да ерекшеленеді. Авторлар тобы карталарды қазіргі геоақпараттық технологияларды қолдана отырып жасауда. Мұның өзі карта сапасының жақсы болуына және геоақпараттық жүйені қалыптастыру міндетін шешуге елеулі әсерін тигізеді. Тәуелсіз елдің төл Атласын дайындауға География институының ұжымы, сондай-ақ, басқа да ғылыми орталықтардан арнайы шақырылған ғалым-мамандар атсалысып жатыр. Бұл ретте мемлекеттің ғылымға көңіл бөлуі, жас мамандардың да ғылыммен айналысуына ықпал етіп отыр.

Бұл міндеттерді орындау  жолында Ұлттық Атластың жарық көруі  қазақ картографиясының зор жетістігі  ретінде тарих бетінде қалары анық.

Өткен жылы Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достас­тығы геодезистері мен картографтарының үшін­ші конгресі болып өтті. Оған Ресей, Ук­раи­на, Белорусь, Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан, Тә­жікстан, Әзірбайжан, Грузия, Ар­мения және басқа  елдерден осы қызмет сала­ла­рының  басшылары мен мамандары қатысты. Жалпы геодезия мен картография  қыз­меті­нің жерге, елдің аумағы мен  өңірлеріне дәл­ме-дәл өлшемдер жасап  карта сызуға, жерге орналастыру  мен кадастр жүргізу ісіне  үлкен көмек жа­сай­тыны белгілі. Қысқасы, барлық тіршіліктің негізгі  өзегі болып табы­латын жер атты үлкен байлықты бұл қызмет­тер­дің қаты­суынсыз толыққанды және дұрыс  игеру мүмкін емес. [6]

Сондықтан елімізде на­рық қатынастары орнығып, жеке меншік бел  алғаннан бері бұл қызметтің қадірі барған сай­ын арта түсуде. Мұны конгреске  қа­ты­су­шы­лардың қай-қайсысы болмасын атап көрсетті. Ресейдің Геодезия және картография жөніндегі фе­деральдық агенттігінің төрағасы Александр Бородка  агенттіктің жүргізіп жатқан жұмыс­тарына тоқталды. Осы қызмет сала­сында жаңа технологияларды пайдалану мейлінше қарқын алғандығын айта келе, осының нәтижесінде  әртүрлі қызметтер үшін өте дәлме-дәлдікпен  сандық карталар шығарылғандығын айтып  берді.

Екі мәрте батыр атағына  ие болған Ресейдің ғарышкер ұшқышы, Мәскеу гео­дезия және картография университетінің  ректоры Виктор Савиных соңғы  он бес жылда геодезия және топографиялық  өлшеу технологияларының мүлдем өзгер­гендігін, қашықтықтан зерделеу мәселе­сінің басым сипатқа ие болғандығын  айта келе заманның жаңа талабына сәйкес кадр даярлау мәселесіне тоқталды. [6]

Геодезия және картография  секілді өзіндік ерекшелігі мол  салада біздің Қазақстанымыздың шоқтығы  көп елден биік тұр деуге болады. Бізде кадастр жүр­гізу, ақпарат  алмасу жұмыстары қағаздан электрондық  түрге көшірілген. Ғарыштық түсірілімдер арқылы әртүрлі мақсат­тағы карталар әзірленген. Алматы қа­ласынан республикалық  картографиялық фабрика салынып, оның су жаңа өнімдері конгрес­ке қатысушыларға  ұсынылды. Енді осының үстіне таяудағы жылдары қашықтықтан зерделеу мәселесіне арналып жер серігі ұшырылатыны  мәлім болып отыр. [6]

Картография – пән ретінде

Қазақстан картографиясының маңызды бағыты – картографияны  пән ретінде дамыту. Бұл ретте  мәселен, жеке өзім осы пәннің әдістемелік  құралын дайындау ісін қолға алдым. Берлянт пен Салищев еңбектеріне  сүйене отырып, пәннің қысқаша курстық  дәріс тізбесі жасалды. [5]

Пән мазмұны

№1 тақырып. Карта және картография. Карталардың жіктелуі.

1. Карта ұғымы.

2. Карталардың жіктелуі. Картография – карта құрастыру  мен қолдану туралы ілім.

3. Картография құрылымы. Картографияның география және  басқа да Жер мен қоғам ғылымдарымен  байланысы.

№2 тақырып. Картографиялық проекциялар.

1. Картаның математикалық  негізі. Картадағы бұрмалану түрлері.

2. Картографиялық проекциялау  туралы түсінік. Картографиялық  проекциялардың жіктелуі.

№3 тақырып. Картада бейнелеу, атауларды ұсыну тәсілдері. Картографиялық жалпылау (генерализация).

1. Шартты белгілер және  олардың қызметі.

2. Ұсақ масштабты карталарда  құбылыстарды бейнелеу тәсілдері.

3. Картадағы жазулар. Жалпылаудың  мәні мен факторлары. Жалпылаудың  географиялық ұстанымы.

№4 тақырып. Карта мен  атлас түрлері.

1. Талдамалық, (аналитикалық), біріккен (синтетикалық) және кешенді  карталар. Оларды құрастырудың тәсілдері мен мазмұндық ерекшеліктері.

2. Атлас түрлері, олардың  тақырыптық, аумақтық, атаулық жіктелуі. Атластар – геожүйенің моделі  ретінде.

№5 тақырып. Картаны жобалау  мен құрастыру. Картографиядағы  автоматтандыру.

1. Карта құрастыру кезеңдері.  Жалпы географиялық және тақырыптық  карталарды жобалау, құрастыру  мен түзетудің (өңдеудің) ерекшеліктері.

2. Жер ресурстары карталарын  жобалау мен құрастырудың ерекшеліктері.

3. Карта құрастырудың  әуеғарыштық әдісі.

4. Карта құрастырудың  компьютерлік технологиясы.

№6 тақырып. Карта пайдалану  әдістері.

1. Зерттеудің картографиялық  әдісі және оның дамуының негізгі  кезеңдері. Карта пайдалану тәсілдерінің  жүйесі.

2. Картамен жұмыс әдістері. Жер ресурстары картасын пайдалану.

№7 тақырып. Картография  мен географиядағы ГАЖ және телекоммуникация. Геобейнелеу мен геоиконика.

1. ГАЖ туралы түсінік.  Геоақпараттық картографиялау. Телекоммуникациялық  желілер.

2. Ғаламторда картографиялау. Геобейнелер түрлері мен оларды  жіктеу. Геоиконика – геобейнелеудің  бірегей теориясы. Электрондық-сандық  картографияның даму үрдісі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мамандар жасаған ғылыми болжам әлемде жер көлемі жөнінен 9-орын алатын, 2,7 миллион шаршы шақырым  аумақты қамтып жатқан мемлекеттің  картографиясын дамытуға жыл сайын 1 миллиард теңгедей қаржы бөліну керектігін дәлелдеп берді.

Дамыған АҚШ, Канада секілді  елдер өздерінің картографиялық қызметіне ерекше мән беріп, әр бес  жыл сайын жаңа ақпараттармен  толықтырып, барлық деңгейдегі карталарын жаңартып отырады.

ҚР «Геодезия және картография  туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі (2004, 2005 жылдары  өзгерістер енгізілген) заңы бар. Бізге  қажеті – осы заңға негізделген  «Ұлттық картографияны дамыту»  тұжырымдамасы. Елімізде картографтарды бірнеше жоғары оқу орнында дайындайды, олардың ішінде – ҚарМУ, ҚазҰТУ, Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ  сәулет институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар. Мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешудің  бірден-бір жолы – картография  факультетінің ашылуы. Бұл өз кезегінде  сапалы, Ұлттық картаны құрастыра  алатындай, картографтар даярлауға  негіз болады. Қазіргі таңда Қазақстанда  топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді әзірлеумен айналысатын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Осы  ретте тұжырымдамада Ұлттық картографиялық-геодезиялық  қор жанынан Ғарыштық қор құру мәселесі қарастырылуы тиіс. Бұл тарапта  әлемде санаулы ғарыш айлақтарының бірін иемденіп, өз «ҚазСат» ғарыштық жер серігін аспан көгіне ұшырған  Қазақстанның Ғарыштық қорын құру мәселесі туындайды. Бұл қордың негізгі қызметі  – ғарыштан түсірілген суреттер мен  ақпараттар арқылы Жер бетінде болып  жатқан геологиялық, тектоникалық, географиялық өзгерістерге баға беріп, талдап-сараптап отыру және жаңа деңгейде жасалатын карталардың бетіне тың мәліметтерді енгізу. Осы арқылы отандық карта өнімдерінің сапасы мен саны артып, бәсекеге қабілеті де өсе түспек.

Курстық жұмыста Қазақстан  картографиясының перспективасы мен  даму бағыттары толық қамтылмады, оның бірнеше себептері бар. Алайда, бұл осы бағыттағы жұмыстардың  алғашқысы болғандықтан, алда да жалғасын табады деген ойдамын. Ең басты атап өтетін бағыттар ретінде ғарыштық мүмкіндіктерді пайдалану, Ұлттық Атлас бағытындағы  жұмыс, сандық картографияның дамуы


Информация о работе Қазіргі картография