«Авиценна»
медицина колледжі
Тақырып:Аурулармен зақымданғандарды
емдеу барысындағы
жалпы күтмінің негіздері.Ауруларды
күту кезіндегі санитарлық міндеттер.Ауру
балаларды күту ережелері
Шымкент
Науқастың күтімі - бұл жан-жақты
қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын
жағдайлар, көмек көрсету түрлері және
дәрігерлердің нұсқауларын орындау. Көптеген
науқасқа көрсетілетін көмек түрлері,
ережелері бұрынғы заманнан белгілі. Ертеде
дәрігерлер науқас алдында әлсіз болған
кезде науқасты күтім жасап, қамқорлап
емдеген. Сондықтан күтімнің әсері өте
зор деп есептеледі. Медицина мекемелеріндегі
күтім медицина қызметкерлерінің міндеттеріне
жатады. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті
де талап етеді. Ең маңыздысы науқасқа
ауруын есіне салмай, мүмкіндігінше ұмыттыру,
жағымсыз әсерден сақтандыру.Ем алудың
барлық кезеңінде де жағымды тұрмыстық
және психологиялық жағдайлар тудыру
қажет. Науқас психологиясын жете білсеңіз
оған көрсетілетін күтім әсері де ықпалды
болады. Күтім: жалпы және негізгі болып
екі түрге бөлінеді. Жалпы күтім дегеніміз
- бөлімшенің гигиеналық қалпы, науқастың
жеке гигиенасы, тамақтануы және дәрігер
нұсқауларын дер кезінде және толық орындау
болып табылады.Негізгі күтім дегеніміз
дәрігер берген нұсқауларды қатаң түрде
орындау (егер сырқат төсектен тұрмаса,
көмекті сол жерде көрсету). Егер науқастың
хәлі аса ауыр болса, әсіресе оның ішкі
құрылысы мен ағзаларының қызметтері
бұзылса немесе төмендесе, онда оны арнауйы
палатаға (қарқынды емдеу) орналастыру
керек. Науқастың бөлмесі таза, желдетілген,
жарық және басқалардан оқшауланған болуы
тиіс. Бөлме күніне 2 рет жинастырылады.
Бөлменгің температурасы 18-20°С, ылғалдылығы
- 60 % болуы шарт. Күн шуағы молырақ түссе,
науқастың көтеріңкі көңіл күйіне оның
әсері мол. Ең маңыздысы - жеке бас тазалығын
сақтау тәртібін қатаң орындау. Аптасына
бір рет дәрігердің рұқсаты бойынша науқасты
шомылдыру. Қолдарын, бетін әрбір тамақтандыру
алдында жуу. Шашын жылы сумен сабандап
жуу, тырнақтарын алу. Күніне 2 рет тістерін
тазалаулары қажет. Ауыр хәлдегі науқастардың
ауыз қуысын 0,5 % гидрокарбонат натрийіне
(ас содасына) батырылған мақтамен сүрту.Науқасты
төсегіне барынша ыңғайлы да жайлы етіп
жатқызу керек. Науқас бірқалыпты ұзақ
жатқан жағдайда оның тері күтімі маңызды.
Өйткені, ауыр науқастанған адамдардың
арықтап жүдеулеріне байланысты, бұлшық
еттері азайып, терілері сүйектеріне жақындайды,
сөйтіп сүйек батқандықтан ойылады, яғни
саржамбас болады.Терінің ерте зақымданатын
жерлері науқастың жамбасы, жауырыны,
ұршық сүйектерінің басы, шынтағы және
өкшесі. Әрбір 2 сағат сайын науқасты бірнеше
минут қырынан жатқызып отыру керек. Науқастың
төсегінде, іш киімінде денесінде бататын
қыртыс болмауы тиіс. Ол үшін күніне оның
төсегін 2-3 рет қағып, қайта салған дұрыс.
Медбике науқас терісінің тазалығы мен
терінің түрі өзгеріп, жараның алғашқы
белгілері білінсе, онда сол араны салқын
сумен сабындап жуып, құрғатады, содан
кейін спиртпен сүртеді. Жамбас сүйегінің
астына дөңгелек резеңке, өкшеге және
шынтақ астына мақтаны дәкеге орапдөңгелек
жастықша етіп қою керек. Егер теріде жараның
алғашқы белгілері біліне бастаса, яғни
тері қызара бастаса, онда сол қызарған
тұсты күніне 1-2 рет 5-10% перманганат калийерітіндісімен
немесе 10% камфора спиртімен сүрту керек.Ауруханада
жатқан науқас адамдардың төсек орындары
мен іш киімдерін жетісіне 1 рет ауыстырып
тұрады.
Егер науқас адам төсегінен
тұра алмайтын болса, мына әдістермен
ауыстырылады.
1. Әуелі жастыкты алады.
2. Содан кейін наукасты
бір қырымен, бетін керуеттің шетіне қаратып
жатқызады.
3. Науқастың артқы жағындағы
босаған ақ жайманы жіңішкелеу етіп орап
алып тастайды да, оның орнына таза жайманы
осы әдіспен салады.
Хәлдері ауыр науқастардың
көйлектерін шешіндіріп, киіндіру оңай
емес, сондықтан көйлектің алды ашық болғаны
жөн. Сонда ауру адамдарды киіндіру де,
шешіндіру де жеңілдейді. Алды ашық көйлекті
шешу әдісі: әуелі науқастың екі иығынан
көйлекті төмен ысырып түсіреді де жеңінен
бір қолын шығарады, содан кейін артқы
жағын босатып екінші қолын шығарады.
Ауыр хәлдегі науқастарды тамақтандыру.
Палатаны таза ауамен желдетіңіз,
содан кейін науқасты тамақтандыруға
әзірлеңіз. Тамақтануға ыңғайлы етіп отырғызуға
көмектесіп, қолын жуады. Тамақты палатаға
жылы күйінде әкеліп, керуеттің жанындағы столға қояды, сырқатты тамақтандырған
кезде аз мөлшерден әлсін-әлсін қасықтап
асықпай береді. Хәлі ауыр сырқатты бірнеше
кезекте тамақтандырады.Науқастың дене
қызуын күніне 2 рет, яғни азанда сағат
6-8, кешкісін сағат 16-18 де (5-10 минут) өлшейді.
Дене қызуын өлшер алдында термометрді
қояды. Термометрді қойғанда оның сынап
тұрған жіңішке жағы науқастың қолтығына
толық еніп, қысып тұруы керек. Дені сау
адам денесінің қызуы 37 °С-ден аспауы тиіс.
Медбике жағдайы ауыр науқасты күткен
кезде науқастың жанында жиі болып, оның
хәлін байқап, тексеріп отырады. Сонымен
қатар науқастың тамыр соғысын тексеріп,
оның соғу жиілігін, күшін, артериялық
қан қысымын өлшейді және тыныс алуын
тексереді.Есте болуы тиіс! Ауыр хәлде
жатқан науқас адамға оған жақсы қарап,
жақсы күтсе, сырқаттың ауруы асқынбай
өз мерзімінде жазылары сөзсіз. Психикалық
науқастарды жүйкесіне қатты әсер бермей
сөйлетіп, жақсы қарым-қатынас таба біліп,
шыдамды бола білу керек.
Мейірбике сырқатқа күтім жасағанда
төмендегі принциптерге сүйенуі тиіс:
1. Жарақаттанудың алдын алу – бұл пациенттің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
2. Құпияны сақтау (пациенттің жеке өмірінің
деректері топта, асханада жолдастармен
бірге талқыланбайды, яғни бұл бөгде адамдарға
мәлім болмауы тиіс).
3. Ар-ұждан сезімін құрметтеу (барлық процедуралар
пациенттің келісімі бойынша орындалады,
егер қажет болса, науқас оңаша қалдырылады).
4. Қарым-қатынас (пациентті және оның отбасы
мүшелерін әңгімеге тарту, онда болатын
процедураның барысын және толықтай алғанда
күтімді талқылау).
5. Тәуелсіздік (әрбір пациенттің өз бетінше
әрекет етуін қуаттау).
6. Жұқпалық (инфекциялық) қауіпсіздік.
Стационар жағдайында мейірбикеге “қозғалу”
қажеттілігін қанағаттандыру бұзылыстары
бар пациенттерге күтімді жүзеге асыруға
тура келеді. Мұндай пациенттер қарқынды
мейірбикелік күтімді талап етеді.
Төсек тартып жатқан науқасты
қалай күту керек? |
|
Төсек тартып жатқан науқасқа
ерекше күтім керек екенін бәріміз білеміз.
Дегенмен оның да өзіндік ереже-тәртібі
бар екенін ескере бермейміз. Бұл кездегі
болмашы қателік науқастың жағдайы бұрынғыдан
да нашарлауына соқтыруы мүмкін екен.
Ендеше төмендегі жайды жадыңызға түйе
жүріңіз.
Тез жаурағыш болады
* Адам ұзақ уақыт бойы
төсекте жатқан кезде оның ағзасы
әлсірейді. Сонымен бірге ауа еркін жетпеген
жерлерде ойық жаралар мен инфекция пайда
болуы мүмкін. Сондықтан төсекте жатқан
адамның гигиеналық тазалығына ерекше
көңіл бөлген дұрыс.
* Бір орында ұзақ уақыт
қимылсыз жатқан адам жаурағыш
келеді. Бөлмені желдетіп, киімі мен төсек
жабдықтарын ауыстырғанның өзінде оның
жаурап қалуы мүмкін. Сондықтан науқастың
үстіне жұқа жамылғы жауып қойған жөн.
* Төсекке таңылған науқастың
денесін күніне екі рет ылғал
сүлгімен сүртіп отыру керек. Науқасты
жауратып алмас үшін шылапшындағы суды
ыстықтау етіп құйған дұрыс. Бұл мақсатта
арнайы гигиеналық дымқыл салфеткаларды
пайдалануға да болады. Ондайда бөлмені
жылытып, есік-терезелерді жауып қою керек.
Өйткені жатқан адамға өтпе жел тез тиіп,
суықтап қалуы мүмкін.
* Ылғалды сүлгімен сүртіп
болғаннан кейін тез базданып, жауыр болатын
жерлерге, әсіресе шаптың арасына денеге
арналған май немесе арнайы крем жағып
қою керек. Егер науқасқа «подгузник» кигізілген болса, онда арнайы
тазартатын көбіктер пайдаланған дұрыс.
Ол кірді кетіріп қана қоймай, жаман иістен
арылтады. Сулы теріге құрамында цинк
оксиді бар крем жағу керек.
Аяқ-қолын қозғалтып тұру керек
* Төсек тартып жатқан
жанның аяқ-қолын ары-бері қозғалтып,
иіп-бүгіп тұру керек. Ауыр сырқаттан кейін,
мысалы, инсульттан соң адамдардың бұлшық
ет тонусы өзгереді. Егер қол мен аяқты
қадағалап, оларды қимылдатып тұрмаса
буын мен бұлшықетте көптеген өзгерістер
орын алуы әбден мүмкін.
* Қозғалысы шектеулі сырқаттың
шынтағы жазылып, денеден алшақ жатуы
тиіс. Ол үшін арнайы тақтайшалар пайдалануға
да болады. Оны фанерден кесіп алып, мақта
және дәкемен қаптап, алақанға қойып, дәкемен
білекке байлау керек. Сөйтіп оны жиі-жиі
шешіп, қолды уқалап тұрған жөн.
* Аяқтың тізеге дейін
бүгіліп тұрғаны жақсы. Ол үшін тізенің
астына жұмсақ белдік қойылады. Ал табанды
арагідік қимылдатып, майыстырып тұрған
жөн. Ол үшін тіреуіш істеп қою керек. Кереуеттің
аяқ жағын тіреуіш ретінде пайдалануға
да болады.
* Мүмкіндік болса ертеңгісін
гимнастика жасауға көшу керек. Емдік
дене шынықтыру буынның бәріне қозғау
салғаны дұрыс. Әсіресе аз қимылдайтын
жерлерге назар аударған жөн. Бірақ шалт
қозғалыстан аулақ болу керек.
Өкпесі тез қабынады
* Ұзақ уақыт шалқасынан
жату адамды екі түрлі жағдайға: ойық жараларға
және өкпенің қабынуына соқтыруы мүмкін.
Ұзақ уақыт төсекке таңылған адамның еті
мен сүйегі жаншылады. Сөйтіп терідегі
және майда клеткалардағы қан айналымы
бұзылып, соның салдарынан ойық жаралар
пайда болады. Ал өкпедегі проблемалар
жатқан адамға ауа дұрыс бармағандықтан пайда болады. Бұл
кезде жабысқақ, қою қақырық түсуі мүмкін.
Жөтелу де қиынға түседі. Одан ағзада инфекцияның
түсуіне қолайлы жағдай туындайды. Ойық
жараларды болдырмас үшін жауырын, шынтақ,
құйымшаққа ауа барып тұруы керек. Ол үшін
науқасты әр екі сағат сайын аунатып, бір
қырымен жатқызып тұрған дұрыс.
* Дене терісі қызарып
кеткен жағдайда күніне екі-үш
рет теріні сергітетін арнайы
сұйықтықпен сүртіп тұру керек. Ал өкпені
қабындырып алмас үшін кереуетте жатып-ақ
қимылдап, тыныс алу жолдарын жақсартатын
гимнастика жасап тұру керек.
Клеенка төсеуге болмайды
* Төсекке таңылған науқастың
астына клеенка төсеуге мүлде болмайды.
Олай етсе тері дұрыс тыныс ала алмай,
терлеуі мүмкін. Ал бір қабатты мақта мата
теріні сіңіріп алуға аздық етеді. Соның
салдарынан дененің ауа аз тиетін жерлерінде
жара пайда болуы мүмкін.
* Төсек тартып жатқан
науқасқа мүмкін болса ойық жараларға
қарсы төселетін арнайы матрастарды пайдаланған
дұрыс. Оның үстіне жайма төсеп, «проблемалы»
жерлердің астына өлшемі 60х90 болатын аллергияға
қарсы бір реттік арнайы сіңіруші жаялықтар
төсеуге болады. Олар көпқабатты және
денеге жабысып тұрмайды. Тиісінше науқасты
көптеген проблемалардан құтқарады.
* Төсектің кедір-бұдырсыз
түзу болғанын қадағалаңыз. Жаймалар мен
жаялықтарды тегіс етіп жайыңыз. Науқастың
киімі мен төсегінде сызықтар пайда болмасын.
Төсек жаймаларын аптасына бір рет, ал
жастық қабын 2-3 күнде бір рет ауыстырып
тұрыңыз.
* Әжетханаға өздігінен шыға
алмайтындықтан төсекте жатқан науқастар
суды аз ішеді. Бірақ олай етуге болмайды.
Себебі жатқан кезде зәр бүйректе ұзақ
кідіреді. Ол инфекцияның пайда болуымен
қатар бүйректе тастың түзілуіне әкеледі.
Ал зәрдің |
Нәрестенің түрлі патологиялық
жағдайы алуан түрлі себептерге байланысты
туындайды. Негізінен олар анасының (жүктілік
кезіндегі кеш токсикоз, анемия, экстрагенитальді
бұзылыстар), ұрықтың (жұқпалар, даму ауытқулары)
ауруларына және ятрогенді әсерлерге
(жасанды босандыру, дәрімен ұйықтату,
босану кезінде акушерлік көмек) байланысты
пайда болады.
Нәресте гипоксиясы плацента
арқылы қажетті оттегі мөлшері түспегенде
басталып, оның ағзада қышқылданбаған
алмасу заттары ретінде жиналуымен байқалады.
Гипоксияның созылмалы және
жіті түрлері ажыратылды. Созылмалы гипоксия
жүктілік кезіндегі кеш токсикоз, экстрагенитальді
бұзылыстар, сонымен қатар ағзадағы түрлі
жұқпалар кезінде пайда болады. Жіті гипоксия
жүктілік кезінен гөрі босану барысында
жиі пайда болады. Бұған кіндіктің басылуы,
нәресте мойнына оралуы себеп болады.
Дер кезінде анықталмаған гипоксия нәресте
қан айналымының бұзылысын, нәрестенің
жатыр ішінде өлуіне әкеліп соқтыратын
түрлі мүшелеріне қан кетуді тудырады.
Гипоксияны диагностикалау
кезінде назар аударады:
- нәресте жүрек соғысының
жиіленуіне (минутына 160 не одан көп
соғуы) немесе ақырындауына (минутына
110-100 ретке дейін);
- жүрек соғысының ырғағы мен
дыбысының өзгеруіне;
- қағанақ суында меконийдің
болуына;
- нәрестенің қозғалыс белсенділігінің
өзгеруіне (гипоксия дами бастағанда –
артады, ал ұлғайған сайын - әлсіз болады).
Гипоксияны емдеу немесе алдын
алу жүктілік мерзімі мен босану кезеңдеріне
байланысты болады. Алдымен гипоксияны
тудырған себептерді анықтап, жою керек.
Гипоксияны азайта, болмаса
мүлдем жоя алатын А.П.Николаев әдістемесі
ұсынылады:
а) жүкті немесе босанатын әйел
10 минут бойында ылғалды оттегіні тартады,
2-3 минутке үзіліс жасап, шараны тағы қайталайды;
ә) көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісінің
40-50 мл енгізеді;
б) бұлшық етке кордиаминнің
1 мл енгізеді.
Ауру балаларды күту ережелері
Нәрестенің зат
алмасуын жақсарту үшін глюкозамен бірге
көк тамырға инсулин, кокарбоксилаза,
дәрумендер құяды.
Жіті ағымды ұрық
гипоксиясы орталық жүйке жүйесінің, тыныс
алудың, қан айналымның ауыр бұзылыстарымен
сипатталатын нәрестенің асфиксиясын
тудыруы мүмкін.
Медбике асфиксияны
емдеудің қатаң жүйелілікте үш негізгі
ережені орындаудан тұратынын білуі
тиіс:
1.
Тыныс алу жолдарын
босату. Нәресте басы
туысымен тыныс
алу жолдарын вакуум-аппаратқа
жалғанған резеңке катетер
көмегімен шырыш, қан,
қағанақ суларынан босату
керек;
2.
Тыныс алуды қалыпқа келтіру. Нәресте
дем алмаған жағдайда тез арада дем алдыру
шараларын орындау керек.
Бұны өкпені жасанды желдетуге арналған
аппараттар көмегімен орындауға болады.
Жасалған шаралар жеткіліксіз болған
жағдайда нәрстені барокамераға жатқызады.
Өкпені жасанды желдетумен қатар нәрестенің
кіндік тамырына түрлі ерітінділер енгізеді:
глюкоза, аскорбин қышқылы, натрий гидрокарбонаты,
т.б.
3.
Қан айналымын
қалыпқа келтіру. Жүрегі тоқтағанда жүрек
сыртынан кеуде торын басу арқылы (минутына
100 қозғалыс) массаж жасайды.
Бұдан нәтиже болмаса, адреналин енгізеді.
Тәжірибе көрсеткендей,
жоғарыда аталған реанимациялық шараларды
нәресте туғаннан кейінгі 15-20 минут ішінде
жасау керек. Ағзаға бұдан
артық уақыт әсер ету
ауыр неврологиялық
бұзылыстарды тудыруы
мүмкін.
Нәрестелердің
ауыр ауруларының бірі – қаңқа
ішіне қан кету түріндегі
босану жарақаты. Бұндай
балалар жеке палатаға
орналастырылады және
тәулік бойы медбике кезекшілігі қойылады.
Тыныс алуды жақсарту және өз құсығына
тұншығып қалмауы үшін керуетте
жатқан баланың басы көтеріңкі орналасуы
керек.
Емдеу-қорғау
тәртібі бұл палаталарда ерекше қатаң
болуы керек. Баланың тыныштығы мен ұйқысын
бұзатын бірде-бір бөтен
дыбыстар шығарылмайды.
Нәрестені күту бойынша
барлық
шаралар ақырындап,
кереуеттен шығарылмай
жасалады. Палатада
өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ)
аппараты болуы керек,
дәрігер тағайындауы бойынша қаңқа-ми
гипотерапиясы жасалады.
Медбике үнемі бала денесінің
температурасын қадағалап, пневмонияның
туындауының алдын алу үшін денесінің
суымауын бақылауы керек.
Нәрестені өмірінің алғашқы
күндерінде анасының сүзілген сүтімен
тамақтандырады. Сору және жұту рефлекстері
жиі бұзылатындықтан, нәрестені сүңгі
көмегімен тамақтандырады. Төспен тамақтандыруға
дәрігер белгілеуі бойынша ғана рұқсат
етіледі.
Тері қабатының кебірсуі
мен дистрофиялық өзгеріске ұшырауының
алдын
алу үшін стерильді
сұйық маймен өңдеп,
А дәруменін қолдану
қажет. Ауыз қуысы мен
еріннің шырышты қабатын
глюкоза ерітіндісімен
және натрий хлоридінің
изотоникалық ерітіндісімен
ылғалдайды, ал көзіне
А дәруменінің бір тамышысын (күніне 1-2
рет) тамызады.
Нәрестелерде
жиі кездесетін патологияның бірі – тері
аурулары (везикулопустулез, кандидоз).
Везикулопустулез
терінің жоғарғы қабатында орналасқан
алдымен мөлдір, кейіннен
күңгірттеу сұйықтыққа
толатын көпіршіктердің (1-3
мм) пайда болуымен сипатталады.
Бұл ауруды жиі стафилококк
қоздырады.
Терінің зақымданған
аймақтарын 70% спирт және бриллиант жасылының
ерітіндісімен өңдейді. 2-3 күннен кейін
көпіршіктер жарылып, қабықтанады, соңынан
тез жазылып кетеді.
Науқас нәрестені
күту кезінде санитарлық індетке қарсы
тәртіп қатаң сақталуы
керек. Ауырған баламен
қатынастан кейін қолды
сабынмен мұқият жуып, 70%
спиртпен өңдеу керек,
ал ең жақсысы шараларды
бір реттік перчаткаларда
орындау керек. Ауырған
баланың киімі стерильді
болған жөн.
Тері және шырышты
қабаттың кандидозы нәрестелерде өте
жиі кездеседі. Бұған антибиотикотерапияның
шамадан тыс қолданылуы
себеп болуы мүмкін.
Болмаса анасынан да
жұғуы мүмкін.