Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 18:50, реферат
Желімдік таңулар негізінен сыртқы орта әсерінен қорғау үшін қолданылады. Бұл байлауларда таңу материалы түрлі желімдердің-клеоланың, коллодийдің, лейкопластырьдің көмегімен жараны айналдыра теріге жапсырады. Желімдік таңудың әдісі қарапайым: жараны бірнеше қабат дәкемен орайды, оның төңірегіне жіңішке жалпақпен клеола қабатын жағады. Дәкілік салфетканы керілген күйінде жағылған желім қабатына жапсырады және біраз уақыт ұстап тұрады-салфетка теріге тығыз жапсырылады.
Таңу материалын лейкопластырь жолағының көмегімен ұстатуға болады. Жабысқыш пластырь жолағын теріге жапсырады. Бұл таңулар берік емес, шешкенде ауырықсындырады, сондықтан сирек қолданылады.
Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері: бас, қол-аяқ жараланғанда стерильденген таңудың ережесі 2
Таңу түрлері және дененің әртүрлі бөліктері: кеуде, іш-құрсақ, шат жараланғанда зарарсыздандырылған таңу ережелері. 6
Дененің түрлі бөліктер-бас, аяқ-қол, кеуде, іш, бұт жараланғанда зарарсызданған таңуды салу жөніндегі практикалық сабақ. 8
Сүйек сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сыну түрлері, олардың асқынуы. Жарақапан естен тану және одан алдын ала сақтану амалы. 8
Аяқ-қол сынуы жағдайында құрсаулаудың табельді және қоластындағы күралдарымен алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері 10
Бас, бет сүйектері, омыртқа сынуы жағдайында құрсаулауды табельді және көмекші құралдармен алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері 14
аяқ-қолдың қысқаруы немесе қисаюы;
жарадағы сүйек
жараланған тұстағы қалыпсыз қозғалыстар;
аяқ-қолға салмақ түсіру әрекеті кезіндегі сырқырау.
Сынық толық немесе жартылай болуы мүмкін. Жартылай сынықта сүйектің әлдебір көлденең бөлігі бұзылады, көбіне бойлық қуыс-сүйектің жарылуы түрінде болады.
Сынықтар сан алуан түрінде кездеседі: көлденең, қиғаш, шиыршықты, бойлық. Көбіне жарықшақты сынықтар байқалады, бұл жағдайда сүйек жеке сынықтарға бөлінеді. Сынықтың бұл түрі көбіне оқ тигенде кездеседі.
29 сурет. Білек сүйектерінің жабық (а) сынығы және (б) сирақтың ашық сынығы.
Сынған жерді сыйпағанда ауру қатты ауырусынуды сезінеді, ақырын басқан жағдайда сүйекті, сынықтың үшкір шеттерін және сықырлауды (крепитация) анықтауға болады. Аяқ-қолды сыйпалауды қос қолыңмен бір жерін ауыртып алмай оны ушықтырмайтындай етіп жүргізген жөн (сүйек сынықтарын, қан тамырларын, жүйкелерін, бұлшық еттерін).
Ашық сынық жағдайында сынған тұсты сыйпалау мен зерттеуге тыйым салынады.
Ауыр жағдайда сынықтар естен танумен ұштасады. Әсіресе артериалдық қан ағуымен ашық сынық жағдайында естен тану жиі кездеседі.
Жарақатты естен тану — ауыр зақымданудың асқынуы өмірге қауіп, ол орталық нерв жүйесі, қан айналымы, зат алмасу қызметтерінің және басқа өмірлік маңызды функциялардың бұзылуымен сипатталады. Естен танудың себебі ауыр жарақаттар болуы мүмкін. Естен тану көбіне көп қан кеткен жағдайда, қыс уақыттарында зақымданған адамның сууы кезінде жиі ұшырасады. Естен тану белгілерінің пайда болу уақытына байланысты ол бастапқы және қосымша деп бөлінеді.
Бастапқы естен тану жарақат алған сәтте көрінеді.
Қосымша естен тану оны ұқыпсыз тасымалдау немесе сыну кезінде нашар құрсаулау жағдайында пайда болуы мүмкін.
Жарақаттану жағдайында естен тану дамуының екі фазасы — қозу және тежеу ажыратылады. Қозу фазасы жарақат алудан кейін бірден дамиды, бұл күшті сырқырау тітіркендірулеріне организмнің жауап реакциясы Бұл жағдайда зақымданған адам тынымсыздық көрсетіп, сырқыраудан дөңбекшиді, айқайлайды, көмек сұрайды. Бұл фаза қысқа мерзімді (10-20 мин). Содан кейін тежеу басталады, толық есін сақтаған зақымданған адам көмек сұрамайды, тежеліп қалған, төңірегіне бей-жай қарайды, өмірлік маңызды функциялары қысым көрген: денесі суық, беті бозарған, қан соғысы әлсіз, тынысы әрең білінеді.
Өту ауырлығына қарай жарақатты естен танудың терт дәрежесін ажыратады: жеңіл, орта, ауыр, аса ауыр ауырлық.
Естен танудан алдын ала сақтанудың негізгі шаралары: жарақат алғаннан кейін ауырықсынуды басу немесе жеңілдету, қан ағуын тоқтату, суынуға жол бермеу, бірінші медициналық кемек тәсілдерін ұқыпты орындау және аяушылықпен тасымалдау.
Алғашқы медициналық көмек көрсетуге зақымданған адам естен таңған кезде өмірге қауіп төндіретін қан ағуды токтату қажет, шприц-түтікпен ауырықсынуға қарсы дәріні енгізу, суықтан қорғау, сынық байқалған жағдайда тасымалдық құрсаулауды өткізу керек.
Сынықтардың негізгі бөлігі аяқ-қол сынығы құрайды. Аяқ-қол иммобилизациясын дұрыс өткізу сүйек сынықтарының ауысып кетуіне жол бермейді, сүйектің үшкір қырларының қан тамырларын, нервті және бұлшық еттерді зақымдау қауіпін азайтады және жараланған адамды тасымалдауда терінің, жарықшақтардың (яғни жабық сынықты ашығына көшіргенде) зақымдану мүмкіндігін болдырмайды.
Сынық кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі ережелері — зақымданған адамның өмірін сақтауға байланысты тәсілдерді бірінші кезекте қолдану: артериалдық қан ағуын тоқтату; жарақатты естен танудың алдын алу, содан кейін зарарсызданған таңумен жараны байлайды және табельді немесе көмекші құралдармен иммобилизацияны жүргізу.
Құрсаулаудың негізгі мақсаты — сынған орындағы сүйектердің қозғалмауына қол жеткізу. Бұл жағдайда сырқырау бәсеңсиді, бұл жарақатты естен танудың алдын алуға ықпал етеді. Құрсаулауды жүргізу тәсілдері аяушылықты болуы керек. Сынықтың қозғалмауын жақын жатқан екі буынды бекіту арқылы (сынық тұсынан жоғары және төмен) арнаулы құрсаумен немесе көмекші құралдармен қамтамасыз етіледі. Мұндай құрсаулау көліктік деп аталады.
Табельдік құрсау комплектісіне сым темірлі, фанерлі, пневматикалық, жақ асты (иек асты) және Дитерихстің ағашты құрсау жатады.
Соғыс алаңында, стихиялық апат көздерінде табельді құрсаулар жетпеген жағдайда кез-келген көмекші құралдарды: бұтақтарды, уыс қурайды, тақтайды, таяқты сапер күрегін, шаңғыны пайдалануға болады. Қандай да қосалқы материал табылмай қалғанда құрсаулауды зақымданған аяқ-қолды дененің сау бөлігіне таңу жолымен жүргізген жөн: қолды-кеудеге, аяқты-сау аяққа.
Көліктік құрсаулауды жүргізгенде мынадай ережелерді сақтау қажет:
Құрсаулауға пайдаланған құрсаулар берік бекітіліп, сынық
тұсына жақсы жапсырылуы керек.
Құрсау тікелей ашық аяқ-қолға таңылмайды, ол түс алдын-ала мақтамен оралуы тиіс.
Сынық тұсында қозғалмауды қамтамасыз етіп, сынған жерден жоғары және төменгі екі буынды бекіту қажет (мәселен, тізе сынғанда балтыр, табан және тізе буындары бекітіледі).
Жамбас сынған жағдайда аяқтың барлық буындарын (тізе. балтыр-табан, жамбас-қабырға) бекіту қажет.
Саусақ буындары мен білек сүйектерінің ашық сынулары кезінде жараны зарарсызданған таңудан кейін саусақтардың жартылай жұмылып тұруы үшін алақанға дәкеге оралған мақтаның тығыз кесегін салады. (30 сурет). Білекке, саусаққа және білекке фанер, картон немесе сатылы құрсау салады. Қолды бір байламмен іліп қояды.
30 сурет. Білек сүйектерінің сынуы жағдайында сатылы құрсау салу.
Білек сүйектері сынғанда (31 сурет) қолды шынтақ буынында тікбұрыштап иіп, алақанды кеудеге бұрады және осы жағдайда құрсаумен немесе көмекші құралмен бекітеді. Құрсауды саусақтар негізінен иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін салады. Бұл жағдайда білезік сүйек пен шынтақ буындарында қозғалыссыздыққа қол жеткізіледі. Қолды бір байламмен асып қояды.
31 Сурет. Білек сүйектері
сынғанда құрсау орнату а)
Табан және сирақ-табан буын сүйектері сынғанда
Құрсаулау үшін сатылы құрсау немесе көмекші құралдар пайдаланылады. Құрсауды табан ұлтаны мен сирақтың артқы бетіне жоғарғы үштен біріне салатындай етіп, оны алдымен бүктейді. Өкше үшін шұңқыр жасайды, оған өкше сүйектеріне батпайтындай етіп мақта салады. Содан кейін құрсауды аяқ-қолға жапсырып, бекітеді, сирақ пен табанның төменгі бөлігі арқылы бинттің сегіздік тәрізді жүрістерінен бастап, сирақтың жоғарғы бөлігінде бинттің айналмалы жүрістерімен аяқтайды. Табан сираққа тік бұрышпен бекітілуі керек.
Иық, шынтақ буындары, жауырын мен иық сүйектері сынғанда құрсаулауды сатылы құрсаумен немесе көмекші құралдармен жүргізеді (32 сурет). Құрсауды шынтақ буынында бүгілген жарақаттанған қолға салатындай, сау жауырыннан зақымданған қолдың білегі арқылы иыққа және білекке, содан кейін саусақ түптеріне тартатындай етіп құрастырады. Қолды бір байламға артып қояды.
32 сурет. Бұғана, жауырын, иық, иық және шынтақ буындары сынғанда құрсаулау үшін көліктік құрсауды дайындау.
Иық буыны мен иық сынғандағы көліктік құрсаулау.
Бұғана сынғанда (33 сурет). Иық үстіне арқаға байланған мақталы-дәкелі сақиналар немесе Дезо бинттік таңуын салады. Қолды бір байламмен асып қояды.
Қабырғалар сынғанда тыныс шығару жағдайында кеуде клеткаларына тығыз бинтті таңғыш салынады немесе кеуде клеткаларын сүлгімен тартып, оны тігіп тастайды.
33 сурет. Көмекші құралдар көмегімен бұғананы құрсаулау. Дезо таңғышы.
Фанерлі тілімдермен және ағаш жолақтарын құрсаулауда тізенің жоғарғы үштен бірінен табан ұлтанына дейін бүйірлетіп: біреуін — сырт жағынан, екіншісін-ішкі жағынан қапсырады және ұшына бинттейді, табанға жақсылап бекітеді.
Фанерлі тілімдер жатқан
қапсырылған тұстағы сүйек
Сирақ сүйектері сынғанда (34 сурет) құрсаулауды балтыр-табан буындарын жарақаттанғандағыдай етіп жүргізеді, мұнда екі буынның қозғалыссыздығы қамтамасыз етіледі: бірі - балтыр-табан және екіншісі —тізе буындары. Таңғыш қалақ немесе көмекші құралдары табаннан жамбастың жоғарғы үштен біріне дейін жеткізе байлайды. Егер жақын жерде ешқандай көмекші құралдар табылмаса, жарақаттанған аяқты сау аяққа қосып бинттеуге болады.
34 сүрет. Тізені қалақпен таңу.
Жамбас сүйегі сынғанда тасымалдауға қолайлы таңғыш қалақ Дитерихстің қалағы болып табылады (35 сурет). Таңғыш екі ағаш құрсаудан тұрады, табанның ағаш бұрауымен олардың ұзындығын өзгерту оңай.
35 сурет. Дитерихстің таңғыш қалағы: а) жиналған күйінде; б) бөлшектенген күйінде.
36 сурет. Дитерихстің
таңғыш қалағымен аяқты
а) табан бөлігіне таңғыш қалақты бекіту;
б) таңғыш қалақ бөлшектерін табан құрсау арқылы өткізу және оларды дене мен аяқтың бүйір беткейлеріне орнықтыру;
в) денеге және жамбасқа белдіктен және баумен бекіту;
г) аяқты тартқаннан кейін бұрауды бекіту;
д) аяқталған түріндегі Дитерихстың таңғыш қалағымен аяқты құрсаулау.
Бұл таңғыш қалақты киімнің сыртынан салады және ағаш ұлтанды ауру аяқтың табанына бинттейді (аяқ киімді шешпестен). Жарақаттанған адам бойының тұрқына қарай (36 сурет) керекті таңғыш қалақ таңдап алынады: таңғыш қалақтың сыртқы (ұзын) бөлігі қолтыққа балдақтанып тіреліп тұруы керек, ал оның қарама-қарсы ұшы табаннан 12-15 см. шығып тұруы керек; таңғыш қалақтың ішкі бөлігі (қысқа) шатқа тіреліп және табан сақинасынан 12-15см шығып тұруы керек. Шеткі таңғыш қалақ алдымен ағаш ұлтанның тұзағы арқылы өткізіледі, содан кейін қолтық және шат жағына орнатылады. Ұлтаннан аса шыққан таңғыш қалақ жартылары көлденең ағаштармен қосылады. Таңғыш қалақтың бәрі кеудеге, қарынға, жамбасқа және тізеге белдікпен, қамытпен, бинт айналымдарымен бекітіледі. Ағаш ұлтаннан балдақшалардың жалғастырушы тақтайшасына мықты екі қабат бау өткізіледі, оларды бұрау арқылы аяқты біршама қысуды жүзеге асырады.
37 сурет. Жамбасты құрсаулау.
Көмекші құралдарды (мәселен, тақтай) жамбасты құрсаулағанда (37сурет) оның бүйір бетіне: бірін ішкі, екіншісін сыртқы жағынан салады да, жалпақ бинтпен, белдікпен, қамытпен бекітеді. Егер құрсаулаудың ешқандай көмекші құралдары болмаса, жарақаттанған аяқты сауына қоса таңады.
Бас және бет сүйектерінің сынуы сирек кездеседі, алайда олар ауыр жарақатқа жатқызылады, өйткені өмірлік маңызы бар мүше - мидың зақымдануы мүмкін.
Бас сүйегінің болар-болмас сызаты ми шайқалуына, сынықтардың бас сүйектерінің ішіне кіруіне және мидың қысылуына, миға қан құйылуына соғуы мүмкін. Әсіресе оқ тигеннен бас сүйектерінің бүлінуі ерекше ауыр деп саналады.
Көп жағдайда бас сүйектің сынуы естен тануға, мұрын мен құлақтан қан кетуге ұрындырады.
Бас сүйегі мен мидың жабық зақымдануы жағдайында алғашқы медициналық көмек негізінен тыныс жолдарын тазалау мен оларға құсықтың түспеуін қадағалауға саяды.
Өмірлік маңызды міндеттердің жағдайын анықтау, сондай-ақ қабырға, аяқ-қол, омыртқа қосымша сынуларын байқамай калуға жол бермеу үшін, зақымданғандарды, әсіресе есінен айырылғандарды шұғыл қарау қажет.
Бас сүйектің ашық зақымдануы жағдайындағы алғашқы көмек жараға зарарсызданған таңу салуда. Құсу немесе мұрыннан қан кеткен жағдайда зақымданған адамды бүйірінен жатқызған жөн.
Жараланғанды тасымалдау жатқан күйінде жүргізіледі.
Жаралыны еппен зембілге жатқызады, басына ойықталған жұмсақ төсеніш (шинель, бушлат, мақта және т.б.) жастайды. Жан-жағына жүмсақ жұмыр біліктер қойылады.
Астыңғы жақ сүйектерінің сынуы жараланғанның өміріне өте қауіпті деп саналады.
Екі жақты жабық сынық және жақтың оқ тиюден кең сынуы жағдайында тіл түбінен артқа қайырылып, жұтқыншақ ауызын жауып қалады, бұл тұншығуға соқтырады. Қан кеткен жағдайда қан тыныс жолдарына түсіп, жөтел мен тұншығуды туғызады.
Жақ-бет сүйектерінің зақымдануына байланысты алғашқы медициналық көмек міндеттеріне мыналар кіреді: асфикцияның (тұншығу) — тілдің қозғалуының және жақ сынықтарының қан, сілекей, құсық тығылуының алдын алу керек. Ол үшін жапа шеккенді бетін төмен қаратып немесе жараланған жағына қарай бұрылған басымен қырынан жатқызылады. (38 сурет)
Бет жарасына зарарсызданған таңғыш тартқан жөн, бұл жағдайда беттің жұмсақ еттерінің салбыраған үзіктерін орнына қайтадан ұқыпты салады. Бұл еттердің жағдайларын сақтап қалуға, қан ағысын тез тоқтатуға және ет ісігін азайтуға ықпал етеді.
38 сурет. Жарақаттанғандарға орналасу мен аспирациялық тұншығу жағдайындағы жай-күй: а) бетті төмен қаратып жату; б) шалқадан жату (бас жара жаққа қаратылған); в) қырынан жату (алдынан көрініс); г) қырынан жату (артынан көрініс).
Жақ-бет бөліктері жараланғандарды ширақ іздестіру керек, өйткені беттің, жақтың және тілдің зақымдануы мен жаралануы салдарынан жараланғандардың дыбысы шықпай, сөйлей алмай, олар көмекке шақыра алмай қалады. Және де мұндай зардап шеккендердің 20% ми шайқалуы және жаралануы байқалады.
Қан аққан жағдайда жай және қыспайтын таңғышпен байлау керек, бірақ бұл жағдайда жақтар мен бет сүйектері сынығына қысымды таңғыш байлау қауіпті екенін ескеру керек, өйткені сүйек сынықтарының жылжып кетуі мүмкін.
Зақымдалғандарды қауіпсіз орынға көшіргенде таңғышты, оны түзетуге немесе бинттеуге жүйелі бақылауды қамтамасыз ету қажет. Қыс кезінде, егер таңғыш қанмен, сілекеймен бөгіп қалса, беттің үсуден сақтау үшін оны ауыстырған жен. Зақымданғанды, әсіресе жаз айларында, міндетті түрде сусындатқан жөн, өйткені қан кетуі мен мол сілекей кетуі организмнің құрғап кетуіне соқтырады.
Зақымданғандарды отырғызып қойып, әкету керек.