Аурулармен зақымданғандарды емдеу барысындағы жалпы күтмінің негіздері. Ауруларды күту кезіндегі санитарлық міндеттер. Ауру балаларды к

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 18:21, реферат

Описание работы

Науқастың күтімі - бұл жан-жақты қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын жағдайлар, көмек көрсету түрлері және дәрігерлердің нұсқауларын орындау. Көптеген науқасқа көрсетілетін көмек түрлері, ережелері бұрынғы заманнан белгілі. Ертеде дәрігерлер науқас алдында әлсіз болған кезде науқасты күтім жасап, қамқорлап емдеген. Сондықтан күтімнің әсері өте зор деп есептеледі. Медицина мекемелеріндегі күтім медицина қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті де талап етеді. Ең маңыздысы науқасқа ауруын есіне салмай, мүмкіндігінше ұмыттыру, жағымсыз әсерден сақтандыру.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 144.25 Кб (Скачать файл)

Мазасыз, қатты айғайлап жылайтын нәрестеде кіндік жарығы дамуы мүмкін. Бұл жағдайда кіндік аумағының массажы және одан әрі қысатын таңғыш салу ұсынылады.

Сулы кіндік кіндік жарасының тез жазылмауымен сипатталады. Күйдіргіш заттармен өңдеу, күйдіру, стерильді дәке салу ұсынылады.

Кіндік жыланкөздері суланған кіндікке ұқсас болады. Ауру жыланкөз қаупы мен оның түрлерін (толық, толық емес) айқындауға мүмкіндік беретін өткізгіш сүңгілер көмегімен нақтыланады. Емдеу хирургиялық жолмен жүзеге асырылады.

Сулы кіндік асқынудың анағұрлым ауыр түрі – омфалитке ауысуы мүмкін. Бұл кезде гиперемия, тері инфильтрациясы, іріңді-геморрагиялық бөлінділер байқалады. Омфалит кезінде баланың жалпы жағдайы төмендейді.

Ауруды емдеу үшін антибиотиктер және жергілікті қолданылатын гипертониялық ерітінділермен үйлестіріле дезинтоксикациялық заттар пайдаланылады. Физиотерапияның әсері өте тиімді. Жараны өңдегеннен кейін стерильді таңғыш салады.

Егер омфалит кіндік әлі түспеген кезде пайда болса, кіндікті кесіп тастау ең тиімді болып саналады.

Нәрестелердің маңызды ауруларының бірі – гипербилирубинемия. Бұл ұғымға қанда билирубиннің артуымен қабаттасатын көптеген ауруларды біріктіреді. Солардың бірі – гемолитикалық ауру (нәресте қанында бар және ана қанында жоқ көптеген антиген бойынша ана мен нәресте қанының сәйкес келмеушілігі). Жиі бұл сәйкессіздік резус-антиген бойынша (анасы - резус-тері, нәресте - резус-оң) болады.

Билирубин конъюгациялық сарғаю нәтижесінде артуы мүмкін (нәресте бауыры билирубинді жоя алмайды).

Жоғарыда аталған жағдайларда бауырда конъюгацияланбаған ерікті билирубин артады. Қанда бұл билирубиннің болуы бала өмірінің алғашқы 10-14 күнінде аса қауіпті, себебі «ядролық сарғаю» қалыптасуы мүмкін. Оның салдары ауыр спастикалық формалы және ақыл-есінінің кешігуімен қабаттасатын балалар церебральді салдануына әкелуі мүмкін.

Сондықтан туғаннан кейінгі алғашқы күндерде бала қанындағы билирубин құрамының деңгейін қадағалап, оның клиникалық жағдайын бақылап отыру қажет. Медбике сарғыштанудың пайда болуын анықтап қана қоймай, оның байқалу жылдамдығын, баланың жалпы жағдайының өзгерістерін де бақылап отыруы керек. Гемолитикалық ауру кезінде өмірінің 2-4 күндері, ал конъюгациялық кезінде - 6-7 күндер өте қауіпті саналады. Баланың дене температурасының салқындауы, оттегі мен өнімді заттардың жетіспеуі ауру ағымын арттырады. Сонымен қатар, нәресте меконийінде билирубиннің көп мөлшері болады, сондықтан оның ағзадан дер кезінде шығарылмауы қандағы билирубин құрамының тез артуына әкелуі мүмкін.

Әлсіздік, бір қалыпты қатты айғай, жиі құсу айқын сарғаюға тән белгілер. Нәресте сарғыш түске бояла бастағанда медбике жедел түрде дәрігерді шақыртып, дәрігер қан құю туралы сұрақты шешеді.

Бұл ауру кезінде фототерапия жақсы нәтиже береді. Сәуле әсерінен билирубин уытты әсері жоқ өзінің изомеріне ауысады. Фототерапияны жүргізу үшін түрлі шамдар қолданылады. Медбике мұндай шамдар құрамында болатын ультракүлгін компонент көз торшасы мен жыныс мүшелерінде бұзылыс туғызатынын білуі тиіс. Сондықтан фототерапия сеансын өткізу кезінде нәресте денесінің аталған бөліктері мұқият қорғалуы керек. Жасыл және ақ сәулелі шамдарда жылу әсері ерекше қызыл компонент болады. Бұл жағдайда нәрестеге жылу өтіп кетпеуі үшін температуралық тәртіпті бақылау керек, көп мөлшерде сұйықтық беру керек. Баланың температурасын әр 3-4 сағат сайын өлшеп отырады.

Балада жасыл сұйық нәжіс және көп мөлшерде сары зәр бөлінгенде, жасалған емнің тиімділігі туралы айтуға болады.

Гемолитикалық ауру кезінде нәрестені өмірінің алғашқы күндерінде донорлық сүтпен тамақтандырады. Бала жағдайы қанағаттанарлық болғанда және ана сүтінде антиденелер жойылғанда ғана баланы төске салуға рұқсат етіледі.

Жоғарыда аталған сарғаю түрлерінен басқа нәрестелерде өттің қозғалуына байланысты туындайтын механикалық сарғаю да кездеседі. Бұл жағдайда қанда байланысқан билирубин кездеседі, ол орталық жүйке жүйесін бұзбайды, дегенмен нәрестенің жалпы жағдайына әсер етеді. Кейде дене температурасының артуы, діріл пайда болады. Терісінің түсі – сарғыш, жасылтым реңмен. Механикалық сарғаюға түссіз нәжіс пен зәрдің көп мөлшерде шығуы тән болады.

Сондай-ақ, гепатит, герпес, қызамық вирусы нәтижесінде, сонымен қатар даму үстіндіге мерез ауруы, токсоплазмозбен туған ішкі және постнатальді гепатиттер сарғаю сирдромымен қоса жүруі мүмкін.

Бұл жағдайда тері қабатының түсі топырақ реңді, бауыр қызметі бұзылады, нәжісі мен зәрі механикалық сарғаю кезіндегідей болады.

Емдеу мақсатында дезинтоксикациялық және спазмалық препараттарды, антибиотиктерді, өт айдаушы препараттарды, дәрумендерді, т.б. қолданады. Физиотерапия ұсынылады.

Балаларда сарғаю синдромы анықталғанда, оларды жеке бокстарға жатқызу қажет. Бұндай балалардың күтімі мен емі бір реттік перчаткалар және құралдармен жүзеге асырылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  «Авиценна»   медицина   колледжі

 

 

 

 

 

Тақырып:Медициналық емдеу орындарында әр түрлі процедураларды орындау компресс қыша қағаздары,оңқаларды қою,клизма жасау,оттегі жастығын қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент

Дене қызуын қалай дұрыс өлшеу керек?


Дене қызуын өлшеу үшін, алдын ала зарарсындандырғыш немесе 70% спирт ерітінділерімен тазартылған медициналық градусник қажет.

Дене қызуын өлшер алдында градусникті сілкіп, оның көрсеткіш шкаласын 35°С түсіру керек.

Термометрдің сынап резервуар жағын қолтық астына салу (немесе шап аймағының қыртысына). Дене қызуын өлшеу уақытында науқастың иығын көкірегіне қысып ұстауды сұрау қажет. Термометрдің дұрыс орналасуын қадағалау қажет, әсіресе балаларда, қарт адамдарда және мазасыз науқастарда, себебі дұрыс орналаспаған жағдайларда термометр төмен градусты көрсетуі мүмкін.

10 минуттан кейін градусникті  алып, шкала көрсеткішін қарау. Қалыпты  жағдайда адамның дене қызуы  қолтық астында (шап аймағында) 36,4 – 36,8°С болады.

Жүдеген науқастарда және емізулі балаларда дене қызуын өлшеу қажеттілігінде ауыз қуысында немесе тік ішекке салады.

Тік ішекте дене қызуын өлшеу кезінде науқасты бір жамбасына жатқызады, термометрді жартылай вазелинмен майлап, сынапты резервуар жағын толық тік ішегіне ақырын енгізеді, балаларда енгізілу ұзындығы 2 см-ден аспауы керек. Тік ішекте дене қызуы қолтық астындағы (немесе шап аймағындағы) температурадан 0,5 – 0,8°С-қа жоғары.

Ауыз қуысында температураны өлшеу үшін, термометрді тілдің асты мен ауыз түбі арасына салады да, ерінмен жауып немесе ұртымен ұстап тұрады.

Қолтық астында және шапта дене қызуын өлшек ұзындығы – 10 мин, ал ауыз қуысында – 5 мин.

Көбінесе дене қызуын өлшеу таңертеңгі уақытта 7-9 сағат аралығында және кешкі 17-19 сағат арасында жүргізеді. Дәрігердің тағайындауы бойынша дене қызуын өлшеудің жиілігі күніне әрбір 3-4 рет немесе әрбір 2-3 сағат сайын өлшеу керек. 


 

Артериялық қысымды өлшеу Артериялық қан қысымды өлшеудің медициналық маңызы өте зор. Сол жақ қарыншаның систоласына сәйкес келетін максималды (систолалық) және минималды (диастолалық) қысымды ажыратады. Қалыпты жағдайда ересек адамның систолдық қан қысымы орта есеппен алғанда 120-139с.б.б. , диастолдық 80-89 с.б.б. Систолдық және диастолдық қысымның арасындағы айырмашылық тамыр соғу қысымы пульстік деп аталады. Оның көрсеткіші 40-50 с.б.б. Қан қысымын иық артериясынан Коротков тәсілі бойынша анықтайды.  
 
Қан қысымын өлшеу ережелері:

  1.  
    тынық кезде;

  1.  
    өлшемді бір қолдан өлшеген дұрыс;

  1.  
    науқасты жатқызып немесе отырғызып, колды жүректің деңгейінде ұстау. Егер қолы жүрек денгейінен төмен болса, қан қысым көрсеткіші жоғарылайды, ал егер жоғары болса – қан қысым көрсеткіші төмен болады;

  1.  
    жалаңаштанған иыққа манжетті бір саусақ сиятындай етіп қысып салу;

  1.  
    манжеттің төменгі шегі шынтақ ойығынан 2,5 см жоғары болуы керек;

  1.  
    манжетке резеңке баллон көмегімен ауа жібереді. Манжеттің ішіне кірген ауа иық артериясын қысып, ондағы қан ағысын тоқтатады (манжетте тамыр соғысы жоғалады);

  1.  
    фонендоскопты шынтақ буындағы шынтақ артериясына қояды. Ары қарай ауаны манжеткадан секундына 2 атмосферамен шығарып, шыбық артериясымен қан өткенде пайда болатын дыбысты тыңдайды. Бірінші естілген дыбыс (І тон) - систолды қысымға сәйкес. Ауаны шығарғанда аппараттың шкаласына мұқият қарап отырады. Артериядағы қан ағысы толық қалпына келгенде дыбыс жоғалады, бұл кез диастолдық қысымға сәйкес (ІІ тон). Ал екі көрсеткіштің айырмашылығы пульстік қан қысым болып табылады;

  1.  
    2-3 минут аралығықпен 3 қайтара өлшеген дұрыс;

  1.  
    үш көрсеткіштің ең аз көрсеткіші нақты көрсеткіш болып табылады.

омпресс түрлері

  • Құрғақ компресс.

    • Стерилденген дәкені бірнеше қабаттап бүктеп, үстіне мақта салып, бинтпен ұстатады, содан соң оны зақымданған жерге, күйікке, жараға жапсырады.

  • Қыздырғыш компресс.

    • Компресті қою барысы:

      • бірнеше қабаттап бүктелген дәкені немесе матаны бөлме температурасындағы суға малып, жақсылап сығады да ауру жерге басады;

      • матаның үстіне оның шетінен 1-2 см асып тұратындай етіп балауыз қағаз жабады;

      • оның үстіне қалың етіп мақта төсейді;

      • сосын компресті орнынан қозғалмайтын, науқастың да мазасын алмайтындай етіп бинтпен таңып тастайды.

    • Қыздырғыш компресс қабынуға қарсы әсер етеді;

      • қан тамырларын ұзақ уақыт кеңейтеді;

      • дененің белгелі бір жеріне қанның келуін молайтады.

    • Қыздырғыш компресті 10-12 сағат ұстайды. Компресс түнге қарай қойылады.

    • Қыздырғыш компрестің әсерін күшейту үшін үстіне грелка қоюға болады, ал матаны сумен емес, жартылай су қосылған арақпен немесе спиртпен дымқылдау керек.

  • Дәрілі компресс.

    • Дәрілі компресс - қыздырғыш компресс сияқты, бірақ оның әсерін күшейту үшін суға дәрігер ұсынған әр түрлі дәрілік препараттар (ас содасы (стақан суға 1 шай қасық), бура сұйығын (стақан суға 1 ас қасық)) қосады.

  • Ыстық компресс.

    • Ыстық компресс ауруды басады, қабынуға қарсы әсер етеді. Оны бұлшық ет, буын т.б.уырғанда белгілі бір жерді қыздыру үшін қояды.

    • Матаны ыстық суға малып (60°-70° температурада), 5-10 минут сайын ауыстырып отырады.

    • Ыстық компресс қою барысы қыздырғыш компресс қойғандағыдай.

  • Суық компресс.

    • Суық компресс дененің бір жерін соғып алғанда, мұрын және басқа жерлер қанағанда алғашқы минуттарында қолданады;

      • дене терісін суытады;

      • соғылған жердің ауырғанын басады;

      • ауырған жерге қан ұюын азайтады.

    • Бірнеше рет қабатталған матаны суық суға малып алып (мұзды су болғаны дұрыс), ауырған жерге 2-3 минут қояды, мұны бірнеше рет қайталаған жөн.

Тағы қараңыз

Оңқа төңкеру 
 
Оңқа – сиымдылығы 30-70 мм шыны сауыт. Денеге банк төңкеруді қазақша оңқа төңкеру дейді. Оңқаның ішін жалынмен қыздырып төңкергенде сиреген ауа теріні өзіне тартып, сорады. Сол кезде денедегі қан тамырлары кеңейеді, оңқа төңкерілген жерге қан жиналады. Соның әсерімен тереңде жатқан тіндердің (ткань) қан және лимфа айналымы жақсарады, қа-быну ошақтары басылады. 
 
Оңқа төңкеруге болмайтын жағдайлар: 1. Өкпеден қан кеткенде; 2. Туберкулезде; 3. Ісік, тері ауруларына; 4. Сырқат тынышсызданып жатқанында;  
5. Адамды безгек тәрізді сырқаттар қысқанда. 
 
Оңқаны мына жерлерге төңкереді: Омыртқа сайының оң және сол жағында-ғы арқа жотаға, терісі бү-лінбеген аумаққа, көкірек сарайының алдыңғы оң жа-ғына Оңқа төңкеруге болмайтын жерлер: Төске, жүрек тұсына, емшекке және омыртқа үстіне. Оңқаға эфир майын қолдануға болмайды. Оңқа төңкеруге қажетті заттар: құрал – сайманға арналған астауша (лоток), 10-16 құрғақ таза оңқа, вазелин, 96 градустық спирт, білте, сіріңке, сүлгі, мақта. 
 
Оңқа төңкерудің тәртібі 
 
1. Астаушаны барлық қажет заттарымен сырқат төсегінің жанына қояды. 
2. Оңқа төңкергенде сырқат басын бір жағына қисайтып, қолдарымен жастықты құшақтап, етпетінен жатады.  
3. Үстіндегі киімін желкесінен асыра түріп тастайды.  
4. Егер сырқат денесі жүндес болса жұқарта қи-ып, жылы сумен жуады да, құрғатып сүртеді.  
5. Сырқаттың шашы ұзын болса, от тиіп кетпес үшін басын орамалмен байлап қояды. 
6. Денеге жұқалап вазелин жағады. 
7. Оралған білтені этил спиртіне малып, аздап сыққаннан кейін спиртті құ-тының аузын жауып, әрірек қояды. 
8. Білтені жағып, сол қолға 1-2 оңқаны ұстайды да, ішкі жағын жанып тұрған шырақпен тез қызды-рады. Сонан соң оңқаның жиегін денеге толық жанастыра тездетіп төңкереді. Оңқа ішіндегі сиреген ауа теріні өзіне сорғандықтан денеге тығыз жабысады. 
 
Естеріңізде болсын: От оңқаның шетін емес, ішіндегі ауаны қыздыруы керек. Егер шынының шетін қыздырса, сырқат адамның терісі күйіп қалады. Оңқаны 10-15 минутқа төңкеріп, сырқатты көрпе-мен қымтап жапқан пайдалы. 
9. Оңқаны босатып алар-да төңірегіндегі теріні сау-сақпен жайлап басады. Сонда саңылау пайда болады да оның ішіне крген ауа оңқаны теріден оп – оңай босатады. Осындай тәсілмен барлық оңқаны теріден бір – бірлеп ажыратып алады. 
10. Оңқа түгел алынған  
соң сырқат денесіндегі жа-ғылған вазелинді құрғақ мақ-тамен сүртіп, іш киімін кию- ге көмектеседі. Сосын 20-30 минуттай одеяломен жылыдай жауып, төсекке жатқы-зады. 
11. Оңқаларды тазартады, сүртіп астаушаға жинастырып салады, құрал – жабдық-тарды келесі емге дайындап қояды. Естеріңізде болсын: Сырқат денесін қызған оңқа жиегімен, жанып тұрған білтеден таматын спирт тамшысымен күйдіріп алмау үшін сақ бо-лыңыз!  
 
Қыша басу 
Қышаның шипасы эфирлі қыша майының 40-45 градус температурада теріге әсер етуінде. Негізінен, эфирлі қы- ша майы теріні тітіркендіреді, тіннің қан тамырларын кеңейтіп, соның нәтижесінде қыша қойған жерге қан жи- налады, емнің шипасы сыр-қаттың көңіл – күйін көтере- ді, ауруын жеңілдетеді. Қа- раңғы, құрғақ жерге сақтал-ған қыша қағазының әсері жақсы болады.  
 
Қышаны қолданатын сырқаттар 
 
Тыныс алу жолдары мен кеңірдектің ішкі кілегей қа-бығы қабынғанда, өкпеге салқын тигенде, стенокардияда. Мына жағдайда қышаны басуға болмайды: тері ау-руларында, қызу 38 градустан жоғары көтерілгенінде, ісік ауруларында, өкпеден қан кеткенінде, терінің сезімтал-дығы кенеттен төмендеген-де, жойылғанда. Қыша басу тәсілдері 
 
1. Қышаны қолдануға бо-лады ма, тексеріп алу қажет. 
2. Ыдысқа жылы су (40-45 градустағы) құяды. Ыстық суды қолданбайды. Себебі ыс- тық суда қыша майының қа-сиеті жоғалады.  
 
3. Сырқатты ыңғайлы жат-қызу қажет. 
4. Қыша қағазын жылы суға малады, одан алып теріге басады. 
5. Сырқаттың үстін жылы орамалмен немесе жамыл-ғымен жабады. 
6. 10-15 минуттан соң денедегі қышаны жайлап алып тастайды. 
7. Жылы суға малынған орамалмен қыша басылған жерді сүртіп, денедегі қыша түйіршіктерін кетіреді, сосын сырқаттың үстін тағы да жы-лы жабады. 
Ескерту: Қышаны денеде көп ұстауға болмайды. Олай жасаса, дененің қыша басылған терісі күйіп қалады. Қышаны басқа түрінде қолдану: Қыша ваннасы (жалпы және жергілікті), қы-ша компресі, қышаны дене- ге орап қою және т.б. тәсіл-дер. 
 
Қыздырғыш қою Қыздырғыш – кәдімгі резинадан жасалған қалта – қапшық (грелка). Қыздырғыш- ты адамның буыны сырқы- рағанында, шаншу қадалған-да, дене құрысқанда қояды. Оны дайындау тәсілі: Қыз-дырғышқа температурасы 40-43 градус ыстық су құяды, ішіндегі ауаны әлгі торсық-тың екі жағын басып сыртқа шығарады да аузын бұрандап, жауып тастайды. Оны сүлгіге немесе орамалға, шүберекке орап, ауырған жерге басады. Бұл кезде денені күйдіріп алудан сақ болған жөн. 
 
Компресс жасау 
Жылытқыш компресті сыр-қыраған, шаншып ауырған жерге қойса, суық компресті ісікті қайтаруға, тері, сіңір, сүйек соғылғанда, мұрыннан қан кеткенде, ми қабына қан мөлшерден артық кетіп, адамның басы ауырғанда пай- даланады. 
 
Спиртті жылытқыш компресс 
Дайындау тәсілі: Кішірек ыдысқа екі – үш шай қасықтай спирт немесе әтір құяды, оған соншалықты мөлшерде су қо-сып, араластырады. Сосын осы ерітіндіге екі – үш қабат дәкені малып алады, сыға-ды, мұнан соң оны дененің ауырған жеріне басады, үс-тіне полиэтиллен қағазды жабады, оның үстіне мақта салады, бинтпен орап тас-тайды. Бұл компресс дене- де 6-8 сағат тұруға тиіс. 
 
Суық компресс Дайындау тәсілі: Дәкені немесе жұқа шүберекті бірнеше қабат бүктейді, суық суға малып алады, аздап сығады. Оны жараланған, соғылған жерге басады. Соның әсері- нен әлгі жердің қызуы бә-сеңсиді, қан тамырларының өзегі жіңішкереді, қан айналымы азаяды. Бұл аймақтың жүйке жүйесінің ауырғаны қайтады, сезімталдығы бәсең-дейді, қабыну тежеледі. Осынау компресті жарты, бір сағат аралығында 2-3 минут сайын ауыстырып, қайталайды.  
 
Дәрілі суық компресс Дайындау тәсілі: Дәрі ретінде сірке суын пайдаланады. Оның бір ас қасығын бір стақан суға құяды, араластырады. Оған бірнеше қабат дәкені, шүберекті малып алып, ауырған жерге 40 минуттай қояды. Бұл комп- ресті көздің қабағы асқынып қабынғанда, дененің бір жерін соғып алғанда, қабыну процесі енді басталғанында қолданылады, сол кезде ол шипалы. 
 
Ыстық компресс Дайындау тәсілі: Оған 60-70 градустағы ыстық су қа- жет. Тек бұл ыстық суға ма-лынған шүберекті жақсылап тұрып сығады. Сосын оны денеге басып, үстінен клен-ка салады, мақтамен жаба- ды, мақтаның орнына жы-лытқыш(грелка) немесе жүн- нен тоқылған матаны да пай- далана береді. Шүберекті сыртынан таңбайды. Компрестің дәкесі (шүберегі) салқындай бастағанда қайтадан алмастырып отырады.  
 
Ыстық компрестің шипасы Бұл компрестің мынандай шипасы бар: денедегі, терідегі қан тамырларының өзегі кеңиді, қан айналымы жақсарады, тырысып қалған бұлшық ет, ішек – қарын тә- різді мүшелердің тартылып түйілуі басылады, ауру же-ңілдейді. Ыстық компрестің бұл шипасы тұрақты қабыну процесін тежеп, жүйке жүйе-сі қабынуының алдын алады. 
 
Ыстық компресс қойылатын сырқаттар Бұл компресті мынандай жағдайда қояды: адамның басы ауырып, сақинасы ұс-тағанында – басына; коллапс кезінде – аяқтарына; қолқа демікпесінде – кеу- деге; өт жолдары, ішек – қарын спастикалық жағдай-ға ұшырағанда – кіндіктің төңірегіне; бұлшық ет пен буын сырқырағанда – ауыр-ған жерлерге.  
 
Ыстық компресті қай кезде қолданбайды? 
Ыстық компресті мынандай жағдайлар мен сырқат кезінде пайдалануға болмайды: басқа қан құйылғанда, қуықтан зәр жүрмей қалғанда, адам есінен танып жатқанында. 
 
Жылытқыш компресс Дайындау тәсілдері: Дә- кені компресс қоятын жердің аумағындай етіп сегіз не он қабат етіп алады да жылы суға малады, сығады, сосын денедегі құрғақ шүберектің үстіне қояды, бетіне ені екі сантиметр компресс қағазын сала-ды, мақтамен жабады. Айналасын қымтап, дәкемен орайды. Орағанда қан тамырларының қысылып қалмауына, дененің қимылдауына кедергі келтірмеуіне назар аудару қажет.  
 
Компрессті денеде 8 сағат ұстайды. Осы уақыттан соң шүберек дымқыл болса, ком-престің дұрыс салынғаны. Ке- лесі жылытқыш компресті салу мерзімі 1 сағаттан кейін. Оны саларда теріні 45 градус жы-лылықтағы спиртпен сүртеді, құрғатады. Бұл компресті денеге жиі салмайды. Олай жасаса, дененің терісі қышиды, тері ауруына ұшырайды. Сол себепті жылытқыш компресті салу мерзімі күнара немесе 2 күннен кейін.  
 
Жылы судың орнына камфора майын, 45 пайызды спирт ерітіндісін, Вишневский майын, Буров сұйықтығын да пайдаланады. Ол өз қалауы-ңызда.

Информация о работе Аурулармен зақымданғандарды емдеу барысындағы жалпы күтмінің негіздері. Ауруларды күту кезіндегі санитарлық міндеттер. Ауру балаларды к