Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат

Описание работы

Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.

Файлы: 1 файл

1. Емдеу -са-тандыру мекемелеріні- т-рлері ж-не онда-ы медицина .doc

— 2.62 Мб (Скачать файл)

  Тұтас (генеральный) жинау ерекшеліктері

Емдеу бөлімшесінің палаталары кең, жарық, көп дегенде 6 адамға есептелген болуы керек.

Қабырға майлы бояумен боялып, еденге линолеум төселінеді, палаталар ең қажетті жабдықтармен (төсек, үстел, тумба, орындықтармен) жабдықталады. Төсектер ыңғайлы болуы тиіс. Ауруханалық жиһаздардың беті жұмсақ, жеңіл жуылатын болу керек.

1-2 адамдық палаталарға бірінші кезекте ауыр науқасты емделушілер жатқызылады.

25-30 емделушіге бекітілген мейірбикелік бекет болады.

Бекет орнында дәрі-дәрмек құралдарына арналған шкаф, үстел, орындық, күту жабдықтарына арналған шкаф, тез бүлінетін дәрі-дәрмек құралдарына арналған мұздатқыш, дәрі-дәрмек құралдары тарататын жылжымалы үстелше, әртүрлі манипуляциялар дайындайтын үстелше, шүмекті раковина болу керек. Мейірбикелер бекетінен барлық палаталар көрініп тұруы қажет. Бекет орны ауыр науқасты емделушілермен байланысты болу керек. Бекетте барлық ауруханалық бөлімшелердің телефон тізімінің болғаны дұрыс.

 Мейірбикенің  функционалдық міндеттері:

  • Науқастың күш-қуатын сақтауға және орнына келтіруге мүмкіндік туғызатын, ауру азабын жеңілдететін барлық шараларды жүргізу.
  • Науқастардың барлық ағзаларының қызметтерін бақылау, аурудың әртүрлі себеп-салдарын немесе асқынуын болдырмау.
  • Науқасқа ілтипатпен қарау.
  • Мейірбике жұмысына өте жауапты, өз ісін жақсы көріп, науқасқа зор ықыласпен карау керек.
  • Науқастың жағдайын дәрігерге хабарлап, әрі қарай қалай оларды күту және емдеу туралы нұсқауларын алады. Науқастың дәрігер тағайындаған ем парақтағы және ауру тарихындағы дәрі-дәрмектерді өз уақытында жүргізілуін және оны күн сайын қадағалап отыру керек.
  • Науқасты интраскопиялық және лабораториялық зерттеулерге әзірлеу, жауапты палатаның, кереуеттің жанындағы тумбочканың, шомылатын бөлмелердің, дәретхананың тазалығын бақылауға алу, науқастың күн тәртібін бұзбауын қадағалау.
  • Тоңазытқыштағы сырқаттардың тамақтарының сақталу тәртібін, туыстарының әкелген тамақтарының диетаға сәйкестігін және оның сапасын тексеру.
  • Уақытында талап қағазын жазып, диета құрастыратын мейірбикеге тапсыруға, науқастың «ауру тарихын» өз уақытында толтыруға, анализдердің, зерттеу қорытындылардың, қызу қағазын дер кезінде тіркеуге міндетті.
  • Жаңадан түскен науқастарды аурухана тәртібімен таныстыру.
  • Кезекшілікті тапсырғанда, кезекшілікті қабылдаған мейірбике палатадағы науқастардың әрқайсысына берген дәрігердің тағайындағандарының бәрін айтып тапсыруға және ауруханадан шығатын науқастар туралы мәлімдеме беруге міндетті.
  • Кіші медицина қызметкерлеріне басшылық етуге, науқастардың ортасында үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуге, жұмыс барысын жақсарту үшін әртүрлі тиімді жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдануға, мамандық туралы әдебиеттерді оқуға, өзінің кәсіптік мамандығын және еңбек өнімділігін жоғарылатуға әрдайым жұмыс істеуге міндетті.

 

Мейірбикенің жауапкершілік міндеттері:

  • Дәрігердің тағайындағандарын уақытында және сапалы орындауға.
  • Наркотикалық және басқа да дәрі-дәрмек заттарды дұрыс сақтап қолдануға.
  • Медициналық инвентарьлар мен палатадағы шаруашылық жабдықтарды сақтауға.
  • Науқастардың санитарлық жағдайлары мен емдеу және қорғау тәртібін бұзбауына.
  • Уақытында гигиеналық ванна қабылдап, төсек-орнын ауыстыруға міндетті.

 Мейірбикенің жұмыс орны: Оның қарамағындағы палаталардан қашық болмауы керек, мейірбике орнында оның қажетті заттарымен, медициналық аспаптармен, дәрі-дәрмектерге арналған шкаф, ауру тарихын сақтауға арналған жабылатын жәшіктері бар үстел, телефон, үстел үсті шамы, компьютер мен тағы да басқа қажетті заттармен қамтамасыз етілуі қажет. Арнайы дәрі-дәрмектерге арналған шыны шкафтар   болуы керек.

 Мейірбикенің сыртқы келбеті:

  • Үстіне үтіктелген таза ақ халат, қалпақ кию;
  • Аяқ киімнің биік болмауы, былғарлы аяқ киім кию;
  • Саусақ тырнақтары қысқа, бояу болмауы керек;
  • Науқастарға дауыс көтермей сөйлеу;
  • Медициналық этиканы сақтауы тиіс;

Стерилизация (залалсыздандыру) - бұл физикалық факторлармен және химиялық заттармен микроорганизмдерді және олардың спораларын жою.

Жарақаттармен жанасатын, қан немесе инъекциялық препараттармен қатынаста болатын, қолдану кезінде кілегей қабықтармен жанасатын, олардың жарақаттануына алып келуі мүмкін болған медициналық саймандарды залалсыздандыру қажет.

Залалсыздандырудың мақсаты асептика ережелерін сақтау

Залалсыздандыру екі түрге бөлінеді:

1. Физикалық: қайнату, ылғалды бу, ыстық  ауа, гамма сәулесі.

2. Химиялық: газбен ,салқын әдіспен.

Қазіргі уақытта ЕПҰ- да залалсыздандырудың бірнеше түрі қолданылады.

Ауамен залалсыздандыру (ыстық, құрғақ ауамен), автоклавтау (ыстық будың қысымымен), химиялық залалсыздандыру (түрлі химиялық заттарды қолдану), газды залалсыздандыру (гамма сәулесімен жүргізілетін залалсыздандыру).

Залалсыздандырудың ең көп тараған түрі автоклавтау.

Автоклавтау туралы түсінік

Автоклавтау булы стерилизаторлармен жүзеге асады. Булы стерилизаторларда жоғары температура (138˚С ке дейін) және жоғары қысым (2,5 атм дейін) орнатылады.

ЕПҰ-да стерилизацияның 2 режимі ұсынылады.

1 режим – температура 132˚С, қысым – 2 атм, уақыты-20 минут.

Бірінші (негізгі) режим бөз дәкеден жасалынған таңу материалдарын, киімдерін, жаймаларды және коррозияға төзімді металдан, шыныдан жасалған саймандарды залалсыздандыруға арналады.

2-режим – температура 120˚С, қысым 1,1 атм, уақыты 45 минут.

Екінші режим (сақтаушы) резина, латекстен (хирургиялық қолғаптар т.б.), полимердің кейбір түрлерінен жасаған саймандарды залалсыздандыруға ұсынылады. Жоғары қысымды бумен залалсыздандырылатын саймандарды алдын ала арнайы бикс немесе контейнерлерге орналастырады немесе арнайы крафт-пакетке немесе бөз матаға оралады.Залалсыздандырудың бұл түріне тиімділік, сенімділік тән. Залалсыздандырудың сенімді нәтижесін алу үшін материалдарды бикске өзара бос орналастырып, залалсыздандыру уақытын нақты ұстау керек.

Залалсыздандырудың шарттары:

Залалсыздандыру филтрлі, филтрсіз қорапшада, бөз матада немесе дымқылдықты өткізбейтін қағаздан жасалған  қорапшада, Е маркалы автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған қағаз қорапшада өткізіледі. Бикске салудың универсалды, мақсатты, түрлі (видовая) түрлері бар:

  • Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта шариктер.т.б.
  • Мақсатты үлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар салынады.
  • Түрлі кезінде бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады.

Медициналық саймандарды мен операциялық жаймаларды дайындау және бикске орналастыру

  • Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз;
  • Бикстің ақаусыздығын тексереміз;
  • Бикстің ішін 2 рет сүртеміз;
  • Бикстің ішіне жайма төсейміз:
  • Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;
  • Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б
  • Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз;
  • Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;
  • Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз:
  • Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;
  • Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз;
  • Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз;
  • Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек;
  • Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;

 

 

Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру

Металл және шыны саймандарда ұсынылады. Стерилизация камерасында жұмысшы 180˚С температура, уақыты – 60 минут

Дайындау қажет:

Крафт пакетке салынған және ашық эмаль астаушаға салынған шприц және инелер, хирургиялық саймандар: пинцет, зажим, корнцанг т.б., тиомочевина салынған флакон.

Алгоритм іс-әрекеттері:

1. Крафт-пакеттерді ашық эмальды  астаушаға салынған шприц пен инелерді хирургиялық саймандарды арнайы ыстық-құрғақ ауа шкафқа жайғастырылады.

2. Шкафтың қызуын өлшеу үшін тиомочевинасы бар флакон салады.

3. Стерильдеу 180˚С –та 1 сағат жүргізіледі.

4. 1 сағат уақыт өткеннен соң  шкафты ашып, тиомочевина тексеріледі, егер  тиомочевинаның ұнтағы сары  қоңыр теске кірсе, онда шкафтың  ішіндегі ауаның   қызуы жеткілікті  екенін білдіреді.

5.Медициналық құрал-саймандар стерильді  деп саналады.

   Есте сақтау. А/ крафт пакеттегі медициналық құрал - саймандардың стерильдігі 3 тәулікке дейін сақталады.

Б/ ашық эмальды астаушадағы медициналық құрал-саймандар тез     арада қолданылуы керек.

В/ бұл шкафқа жұмсақ бөз орамын салуға болмайды.  

Ауалы стерилизаторларда (құрғақ ауалы шкафтарда) жұмыс істеу тәртібі

1. саймандар суық стерилизаторға  орналастырылады;

2. қыздыру;

3. стерилизация (180˚С – 60 минут);

4. суыту 40-50˚С –ке дейін;

5. босатып алу.

Химиялық заттармен залалсыздандыру

Сүтегінің асқын тотығы – залалсыздандыру үшін 6% ерітінді қолданылады – экспозиция 180 минут, температура 50˚С, полимер, резина, шыны және коррозияға төзімді металдарды толық батыру – экпозиция 360 минут, температура 18˚С болу қажет. Осы уақыттан кейін саймандар 2 рет залалсызданған сумен шайылып, залалсызданған контейнерге орналастырып, қақпағы жабылады (залалсыздану мерзімі – 3 тәулік) немесе қолдану үшін залалды аспаптарды үстел үстіне жайып қойылады.

«Дезоксон-1» - түссіз, сірке қышқылына ұқсас иісті, суда, спиртте жақсы ериді.

Залалсыздандыру үшін 1% жұмысшы ерітінді қолданылады (препараттың 200 мл – 800 мл сумен араластырылады) – экспозиция 45 минут температура 180˚С, ерітінді 1 тәулікке жарамды, тек 1 рет қолданылады.

Залалсызданған саймандар залалсыз сумен 3 рет шайылады, сосын залалсызданған стерилизациялық қорапшаға залалсыз жайма үстіне орналастырылады. 3 тәулікке дейін сақтауға болады.

Залалсызданғандықты бақылау

Бактериологиялық, техникалық, термиялық әдістер арқылы жүргізіледі.

Бактериологиялық әдістер - өте анық, бірақ орындау үшін уақытты талап етеді. Стерилизатор жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Техникалық әдістер – камераларға термометр, жұмысты бақылау манометрлерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Термиялық әдістер – күнделікті жүргізіледі. Ол кейбір ұнтақ түрінде заттардың белгілі температура әсерінен түсін өзгерту және еру қасиетіне негізделген. Бақылау үшін температуралы қысымды уақытқа анықтау саймандары, химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар, биотесттер қолданылады.

Келесі заттар қолданылады:

  • мочевина (132˚С);
  • тиомочевина (180˚С);
  • янтар қышқылы (180-192˚С)

Залалсыздандыру өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігі

  • Аппараттың техникалық паспорты болу керек.
  • Аппаратпен жұмыс істеу үшін 18 жастан асқан, медициналық білімі, куәлігі бар адам жұмысұа жіберіледі.
  • Аппараттарды қолданған кезде көрсеткіштері О ге түспей ашуға болмайды.
  • Аппараттар тұрған бөлме жақсы желдетілуі керек.
  • Еденге қара резинадан немесе ағаштан жасалған дорожка болу керек (ток тартпау үшін және аяқ тайып кетпеу үшін)
  • Аппараттардың сымдары, вилкасы, точкасы ашық болмауы керек, ал  шнурлары жалғанбаған болуы қажет.
  • Арнайы аппараттардың монометрі дұрыс жұмыс жасайтын болуы шарт.
  • Аптасына бір рет қорытынды жуу жасалу керек.
  • Аппараттар тұрған бөлмеге бөгде адамдардың кіруіне болмайды.

Орталықтандырылған залалсыздандыру  бөлімшесінде жұмыс  істеу

ОЗБ – орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесі қазіргі кезде барлық емдеу мекемелерінде ұйымдастырылған.

Мақсаты:

  1. Медициналық құралдарды алдын ала тазарту, залалсыздандыру
  2. Залалсыздандыру:

 а) медицина құралдарын;

      б) киімдерді төсек жапқыштар мен таңу матералдарын 

      в) хирургиялық биялай мен резеңкелі өнімдерді.

ОЗБ-нің құрылысы:

  1. Залалсызданбаған блок;
  2. Залалсызданған блок;

      Залалсызданбаған блокта құралдарды, залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға арналған материалды және бу стерилизаторларын, құрғақ ауа шкафтарын дайындау жүргізіледі.

      Залалсызданған блокқа залалсызданған матералды түсіреді. Залалсыздандыруға қанмен, жарамен және зарарланған заттармен қатынаста болған барлық құралдар мен өнімдер жатады. Қолдану барысында кілегей қабықтарға тиетін және оларға жарақат әкелетін құралдар да (катетер, зонд) залалсыздандырылады.

Информация о работе Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы