Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Қолғаптарды суықтай зарарсыздандыруға да болады: ол үшін оларды 2% Б-хлорамин ерітіндісіне 15-20 минут немесе 0,21% сулема ерітіндісіне 1-1ұ сағатқа салып қояды да, содан кейін хлорид натрийдың изотоникалық ертінтісімен жуып. құрғатады, тальк ұнтағын сеуіп, зарарсызданған бикстерде сақтайды.
Қан тамырлары арқылы (парентеральды жолмен) енгізілетін ерітінділерді зарарсыздандыруды автоклавтау арқылы іске асырады. Ерітінділер сақталатын ыдыс ішінде зарарсыздандырылады. Ерітінділер құйылған шөлмектер мен шынылардың аузын ашық күйінше, ал олардың тығындарын қасына жеке қойып автоклавтың ішіне орналастырады да, 2 атм (19,6 кПа) қысымда 30 минут ұстайды. Аутоклавтаудан кейін шынылардың аузын тығындайды да, целлофанмен қосымша жауып, жіппен байлайды.
Қайнату арқылы зарарсыздандырғанда ерітінді ыдыстарын 30 минут қайнатқан соң, 6 сағаттан кейін 30 минут тағы қайнатады да аузын жабады, зарарсызданған ерітінділердің сақталу мерзімі екі тәулік.
Қолды зарарсыздандыру. Қолды зарарсыздандырудың көптеген әдістері бар. Ол үшін құмырсқа қышқылын, раккаланы, церигелді және басқадарды пайдаланады. Ең соңғы әдістерінің біріне ультрадыбыспен зарарсыздандыру жатады.
Қолды зарарсыздандырудың теріге әсер етпейтін, ең сенімді, әрі қарапайым классикалық тәсілдеріне тоқтала кетейік.
Спасокукоцкий –Кочергин тәсілі. Ластанған қолда (алақан мен білекті (ағып тұрған жылы судың астына сабындап тазалап жуады. Егер қол таңба таза болса, алдын ала жуудың қажеті жоқ, эмалданған екі шараға құйылған жылы аммиак ерітіндісіне (мұсәтір спиртіне) алма кезек жуу арқылы іске асырады. Ол үшін әр-шараға 2 литр қайнаған су құйып, оған 10 мл аммиактан қосады. Қолды зарарсыздандыралған дәкеден жасалған шаршылармен жуады. Алақанды ысқылап жуумен қатар, көп уақыт ерітіндінің ішіне батырып тұрған дұрыс. Бірінші шарадағы ерітіндіде негізінен білекті, тырнақ көбелерін, алақанды мұқият ысқылап жуса, екіншісінде –саусақтар мен білек буынына дейінгі аралықты жуады. Әр ыдыста қолды 3 минут жуған дұрыс. Содан кейін қолды зарарсызданған орамалмен немесе шаршымен ұқыптап тұрып сүртеді. Құрғатылған қолды (саусақтары мен білек буынына дейінгі аралықты) 2ұ минуттен 96% этил спиртімен екі мәрте мұқият сүртеді.
Жоғарыдағы тәсіл қолдың терісіне зиянын тигізбейтін сенімді, кез келген жағдайда пайдалануға қолайлы тәсіл болып саналады.
Фюрбрингер тәсілі. Қолды қылдан жасалған екі шөткемен бірінен соң бірін ауыстырып ағып тұрған жылы судың астында 10 минуттей сабындап жуады. Содан соң қолды зарарсызданған шаршымен құрғатып, 70% этил спиртімен, сынап дихлоридының (сулема) 1:1000-ға дейін сұйытылған ерітіндісімен 3 мин сүртеді. Тырнақ көбелеріне йодтың спирт ерітіндісін жағады.
Жедлел жағдайда қолды тездетіп өңдеудің тәсілі. Қолды ағып тұрған судың астында сабындап жуып, таза орамалмен сүртіп құрғатады. Содан кейін кішкене мақтаға немесе дәкеге 5-7 мл теріні жұмсартатын немесе дезинфекциялайтын ерітіндіден қйып, алақанды, саусақтарды 1-2 минут мұқият сүртіп тазалайды.
Қолдың терісін жұмсартып тазалау үшін этил спиртін, 5% танин ерітіндісін пайдаланса, дезинфекциялау үшін 5% фенол ерітіндісін (карбол қышқылы), сұйытылған ертіндісін, диоцид ерітіндісін (1:5000), 0,5% хлорамин ертіндісін пайдаланады. Егер зарарсызданған қолғаптар болса, оларды тазаланбаған қолға киюге болады. Көмек көрсетіп жатқан кезде қол былғанып қалатын болса, қайтадан дезинфекциялайтын ерітінділермен жуып тазалап отыру керек.
Хирургиялық құрал-саймандарды өңдеу және залалсыздандыру
Хирургиялық құрал-саймандар инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс. Микроорганизмдерді жою дезинфекциядан, тазалаудан және залалсыздандырудан тұрады.
Іріңді операциялар мен таңулардан кейін, сонымен қатар соңғы 5 жыл ішінде гепатитпен ауырған науқастарға жасалған, қолданылған құрал-саймандарды басқалардан бөлек өңдейді. Дезинфекция мен өңдеудің барлық процедураларын медицина қызметкері міндетті түрде жеткілікті қалыңдықтағы латекстен жасалған қолғаптар мен халатта, маскада, су өтпейтін алжапқышпен өткізеді. Өткір заттардан абай болып жұмыс істеу қажет.
Қолданған құрал-саймандар, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдыста жуылып, басқа дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдысқа құрал-саймандар толығымен батырылады. Экспозия уақыты қолданылған дезинфекциялық ерітіндіге байланысты.
Залалсыздануды өткізгеннен кейін құрал-саймандар ағынды сумен жуылады. Тазалау құрал-саймандарды жуатын арнайы ерітіндіге (оның құрамына жуғыш зат, сутектің асқын тотығы және су кіреді) батырып қою арқылы жүргізіледі. Экспозиция уақыты 40-45º температурада 15-20 минут. Бұдан кейін құрал-саймандар осы ерітіндіде щеткамен жуылып, ағынды немесе тазаланған суда шайылады.
Кептіруді табиғи жағдайда жаялықта немесе құрғақ бу шкафында 80º температурада 30 минут өткізеді.
Металдан жасалған кеспейтін хирургиялық инструменттер құрғақ бу шкафында немесе автоклавта залалсыздандырылады. Бір рет қолданылатын инструменттер сәулелік әдіспен залалсыздандырылады. Кесетін инструменттерді залалсыздаудың негізгі әдісіне химиялық антисептикалық ерітінділерді қолдану жатады. Кейде құрғақ бу шкафында да залалсыздауға болады. Олар үшін ең тиімді әдіс газбен немесе сәулемен залалсыздау. Резеңкелі медициналық заттарды (катетрлер, зондтар, дренаждар, қолғаптар) залалсыздау автоклавтау әдісімен 1 атм қысымда 30 минут бойы жүргізіледі.
Соңғы уақытта медицина тәжірибесінде зауыттық сәулелендіруден өткен медициналық және пластмасты бір реттік резеңкелі заттар көп қолдануда. Оптикалық құралдарды залалсыздау үшін (лапароскоп, гастроскоп және т.б.) залалсыздаудың газды әдісі немесе суық химиялық түрі қолданылады.
Қолды өңдеу – емдеу, алдын алу мекемелеріндегі медицина қызметкерлері мен науқастар арасында микроорганизмдердің таралуын болдырмау үшін қолданатын ең тиімді әдіс.
Аздап ластанған қолдарды қарапайым сабынды сумен жуып, теріде болатын көптеген микроорганизмдерді кетіреді. Қолды жууды тамақтану алдында, науқастарға тамақ беру кезінде, тағам өнімдерімен жұмыс істеу алдында, дәретханадан шыққан кезде, науқастарға күтім жасаудың алдында және кейін, қолдың ластануының барлық түрлерінде, қолды хирургиялық өңдеуге дейін өткізеді.
Қолды антисептикалық заттарды қолданып дезинфекция жасау микроорганизмдерді жоюдың тиімді тәсілі.
Қолдың дезинфекциясын иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жасар алдында, жараларды таңу мен катетрлерді қою, күтім жасау алдында және кейіннен, ағзаның биологиялық сұйықтықтармен қарым-қатынас болғаннан кейін және хирургиялық іс-шаралар өткізу үшін қолғаптарды киер алдында және болғаннан соң жасайды.
Қолдың хирургиялық өңдеуін барлық өткізілетін хирургиялық іс-шаралар алдында жүргізіледі. Ол микроорганизмнің транзиторлы флорасын жояды және қолғап зақымдалған кезде хирургиялық жараның ластану қаупінің алдын алады.
Қолды өңдеудің классикалық әдістеріне жататын Спассокукоцкий – Кочергин, Альфред тәсілдерінің тек тарихи мәні бар және олар қазіргі таңда қолданылмайды.
Қазіргі заманда қолданылатын әдістерге қолды первамурмен, хлоргексидинмен, дегминмен, дегмицидпен, церигельмен, АХД, АХД – специаль, евросептпен өңдеу жатады.
Қолды первамурмен өңдеу: Первамур бұл құмырсқа қышқылынан, сутектің асқын тотығынан және судың қоспасынан тұратын ерітінді. Бұл қоспа ретінде теріде жұқа қабат түзеді және оның тесіктерін толығымен жабатын күшті антисептик болып есептеледі, 2-4% ерітіндісі қолданылады. Өңдеуді 1 минут бойы ыдыстарда жүргізіп, одан кейін қолды залалсызданған сүлгімен кептіреді.
Хлоргексидинмен қолды өңдеу: 0,5% хлоргексидиннің спиртті ерітіндісі қолданылады. Қолды өңдеу антисептигі бар тампонмен 3 минут бойы сүртеді.
Дегминмен және дегмицидпен өңдеу: Бұл антисептиктер беткей әсер ететін белсенді заттар тобына жатады. Өңдеу ыдыстарда 5-7 минут бойы жүргізіліп, кейіннен қол залалсызданған сүлгімен кептіріледі.
Церигельмен өңдеу: Церигель – қабат түзгіш антисептик. Өңдеу үшін оны 3 минут бойы қолдың бетіне жақсылап жағады.
АХД, АХД – специаль, евросептпен өңдеу: Бұлардың құрамында этанол, полинолдың май қышқылының эфирі, хлоргексидині бар біріктірілген антисептиктер. Қолды өңдеу үшін ерітіндіні екі рет қол терісіне 2-3 минут бойы сіңдіріп жағу жолымен өткізеді. Бұл қазіргі таңда ең көп таралған және жетілдірілген әдіс болып есептеледі.
Науқастың қанымен қарым-қатынаста өтетін операциялар мен манипуляциялар тек қолғаппен жасалынуы тиіс. Кіші манипуляцияларды жасау немесе өлім алдындағы жағдайларда қолға арнайы өңдеу өткізбей-ақ міндетті түрде залалсызданған қолғапты бірден киюге болады.
Операция аймағын өңдеу
Операция аймағын өңдеу 2 кезеңнен тұрады.
І кезеңде сабынды сумен гигиеналық жуу, түктерді қыру өткізіледі.
ІІ кезең операция алдында жүргізіледі.
Қазіргі кезде операция аймағын өңдеу үшін йодонат, йодоперин, хлоргексидин биглюконат, 70% спирт, первамур, АХД, бриллиант жасылы қолданылады. Кең ауқымды өңдеуді операция аймағын залалсызданған жаялықпен шектеу алдында, кесуді жасар алдында және жараға тігіс салу алдында және тігіс салып болғаннан соң орталықтан шетке қарай 2 рет жүргізіледі.
Залалсызданғандықты бақылау әдістері
Медициналық заттардың залалсызданғандығы міндетті түрде бақыланады. Сонымен қатар құрал-саймандарды залалсыздандыруға дейінгі өткізілетін өңдеу бақылауға алынады.
Залалсыздандыруды бақылауда ең тура мәлімет беретін-бактериологиялық әдіс. Залалсызданған заттардан жұғымды алғаннан кейін бактериологиялық лабораторияда олар әр түрлі қоректі орталарға егіледі. 3-5 күннен соң бактериологиялық ластану дәрежесі анықталады. Залалсыздандырғандықтың бактериологиялық зерттеуі міндетті түрде 7-10 күнде 1 рет өткізіледі.
Залалсыздандырудың термиялық тәсілдерімен тікелей емес бақылау жүргізіледі және ол залалсыздандыруға қажетті температураны анықтайды.
Автоклавтау кезінде залалсыздандыратын қорапқа балқу температурасы 110-120º аралығында болатын ұнтақ тәрізді заты бар ампула салынады. Егер залалсыздандырудан соң зат еритін болса, онда бикстегі медициналық құрал-саймандар залалсызданған болып саналады. Бұл әдіс үшін бензой қышқылы, (балқу температурасы 120º), резорцин (балқу температурасы 119º), антипирин (балқуы 110º), термоиндикаторлар қолданылады.
Залалсыздандыруды құрғақ булы шкафта өткізгенде балқу нүктесі жоғары заттар қолданылады: аскорбин қышқылы (балқуы 190º), янтарь қышқылы (балқуы 180º), тиомочевина (балқу температурасы 180º), термоиндикаторлар.
Залалсыздандыруға дейінгі өңдеудің сапасын анықтауды құрал-саймандарды өңдегеннен кейін және кептіргеннен соң өткізеді. Гемоглобиннің (қанның) болуына, тотықтырғыштардың, хлорлы заттардың, жуатын заттардың, тотықтың болуына тексеріледі. Қанды анықтау үшін амидопиринді және азопирамды сынамалар өткізіледі. Жуатын заттарды анықтау үшін фенолфталеинді және азопирамды сынамалар жасалынады.
Тотықтырғыштардың құрамында хлоры бар заттардың және тотықтың бар жоғын анықтау үшін азопирамды сынама жүргізіледі.
Сынаманың оң нәтижесі кезінде құрал-саймандар жағылған ерітінді түсін өзгертеді. Емдік – профилактикалық мекемелерде әр өңделген партиядан 1-4% заттар медициналық бақылауға алынады, ол 3-5 бірліктен кем болмауы тиіс. Сынама оң нәтиже көрсеткенде бұл заттардың барлық партиясы қайта өңдеуге жіберіледі.
Емдеу бөлмелерін (палаталар, дәліз, дәретхана, жуынатын бөлме) жинастырудың ерекшеліктері:
Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты: санитарлық-гигиеналық талапты сақтау, ауруханаішілік жұқпаның алдын алу. Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру 2 рет ылғалды әдіспен, кей жағдайларда жиірек жүргізіледі. Ол үшін қажетті заттар: шелек, швабра, шара, еден жуу үшін шүберек, таза шүберек (шаң сүртуге), зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.
Іс-әрекеттер: Орамалды тағып, халатты, алжапқышты киіп, резеңке биялайды киіңіз. Зарасыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз. Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып, жиһаздарды, терезенің алдын сүртіңіз. Еденді мынандай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға жинаңыз, содан соң төрден төмен қарай жуамыз. Ылғалды жинастырудан соң бактерицидты шамды 30 минутқа қосыңыз, терезе есікті 10-15 минутқа ашып желдету.
Коридор (дәліз) жинастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі бұл барлық жатқан науқастар, науқастардың туыстары, медицина қызметкерлерінің және көрінуге келген науқастардың бәрі жүретін жер. Күніге 2 рет ылғалды жинау және ластануына қарай тазалау керек. Бактериоцидты шамды 30 минутқа қолданады. Оның өзінің шелегі, швабрасы, шаңдарды сүртуге (терезе есік) арналған шүберегі, еденді жууға арналған шүберегі болады және бәрінде белгісі болуы керек. Аптасына 1 рет қорытынды жуу, бактерицидты шамды 1 сағатқа қою.
Дәретхана – аурухананың әр бөлімшесінде бірнешеуі болуы керек, себебі: медицина қызметкерлеріне арналған, ер адамдарға және әйел адамдарға арналған болады. Бөлімшенің санитарлы - гигиеналық бөлмесіне жақын жерде орналасқан болуы керек. Әжетхана ішінде дезинфекциялық ерітіндісі бар үлкен ыдыс болуы керек, оған дәрет ыдыстарын 1 сағатқа салып қою қажет және терезесі ашылатын желорай болуы шарт. Әрі су жақсы ағатын, қағаз салатын шелек, өзінің еденін жуу үшін шелек, шүберек, швабрасы оның өзінің белгісі (маркировка) болуы керек, күніне бір неше рет жуылады және ластануына қарай сүртіледі.
Жуынатын бөлмені тазарту ерекшеліктері бар: бір айда бір рет қорытынды жуу, күніне екі рет ылғалды жуу. Аяқтың астына ағаштан жасалынған тор таяқша немесе резеңке төселінеуі керек. Терезесі ашылатын, жарық әрі әйнектерден адам бойы көрінбейтіндей етіп бояу жағылуы керек. Бөлме термометрі, су термометрі және жеке сабын, жеке жөке, жеке сүлгі және жеке сыртқы киімдеріне арналған шкаф болуы қажет. Дезинфекциялық ерітінділермен толтырылған ыдыс, арнайы су құйғыш болуы керек. Медициналық шкафта қайшы, стакан, станок тағы да басқа керекті заттар әр науқасқа бір біреуден болуы керек.