Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат

Описание работы

Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.

Файлы: 1 файл

1. Емдеу -са-тандыру мекемелеріні- т-рлері ж-не онда-ы медицина .doc

— 2.62 Мб (Скачать файл)

Экзогенді инфекция жараға сыртқы ортадан ауа-тамшы жолымен (шаңның бөліктері бар ауа мұрынға, жұтқыншаққа, жоғарғы тыныс алу жолдарына түседі), қарым-қатынас арқылы (залалсызданбаған құрал-саймандардан, таңуға арналған маталардан, медицина қызметкерлерінің қолдарынан), имплантациялық жолмен (тігуге арналған және пластикалық материалдардан, протездерден) енеді.

Ауа – тамшылық жолмен енетін инфекцияның алдын- алу үшін көптеген шаралар жиынтығы өткізіледі. Оның ең негізгісіне хирургиялық бөлімшелерде асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтау принципі жатады. Қабылдау бөлімінде науқастар санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізіледі:

     -   гигиеналық ванна немесе душ;

     -   науқасқа таза киім кигізу;

     -   науқасты қарау.

Хирургия бөлімшесінде антисептикалық заттармен таңертең және кешке күнделікті ылғалды тазалау жүргізіліп, соңынан кварцтау өткізіледі. Қабырғаларды ылғалды маталармен 3 күнде 1 рет жуып, сүртеді. Айына бір рет қабырғалардың жоғарғы бөлігін және төбенің жарық шамдарын, терезе мен есіктің жақтауларын шаңнан тазартады. Сырқаттарға келуші адамдардың хирургиялық бөлімшеге кіруі үшін олардың сыртқы түрі, киімі және жағдайы сай болуы қажет. Медицина қызметкерінің ауыстыратын аяқ киімі, халаты (арнайы киім), бас киімі, маскасы мен қолғабы болуы керек. Арнайы киіммен бөлімшеден тыс жерге шығуға тиым салынады. Инфекцияның алдын-алу мақсатында бөлімшені міндетті түрде таза және іріңді – септикалық палаталарға бөледі.

Операциялық блокта асептика ережелері қатаң сақталынуы керек. Ауаның ластануын болдырмау үшін аймақтық принцип қолданылады: абсолютті залалсызданған аймақ (операциялық және залалсыздау бөлмесі), салыстырмалы залалсызданған аймақ (наркоз, операцияға дейінгі, жуатын бөлме), шектелген режимдегі аймақ (қанды сақтайтын, аппарат тұратын бөлмелер, жедел анализдерді жасайтын зертхана, медбикелер мен дәрігерлер бөлмесі, киім – кешек бөлмесі, дәліз) жалпы аурухана ішілік режим аймағы (бос медбикенің және бөлім меңгерушісінің бөлмесі, кір жаялықтарға арналған бөлме).

Операция және таңу бөлмелерінде тазалаудың бірнеше түрлері өткізіледі:

    -  алдын-ала тазалау (жұмысты бастамас бұрын дезинфекциялайтын ерітінділермен барлық горизонтальды беткейлерді сүрту, залалсызданған үстелді дайындау);

    -  ағымды тазалау (күні бойы өткізілетін). Пайдаланған таңу материалдарынан, құрал-саймандардан, жаялықтардан (операция бөлмесін) босату, үстелдерді, еденді дезинфекциялайтын ерітінділермен сүртіп, келесі болатын операцияға құрал-саймандар мен залалсызданған үстелді дайындау;     

    -  соңғы тазалау (барлық операциялардан кейін, жұмыс күні аяқталғаннан   соң едендер мен горизонтальді беткейлерді жуу, бактерицидті шамды   қосу);    

    -  түпкілікті тазалау аптасына 1 рет өткізіледі (барлық беткейлер тазалану керек: еден, қабырғалар, төбе, шамдар, аппараттар).

Ауада болатын инфекциялармен күресу үшін бактерицидті шамдар қолданылады. Бір бактерицидті шам 2 сағат ішінде 30 м2 ауаны залалсыздандырады. Олар операция бөлмесінде, таңу, процедура бөлмелерінде (егу бөлмесі), операциядан кейінгі және реанимация бөлмелерінде, іріңді ауруларға арналған палаталарда міндетті түрде болуы керек. Шамды қосқаннан кейін науқастар мен медицина қызметкерлері ол бөлмеден шығуы керек, ал қатаң төсектік режимдегі науқастар жаялықпен жабылуы тиіс. Сондай-ақ бөлмені желдету және вентиляция өткізу арқылы ауаның микроорганизмдермен ластануын азайтуға болады. Бактериальді фильтрі бар кондиционерлерді қолдану өте тиімді.

Хирургия бөлімшелерінде жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасының сақталыну ережелері бақыланады, тұмау мен іріңді аурулардың бар-жоғы тексеріліп, 3 айда 1 рет жұтқыншақтан стафилококк тасымалдаушылығына зерттеу жүргізіледі.

Микроорганизмдердің ауа-тамшылық жолмен таралуының алдын-алу үшін маскаларды қолдану керек. Маскалар мұрын мен ауызды толығымен жауып тұрады және оларды ылғалданған кезде ауыстыру қажет. Маскаларды операция, таңу бөлмелерінде, егу бөлмесінде, операциядан кейінгі палатада, әр түрлі манипуляциялар өткізген кезде міндетті түрде киеді.

Қарым-қатынас арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу үшін хирургиялық құрал-саймандарды, таңғыш материалдарды, хирургиялық жаялықтарды, хирург пен медбикенің қолын, операция аймағын залалсыздандырудан өткізеді. Қазіргі заманда медицина тәжірибесінде залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістері кең қолданылады.

Физикалық әдістерге жоғары қысымды бумен залалсыздандыру (автоклавтау), ыстық ауамен залалсыздандыру (ыстық бу шкафы) және залалсыздандырудың сәулелік түрі жатады.

Химиялық әдістерге жататыны газбен және химиялық ерітінділердің көмегімен залалсыздандыру.

Хирургиялық құрал-саймандар, таңғыш материалдар, операциялық жаялықтар мен киімдер, резеңкелі медициналық заттар жоғары қысымды бумен залалсызданған қорапта (бикс) залалсыздандырылады (автоклавтау). Залалсыздандыруды өткізер алдында бикстің бүйірлік тесіктері ашылуы қажет, ал қақпағы тығыздалып жабылады. Залалсыздандыруға қорабтарды (бикстерді) салудың 3 түрі бар:

     -  толық салу (универсальная укладка), - бұл кезде бикске таңу немесе кіші операция бөлмесінде күні бойы қолданатын заттардың бәрі  салынады;    

      -  түріне қарап салу (видовая укладка) – бұл кезде бикске материалдың немесе жаялықтың бір түрін ғана салады. Үлкен операция бөлмелерінде қолданылады;

      - мақсатына қарап салу (целенаправленная) кезінде бикске белгілі бір операцияға қажетті заттардың барлығын салынады.

Залалсызданғандықты бақылау үшін бикске 3 дана залалсыздану индикаторын немесе шыныдағы фуксинмен бірге бензат қышқылы салынады. Бикстер салынғаннан соң автоклав тығыз қақпақпен жабылады. Жоғары қысымды бумен залалсыздауды өткізу күрделі шара болып есептеледі, себебі бұл кезде аппараттың жарылып кету қаупі бар. Сондықтан залалсыздандыру өткізу бөлмесінде арнайы оқыған қызметкердің жұмыс атқаруы қажет.

Залалсыздандыруды өткізудің үш тәртібі тәжірибеде қолданылады:

     -   1 атм қысым кезінде, температурасы 120° - 1 сағат;

     -   1,5 атм қысым кезінде, температурасы 127º - қа дейін – 

         45 минут;

     -   2 атм қысымда, температурасы 134° дейін – 30 минут.

Залалсыздандыруды аяқтағаннан кейін, бикстер есігі аздап ашылған ыстық автоклавта бірнеше уақыт тұрады. Бикстерді автоклавтан алған кезде, бикстің бүйіріндегі тесіктер жабылады, бикске байланған клеенкаға залалсыздандыруды өткізген күн жазылады. Жабық фильтрсіз бикс залалсызданғандығын 72 сағат бойы (3 тәулік), ал фильтрлі бикс – 20 тәулікке дейін сақтайды. Ашық бикс залалсызданғандығын 6 сағатқа дейін сақтайды.

Ыстық ауамен залалсыздауды арнайы құрғақ ыстық шкафтардың көмегімен өткізеді. Ол арқылы металдан жасалған инструменттер, көп рет қолданылатын шприцтер, шыны ыдыстар залалсызданады. Барлық құрал-саймандар шкафтың металды торларына қойылады. Залалсыздандыру есігі жабылған шкафта 180° температурада 1 сағат бойы жүргізіледі. Бақылау үшін шкаф ішіндегі торға флакондағы сахарозаны, тиамочевинаны немесе өндірісте қолданылатын жабық индикатор қояды. Құрғақ ыстық шкафтарды бөлімшелердің залалсыздандыруды өткізу бөлмелерінде орналастырады.

Микробтарды сәулемен залалсыздандыру үшін иондайтын сәулелендіру (α – сәулелері), ультракүлгін сәулелер мен ультрадыбыстар қолданылады. Иондайтын сәулелендірумен жұмыс жасағанда ерекше қатаң қауіпсіздік шаралары сақталыну керек. Сондықтан ол зауыттық залалсыздандыру әдісі болып есептелінеді. Залалсызданған медициналық материалдар, құрал-саймандар, қолғаптар, шприцтер арнайы қораптарда шығарылып, 5 жылға дейін жарамды болып есептелінеді.

Газбен залалсыздандыру арнайы камераларда іске асырылады. Залалсыздандыруды формалиннің буымен (камера түбіне формальдегит таблеткасын салады) немесе этил тотығының көмегімен өткізеді. Мұндай залалсыздандырудан құрылғылардың оптикалық бөлімдері, тігіс материалдары, пластмасса, резеңкелі медициналық құрал-саймандар өтеді. Газды қоспаларға және камерадағы температураға байланысты залалсыздандыру 6 сағаттан 48 сағатқа дейін өткізіледі. Бұл әдісті аурухана жағдайында жүргізеді.

Химиялық антисептикалық ерітінділермен залалсыздандыруды өткізу – залалсыздандырудың суық әдісі болып есептелінеді. Залалсыздандырудан резеңкелі медициналық заттар, аппараттардың эндоскопиялық бөліктері, металды құрал-саймандар өткізіледі. Бұл үшін 6% сутегінің асқын тотығының ерітіндісінде 3 сағат бойы 50º температурада немесе 6 сағат бойы 18-20° температурада, 1% дезокон ерітіндісінде 45 минут бойы 18º температурада, 8% первамур немесе 2% хлоргексидин ерітіндісінде 20º температурада 5 минут батырып қояды және 70º этил спирті қолданылады. Залалсыздандыруды өткізу үшін қақпағы тығыз жабылатын шыны, пластмасты немесе эмальды ыдыс қажет. Барлық ерітінділер бір рет қана қолданылады. Залалсыздандырудан кейін барлық заттар залалсызданған изотониялық ерітіндімен екі рет шайылып корнцанг көмегімен залалсызданған үстелге қойылып сақталынады. Бұл әдістің бақылауы бактериологиялық жолмен өткізіледі.

Антисептика

Антисептика деп жара мен ағзаға түскен микроорганизмдерді жоюға бағытталған іс-шараларды атайды. Антисептика механикалық, физикалық, химиялых және биологиялық болып бөлінеді.

Механикалық антисептикаға жататындары:

      -   жараны, жараның бетін, теріні іріңді эксудаттан, ұйыған қандардан тазалау. Жұмсақ тіндердің жарақаттануы кезінде, таңу қойғанда жараны тазалау міндетті түрде өткізіледі;

      -   жараның алғашқы хирургиялық өңдеуі (ЖАХӨ) – жара беттері мен тері тазаланады, жараға өңдеу (ревизия) өткізіледі, жараның жиектері, қабырғалары және түбі кесіліп, гематомалар, бөгде денелер және жарақаттанған тіндердің қабыну ошақтары алынып тасталынады, жараға тігіс немесе дренаж қойылады;

      -  оперативті шаралар – іріңдіктерді, оның қалталарын тіліп ашу,  іріңдіктерге пункция жасау.

Физикалық антисептикаға жататындары:

      -    жараларға дренаждар қою;

      - жарадан сұйықтықтардың ағуын жақсарту үшін гипертониялық ерітінділерді (натрий хлоридінің 10% ерітіндісі және магний сульфатының 25% ерітіндісі) қолдану;

      -   дене қуыстарына түтікті дренаждар қою;

      - жараға сорбиттерді пайдалану (полифелан, СМУС -1). Олар өзіне токсиндер мен микроорганизмдерді           сіңіреді;

      -  ультрадыбысты қолдану, ол жара қабырғаларындағы микроциркуляцияны жақсартады, некротикалық тіндердің бөлінуін тездетеді;

      -  қуаты аз лазерлі сәулелерді қолдану бактерицидті әсер          етіп жара қабырғасындағы қабынуды жояды, іріңдіктен тазартады және науқастың ағзасындағы        қорғаныс күштерін күшейтеді.

Химиялық антисептика деп химиялық дәрілік заттың көмегімен ошақтағы немесе науқас ағзасындағы микроорганизмдерді жоюды айтады. Химиялық заттардың көмегімен құрал - саймандар дезинфекцияланады, едендер тазаланып өңделеді. Теріні, қолды өңдеу үшін және жаралар мен кілегей қабаттарды жууға антисептикалық заттар қолданылады. Адам ағзасында, патологиялық ошақтарда бар бактериялардың өсуін тоқтату үшін химиотерапевтік заттар қолданылады.

Химиялық антисептиктердің негізгі топтары:

      1. Альдегидтер:

- формалин – күшті дезинфекциялайтын әсері бар формальдегидтің 37% ерітіндісі. Гисталогиялық зерттеулерде препараттарды бекіту үшін қолданады. Құрғақ түрі газбен залалсыздандыру үшін қажет (оптикасы бар құрал-жабдықтарды залалсыздандырады).

      2. Өсімдік тектес антисептиктер:

- хлоофиллипт, эктерицид, календула – беткей жараларды, кілегей қабықтарды сырттан жуу үшін қолданылатын антисептикалық заттар. Қабынуға қарсы әсері бар.

      3. Дегттер, смола:

- қайыңды деготь – сыртқа қолданылатын антисептикалық зат.  Вишневский мазінің құрамына кіреді;

- ихтиол, нафталин – қабынуға қарсы әсерге ие, мазь түрінде қолданылады.  

      4. Детергенттер:

- хлоргексидин биглюконат – сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 0,5% спирт ерітіндісі операция алдында қолды және операция аймағын өңдеу үшін пайдаланады. 0,1 -0,2% сулы ерітіндісі жараларды жуу үшін қажет;

-  церигель – сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. Қолды өңдеу үшін пайдаланады;

-   дегмин – қолды және операция аймағын өңдеу үшін қолданылатын антисептикалық зат.

     5. Бояушы антисептиктер:

- бриллиант жасылы – сыртқа қолданатын арнайы антисептикалық зат. 1-2% спирт немесе сулы ерітіндісі жараны, кілегей қабықтарды өңдеу үшін қолданады;

- метиллен көгі – сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 1-2 % ерітіндісі жараларды, кілегей қабықтарды өңдеу үшін пайдаланады. 0,02% сулы ерітіндісі жараларды жуу үшін қажет.

    6. Қышқылдар:

- бор қышқылы – сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 2-4% ерітіндісі іріңді жараларды жууға және емдеуге керек;

- салицил қышқылы – түйіршік түрінде қолданылатын антисептикалық зат. Ұнтақтардың, мазьдердің құрамына кіреді.

    7. Сілтілер:

-   мүсәтір спирті – сыртқа қолданатын антисептик.

    8. Тотығушы антисептиктер:

- сутегінің асқын тотығы – сыртқа қолдануға арналған антисептик. 3% ерітіндісі іріңді және ластанған жараларды жууға және беткейлі қан кетуді тоқтату үшін пайдаланылады. Первамурдың құрамына кіреді. 6% ерітіндісі дезинфекциялайтын дәрі болып есептеледі;

Информация о работе Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы