Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 09:18, реферат
Иммундық тапшылық – иммундық жауап механизімінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгерген иммундық статус. Иммундық тапшылықтар: тұқым қуалайтын (туа пайда болған), салдарлық (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Кейде біріншілікті (туа пайда болған) және екіншілікті (жүре пайда болған) деп бөледі. Сонымен бірге иммун жүйесінің өзі де жұқпамен зақымданады (ЖИТС, Т-жасушалық лейкемия).
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Екіншілікті иммунды тапшылық синдромы
2. Екіншілікті иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
3. Салдарлық (екіншілікті) иммундық тапшылықтың жіктелуі
4. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
5. Қатерлі ісік ауруларындағы иммундық тапшылықты жағдайлар
6. Зат алмасу бұзылысындағы иммунды тапшылықты жағдайлар
7. Көз ауруларындағы иммунды тапшылықтар
8. Хирургиялық операциялардан және жаркақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
9. Иммунитет бұзылыстарын емдеу
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2. Т-жасушалық иммундық
Лимфоидты тіндері атрофияға шалдыққан, лимфа түйіндерінің паракортикальдық зоналарындағы жасушалары жоқ. Т-лимфоциттердің саны қалыпты мөлшерден (аурудың жасына қарай) 15 пайызға және одан да көп азаяды. Аурудың ремиссиясы кезінде қайталап тексергеннен кейін диагноз бекітіледі. Варианттары: анти-Т - жасушалық антиденелі аутоиммунды процесс; стресс; улану (дәрімен т.б.); вирусты; зат алмасуының бұзылуы; саркоидоз, лимфогрануломатоз, Т-лейкоз және басқадай аурулар.
Клиникасы: бактериальды жұқпалармен қосылған созылмалы рецидивті вирусты аурулар.
Т-хелперлердің Т-супрессорлармен салыстырма қатынасы 1,4-тен аз (неғұрлым көп азайса, соншалық иммунитет тапшылығы ауыр). Диагноз сол өзгерістерді ремиссия кезіндегі тексерумен анықтағанда қойылады.
Клиникасы: әртүрлі органдарда орналасқан полиморфты қайталамалы жұқпалар.
Белгісіз түзілу кемістігі:
а) интерлейкин-2-нің;
б)ИЛ-2-нің рецепторының;
в) ФПМЛ;
г) a-интерферонының;
д) лимфокиннің және басқалардың.
Бұлар бірнеше рет қайталап тексергенде белгілі болады. Лимфокин құратын белсенділікті бір Т-клетка өніміне есептеген жөн.
3. В- жасушалық тапшылықтар.
Белгілері: лимфа түйіндері атрофияға шалдыққан, лимфоидты фолликулалардың гипоплазиясы мен қан сарысуындағы гаммаглобулиндер мөлшері азайған, табиғи және иммунды антиденелер деңгейі төмендеген, қандағы және басқа биологиялық сұйықтардағы (сілекей, басқадай) IgG, IgM, IgA иммуноглобулиндердің деңгейі азайған. Т-лимфоциттердің деңгейі және белсенділігі қалыпты немесе шамалы төмендеген.
Клиникасы: тыныс алу жолының, өкпенің, басқадай органдардың бактериальды қайталамалы жұқпалары (сепсис) жиі кездеседі.
Иммуноглобулиндердің арасында өзгерістер байқалады; біреулері төмендейді, ал басқалары қалыпты немесе көбеюі мүмкін.
Клиникасы: жұқпалар қайталануы.
Белгілері: белгілі бір жұқпаның қоздырушыларына антиденелер жоқ болады. (Мысалы, стрептококке, балалардың гемофильді таяқшасына). Жұқпалар қайталанумен жүреді.
Сілекейде, трахеобронхиальдық, ішек және басқадай секреттерде IgA жоқ (не өте аз).
Клиникасы: созылмалы бронхит, парадонтоз. Созылмалы тонзиллит, отиттер және басқалар.
IgG1, G2 (балаларда) және G3 (кейде) тапшылығы IgA тапшылығымен қосылып келеді.
Клиникасы: бактериальды жұқпалар. Бұлар ілкі иммунитет тапшылығына ұқсас.
4. Табиғи киллерлердің тапшылығы.
Табиғи киллерлердің азаюымен анықталады.
5. Макрофагтардың және гранулоциттердің тапшылығы.
Белгілері: моноцитоз болуы мүмкін, биологиялық сұйықтарда ИЛ-1 көбейген, қызба синдромы; артриттер және әртүрлі мүшелерге орналасқан қабынулар.
Агранулоцитоз және нейтрофилопения. Нейтрофилдер қанда өте аз болады.
Варианттары: аутоиммунды, аллергиялы, токсикалы инфекциялық процестер.
Клиникасы: іріңді-сепсисті аурулар, шырышты қабықтың жалқақтануы.
Белгілері: қанда, тінде, секреттерде эозинофильдердің көбеюі. Клиникасы: аллергиялы, аутоиммунды, паразитарлы аурулар.
Белгілері: рецепторы мен адгезия молекулалары бар нейтрофильдердің жоғалуы немесе азаюы. Нейтрофильдердің клеткаларға және мүше үстіне жабысуының төмендеуі.
Клиникасы: іріңді-сепсистік аурулар.
Белгілері: олардың кенеттен және демеушінің әсерінен қозғалуының азаюы. Клиникасы: бактериалық іріңді-сепсистік процестер.
Белгілері: НСТ тесттің қалыпты және белсендірілген көрсеткіштерінің төмендеуі, миелопероксидаза және басқа ферменттердің белсенділігінің төмендеуі.
Клиникасы: миелоздағы салдарлық иммундық тапшылық.
Клиникасы: тері және басқа органдардың қайталанулы процестері.
6. Комплемент жүйесінің тапшылығы.
Белгілері: қан комплементтерінің гемолиздік белсенділігінің төмендеуі, иммундық комплекстердің шамадан тыс көбеюі; аутоиммундық, аллергиялық және жұқпалы процестер дамиды.
7. Тромбоциттер жүйесінің
Антитромбоциттік антиденелермен жүретін (аутоиммундық, аллергиялық, жұқпалық) процестер. Тромбоциттердің функциялары мен адгезиясының бұзылуы.
Клиникасы: тромбоцитопениялық пурпура. Салдарлық иммундық тапшылықтың ағымы қалыпты жағдайда жеделдеу, қайталанумен, ремиссиямен жүреді. Кортикостероидтермен (үлкен дозамен), иммуносупрессорлық препараттармен емдегенде жедел екіншілік иммунитет тапшылығы дамуы мүмкін. Жедел иммунитет тапшылығы тез арада жеделдеу, созылмалы түріне ауысады.
Арнайы звеноның иммундық тапшылығы:
Гипогаммаглобулинемия а) селективті жасушалар;
б) транзиторлы;
Бейспецификалық иммунитет тапшылығы
IV.бөлім. Жұқпалы
аурулардағы иммундық
Иммундық тапшылықтардың ішінде АИТВ (ВИЧ) – жұқпасының маңызы зор. Адам иммунитет тапшылық вирусы иммун жүйесін зақымдап салдарлық иммунитет тапшылығын дамытады. Соның салдарынан сау кісіге патогендік әсері жоқ микроорганизмдер жұқпалық және басқадай патологиялық жағдайларды дамытады.
Аурудың қоздырушысы – Т-лимфотропты вирусы (HTLV-III), адам ретровирусы. Ретровирустар екі онко-және ленти (баяу) вирустардан тұрады. АИТВ-та ерекше фермент кері транскриптаза (ревертаза) бар. Фермент вирустың РНҚ-дан ДНҚ-ға дейінгі генетикалық информациясының транскрипциясын жүргізеді, әрі қарай классикалық жолмен РНҚ-дан белоктарға беріледі. Вирустың өте тез өзгеретін қабілеті бар: 1 ген 1000 мутация береді. Мысалы, бұл грипп вирусымен салыстырғанда 30 млн. есе көп. АИТВ-тың 7 реттеуші геномдары - вирустың белсенділігін және оның жұқпалылығын қамтамасыз ететін вирус капшығының белогын, ревертазаны, белоктардың құрылуын реттейді.
АИТВ-1 вирусы Солтүстік Америкада, Батыс Европада, Орталық Африкада, ал АИТВ-2 Африканың батысында, Португалияда, Францияда, Германияда кездеседі.
АИТВ-тың лимфоидты тіндерге, оның ішінде СД4 рецепторы бар Т-жасушаларға тропизмі бар. Тропизм вирион мембранасындағы гликопротеидтың СД4 рецепторына аффиндігіне байланысты. Вирус жасуша ішіне кіріп, кейде жылдар бойы латентті түрде сақталады. Организмге түскен басқадай екіншілік жұқпа вирусы бар Т-клеткаларды белсендіреді. Осы уақыттан бастап АИТВ белсеніп, вирустарды көптеп синтездейді, Т-хелперлер өледі. Адам организміне түскен вирустың ауру дамыған сайын (латентті жұқпа манифестік түрге көшкенде) вируленттілігі күшейе береді.
АИТВ - сыртқы ортаға төзімсіз. Қыздырғанда, 56°С-де 30 минөтте белсенділігін жояды. Вирус қайнатқанда (1-3 мин), дезинфекцияға қолданылатын белгілі ертінділердің әсерімен тез өледі. Сонымен бірге вирус ультракүлгін сәуленің және ионды радиацияның әсеріне өте төзімді.
Мұздатылған вирус қанда жылдар бойы, шәуетте бірнеше ай тірі сақталады.
Қандай инфекция болмасын иммундық жүйенің жұмысын бұзады. Олардың ішінде иммундық жүйеге өте әсер ететін вирустар. Қызылша, грипп, қызамық, паротит, гепатиттердің жедел кезінде Т-лимфоциттердің белсенділігі төмендейді, баяу жүретін аллергиялық реакциялары теріс, митогенге бласттрансформация жауабы басылған, қызылша мен гриппте нейтрофилдердің функциялары бұзылады.