Алгашкы медициналык комек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 18:50, реферат

Описание работы

Желімдік таңулар негізінен сыртқы орта әсерінен қорғау үшін қолданылады. Бұл байлауларда таңу материалы түрлі желімдердің-клеоланың, коллодийдің, лейкопластырьдің көмегімен жараны айналдыра теріге жапсырады. Желімдік таңудың әдісі қарапайым: жараны бірнеше қабат дәкемен орайды, оның төңірегіне жіңішке жалпақпен клеола қабатын жағады. Дәкілік салфетканы керілген күйінде жағылған желім қабатына жапсырады және біраз уақыт ұстап тұрады-салфетка теріге тығыз жапсырылады.
Таңу материалын лейкопластырь жолағының көмегімен ұстатуға болады. Жабысқыш пластырь жолағын теріге жапсырады. Бұл таңулар берік емес, шешкенде ауырықсындырады, сондықтан сирек қолданылады.

Содержание работы

Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері: бас, қол-аяқ жараланғанда стерильденген таңудың ережесі 2
Таңу түрлері және дененің әртүрлі бөліктері: кеуде, іш-құрсақ, шат жараланғанда зарарсыздандырылған таңу ережелері. 6
Дененің түрлі бөліктер-бас, аяқ-қол, кеуде, іш, бұт жараланғанда зарарсызданған таңуды салу жөніндегі практикалық сабақ. 8
Сүйек сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сыну түрлері, олардың асқынуы. Жарақапан естен тану және одан алдын ала сақтану амалы. 8
Аяқ-қол сынуы жағдайында құрсаулаудың табельді және қоластындағы күралдарымен алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері 10
Бас, бет сүйектері, омыртқа сынуы жағдайында құрсаулауды табельді және көмекші құралдармен алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері 14

Файлы: 1 файл

1555 Алғашқы медициналық көмек.doc

— 304.50 Кб (Скачать файл)

Жақ сынған жағдайда уақытша құрсаулау үшін сақпан тәрізді таңғышты байлайды. Неғұрлым сенімді құрсау стандартты иек асты таңғыш қалақ салу арқылы қол жеткізіледі, ол басқа кигізілетін таңғыштан және пластмассалы иек асты сақпаннан тұрады. Сақпан бас таңғышына рәзіңкемен бекітіледі (39 сурет). Ауырсынулар мен ойылу-тесілулерді болдырмау үшін, орналастырмастан бұрын иек асты сақпанын сақпан жиегінен шығып тұратын мақта-деке төсемімен толтырады.

 

39 сурет. Табельді (қалыпты) көліктік таңғышты байлаумен жақ сынықтарын уақытша бекіту.

          Омыртқаның сынулары ауыр жарақатқа жатады, өйткені ол көбіне арқа жұлынының зақымдануына байланысты, одан адам сал болады, сезімталдықты жоғалтады.

 

Алғашқы медициналық  көмек жараны зарарсызданған таңғышпен байлауда.

40 сурет. Кеуде және  бел омыртқа бөліктерінің зақымдануы жағдайында ағаш таңғыш қалақпен тасымалдау.

Омыртқаның кеуде немесе бел бөлігінің зақымдануы жағдайында зардап шегушіні қарын жағымен қатқыл зембілге (немесе қалаққа) жатқызады, иығы мен басының астына, ал мойын омыртқа  зақымданғанда - арқасына жастық қояды.

Омыртқаның бас және мойын бөлігін сатылы таңғыш қалақпен немесе мақталы-дәкелі мойын орағышпен  құрсаулайды. Зембілге жатқызылған  зақымданған адамды әсіресе жылдың қыс айларында жылылап орау керек. Қолмен, палаткамен тасымалдауға жол беруге болмайды, өйткені бұл жағдайда зақымданған омыртқалардың екінші рет қозғалуы сөзсіз, бұл зақымданушының жағдайын күрт төмендетеді.




Информация о работе Алгашкы медициналык комек