Практиканың мақсаты және тапсырмасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 17:12, реферат

Описание работы

Жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, жалпы шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газоконденсат кен орындарына өте бай, олардың көпшілігі Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.
Қазақстанның Батыс бөлігі бойынша ашылған кен орындары көбіне Каспий маңы ойпатының тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.
Сондай-ақ Каспий маңы ойпатында терең жатқан мұнай кеніштерін игеруге өнеркәсіптік жұмыстар мыналарға қол жеткізді: Континентальды шельфтегі мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті өндірістік-техникалық базаның жасақталуы.

Содержание работы

1.Кіріспе
2.Практиканың мақсаты және тапсырмасы
3.Жалпы жағдайы
4.Практиканың мазмұны
5.Есептің мазмұны мен құрамы
6.Есептің безендірілуінің талабы
7.Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

балгымбай.doc

— 2.83 Мб (Скачать файл)

КӘСІПТІК  ПРАКТИКАНЫҢ ПРОГРАММАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

   1.Кіріспе

   2.Практиканың мақсаты және тапсырмасы

   3.Жалпы жағдайы

   4.Практиканың мазмұны

   5.Есептің мазмұны мен құрамы

   6.Есептің безендірілуінің талабы

   7.Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

                                                           

 

 

 

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            КІРІСПЕ.Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірін алады, әсіресе энергетикалық тарапы өркендеуінде өзінің зор үлесін қосады.

Жалпы мұнай  өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл  өнеркәсіптердің, жалпы шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газоконденсат кен  орындарына өте бай, олардың көпшілігі  Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.

Қазақстанның  Батыс бөлігі бойынша ашылған  кен орындары көбіне Каспий маңы ойпатының  тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.

Сондай-ақ Каспий маңы ойпатында терең жатқан мұнай  кеніштерін игеруге өнеркәсіптік жұмыстар мыналарға қол жеткізді: Континентальды шельфтегі мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті өндірістік-техникалық базаның жасақталуы.

Осы аудандағы  мұнай-газ кен орындарының әртүрлі  жағдайда орналасуы, олардың мұнайларының әртүрлі қасиетке ие болуына себепкер.  Мұнай қасиеттерінің әртүрлі болуы, олардың жаңарған техника мен техника-технологияны қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты С. Балғымбаев кен орны да өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістерін қолданып игеріледі.

С. Балғымбаев кен  орны 1968 жылдан өндірістік іске қосылды. Қазіргі уақытта төрт өнімді горизонт бойынша өндіріледі: олар апт-неоком,  неоком, және орта юра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау I. Жұмыс ауданы туралы жалпы мәлімет

           С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеру 1968 жылдан басталған. Бұл кен орны, Орал мен Еділ аралығында, теңізді зонада орналасқан.

            Облыстық басқару және өндірістік орталығы Атырау каласы Аққыстау поселкесінен 84 км қашықтықта, ал С.Балғымбаев кен орны 76 км шығыс жақ бетте орналасқан. Бұл кен орны өте қолайлы экономикалық зонада, Ембі мұнайлы аймағының батысында және Солтүстік Каспийдің жаңалық аймағында орын тепкен.

   С.Балғымбаев кен орны геологиялық барлау жұмыстарына сәйкес қолайлы құрылымдардан: Қамысты, Жаңаталап, Шәліп, Бақсай, Манаш, Граннан тұрады. Осылардың ішінде өндірістік мұнайлы деп табылған және мұнай игерілетіндер: Қамысты, Жаңаталап, Гран, Ровное.

   Геоморфологиялық жағынан алғанда, қарастырылып отырған аудан теңіздік аккумулятивтік минус 20 метр белгіде, ал солтүстікте абсалюттік белгі минус 30 метр болады.

   С.Балғымбаев тұз күмбездерінің төмен түсуіне байланысты ол жер рельефті жаззықтармен сипатталады.

   Топырағы құмды, кейбір жерлерінде саз балшықтармен алмасады.

   Өсімдіктер әлемі тапшы, көбінесе қамысты типті өсімдіктер өседі.

   Грунт суларының деңгейі 1,5-2 метр тереңдікте орналасқан. Құмды бөліктеріндегі суы аз минералданған. С.Балғымбаевтың өз территориясында өзен жоқ. Кен орны территориясынан Солтүстік-Шығысқа қарай, Орал өзенінің бөлігі болып есептелетін Бақсай өзені ағып өтеді. Су тасыған уақытта ағынды сулар молаяды,жазда ол, су айдау станциялары арқылы Орал өзенінің есебінен болады.

   Теңіз жағалауы С.Балғымбаевтан Оңтүстікке қарай 12-15 км қашықтықта жатады.

   Аудан климаты континентальды. Жазы ыстық, қысы суық. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 160 пен 300 мм аралығында ауытқып тұрады.

    Ауданның жергілікті тұрғындары және өндірістік дені-қазақтар. Ауыл және мал шаруашылықтары жақсы дамыған.

    Грунт суының деңгейі 1,5 -2 м тереңдікте орналасқан, бұл су әлсіз минералды, негізінен құмды барханды аумағына сәйкес келеді. Кен орнының аумағында өзендер жоқ. Солтүстік – шығыстан Бақсай өзені ағып өтеді, бұл өзен Жайық өзенінің бір саласы. Бұл өзенде су суландыру кезеңінде мол болады, ал жазда су Жайық өзенінен суайдау станциясы арқылы құйылады.

    Теңіз жағалау сызығы  кен орнынан оңтүстікке  қарай 12-15 км жерде орналасқан.

Тарау II. Геологиялық-геофизикалық жағдайы

 

              С.Балғымбаев кен орнын игеру 1968 жылдан басталады. 01.01.2008 ж. мәлімет бойынша кен орнынан  жалпы 14439,9 мың т. мұнай өндірілді, бұл балансты қордың 51,4%, алынатын қордың 92,0% құрайды. Сонымен қатар 74381,3 мың т.  сұйық, 273,2   млн.м3 газ өндірілді. Объектілер бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі келесідей бөлінеді: максималды үлес 1 объектіде – 77,6%, 2 объектіде – 19,0%, 3 объектіде 3,4%.

   2009 жылы мұнай өндіру сурет Г-да көрсетілгендей 99,1 мың т. құрады. Ол объектер бойынша былай жіктелген: 57,9 мың т – 1 объект; 26,3 мың т. – 2 объект; 14,9 мың т – 3 объект. Өндірілген мұнайдың  сулануы 93,4% болды.

  Жалпы кен орны бойынша соңғы мұнай алу коэффициенті 0,51% құрады. 1 және 2 объекті қабаттарына жылдық су айдау 1650,0 мың т. болды.

            Динамиканы анализ жасау кезінде әрбір игеріліп  жатқан  горизонттың, игерудің негізгі технологиялық көрсеткіштері: мұнай және сұйық өндірудің өсуі, тұрақтауы және төмендеуі, өндіру ұңғылардың орта тәуліктік өнімділігіне тәуелді деңгейдің өзгеруі, айдау ұңғыларының жұту көрсеткіштері, өнімнің сулануы, су айдау көлемі, ұңғылар қоры және т.б. тұрғызылды.

   І объект. Объектіні игеру 1968 жылдан басталады. Игерудің басынан бастап объектіден 11134,4 мың т. мұнай, 59538,2 мың т. сұйық, 212,5 млн.м3 газ өндірілді. Бастапқы қордан өнім  алу қарқыны 0,5 % құрады, соңғы мұнай беру көрсеткіші – 0,51%.

  Объектіден мұнай өндірудің  динамикасын бақылап отырсақ, екі кезеңді ерекшелеуге болады:

- Игерудің бастапқы  кезеңінен 1973 жылға дейін жылдық  мұнай өндіру  көлемі өсіп отырды, ол 1973 жылы максималды 786,0 мың т. құрады. Бұл өсім, объектіні интенсивті бұрғылау  нәтижесінде пайдалануға жаңа өндіру ұңғыларын қосумен (63 бірлік)  түсіндіріледі. Алғашқы өнімнің сулануы 23,4 % болды. Алғашқы екі жылда объектіні игеру табиғи режимде жүрді, 1970 жылдан бастап қабатқа су айдай бастады, оның жылдық көлемі 1973 жылы 4 айдау ұңғылар қорымен 1026,3 мың м3 құрады. Компенсациясы – 80,9% болды.          Қарастырып отырған кезең соңында, орта тәуліктік мұнай және сұйық дебиті   сәйкесінше 27,5 және 49,6 т/тәулікке жетті.

- Келесі кезең  интенсивті (1973-2009 жылдар аралығы), содан  кейін қазіргі күнге дейін  жалғасып жатқан жылдық мұнай  өндірудің біртіндеп төмендеу  кезеңі. 1982 жылға дейін жылдық  мұнай өндіру көлемінің төмендеуі,  жылдық сұйық өндірумен су  айдау көлемінің өсуімен пропорционалды келді. Бұл өндірілген өнімнің интенсивті сулануымен сипатталады (94,4%). Ұңғылар қорын арттырғанымен, орташа мұнай дебиті біртіндеп 37,5 т/тәуліктен 12,0 т/тәулікке төмендеді, ал ұңғылардағы сұйықтың орташа тәуліктік өнімі тікелей пропорционалды өсті де, игерудің осы кезеңінде максималды деңгейге жетті (77 т/тәу). 1983 жылдан бері жылдық су айдау деңгейі 3768,8 мың м3-тан 1453,0 мың м3 дейін төмендеді. Компенсация 120,7% құрады. 01.01.2008 жылы айдау ұңғыларының саны  20 бірлікті құрап, олардың орташа жұтылу көрсеткіші 168,0 м3/тәулік болды және өндіру ұңғылары 97 бірлікті құрап, орташа дебиті 2,0 т/тәулік болды, ал өндірілген өнімнің сулануы соңғы бес жылда тұрақты 95% құрады.

ІІ объект. Объектіні  өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. 01.01.2008 жылғы жағдай бойынша объектіден өндірілген мұнайдың жалпы жинақталған қоры 2822,6 мың т. мұнай, 13332,7 мың т. сұйық және 52,6 млн.м3 газды құрайды.

Негізгі динамикалық  көрсеткіштер бойынша, жалпы объектіні  игеру кезеңін келесі этаптарға бөлуге болады:      

- Игерудің басынан  бастап 1972 жылға дейін мұнай өндіру  көлемінің қарқынды өсуімен сипатталады.  Бұған кен орынды меңгеру үшін  бірінші кезеңде жаңа ұңғылар  бұрғыланып, пайдалануға берілуімен  түсіндіріледі.Объектіні игерудің бүкіл уақытында жылдық мұнай өндірудің деңгейі 1969 жылы максималды болды. Осы жылы 162,0 мың т. мұнай өндірілді. Осы кезеңде өндірілген өнімнің аз сулануымен (5%) сипатталады, орта тәуліктік мұнай дебиті 30,0 т/тәулік болды.

- 1972-1986 жылдар  кезеңі өндірілген өнімнің біртіндеп сулануымен, мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен  сәйкес келді. 1974 жылы кен орнында  ұйымдастырылған, қабатқа 2 айдау ұңғысымен  су айдау нәтижесінде, мұнай өндіру көлемі кішкене кезеңде өсті (1974-1975 жылдар) . Одан бері мұнай өндірудің төмендеуі және ұңғы өнімінің 85,5%-ға дейін сулануы байқалады. 1986 жылы жылдық өндіру көрсеткіші 46,05 мың т. құрады.

- 1987-1992 жылдар  кезеңінде жылдық мұнай өндіру  көлемі 76 мың т. өсті. Бұрғылаудан  жаңа өндіру және айдау ұңғыларын  қосу, мұнай дебитінің орта тәуліктік өсуіне әкелмеді. Су айдау компенсациясы 99-30% аралығында өзгерді. Ұңғы өнімінің сулануы тұрақты болды және 85% құрады.

- 1993 -1998 жылдар  кезеңінде мұнай өнідірудің жылдық  көлемі төмендеді, содан кейін  1999-2004 жылдар аралығында мұнай өндіру деңгейі тұрақтанып 30,0 мың т. құрады және одан әрі жылдық мұнай өндіру 26,3 мың т-ға аздап түсті. Жылдық сұйықтық өндіру деңгейі әркезде жоғары болып, 430-440 мың т. аралығын құрады. Өнімнің сулануы 93%-ға өсті. Бұл кезең аяғында  жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғыларының саны 47 бірлікті құрап, олардың орта тәуліктік мұнай дебиті 2,0 т/тәулік, сұйықтық  дебиті 26,5 т/тәулік болды. 4 өндіру ұңғысын айдау ұңғысына ауыстыру нәтижесінде, су айдау ұңғысының саны 8 бірлікке өсті.

ІІІ объект. Бұл горизонтты өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. Игерудің барлық уақытында өндірілген мұнай көлемі 482,1 мың т., сұйықтық -1465,3 мың т. болды. Игерудің барлық уақытындағы негізгі көрсеткіштерді саралап, үш негізгі кезеңге бөлуге болады:

- 1968-1972 жылдар кезеңінде, І және ІІ объект тәрізді жылдық мұнай және сұйық өндіру көлемі өсті. 3 ұңғыдағы өнім 1972 жылы 52,8 мың т.сусыз мұнай болды. Орта дебит 48,1 т/тәулікті құрады.

- 1973-1996 жылдар  кезеңінде  жылдық мұнай және  сұйық өндіру интенсивті төмендеді, ал осы кеезңде ұңғылар саны 8 бірлікке артқан. Кезеңнің аяғында  жылдық  мұнай өндіру 0,5 мың т. болды. Өндірілген өнімнің сулануы 95,2% құрады.

- 1997-2009 жылдар  кезеңінде тоқтап тұрған ұңғыларды  іске қосу нәтижесінде мұнаймен  сұйық өндіру көлемі өсті. 2007 жылы 14,9 мың т. мұнай және 93,8 мың т. сұйық алынды. Жұмыс істеп тұрған өндіруші ұңғылар  саны 1996 жылғы 3 ұңғыдан 01.01.2006 ж. 8 ұңғыға артты. Осы кезең аралығында өндірілген өнімнің сулануы 84,2% төмендеді.

2005-2009 жылдар  аралығында С.Балғымбаев кен орны ұңғыларында суланған жоғары  өткізгішті аралықтарды бітеу үшін, «ОТО-ПРОМ» ЖШС-ның жаңа технологиялары бойынша селективті изоляция жүргізілді. Ол жұмыстар «Родопал» полимер ерітінді реагентін қолдану, жоғары тұтқыр (ЖТ) және тампонажды кеуекті цементтік құрамды қолдану әдісімен екі этапты изоляциялау (ТКЦҚ), суағынды – сұйық әйнек  негізді және ТКЦҚ-мен изоляциялау, сонымен қатар, суланған аралықты изоляциялау, бұл дегеніміз  суқаныққан горизонтты цементті көпірді пайдаланып жабу, жұмыстары болды. Жоғарыда жүргізілген геологиялық – техникалық шаралардың ең жақсы  нәтижесі «ОТО-ПРОМ» ЖШС-ның жаңа технологиясы болды.

Жобалық (1987) және фактілі көрсеткіштердің сәйкес келмеуімен және 2005 ж. мұнай және еріген  газ қорын қайта есептеу нәтижесінде, «С.Балғымбаев кен орнын игерудің қазіргі жағдайының анализі» құрастырылды және кен орнындағы игерудегі объектілердің технологиялық көрсеткіштері қайта есептелді. Жұмыс ЦКР-да қаралды және бекітілді (Протокол №40. 2006 жылдың 17 қарашасы).

Бұл құжат бойынша 1 және 2 объектерде ҚҚҰ жүйесі болады. 2 объектіде 3 өндіру ұңғысы бұрғылануы тиіс.

ІІІ объектіні  игерудің технологиялық көрсеткіштері  бойынша екі вариант қарастырылады:

1 вариант. Қабат  энергиясының түгесілуімен. Қосымша  3 өндіру ұңғысын бұрғылау.

2 вариант. №15 бақылау  ұңғысы арқылы өнімді  қабатқа су айдау арқылы ҚҚҰ  және 4 өндіру ұңғысын бұрғылау. Бұл  кезде мұнай алу коэффициенті 0,75 болады.

1 объектінің  игеру ұзақтығы – 2020 жылға  дейін, 2 объектінікі 2024 жылға дейін. 3 объектіні игеру ұзақтығы, мұнай алу коэффициенті 0,75-ке жетуге тиіс болса, ҚҚҰ кезінде игеру ұзақтығы (2 вариант) 2017 жыл, ҚҚҰ жүйесі болмаса (І вариант) 2049 жыл болды.

Игеруді аяқтау сатысы барлық өндірілген мұнай көлемі, В+С1 алынатын қор категориясына тең болғанға келеді.

          Кен орынды игеру режимі. Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы алты негізгі мұнай кен орындарын игереді: С. Балғымбаев, Камышитовый, Жаңаталап, Ровное, Гран, Забурын, Оңтүстік-Шығыс Камышытовый.

 Айдау скважиналары қоры С. Балғымбаев кен орны бойынша істеп тұрғандар 27, су алатын 15 скважина, бақылау скважиналары 12, консерванцияда 1 скважина.

  С. Балғымбаев кен орны бойынша мұнай өндіру алдыңғы қатарлы жоғарғы қарқынмен жүргізіледі, сондықтан да гидродинамикалық және геофизикалық зерттеулер игеруді бақылауға маңызды міндет болып  табылады.

  Механикалық тәсілмен жұмыс істейтін барлық скважиналар, графика сәйкес динамограммаға түсіріледі. Барлық істейтін скважиналар қоры бойынша, айына 2 реттен сирек емес механикалық қоспа, су құрамына сынақ өткізіледі. 

 С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеруге қосу үшін ұңғыларды өнімділікке зерттеді. Ұңғыларды өнімділікке зерттеу 3 және 14 мм. штуцермен 3-4 режимде жүргізілді. Режимдегі жұмыс ұзақтығы 7,2-ден 140 сағатты құрады.

 Индикаторлық  диаграмманы интерпретациялау нәтижесінде  әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік  коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша  әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Кен орнында өнімділік  қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3/ тәу /МПа/м құрады. Ал, 1 және 2 объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3/тәу/МПа/м. болды. Жоғары  өтімділік көрсеткіші 1 пайдалану объектісіне сәйкес келеді. (3,12 мкм2).

Информация о работе Практиканың мақсаты және тапсырмасы