Практиканың мақсаты және тапсырмасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 17:12, реферат

Описание работы

Жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, жалпы шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газоконденсат кен орындарына өте бай, олардың көпшілігі Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.
Қазақстанның Батыс бөлігі бойынша ашылған кен орындары көбіне Каспий маңы ойпатының тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.
Сондай-ақ Каспий маңы ойпатында терең жатқан мұнай кеніштерін игеруге өнеркәсіптік жұмыстар мыналарға қол жеткізді: Континентальды шельфтегі мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті өндірістік-техникалық базаның жасақталуы.

Содержание работы

1.Кіріспе
2.Практиканың мақсаты және тапсырмасы
3.Жалпы жағдайы
4.Практиканың мазмұны
5.Есептің мазмұны мен құрамы
6.Есептің безендірілуінің талабы
7.Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

балгымбай.doc

— 2.83 Мб (Скачать файл)

  С. Балғымбаев кен орны бойынша 1.12.2006 жылда 112 скважинамен мұнай игеріледі, олардың ішінде үшеуі тоқтап тұр. Тоқтап тұрғаннан пайдаланушыға үш скважина кіргізіледі, 24, 40 және 130 айдау скважиналары қорынан бір скважина (193) және бір скважина бақылау қорынан айдау скважинасы қорына ауыстырылады (19)Бұл мәліметті сурет В-да көрсетілген ағымдағы игеру картасынан көруге болады.

   Кен орны бойынша су айдау 30 скважина мен жүргізілуі керек болды, бірақ оның 3-і іске қосылмады. Кен орнының скважина қорлары туралы мәлімет кесте 2.1 толығырақ келтірілген

2.7-кесте. С.Балғымбаев кен орны скважина қоры жағдайы 1.01.2009 жылғы

 

Скважиналар категориясы

 

Скважина саны

 

Скважина номері

  1. Істеп тұрғандар
  2. Уақытша тоқатап тұрғандар

А) жер асты жөндеуде

Б) күрделі жөндеуде

В) жөндеу күтіп  тұрған

  1. Пайдалану қоры
  2. Су алатындар оның ішінде істеп тұрған
  3. Су айдау скважинасы оның ішінде жұмыстағы тоқтап тұрған
  4. Бақылау скважинасы
  5. Консервациядағылар
  6. Жойылған скважиналар оның ішінде

геологиялық жағынан

    • техникалық жағынан
  1. ШТС
  1. БОТЭСҚ

115

3

1

1

1

118

 

27

 

4

12

1

32

 

19

13

111

 

 

3

164

104


        

С.Балғымбаев кен  орнын өндірістік игеруге қосу үшін ұңғыларды өнімділікке зерттеді. Ұңғыларды өнімділікке зерттеу 3 және 14 мм. штуцермен 3-4 режимде жүргізілді. Режимдегі жұмыс ұзақтығы 7,2-ден 140 сағатты құрады.

Индикаторлық диаграмманы  интерпретациялау нәтижесінде әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік  коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша  әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Кен орнында өнімділік  қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3/ тәу /МПа/м құрады. Ал, 1 және 2 объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3/тәу/МПа/м. болды. Жоғары  өтімділік көрсеткіші 1 пайдалану объектісіне сәйкес келеді. (3,12 мкм2). Орта юра горизонтының жоғары пьезоөткізгіштігі, бұл қабат жынысының аз тұтқырлығымен түсіндіріледі (орта мәні – 1,79 мПа∙с).

Игерудің екі объектісі  бойынша (апт-неокомдық және 2 неокомдық  горизонттар) әрбір ұңғының жұту көрсеткіші бойынша гидромүмкіндігі  анықталды. Апт-неоком горизонтындағы ұңғыларды (№№8, 9, 19, 22) жұту көрсеткішіне сынау 3 режимде жүргізілді. Қысымдар 2,0; 4,0; 6,0 МПа болғанда, орташа жұтылу  мәні 491,7 м3 тәулік болды. ІІ неоком горизонтындағы №5 және 7 ұңғыларға қысымдары 2,0-ден 8,0 МПа аралығында 3 режимде сынама жүргізілді. Орташа жұтылу көрсеткіші 79 м3 тәуліктен 720 м3/тәулік аралығында болды.

Горизонттардың  геологиялық сипаттамасымен зерттеу  нәтижелері бойынша апт-неоком, 1 және 2 неоком және орта юра горизонттарында  активті контур суларының арыны  анықталды. Тек тектоникалық жарылыммен орталық блок жан-жағынан қоршалған. Апт-неоком  горизонтының оңтүстік қанатындағы мұнай-газды тұтқышы газсуарынды режимде. Кен орнының оңтүстік  қанатының 1 және 2 неоком  горизонттарының мұнай тұтқышы үлкен көлемді және активті суарынды режимі бар. Кен орынның солтүстік-батыс қанатындағы барлық горизонттарындағы (тек 1 орталық алаң кірмейді), сонымен қатар орта юра горизонттарындағы мұнай тұтқышының көлемі кішірек және бұнда да активті суарынды режим қалыптасқан.

С.Балғымбаев кен орнының алғашқы қабат қысымы ашық ұңғы оқпанында және ұңғыны әрі қарай игеру кезінде анықталды.

3 пайдалану  объектісінің 1 және 2 объектіден алшақ  жатуына байланысты, объектер арасында  қысым айырмашылығы бар екені  көрінді. Нәтижесінде қысым өзгерісінің тереңдікке тәуелділігінің екі өзгеше сызығы тұрғызылды. 1 және 2 объект  бойынша тәуелділік теңдеуі мынадай тұрғызылды.1 және 2 объект бойнша тәуелділік теңдеуі мынадай Рқаб =0,0115 ∙ Набс + 0,002. Қысым градиенті 0,0115 МПа/м. Тереңдік бойынша қабат температурасының таралуын ұңғыларды сынау нәтижесінде алынды. 3 пайдалану объектісіне жалпы тәуелділік былай жазылды T=f(h).Т=0,063∙Набс – 11,386; Температуралық  градиент 100 м. 6,30С құрады, ал геотермиялық саты 15,87 м/10С тең болады.

Алынған мәліметтердің анализі көрсеткендей, қазіргі таңда кен орынды алғашқы пайдалану кезеңіндегідей, 3 объект ұңғыларының өнімділік көрсеткіші жоғары болып тұр. Бұнда мұнайға қатысты өнімділік көрсеткіші 0,296 м3/тәу/МПа/м болды. Ал, 1 және 2 объекті шамалары, сәйкесінше 0,050 және 0,105 м3/тәу/МПа/м құрады. Бірақта орта юра горизонтына қарағанда 1 және 2 пайдалану объектісінің коллекторлық қасиеттері жақсы. Бұл объектердің орта гидроөткізгіштік мәні үінші объектімен салыстырғанда 2 есе жоғары, ал өтімділік коэффициенті 13-18 есе жоғары.

Қазіргі уақыттағы  өнімділік және фильтрациялық шамаларын  бастапқы кезеңмен салыстырғанда, бұлардың жалпы нашарлауы анықталады. Меншікті  өнімділік 2 объектіде 74 есе, 3 объектіде 185 есе төмендеген. Горизонттар бойынша  гидроөткізгіштік коэффициенттерінің орташа төмендеуі 3,4 еседен (2 объет) 19 есе (ІІІ объект) аралығында. Қабаттың соңғы (3 объект) өтімділігінің төмендеуі 6% - тен 38,7%.

Кен орнының  өнімділік және фильтрациялық сипаттамаларының төмендеуі, кен орынды ұзақ уақыт  пайдалану кезіндегі қабаттың сарқылуы әсерінен болды. Қазіргі уақытта кен орнынан 14339 мың т. мұнай алынған, бұл алынатын қордың 90,7% құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау ІІІ. Литологиялық-стратиграфилық құрылымы

 

           C.Балғымбаев мұнай кен орны тұзды күмбезді құрылымда орналасқан. Ондағы тұз тереңдігі 1190 метрге дейін жетеді. Кен орны қимасында кунгур жыныстарынан төрттікке дейінгі қабаттар алынған.

  Ұңғылармен ашылған ең көне түзілім кунгур жасындағы түзілім болып саналады. 41Р ұңғысымен ашылған максималды теерңдік 3000 м. дейін жетеді. Түзілім кримталды тұздармен және гипспен түзілген, арасында  терригенді жыныстар орналасқан. Ұңғымен ашылған тұздың максималды қалыңдығы 13-96 м. құрайды. Тұз үстінде гипспен араласқан жұқа кепрок жатыр. Ұңғымен  ашылға, кепорк қалыңдығы 20 м. аспайды.

Төменгі Перм

Кунгур ярусі Р1К

Кунгур шөгіндісі пермдегі жыныстарын алмасып келетін кристальді тұздан және гипстен тұрады. Кен орындағы 13 скважинадағы тұздың алынған қалыңдығы 80 метр.

Триас жүйесі Т

Триас жүйесінің қабаттары гипс, құм және құм тастарымен алмасып келген. Қабат қалыңдығына 147 метрден 515 метрге дейін барады.

Юра жүйесі J

Юра жүйесі үш бөлімнен тұрады: олар төменгі, орта және жоғары.

Юра қабаты көбінен құм, құмтас және сазды болып келеді. Қиманың саздануы төменнен жоғарыға қарай өседі. Жоғарғы бөлігінде  мергел мен әктас байқалады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 523 м.

Бор жүйесі К

Ашылған қабат қимасында  бор жүйесінің төменгі бөлім (готелмь,апт, және альб) және жоғарғы (туран, сантон, кампон, мастрик) бөлім ярустары кездеседі. Туран жыныстары трансгрессивті сәйкессіздікпен альб ярусында жатады. Төменгі бор қабаттары құмды сазды жыныстардан, сонымен қатар қалыңдығы 715 метр құмды қабаттан тұрады. Апт және альб қималарында көбіне саздар болады. Төменгі бор қабаттарының қалыңдығы 595,5 метрге дейін жетеді. Жоғарғы бор қабаттары көбінесе ізбес тас пен бордан және құммен саз қабаттасқан мергельден тұрады. Жоғарғы бор қабатының қалыңдығы 392 метрге дейін жетеді.

Неоген жүйесі N

Неоген жүйесі шөгіндісі 2 ярусқа бөлінеді: ақшағыл және окшеронды. Олар шұғыл сәйкессіздікпен бордың бетінде жатады, литологиялық қатынаста қарастырылып отырған қабаталмасып келетін құм, саз, мергель және әк таспен көрінген. Ноген қалыңдығы 24-124 метр болып табылады.

Төрттік жүйе Q

Төрттік системаға құмды  болып келетін бакин ярусі  жатады.

Төрттік шөгіндінің қалыңдығы 75 метр. Төрттік жүйе шөгінділернің  қалыптасуы. Каспий теңізі трансгрессиясына тәуелді, сондықтан да төрттік жүйе шөгінділерін Каспий шөгінділері деп атайды.

Каспий шөгінділері  ашық-қоңыр саз балшықтармен ашылған. Олар темірлі, тығыз, құм тасты, әктасты  болып келеді. Қиманың төменгі  қабатшасы болатын саз балшықтары жатады. Бұл саздар құмтасты, әрі әктасты болып келеді. Төрттік жүйе шөгінділерінің ең кіші қалыңдығы 29 метр, ал үлкені 75 м.

Қабатшаның  төменгі бөлігі суқаныққан құмнан, тұтқыр саздан құралған. Жоғарғы бөлігі тығыз әктасты қабатшалардан, тығыз  әктасты саздардан, минералды марганецтардан және ұсақ түйірлі, қатты, сазды құмдардан  құралған. Одан жоғары қима бойынша тұтқыр,  әктасты, алевритті саздар және жұқа құм қабықшасы және арасында кристаллды гипс жиналған алевриттер кездеседі.

Бұдан жоғары Каспий трансгрессиясының шөгінділері жатыр. Бұлар әртүрлі түйірдегі, негізінен  суқаныққан құмдармен, құмтасты, қатты әктасты саздармен құралған.

Неогенді –  төрттік түзілімінің қалыңдығы 98-201 м болып келеді.

 

Тарау IV. Тектоника

 

Тектоникалық  жағынан тұз күмбездді құрылымға  тураланған. Мұнайлылық төменгі бор жане орта юра түзілімдеріне байланысты. Бір орта юралық, үш неокомды жане бір апт горизонттары бөлінген. Горизонттардың жатыс тереңдігі 594 – 852 метрге дейін өзгереді. Шоғырлардың мұнайлы бөлліктерінің биіктігі 30-85 метр шекте ауытқиды. Газды бөліктерінікі 10 метр. Су мұнай жапсары 706-915 метр, газ – су жапсары 711 метр белгілерінде жүргізіледі. Шоғырлары қаттық, тектоникалық шектелген. Жинаушы терригенді, саңылаулы. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 25,5-31,1 %, өтімділігі 0,571-3,898 мкм2, мұнайқанығу коэффициенті 0,56-0,76. Мұнайқанығу қалыңдығы 2,1-7,6  метр. 5мм штуцердегі мұнайдың бастапқы шығымы тәулігіне 12,3-85,2 м3. Газдық фактор 21-30,3 м33. Бастапқы қат қысымы 6,84 -10,5МПа, температурасы 31-39,5 °С. Мұнайдың тығыздығы 799-897 кг/м3 құрайды.

Тарау V. Мұнайгаздылығы

 С.Балғымбаев  кен орнында мұнайгаздылық Оңтүстік  С.Балғымбаев аумағының төменгі  бор түзілімінде, сонымен қатар  мұнайлылық Солтүстік С.Балғымбаев  аумағының орта юра  түзілімінде  анықталған.

Оңтүстік С.Балғымбаев аумағындағы төменгі бор түзілімінде 4 өнім қабаты бөлінген: апт-неоком, 1 неоком, аралық және 2 неоком. 1 неоком, аралық және 2 неоком қабаттарында мұнай тұтқышы, ал апт-неокомда газ-мұнай  тұтқышы бекітілген.

Солтүстік С.Балғымбаев аумағындағы орта юра түзілімінде бір мұнай тұтқышы бекітілген.

Жыныс коллекторлары  және петрофизикалық тәуелділіктері, бұның ішінде, кеуектілік параметрі  кеуектіліктен және қанығу параметрі  суқанығудан, барлау ұңғыларынан алынған  керн бойынша анықталды. Зерттелген керн көлемі 32 ұңғыдан 536 м. құрайды және 217 үлгі зерттелді. Керн бойынша зерттелген өнімді қабаттардың кеуектілік коэффициенттері келесідей: апт-неокомда 0,267-0,348; І неокомда 0,310-0,332; аралықта 0,254-0,349; ІІ неокомда 0,242-0,326; орта юрада 0,230-0,311 құрайды. Үлгі ретінде алынған көрсеткіштер кеуектілік  >= 0,15 ү.б. өткізгіштік > =0,015, саздылық   <50%,карбонаттылық <20%.

Оңтүстік С.Балғымбаев.

Апт–неоком  горизонтының жалпы қалыңдығы 9,2 м, максималды қалыңдығы 17,0 м (№178 ұңғы), орташа тиімді қалыңдығы 8,6 м құрады. Тиімді мұнай қаныққан қалыңдық 1-ден (№174 ұңғы) 16 м-ге (№ 32 ұңғы) дейін барады, орташа мәні 8 м. Тиімді газқанығу қалыңдығы 1-ден (№195 ұңғы) 8 м-ге (№25 ұңғы) дейін болды, орта мәні 4,1 м.

Апт-неоком горизонтының мұнайгаздылығы Солтүстік – батыс қанаттың үш алаңында және оңтүстік қанатта анықталды. Солтүстік – батыс қанатта мұнай тұтқышы, Оңтүстік қанатта мұнайгаз тұтқышы бекітілді.

1 неоком горизонты  жоғарыда жатқан қабаттан қалыңдығы  10 м болатын сазбен бөлінген.Горизонттың жалпы қалыңдығы 2 м. (№№83, 95 ұңғы) 19 м.(№65 ұңғы) дейін барады, орта мәні 3,9 м. Тиімді мұнай қанығу қалыңдығы 1 м (№42 ұңғы) 7 м (№№36, 120 ұңғы) аралығында, орта мәні 3,6 м. І неоком горизонтының мұнай тұтқышы Солтүстік – батыс қанаттың 3 алаңында және Оңтүстік қанатта  анықталды.

Аралық горизонт жоғарыда жатқан 1 неоком горизонтынан қалыңдығы 10 м. болатын сазбен бөлінген. Горизонттың жалпы қалыңдығы 2,0 м (№193 ұңғы) 10,0 м (№198 ұңғы) аралығы, орташа қалыңдық 5,0 м құрайды. Тиімді қалыңдық  0,6 м (№66, 85 ұңғы) 7,0 м (№95 ұңғы) аралығы, орта мәні 2,0 м. Аралық горизонттың мұнайлылығы Оңтүстік қанатта және Солтүстік – батыс қанаттың Солтүстік –шығыс алаңында бекітілді.

2 неоком горизонты  жоғары жатқан қабаттан қалыңдығы  5-8 м. болатын сазбен бөлінген. Қабаттың жалпы қалыңдығы 10,3 м. Тиімді қалыңдықтың орташа мәні 7,0 м. Тиімді мұнайқанығушылық 1,5 м (№198 ұңғы) 12,0 м (№89 ұңғы)  аралығын құрайды.

2 неоком горизонтында  мұнайлылық Оңтүстік қанатта  және Солтүстік – батыс қанатта  бекітілді. 

Солтүстік С.Балғымбаев.

Орта юра  горизонты. Солтүстік С.Балғымбаевтың  орта юрасында екі өнімді горизонт  бөлінеді: Ю-І және Ю-ІІ. Ю-І горизонтының жалпы қалыңдығы 15,8, тиімді қалыңдығы 1,5 м (№14 ұңғы) 9,2 м (№101 а ұңғы) аралығында, орташа мәні 5,3 м. Тиімді мұнай қаныққан қалыңдық 5,3 м. Ю-І горизонтының СМШ-919-921 м аралығы.

Ю-ІІ горизонты  жоғарыда жатқан Ю-І горизонтынан қалыңдығы 50 м болатын сазбен бөлінеді. Бұл  горизонт тек қана 3 ұңғы арқылы ашылған (№№23, 2, 101 а) . Жалпы қалыңдық 11,0 м  құрайды.ҰГЗ мәліметі бойынша Ю-ІІ горизонтының СМШ -933,0 м деп бекітілді.

С.Балғымбаев кен  орнындағы мұнай мен газдың физика-химиялық  қасиетін зерттеу 1962 ж. басталды.

С.Балғымбаев кен  орнының өнімді горизонттары 3 игеру  объектісіне біріктірілген, оларды горизонттарға бөлу келесідей.

-І объект  – апт-неоком + І неоком горизонттары;

-ІІ оъъект  – ІІ неоком + аралық горизонттары;

Информация о работе Практиканың мақсаты және тапсырмасы