Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 09:18, реферат
Иммундық тапшылық – иммундық жауап механизімінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгерген иммундық статус. Иммундық тапшылықтар: тұқым қуалайтын (туа пайда болған), салдарлық (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Кейде біріншілікті (туа пайда болған) және екіншілікті (жүре пайда болған) деп бөледі. Сонымен бірге иммун жүйесінің өзі де жұқпамен зақымданады (ЖИТС, Т-жасушалық лейкемия).
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Екіншілікті иммунды тапшылық синдромы
2. Екіншілікті иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
3. Салдарлық (екіншілікті) иммундық тапшылықтың жіктелуі
4. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
5. Қатерлі ісік ауруларындағы иммундық тапшылықты жағдайлар
6. Зат алмасу бұзылысындағы иммунды тапшылықты жағдайлар
7. Көз ауруларындағы иммунды тапшылықтар
8. Хирургиялық операциялардан және жаркақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
9. Иммунитет бұзылыстарын емдеу
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ЖОСПАР
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Иммундық тапшылық – иммундық жауап механизімінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгерген иммундық статус. Иммундық тапшылықтар: тұқым қуалайтын (туа пайда болған), салдарлық (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Кейде біріншілікті (туа пайда болған) және екіншілікті (жүре пайда болған) деп бөледі. Сонымен бірге иммун жүйесінің өзі де жұқпамен зақымданады (ЖИТС, Т-жасушалық лейкемия).
Туа пайда болған иммундық тапшылықтар генетикалық ақаулықтың салдарынан организмнің иммундық жауабының бір саласындағы кемшілік. Бұл жағдай аутосомдық рециссивтік жолмен тұқым қуалайды, жаңа туған балаларда білінеді.
Салдарлық жүре пайда болатын иммундық тапшылықтар фенотип деңгейінде сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады. Туа пайда болған иммундық тапшылығы сияқты деңгейінде генетикалық байланысы бар. Салдарлық иммундық тапшылықтар өте жиі кездеседі.
Салдарлық
иммундық тапшылық алғашқыда иммунитет
жүйесі қалыпты жағдайда болған науқастарда
дамиды. Оларда Т- В- және фагоцитарлық
иммунитет звеноларының немесе олардың
қоса зақымдануынан санының азаюы,
функцияларының бұзылуы және лимфоциттердің,
фагоциттердің өзара қарым-
а) вирусты жұқпаларға байланысты (оның ішінде АИТВ);
б) бактериальды жұқпаларға байланысты;
в) қарапайымдыларға және құрттық жұқпаларға байланысты;
г) тамақтанудың бұзылуымен;
д) химиопрепараттар мен иммунитет тежеушілердің әсерімен;
е) ионды радиация және иммундық токсиндердің әсері (ксенобиотиктер);
ж) ұзақ стресс
з) зат алмасу патологиясы (қант диабеті, карбоксилаза жетімсіздігі, микроэлементтердің тапшылығы, гипербилирубинемия және басқалар).
Жиі ауыратын, еңбекке жарамсыздардың 40%-ының иммунитеті өзгерген. Респираторлы вирусты аурулардан бір жасқа дейінгі ауырған балалардың өлімі 30%-ға жетеді. Жастардың өлімі 5%, еңбек ететіндерде бұл көрсеткіш көтеріліп, тек қарт адамдарда қайтадан балалар өліміне теңеседі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I.бөлім. Екіншілікті иммунды тапшылық синдромы
Екінші ретті иммундефициттік синдромдардың бірінші ретті синдромдардан айырмашылығы - олар түрлі аурулар мен емнің кейбір түрлерінің салдары ретінде дамып,көбіне ересек адамдарда байқалады. Иммундық жүйенің екінші ретті жеткіліксіздігі, көбіне лейкоздың, қатерлі лимфоманың, тимоманың, вирустық инфекциялар мен саркодиоз сияқты аурулардың салдары. Бұл аурулармен сырқаттанңанда В-лимфоциттер мен Т-лимфоциттердің популяцияларында (мүмкін, олардың ізашарларында да) ақау қалыптасып, гуморальдық және клеткалық иммунитеттің жеткіліксіздігіне себеп болады.
Иммундық жүйенің екінші ретті жеткіліксіздігіне себеп болатын емдік тәсілдердің ең қауіпті түрлері мыналар: сәулемен емдеу, иммунодепрессанттарды, антилимфоциттік сарысуды қолдану, тимэктомия, көкіректегі лимфалық жүйені дренаждау (түтік жүргізу) және с.с.
Емнен дамыған иммундық жүйе жеткіліксіздігінің қайсысы болса да, терепия патологиясы деп бағамдалуға тиісті. Бірінші реттегідей, екінші ретті иммунодефициттік синдромдарда, іріңді инфекциялар мен сепсис жиі байқалып, туберкулездік процесс те жиі асқынады.
II.бөлім. Екіншілікті иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
Пайда болу уақыты:
Этиологиялары:
Иммундық жүйенің
функциясы төмен болатын
ЕИТ түрлері:
Салдарлық иммунитет тапшылығы төрт түрлі синдромдармен көрінеді: жұқпалық, аллергиялық, аутоиммунды және иммунопролиферативтік аурулар.
III.бөлім. Салдарлық (екіншілікті) иммундық тапшылықтың жіктелуі
Токсикалық, аутоиммундық, жұқпалық, радиациялық варианттары бар. Барлық лейкоциттердің саны аз, сүйек миы бос (жасушалар жоқ), колониеқұрылу тежелген. Клиникасы - ауыр жұқпалар, сепсис. Аллоиммундық трансплантациялық вариант.
Белгілері: лимфоцитопения (Т- және В-лимфоцитопения), лимфоциттердің саны қалыптан 15% және оданда көп азайған («лимфоциттердің тапшылық синдромы»).
Варианттары: антилимфоцитарлық антиденелермен жүретін аутоиммундық варианты; лимфоциттердің экзогендік факторлармен лимфоцитолиздік ыдырауының салдарынан.
Вирусты лимфоцитопения. Лимфа түйіндерінің бадамша және басқа лимфоидты құрылыстарын гипоплазиясы болуы мүмкін.
Клиникасы: жазылмайтын шектелген қайталанатын немесе жайылымды бактериальды және вирусты жұқпалар, кейде спленомегалия байқалады..
Белгілері: Т- және В- лимфоциттерінің, Т- хелпердің, иммуноглобулиндердің әртүрлі класының және субкласының қосынды тапшылығы.
Клиникасы: қызба, әр жерге орналасқан қайталанатын іріңді қабыну процестері.
Белгілері: Қанда әртүрлі спецификалық антиденелер бар - аутоантигендерге, басқадай антигендерге қарсы деңгейі жоғарылаған антиденелер; лимфа түйіндерінің фолликулаларының гипоплазиясы; гамма-глобулиндердің, IgG және басқа иммуноглобулиндердің көбеюі; Т-супрессорлар деңгейінің төмендеуі және Т-лимфоциттерін қалыпқа жақын көбеюі.
Клиникасы: жұқпалық, аутоиммундық және аллергиялық процестер.
Варианттары:
а) қандағы лимфоциттер қалыпты;
б) Т-лимфопения;
Клиникасы: ұзақ субфебрилитет, вегатативтік дисфункция (дистония, кардиалгия және б.)
Созылмалы тонзиллит, аденоидиттер; лейкоциттердің және цитокиндердің санды, функциональды дисфункциясы
Созылмалы тонзиллитке байланысты (бездері алынса да) тыныс алу жолдарының рецидивті қабыну аурулары. Т-лимфоциттердің шамалы азаюы, олардың субпопуляцияларының дисбалансы, дисиммуноглобулинемия, мұрын, жұтқыншақ және тыныс алу жолдарының рецидивті жұқпалары; бадамша бездің және лимфоидтық тіндердің гиперплазиясы болуы мүмкін.
Т-бағынышсыз антигендерге антиденелер өнімдері (стрептококке және т.б.) азайған, Т-клеткалық лимфопения болуы мүмкін, жұқпаларға бейімділігі жоғары.
Тимомегалиямен, бүйрекүсті бездерінің және лимфоциттердің функциялық белсенділігі жеткіліксіз.
Клиникасы: адинамия, терісі ақ мәрмәрдей, тыныштықта ентігу, микролимфаденопатия, гипо-және гиперсимпатикотония, балалардың кенеттен өлу синдромы.
Белгілері: иммунды комплекстердің қандағы деңгейі жоғары және олардың тінге шөгуі көп, фагоциттердің белсенділігі төмендеген, лимфоциттердің Fc-рецепторларының белсенділігі басылған; инфекциялық, аллергиялық, аутоиммунды аурулардан васкулиттердің дамуы; гепатоспленомегалия мен телеангиоэктазиялар.
1. Микроэлементтер тапшылықтары.
С витаминінің тапшылығынан фагоциттердің функциялары бұзылады. Бұған басқа витаминдердің тапшылығы да иммунитетке әсер етеді