Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 19:42, реферат
Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Карта бетіндегі нысандарды жазу технологиясы, мәтіндік баған құру, онымен жұмыс жасау жолдары. Географиялық нысандардың категорияларына қарай атауларына шрифт өлшемдерін таңдау. Кез-келген географиялық обьектілер белгілі бір ақпарат көзі болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән мәліметі(атауы, морфометриясы, морфолгиясы) болады. Мысалы, таудың атауы, биіктік өлшемі, көлдердің атауы, тереңдігі, көлемі және т.б. Барлық географиялық карталарды құрастыруда карта бетіндегі нысандардың атауы жазылады, негізгі географиялық ақпарат беріледі.
Аннотация және оны құру жолы
Геометриялық әдіспен
– полигон, сызық, нүкте түрінде
берілген кеңістіктегі нысандар туралы
мәліметтер карта бетінде жазу арқылы
береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз
картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан,
әрбір нысанды салғанда, оның сандық
және сапалық көрсеткіштерін немесе
атауларын атрибуттар кестесіне
толтырамыз. Электронды карталар жасау
барысында аннотация жасау
Аннотация дегеніміз – нысандардың сандық және мәтіндік мәліметтерден тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы:
Нысандардың қажетті мәліметтері
жазылған соң, мысалы, елді мекендердің
атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп,
карта бетіне жазылады. Нысандардың
атауы тек бір бағытта ғана
жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше
қабаттың мәліметтері осы әдіспен
жазылған жағдайда бір-бірімен араласып,
оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан,
жеке аннотация қабатын құрып, олардың
орнын ауыстыруға болады. Осы жұмысты
іске асыру үшін келесі функцияларды
атқарамыз: ArcMap-та сол қабатқа барып,
оң жағын басамыз → жазуларды
аннотацияға конвертациялау (Convert labels
to annotation) → ашылған терезеден
осы аннотацияға қажетті
Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар:
- карта масштабын көрсету керек;
- аннотациямен жұмыс жасағанда
карта бетіндегі обьекттердің
картографиялық заңдылықтарын
Карталарды безендіру. Қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу
Мәліметтер түрінде (Data view) – кеңістіктегі нысандарды бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.
Компоновка түріндегі(Layout view) – картаны безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады.
1.Өзімізге қажетті масштабын
көрсетеміз, карта қағаз бетіне
симаса, қағаз өлшемін үлкейтеміз.
Ол үшін Бет пен баспа
1.Файл арқылы
2.Картадан бос кеңістікте
тышқанның оң жағын басу
Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүзеге асырылады.
1.Name командасында принтердің
немесе плоттердің атын
2.Paper – қағаз өлшемін таңдаймыз.
3.Orientation:1)Портрет (Portret)
2)Альбом (Landscape)
Карта тақырыбын жазу үшін келесі командаларды орындаймыз:
Қою(Insert) → Аты (Title)→
Карта масштабын жазу
Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге болады: сызықтық және сандық.
Сызықтық-Scale bar
Сандық-Scale text
Қою (Insert) → Сандық (Scale text)
Солтүстік бағдарды шақыру
Қою (Insert) → Солтүстік бағдар (North Arrow)
Карта легендасын құрастыру
Карта легендасы – карта бетіндегі нысандарды оқу үшін құрастырылады. Оларды шартты белгілер деп табылады. ArcGIS-те шартты белгілерді құрастыру үшін әрбір қабатта көрсетілген нысандар мен мәліметтерді компоновкада карта бетіне шақырамыз. Кез-келген картаны құрастыруда картадан тыс бос орындардың барлығын шартты белгілерді қоюға пайдаланамыз.
Қою (Insert) → Легенда (Legend) → ашылған терезеде 2 баған бар:
1)Maplayers 2) Legend items → Далее → Аты → шрифт өлшемі → Далее → шартты белгінің ені мен ұзындығы → Дайын.
Картаны безендіру жұмыстарынан кейін дайын болған картаны қағаз бетіне басып шығару үшін төмендегі операциялар орындалады. Карта өлшемін тексереміз.Оның 3 түрі бар. Ол үшін, яғни оң жағын басып,
1. Бет пен баспа параметрі ( Page and print set up ) → Use printer paper settings → Show printer margins on layout
2.File → Print previe 3. File → Print → Number copies → OK
Жалпы географиялық және тақырыптық карталар – табиғат, шаруашылық, әлеуметтік орта, экожағдай туралы кеңістік ақпараттардың негізгі көзі. Жалпы картография бірнеше тақырыптық салаларға бөлінеді: геологиялық, топырақ, гидрографиялық, экономикалық, әлеуметтік, т.б. Картографияның тағы бір ерекше бағыты – экологиялық картография. Оның мақсаты – экологиялық жағдайды саралау, экожүйе мен адам денсаулығына әсер келтіретін табиғи орта факторларын қарастыру. Экологиялық картографияны кең көлемде табиғатты қорғауға бағытталған мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларды жобалауда қолданылады.
Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы
1919 жылдың 15 наурызындағы Жоғарғы геодезиялық басқарма құру туралы Декретімен, Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің ғылыми-техникалық бөлімі жанынан КСРО геодезиялық қызметі ұйымдастырылды.
Қазақстан аумағында, сол кезеңнен 1945 жылға дейін барлық топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір Аэрогеодезиялық топографиялық кәсіпорыны мен Орта-Азия Аэрогеодезиялық кәсіпорынының топографиялық-геодезиялық тобының күшімен орындалды. 1945 жылы Алматы Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорны ұйымдастырылды. 1945-1947 жылдар аралығында Қазақ ССР-ының бүкіл аумағында 1:1000000 масштабтағы мемлекеттік картографиялау мақсатындағы түсірімдерді аяқтау міндетін мақсат етті. Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорыны өзінің жұмысын 1945 жылдың 1 қаңтарында бір далалық топографиялық топ және Талғар станциясындағы стационарлық базасымен бастаған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына орай, геодезия және картография саласының барлық құрылымдары да қайта қалыптасты.
Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен, барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер одақтың бағыныштылығынан шығарылып, Қазақ КСР Үкіметінің қарауына берілді, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанынан Геодезия және картография Бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды. Оның құрамына бұрынғы ГКБ басқармасының барлық кешенді бірлескен экспедициясы, яғни Қазақстан аумағындағы, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы (ҚазАГБИ) кірді. 1992 жылы бұрынғы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың орынына Орталық картография-геодезиялық қор (ОКГҚ) құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы Жарлығымен Қазгеодезия таратылып, оның қызметі Жер қатынастары және жерге орналастыру Мемлекеттік комитетіне (Мемжерком), содан кейін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне берілді.
Қазіргі Агенттік қарамағында мынадай республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бар: “Астанатопография”, “Шығысгеодезия”, “Батысгеодезия”,“Қазгеокарт”, “Ұлттық картография-геодезиялық қор”, “Солтүстікгеодезия”, “Орталықмаркшейдерия”, “Оңтүстікгеодезия”.
Қазақстан Республикасы топография-геодезия саласында алғашқы қалыптасу және даму кезеңі өте күрделі өтті. Бүгінде айтулы салаға біртіндеп жаңа техника мен технология енгізілуде. Бұл электрондық тахеометрлер, координаттарды айқындаудың спутниктік жүйесі. Геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен енгізу картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демаркациялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық карталарды жасау сияқты күрделі мәселелерін шешуге жол ашады. Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік карталар, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының физикалық оқулық карталары әзірленуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 10 жылында көршілес мемлекеттер аумағында 100,5 млн. гектарға аэрогеодезиялық зерттеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, институт мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар, Жезқазған қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық елді мекендердің, соның ішінде өткен аэрофототүсірімдер материалдары бойынша үлкен масштабтағы түсірімдерді сызбалар (карта) жасау іске асырылды. Сандық картографиялау технологиясы түгелімен игерілді.
Мемлекеттік және арнаулы маңызы бар геодезиялық және картографиялық қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Мемлекеттік реттеудің, жүзеге асырудың, лицензиялаудың және қаржыландырудың, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызметтің метрологиялық қамтамасыз ету нормалары қарастырылған. Картографиялық өнімдерге авторлық құқық нормалары, геодезиялық және картографиялық өнімдерге мемлекеттік меншіктігі анықталған және Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңнаманың бұзылуына жауапкершілік қарастырылған. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың қызметін реттеу жөніндегі нормалар және геодезия мен картография саласындағы халықаралық қатынасты жүзеге асыру қарастырылған. [6]
Геологиялық картографиялау
Қазақстан картографиясының даму бағытының бірі – геологиялық картография. Қарт геолог Молдияр Серікбаевтың пікірінше, Қазақстанның геологиялық құрылысы, қазба байлығы, магмадан пайда болған шөгінді тау жыныстары бар. Жаратылыстану саласындағы барлық карталардың негізі – геологиялық карта. Оның негізінде қазба-байлық, тектоникалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық карталарды шығаруға болады. Біріншіден, Геология комитетінің алдағы жылғы жоспарына геологиялық картаны енгізу керек. Шартты белгілерін сұрыптап, анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Яғни, халықтық дәрежеде геологиялық картаның дамығанын көрсеткен жөн. Классикалық іргелі ғылымдарға геология, топырақтану, содан кейін классикалық картография жатады. Классикалық іргелі геологияны дамыту үшін төмендегідей бағыттардағы пәндер керек: палеонтология, палеология, палеоботаника, палеозоология, стратиграфия, литология, петрология, геологиялық картография, геотектоника, сейсмотектоника, геодинамика, космогеология.
Геологияның он түрлі саласы бар. Соның күрделі салаларының бірі – жердің қабатындағы жан-жануарларды зерттейтін палеонтологиялық мұралар. Одан кейін геологиялық картографиялық, геологиялық ескерткіштер, стратиграфиялық, гербариялық, зоогеографиялық мұралар. Осының бәрі “Мәдени мұрада” қамтылмаған. Ботаника институтында 500 мыңдай гербариялық мұралар құру алдында тұр. [8]
Геологиялық картографиялау тақырыптық картографиялаудың жақсы дамыған саласына жатады. Оның мақсаты – жер қабығының геологиялық құрылымын жан-жақты зерттеу, ондағы пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттарды барлау, геологиялық жағдайларды анықтау және геологиялық карталарды құрастыру. Қазіргі кездегі өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылық салаларында минералды шикізаттың сұранысқа ие болуы геологиялық зерттеулерді тереңдете түседі, яғни, минералды шикізаттар мен пайдалы қазбалардың жаңа түрлерін іздестіру жүргізіледі. Ол үшін пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттық орналасу заңдылықтарын анықтау бойынша болжау жасайтын геологиялық карталарды болуы шарт. [1]
Барлық геологиялық
Ұсақ масштабты геологиялық
түсірулер (1: 1 000 000, 1:500 000) түпкі жыныстар
ең көп көрінетін жерлер арқылы өтетін
маршруттар бойынша жасалады. Орта
масштабты геологиялық
Дәл геологиялық түсірулер
(1:10 000 не одан да дәлірек) пайдалы қазба
кен орындарында инженерлік-
Маршруттық геологиялық түсірісте жұмыс алаңы тау жыныстары мен қатпарлы құрылымдардың созылымына көлденең бағытта жүргізіледі, байқау нүктелері мен геологиядық нысандардың бәрі топграфиялық карталар мен әуе-ғарыштық суреттерде белгіленеді. Қатар екі маршрут арасындағы жердің геологиялық құрылысын екеуіне бірдей етіп және әуе-ғарыштық суреттің деректерін ескере отырып, анықталады.
Алаңдық геологиялық түсірісте
байқау нүктелері түсірілетін бүкіл
жер аумағына біркелкі орналастырылады.
Олардың жиілігі түсіру масштабына,
аймақтың геологиялық құрылысына, түпкі
жыныстардың көрінуіне, геологиялық
нысандар бейнесінің әуе-ғарыштық суреттердегі
анықтылығына байланысты. Маршруттар
геологиялық құрылымдарды бойлай не
көлденең өтеді. Аспаптық геологиялық
түсіруде барлық геологиялық нысандар
картаға геодезиялық