Практиканың мақсаты және тапсырмасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 17:12, реферат

Описание работы

Жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, жалпы шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газоконденсат кен орындарына өте бай, олардың көпшілігі Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.
Қазақстанның Батыс бөлігі бойынша ашылған кен орындары көбіне Каспий маңы ойпатының тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.
Сондай-ақ Каспий маңы ойпатында терең жатқан мұнай кеніштерін игеруге өнеркәсіптік жұмыстар мыналарға қол жеткізді: Континентальды шельфтегі мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті өндірістік-техникалық базаның жасақталуы.

Содержание работы

1.Кіріспе
2.Практиканың мақсаты және тапсырмасы
3.Жалпы жағдайы
4.Практиканың мазмұны
5.Есептің мазмұны мен құрамы
6.Есептің безендірілуінің талабы
7.Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

балгымбай.doc

— 2.83 Мб (Скачать файл)

-ІІІ объект  – орта юра горизонты.

Қарастырып  отырған кен орнының мұнайының  ерекшелігі, оның газбен қанықпауы. Қабат  қысымымен қанығу қысымының айырмашылығы 1,5 МПа-дан (апт-неоком гор.) 9,5 МПа-ға (орта юра гор.) дейін барады.

Газсызданған  мұнайдың  қасиеттері тереңдік сынаманы және ұңғы сағасынан алынған сынаманы газдыздандыру нәтижесінде алынды. Кен орынның мұнай қасиеттері  барынша біркелкі. Физика – химиялық қасиеттері бойынша кен орынның мұнайы бор түзілімінде азпарафинді (2,0% дейін), аз күкіртті (0,50% салм.). Тығыздықтары 0,8815-0,9034 г/см3 аралығы. Ашық фракция саны (3000 С дейін) 16% -31%  құрайды. Бор түзілімінің мұнайының ерекшелігі жоғары шайырлы 30% дейін көлемде. Ал, юра түзілімінің мұнайының ерекшелігі, бұнда ашық фракция саны мол, 66% дейін. Тығыздығы 0,7913-0,8164 г/см3 аралығында.

Жиын бойынша  қабат қысымының таралуы, олардың  игеру процесі кезіндегі өзгеруі  және және олардың басқа пайдалану көрсеткіштерімен салыстырылуы (сұйық алу скважинаның сулану қарқыны мен сипаты) игеру процесі ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік береді.

Кен орындағы контур аймағында бастапқы қабат 7.9....8.0 мПа-ға тең болды бірінші және төртінші алу аймағы қабаттарындағы, оның қысымына сәйкесті 7.7 және 6,5 мПа болды.

1999 жылы контурдағы  бастапқы қабат қысымы 7,6 мПа-ға  дейін төмендеді, ал сұйық алу  аймағында (V қатар) 6,34 мПа-ға дейін төмендеді.

Жиынға су айдау 1970 жылдың апрель айында басталды. Олар 7,65,67,69 скважиналар арқылы жүргізілді.

Су айдауды  енгізу, мұнай өнімдерін алуды  барынша жоғарылату, қабат қысымын  арттыруға қол жеткізді.

Су айдауда  енгізу мұнай өнімдерін алуды  барынша жоғарылату, қабат қысымын  арттыруға қол жеткізді.

Арaлық қабылдайтын қабаттар интервалында қабылдайтын, тек жоғарғы апт-неоком горизонты. Кен орындағы су айдау тиімділігі көбіне айдаудың тиімді қысымын таңдап алуға тәуелді.

Қорыта келе, жылдық өнім қарқынына сұйық алу  қарқыны мен айдау әсер етеді.

Өткізгіштікті 36 скважинада зерттеуге мүмкіндік болды. Осы жағдайда тұрақтандырылған сынақ алу арқылы 26 анықтама, қысым тарамау қисығын тұрғызу арқылы 17 анықтама алынады және 7 скважина арқылы екі әдіспен де есеп жүргізілді.

Ауа бойынша орташа арифметикалық  өткізгіштің мәні 414 м/г, ал су бойынша 111,6 м/г

1 неоком бойынша ауамен коллектордың орташа арифметикалық өткішгіштігі газбен 594,6, ал сумен 10 м/г.

   неоком горизонты бойынша орташа арифметикалық өткізгіштік ауамен 511, сумен 188,0.

 

Тарау VI. Гидрогеологиясы

 

С.Балғынбаев кен  орнын өндірістік игеру 1968 жылдан басталған. Бұл кен орны, Орал мен Еділ аралығында, теңізді зонада орналасқан.

Бұл кен орны өте қолайлы экономикалық зонада, Ембі мұнайлы аймағының батысында  және Солтүстік Каспийдің жаңалық  аймағында орын тепкен.

С.Балғымбаев кен  орны геологиялық барлау жұмыстарына  сәйкес қолайлы құрылымдардан: Қамысты, Жаңаталап, Шәліп, Бақсай, Манаш, Граннан  тұрады. Осылардың ішінде өндірістік мұнайлы деп табылған және мұнай  игерілетіндер: Қамысты, Жаңаталап, Гран, Ровное.

Геоморфологиялық  жағынан алғанда, қарастырылып отырған  аудан теңіздік аккумулятивтік минус 20 метр белгіде, ал солтүстікте абсалюттік белгі минус 30 метр болады.

С.Балғымбаев тұз  күмбездерінің төмен түсуіне  байланысты ол жер рельефті жаззықтармен сипатталады.

Топырағы құмды, кейбір жерлерінде саз балшықтармен алмасады.

Өсімдіктер  әлемі тапшы, көбінесе қамысты типті  өсімдіктер өседі.

Грунт суларының  деңгейі 1,5-2 метр тереңдікте орналасқан. Құмды бөліктеріндегі суы аз минералданған. С.Балғымбаевтың өз территориясында өзен жоқ. Кен орны территориясынан Солтүстік-Шығысқа қарай, Орал өзенінің бөлігі болып есептелетін Бақсай өзені ағып өтеді. Су тасыған уақытта ағынды сулар молаяды,жазда ол, су айдау станциялары арқылы Орал өзенінің есебінен болады.

Теңіз жағалауы С.Балғымбаевтан Оңтүстікке қарай 12-15 км қашықтықта жатады.

Аудан климаты  континентальды. Жазы ыстық, қысы суық. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 160 пен 300 мм аралығында ауытқып тұрады.

Ауданның жергілікті тұрғындары және өндірістік дені-қазақтар. Ауыл және мал шаруашылықтары жақсы дамыған.

Грунт суының деңгейі 1,5 -2 м тереңдікте орналасқан, бұл  су әлсіз минералды, негізінен құмды  барханды аумағына сәйкес келеді. Кен  орнының аумағында өзендер жоқ. Солтүстік – шығыстан Бақсай өзені  ағып өтеді, бұл өзен Жайық өзенінің бір саласы. Бұл өзенде су суландыру кезеңінде мол болады, ал жазда су Жайық өзенінен суайдау станциясы арқылы құйылады.

Теңіз жағалау  сызығы  кен орнынан оңтүстікке  қарай 12-15 км жерде орналасқан.

         Аралықтардан сынақ алғанда ағын жылдам және динамикалық деңгейге тез қалыптасты (1 сағаттан 5 тәулікке дейін).

Ашылған қабат қимасында  бор жүйесінің төменгі бөлім (готелмь,апт, және альб) және жоғарғы (туран, сантон, кампон, мастрик) бөлім ярустары кездеседі. Туран жыныстары трансгрессивті сәйкессіздікпен альб ярусында жатады. Төменгі бор қабаттары құмды сазды жыныстардан, сонымен қатар қалыңдығы 715 метр құмды қабаттан тұрады. Апт және альб қималарында көбіне саздар болады. Төменгі бор қабаттарының қалыңдығы 595,5 метрге дейін жетеді. Жоғарғы бор қабаттары көбінесе ізбес тас пен бордан және құммен саз қабаттасқан мергельден тұрады. Жоғарғы бор қабатының қалыңдығы 392 метрге дейін жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

      Әдебиеттер тізімі

1.  Временное Руководство по контролю источников загрязнения атмосферы. РНД 211.3.01.06-97. Алматы;1997.

2. Ескалиев У.Е. «Опыт разработки нефтяного месторождения Мартыши» Москва; ВНИИОЭНГ, 1991.

3.  Егоров В.И., Злотникова Л.Т., Победоносцева Н.Н. “Анализ хозяйственной деятельности предприятий нефтяной и газовой промышленности” Москва; Недра, 1968

4.  Ерешенко Н.А. «Геология нефти и газа» Москва; Недра, 1968

5.  Желтов Ю.П. «Разработка нефтяных месторождений» М.Недра, 1986

6. Инструкция по нормированию сбросов загрязняющих веществ в водные  объекты Республики Казахстан РНД 211.2.03.01-97.

7. Карпеев Ю.С. «Охрана труда в нефтяной и газовой промышленности» Москва; Недра, 1991

8.  Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайылданов Қ.Н. «Мұнай және газды өндіріп, өңдеу» Алматы; 2003.

9. «Пересчет запасов нефти и растворенного газа по месторождению С.Балгимбаев по состоянию на 01.10.2005 г.». Отчет АО «Каспиймунайгаз», Атырау; 2006.

10.  «Правила безопасности в нефтяной и газовой промышленности» (ПБНГП), утверждены Госгортехнадзором РК 17.11.1994.

11. Санитарные правила и  нормы по гигиене труда в промышленности. Минздрав РК; 1995.

12.  Сейітов Н . «Геология негіздер» Алматы; 2000.

13.  Тайкулакова Г.С “2001 мамандығының студенттеріне дипломдық жобаның ұйымдастыру-экономикалық бөліміне әдістемелік нұсқаулар”, Алматы; 2000.

14.  Технологические счеты НГДУ «Жайыкнефть», Атырау; 2003.

15.  Тұяқбаев Н., К.Арыстанов, Б.Әбішев «Жалпы геология курсы» Алматы; 1993

16. Уточненные проекты и анализ разработки месторождения Мартыши, Москва; 1994.

17.  Щуров В.И. «Технология и техника добычи нефти» Москва; Недра, 1983

 

 


Информация о работе Практиканың мақсаты және тапсырмасы